Химиялық ластанудың тамақ өнімдеріне әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 11:58, курсовая работа

Описание работы

Жұмыста мына мәселелер қаралды:
• күнделікті тұтынып жүрген тағамдардың құрамындағы химиялық қоспалардың, БХЗ (бөгде химиялық заттардың) мөлшерін анықтай отырып, олардың адам ағзасына тигізерлік оң және теріс әсерлердің арақатынасын бағалау;
• химиялық ластанудың тамақ өнімдеріне әсерін бағалау;
• БХЗ-дан ластануға ұшыраған тағам өнімдерінің адам ағзасының функционалдық құрылымын толықтай ушықтырып, құртпас үшін алдын-алу шараларын анықтау;
• азық-түлік шикізаттары мен тағам өнімдерінің бөгде химиялық заттармен немесе ксенобиотиктермен ластануы тікелей қоршаған ортаның ластануынан болатындығын дәлелдеу.
• «химиялық ластану» ұғымының терең әрі күрделі мән-мағынасымен танысу;
• химиялық ластанудың тамақ өнімдерінің құрамын бұза алатындығына көз жеткізу және алдын алу шараларымен танысу;

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Химиялық ластану проблемасының өзектілігі...............................................5
1.1.Қоршаған ортаның ластануының салдары........................................................5
1.2.Қоршаған ортаның химиялық ластануы............................................................7
1.3.Химиялық ластану:сипаттамасы, түрлері, табиғи ортаға
және адамға тигізетін зардабы...................................................................................8

2. Химиялық қоспалармен ластанған өнімдерді
тұтынудағы қауіп-қатер.........................................................................................11
2.1. Шикізат пен тағам өнімдерінің химиялық
ластануының басты ошағы......................................................................................11
2.2. Улы химиялық қоспалармен ластанған
тағамдардың құрамы.................................................................................................12
2.3. Өсімдік шаруашылығы-химиялық ластанудың қайнар көзі..........................13

3. Химиялық ластанған тамақ өнімдерінің мәселесі-
жаһандық проблема ..............................................................................................15
3.1.Химиялық ластануға ұшыраған тамақтың
адам денсаулығына әсері.........................................................................................15
3.2.Тамақ өнiмдерiнiң сапасына қойылатын талаптар .........................................18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................

Файлы: 1 файл

-курс нов.docx

— 84.97 Кб (Скачать файл)

Кеңес уақытында азық-түлік  өнімдеріне ГОСТ жүйесі енгізілетін. Бүгінде  бұл өнімдер техникалық шарттарға (ТУ) сәйкес шығарылып жатыр. Мәселен, ГОСТ талаптары бойынша, еттен жасалатын  өнімдерге азықтық қоспалар қосуға мүлдем тыйым салынған еді. Ал, техникалық шарттарға сәйкес, мұндай нұсқаулар  алынып тасталып, сапасыз етке соя  ақуызын, өнімнің сапасын жасанды  түрде арттыратын басқа да химиялық заттар қосуға шектеу қойылмады. Сенсеңіз, қазір дүкенде тұрған шұжықтың құрамында  ет жоқ. Дайын өнім дам ағзасына өте  зиянды соя концентратынан, дәмдегіш, салмақ көбейткіш, ет дәмін беретін түрлі химиялық қоспалардан тұрады. Солай бола тұра, ет өнімін шығарушылар тұтынушыны өнімнің құрамындағы химиялық қоспалар өте аз мөлшерде, еш зиянсыз деп сендіреді. Бірақ химиялық заттар жылдар бойы ағзамызға шөгіп, ішкі мүшелерімізді зияндап жатыр. Шын мәнісінде, мұндай шөгінділер адам ағзасында тіптен болмауы керек[2].

Ал, сіз өзіңіз жақсы көретін  жіңішке шұжықтың (сосиска) құрамында  не бар екенін білесіз бе? Оның 25 пайызы – соя ақуызынан, 15 % –  құс етінен, 7 % – мал етінен, 5 % – крахмал ұнынан, ал 45 % – малдың терісінен, тарамыс-тамырлары мен  бүйрек-бауырларынан жасалған эмульсиядан  тұрады. Міне, сүйіп жейтін тағамның сиқы осындай.Ең сорақысы – өтпей  қалған шұжық өнімдері ет комбинатында қайта өңдеуден өтіп, сауда нүктелеріне  қайта әкелінеді. Мұндайда бұрынғысы  аздай, оның құрамына қайтадан азықтық  қоспалар қосылады.

Химиялық азықтық қоспалармен  сауда жасайтын компаниялардың өз жарнамаларынан мынадай ұсыныстарды көптеп кездестіруге болады:«Біздің өнімдеріміз бизнесіңіздің  алға ілгерілеуіне көмектеседі, шұжық, тағы басқа ет өнімдерінің құрамындағы  етті жасанды жолмен 10%-ға көбейтеді. Мұндайда өндірісті дамыту үшін қосымша  қаражат талап етілмейді, жаңа технологияларды  енгізудің қажеті жоқ. Жартылай ысталған шұжық өнімдерін 8-10%-ға көбейту үшін азықтық қоспаның 400 грамын ғана 100 кг фаршқа қоссаңыз жеткілікті. Өнімнің  тартымдылығы, дәмінің ерекшелігі ойдағыдай  болады». Мұндай жарнамаға пікір айтудың өзі – ағат[23].

