Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 11:58, курсовая работа
Жұмыста мына мәселелер қаралды:
• күнделікті тұтынып жүрген тағамдардың құрамындағы химиялық қоспалардың, БХЗ (бөгде химиялық заттардың) мөлшерін анықтай отырып, олардың адам ағзасына тигізерлік оң және теріс әсерлердің арақатынасын бағалау;
• химиялық ластанудың тамақ өнімдеріне әсерін бағалау;
• БХЗ-дан ластануға ұшыраған тағам өнімдерінің адам ағзасының функционалдық құрылымын толықтай ушықтырып, құртпас үшін алдын-алу шараларын анықтау;
• азық-түлік шикізаттары мен тағам өнімдерінің бөгде химиялық заттармен немесе ксенобиотиктермен ластануы тікелей қоршаған ортаның ластануынан болатындығын дәлелдеу.
• «химиялық ластану» ұғымының терең әрі күрделі мән-мағынасымен танысу;
• химиялық ластанудың тамақ өнімдерінің құрамын бұза алатындығына көз жеткізу және алдын алу шараларымен танысу;
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Химиялық ластану проблемасының өзектілігі...............................................5
1.1.Қоршаған ортаның ластануының салдары........................................................5
1.2.Қоршаған ортаның химиялық ластануы............................................................7
1.3.Химиялық ластану:сипаттамасы, түрлері, табиғи ортаға
және адамға тигізетін зардабы...................................................................................8
2. Химиялық қоспалармен ластанған өнімдерді
тұтынудағы қауіп-қатер.........................................................................................11
2.1. Шикізат пен тағам өнімдерінің химиялық
ластануының басты ошағы......................................................................................11
2.2. Улы химиялық қоспалармен ластанған
тағамдардың құрамы.................................................................................................12
2.3. Өсімдік шаруашылығы-химиялық ластанудың қайнар көзі..........................13
3. Химиялық ластанған тамақ өнімдерінің мәселесі-
жаһандық проблема ..............................................................................................15
3.1.Химиялық ластануға ұшыраған тамақтың
адам денсаулығына әсері.........................................................................................15
3.2.Тамақ өнiмдерiнiң сапасына қойылатын талаптар .........................................18
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология факультеті
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Курстық жұмыс
Химиялық ластанудың тамақ өнімдеріне әсері
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................
1. Химиялық ластану
проблемасының өзектілігі......
1.1.Қоршаған ортаның
1.2.Қоршаған ортаның
химиялық ластануы.............
1.3.Химиялық ластану:
және адамға тигізетін
зардабы.......................
2. Химиялық
қоспалармен ластанған
тұтынудағы қауіп-қатер........
2.1. Шикізат пен тағам өнімдерінің химиялық
ластануының басты ошағы.........................
2.2. Улы химиялық қоспалармен ластанған
тағамдардың құрамы........................
2.3. Өсімдік шаруашылығы-химиялық
ластанудың қайнар көзі........
3. Химиялық ластанған тамақ өнімдерінің мәселесі-
жаһандық проблема
..............................
3.1.Химиялық ластануға ұшыраған тамақтың
адам денсаулығына әсері.........................
3.2.Тамақ өнiмдерiнiң
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ..............................
Адамның шаруашылық әрекеті – табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екеніні ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет[1].
Адамның табиғат кешендеріне кері әсері озық ғылыми-техниканың тікелей жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлі прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Адам өз ісімен табиғатқа қиянат жасай отырып, екінші бір жағынан өз өміріне де балта шауып отырғандығын көп жағдайда түсіне бермейді: қоршаған ортаны, биосфераны көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер мен гербицидтер, шайынды сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдармен химиялық тұрғыда ластай отырып күнделікті тұтынып жүрген тағамының да құрамын толыққанды өзгеріске ұшыратады. Ал бұл өзгеріс-теріс жақты, яғни регрессивті өзгеріс. Дәл осы ғаламдық проблеманың қаншалықты өзекті екендігін көрсету мақсатында осы курстық жұмыс орындалды.
Жұмыста мына мәселелер қаралды:
• күнделікті тұтынып жүрген тағамдардың құрамындағы химиялық қоспалардың, БХЗ (бөгде химиялық заттардың) мөлшерін анықтай отырып, олардың адам ағзасына тигізерлік оң және теріс әсерлердің арақатынасын бағалау;
• химиялық ластанудың тамақ өнімдеріне әсерін бағалау;
• БХЗ-дан ластануға ұшыраған тағам өнімдерінің адам ағзасының функционалдық құрылымын толықтай ушықтырып, құртпас үшін алдын-алу шараларын анықтау;
• азық-түлік шикізаттары мен тағам өнімдерінің бөгде химиялық заттармен немесе ксенобиотиктермен ластануы тікелей қоршаған ортаның ластануынан болатындығын дәлелдеу.
• «химиялық ластану» ұғымының терең әрі күрделі мән-мағынасымен танысу;
• химиялық ластанудың тамақ өнімдерінің құрамын бұза алатындығына көз жеткізу және алдын алу шараларымен танысу;
Жұмысты орындау барысында отандық және шетел ғалым ғалымдарының зерттеулерінің материалдары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамалары мен бағдарламалық материалдары, ғылыми – практикалық конференциялар материалдары, интернет – қор,қосымша анықтамалық оқу құралдары, зерттеу материалдары пайдаланылды.
1 . Химиялық ластану проблемасының өзектілігі
1.1. Қоршаған ортаның ластануының салдары
Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.[2]
Қоршаған ортаны ластайтын заттардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік (гендердің бопсалануы) қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі.[2]
Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әр түрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай ұлы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Химиялық, түрлі – түсті металл өндіретін өндірістер тынымсыз улы заттар шығарып тұрады. Мысалы, ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауыттар мен электростанциялар секілді ауаға күкірттің қос тотығын шығаруда, ол әрине адамның және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі аурулар туғызады. Көмірді жылу электростанцияларында жағудың әсерімен ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылық егістіктеріндегі көкөністер мен жеміс - жидектерге, орман өсімдіктеріне елеулі зиян келтіреді. Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды физиологиялық өзгерістер байқалады[3].