Азық-түлік сатып алған  кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан  туатынын ғылым дәлелдеп отыр. Жылдар бойы улы заттар жиналған ағза генетикалық  өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі  адамның азуына, көңіл-күйінің құлдырауына  әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің  қатерлі ісігіне шалдығуға осы  канцерогендер себепші болады. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер[24].

Азықтық қоспаны адамзат  ерте кезден пайдаланып келеді. Мысалы, табиғи ас тұзы етке, балыққа, көкөніске  қосылса, астың дәмі кіріп, тәбет  шақырады. Ал, химиялық қоспалардың  адам ағзасына зияны ұшан-теңіз. Сондықтан  дүниежүзілік тамақ өндірісінде  азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған. Олар Е-121 қоспасы  – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид  консерванты. Бұл қоспалар шоколадқа  қосылатын. Бүгінде Е-240 консервантының азық-түлікке кері әсер ететіні дәлелденген. Кейбір азықтық қоспалар аллергиялық реакция туғызады, асқазан-ішек жолында қабыну пайда болып, таяныш-қозғалу мүшелердің жұмысының бұзылуына алып келеді. Бұл туралы ғылыми журналдарда жиі айтылып жүр[24].

Дәмдегіш екі түрге  бөлінеді: жасанды және табиғи. Өңделген азық-түлік өнімдеріне жасанды дәмдегіш табиғи дәм береді. Бұлардың бәрі химиялық жолмен алынатындықтан мұндай қоспаларға өте сақтықпен қарау керек.

 

3.2. Тамақ өнiмдерiнiң сапасына қойылатын талаптар

 

Соңғы жылдары біздің елде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөнінен бірқатар техникалық регламенттер мен заң актілері қабылданды. Солардың бірі 2010 жылы мамырда қабылданған  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы. Бұл заңда тұтынушы мен сатушының  құқылары мен міндеттері, әсіресе, тұтынушылар  мүддесі тұрғысынан жан-жақты қарастырылып, айқындалған. Осы заңда көрсетілгендей, сапасы тиісті талаптарға сай емес тауарды тұтынушы сатушыға қайтарып беруге, оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы. Сондай-ақ, тауардың және көрсетілген қызметтің кемшіліктері салдарынан өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтетуге тұтынушының құқығы бар.Тұтынушының осындай құқыларын толықтай қамтамасыз ету үшін тауарды (өнімді) зертханалық тексеруден өткізудің барлық мүмкіндіктері жасалуы тиіс. Ол үшін қазіргі жеке меншік формадағы сертификаттау органдары мен сынақ зертханалардан тыс арнайы мемлекеттік бақылау жүргізу ұйымдары мен сынақ зертха­налары жұмыс істеуі қажет. Ол ұйымдар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы тиіс. Сонымен қатар, өздеріне қандай бір даулы мәселе келіп түскен кезде тексеру жұмысының шығындары сол кінәлі мекеменің қаражаты есебінен жұмсалуы керек[25].

          Казіргі кезде тұтынушылардың  өз құқыларын толық пайдалана  алмау жағдайлары жиі кездеседі.  Оның ең негізгі себебі тұтынушылардың  заңмен қорғалған өз құқыларын  толық біле бермеуінде. Осыған  байланысты еліміз көлемінде  өнім өндіру, қызмет көрсету және  сауда-саттық саласындағы мемлекеттік  бақылау, қада­ғалауды ұйымдастыру  формаларын одан әрі жетілдіру қажеттілігі туындап отыр[24].

          Казіргі кезде Қазақстанға қажетті  ет өнімдерінің 50-55 пайызы импорттың  үлесіне тиеді. Азық-түлік өнімдерін  өндіру көлемі аса жоғары болып  келетін мемлекеттерден біздің  рынокқа келіп түскен ет өнімдері  өзінің тағамдық құндылығы және  химиялық құрамы бойынша ерекшеленеді. Әсіресе, ол елдерде ет өнімдерін  ұзақ сақтауға арналған технологиялық  әдіс, тәсілдердің жедел дамуына  байланысты өнімнің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау, қадағалау  мәселесіне жете көңіл аудару қажеттілігі туындайды[25].