Ғалымдардың зертеулеріне қарағанда, адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болатынын анықтаған. Қазіргі кезде жер шарының көптеген аймақтарында табиғатты бүлдіріп, адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін зиянды әрекеттер көбейді. Жер бетінде тұтас экологиялық апат аймақтары пайда болды[4].
Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда қоршаған орта қатты ластануда. Осы бүлінген қоршаған ортада адам ағзасына залалды заттар молайды. Мұндай кеселді заттар қан және лимфа айналымын бұзып, адам өміріне қауып төндіреді.Әрине, мұны көпшілігіміз елей бермейміз. Қоршаған ортаны бүлдіруден түбінде үлкен зардап шегетінімізді ескермейміз. Ластанған ауа мен су біздің ағзамызға ас қорыту жолдары және тыныс алу мүшелері арқылы енеді. Залалданған топырақ пен бүлінген ауа аса қауіпті. Жер асты сулары тамаққа тұтынылады. Жерден жаңа өнім жиналады. Егер жер алқаптары қатты бүлінсе, ауыл шаруашылық мақсаттарға пайдалануға мүлде жарамай қалуы әбден мүмкін[4].
Эрнест Геккель : «Экология — табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым» деп анықтама берген. Енді, міне сол экология мәселесі — бүкіл әлем алдында тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі — алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, тағы басқа ғылыми прогресс жетістіктері, бір жағынан, өмірімізді жеңілдетті, екінші жағынан, қауіп-қатер де туғызды.Себебі, адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Кез келген басқа тіршілік иелері сияқты қоршаған ортамен тұрақты өзара қарым-қатынаста болады. Адам ағзасы қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсерін қатты сезінеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің денсаулығымыз — қоршаған ортаның жағдайына тікелей тәуелді. Күннің сәулесі, құнарлы жер, ауа және таза су — бұл тіршілік атаулыға қажетті бірден-бір алғы шарт. Алайда, адамзат баласының жер бетінде үстемдік жүргізуі адамның табиғатпен үйлесімділігін бұзды. Сөйтіп, барлық тіршілік атаулыға, соның ішінде адам өмірі үшін де жарамсыз жағдайлар тудырды. Бұл жер бетіндегі бірден-бір ақыл иесі саналатын адамдардың табиғат алдындағы жауапкершілік сезімінің төмендегенінің салдары. Жер-ананың тағдырына жанашырлық жоқ, керісінше өктемдік күшті. Соңғы кездері ғалымдардың дабыл қағып жүргеніндей, қоршаған ортаны бүлдірудің асқынғаны сондай, оның енді адамдардың генетикалық құрылымына әсер ету қаупі бар[5].
1.2. Қоршаған ортаның химиялық ластануы
Мамандардың мәліметтеріне
сүйенсек, соңғы жылдары автокөліктер
өте көбейіп улы газдың мөлшері
40 пайызға, ал ұшақтардан бөлініп
шығып жатқан улы газдың мөлшері
60 пайызға өскен. Цемент зауытынана
бөлінген шаң- тозан қоршаған ауада,
топырақта калий, кальций, магний
элементтерінің шамадан тыс көбеюіне
себепкер болады. Ал мырыш пен қорғасын
өндіретін металлургия
Сондықтан қоршаған ортаға зиянды заттар шығаратын кәсіп орындардың қаладан алыстау жерге орналасқаны жөн. Қоршаған ортаны ластаушы көздерін ірі төрт топқа бөлуге болады:
1.Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер мен гербицидтер, шайынды сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
2.Физикалық ластану - жылу, радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, шулар мен тербелістер.
3.Биологиялық ластану – жұқпалы және паразиттік ауруларды туғызатын қоздырғыш бактериялар, вирустар,микроорганизмдер мен құрттар, қарапайымдылар мен шектен тыс көбейіп кеткен зиян келтіретін жәндіктер.
4.Эстетикалық зиян – табиғаттың әсем ландшафтарының бұлінуі, орман – тоғайлардың жойылуы, табиғатты сулу жерлерді су басып батпақ – сорға айналуы, сусымалы құмдардың жылжып жайылымдарды, өзендерді, бұлдіруі, су қорының азайып көлдердің құрғауы және тағы басқалар[7].
Өнеркәсіптен бөлінетін әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа сіңіп, тізбектің бір айналымынан екіншісіне өтіп, зат алмасу нәтижесінде адам организміне түседі[8].
Бүкіл жер шарында химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті өнеркәсіп орындарын былай қойғанда, сонау алыста жатқан Антарктиданы алайық. Ғалымдар мұнда ғылыми бақылаулар жасау барысында осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын байқаған. Олар бұл жерге басқа аумақтан ауа ағындары арқылы келген болуы мүмкін[9].
1.3. Химиялық ластану:сипаттамасы, түрлері, табиғи ортаға және адамға тигізетін зардабы
Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді. Олар қасиетіне, шоғырлануына және адам организміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып, жүрегін айнытып, тамағын жыбырлатып, жөтел тудырады. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін. Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады[8].
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада Күн сәулесінің әсерінен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді[8].
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі – күкірт диоксиді (SO2) кокс-химия зауыттары мен тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінен шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының сілемейлі қабаттарына, терісіне әсер етеді және ол өсімдіктерге де көп зиян келтіреді[10].
Информация о работе Химиялық ластанудың тамақ өнімдеріне әсері