Елбасының Қазақстан халқына  арнаған биылғы Жолдауында алдағы жылдары  елімізде етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жаңа жобаны жүзеге асыру  арқылы 2016 жылы 60 мың тонна ет өнімін экспорттау мақсаты қойылды. Сондықтан  Үкімет бағдарлама қабылдап, жоғарыдағы мақсатты жүзеге асыру іс-шаралары қолға алына бастады. Алайда, аталған  стратегиялық жоспар-жобалардың тиімділігін  арттыру үшін сапа мен қауіпсіздік  мәселесіне баса назар аудару қажет. Себебі, қазіргі кезеңде өнімнің  сапасы мен қауіпсіздігі бәсекелестіктің  басты өлшемі ретінде қарастырылуда. Әсіресе, экспортқа шығарылатын ет өнім­дерінің сапасы мен қауіпсіздік деңгейі халықаралық стандарт талаптарына сай болуы шарт[24].

Дамыған елдерде ет өнімдерінің  сапасы мен қауіпсіздігіне аса үлкен  мән беріліп, заңнамалық деңгейде реттеледі. Адам ағзасы үшін ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігінің өзектілігін  ескере отырып халықара­лық деңгейде бірқатар құжаттар бекітілген. Олардың  ішінде техникалық кедергілер жөніндегі  Бүкіләлемдік сауда ұйымы келісімі міндетті және ұсынымдық талаптарды белгілеу, сондай-ақ әзірлеу, қолдану  үрдістерінің нақтылығын қамтамасыз ету  бойынша негізгі ережелерді анықтайды[25].

Стандарттау жөніндегі ИСО  халықаралық ұйымынан ет өнімдеріне қойылатын талаптар, терминология, органолептикалық бағалау жүргізу, ет өнімдерінің химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерін анықтау әдістеріне байланысты 30-дан астам стандарт бекітілген. Осы стандарттарды ұлттық стандарттар ретінде қолдануға  болады және оларды қолдану ет өнімдерінің  сәйкестігін бағалау нәтижелерін  өзара мойындау, қабылдау негізі болып  табылады.

Тамақ өнімдері, соның ішінде ет өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ең жетік заңнама  Еуропалық одақта қабылданған. Ет өнімдерінің  қауіпсіздігіне қоғам тарапынан  қойылатын талаптардың күн санап  өсуіне байланысты ЕО осы өнімнің  өндірілуі кезіндегі гигиеналық нормаларды барынша қатайтуға тырысуда.Еуропалық  стандарттар сондай-ақ ет өнімдеріне қосылатын тағамдық қоспалар мен  хош иістендіргіш заттарға қойылатын  талаптарды белгілейді. Сонымен қатар, ет өнімдерінің қауіпсіздігі мен  сапасына әсер етуші аса маңызды  факторлардың бірі болып табылатын  мал азығының сапа көрсеткіштері  мен тағамдық қоспаларды бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондықтан ЕО жәнеде басқа дамыған  елдердің ет өнімдеріне қатысты стандарттарына біздің отандық стандарттарды үйлестіру  кезінде олардың артықшылық жақтарын оңтайлы пайдаланудың маңызы зор[25].

 

 

                                              ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі таңда химиялық ластану  проблемасы әлемдік деңгейдегі мәселелердің біріне айналды. Кез келген елді алып қарастырсақ,  тағамдардың сапасы стандарттардың талаптарына сәйкес болмай жатады . Осы тұрғыда сұрақ  туындайды: тағамдардың құрамындағы  химиялық қоспалардың болуына кім  кінәлі?Өндіруші ме, өнімнің санитарлық стандарттарға сәйкестігін бақылаушы  ма, әлде тағамның құрамының сапасыздығына  дер кезінде арызданбаған тұтынушы ма? Бұның жауабы кұрделі зерттеулер мен пайымдауларды қажет етеді. Осы зерттеудің белгілі бір бөлігін мен өз жұмысымда қарастырдым. Қарастырылған мәселелерді бір түйінге сала отырып, келесідей қорытынды шығарғым келіп отыр.

Адам ағзасының қалыпты  дамуында, денінің сау, санасының  сергек болуында табиғи да таза тамақ  өнімдерінің рөлі аса жоғары болатындығы  белгілі. Алайда, қазіргі заманда  әртүрлі техногендік әсерлерден, қоршаған ортаның ластануы салдарынан әлемде малдың қауіпті жұқпалы аурулары пайда болуымен қатар, адам ағзасы үшін аса қауіпті химиялық зиянды элементтер (мыс, қорғасын, сынап, мырыш қатарлы  улы металдар, радионуклидтер, пестицидтер  мен антибиотиктер т.б.) малдың жайылымы мен жем-шөп, өсімдік арқылы малға  беріліп, мал өнімдері арқылы адам ағзасына еніп, әрқилы аурулардың туындауына себепкер болуда.

Сондай-ақ қазіргі кезеңдегі  өндірістік технологияның дамуы  нәтижесінде азық-түлік тағамдарын дәмдендіру, сақталу мерзімін ұзарту мақсатымен түрлі тағамдық қоспаларды пайдалану да азық-түлік өнімдерінің  табиғи құрамына айтарлықтай өзгерістер келтіруде. Кейбір өндіріс орындары өнім көлемін ұлғайту үшін де тағамдық қоспаларды пайдаланудың түрлі технологиялық  әдіс-тәсілдерін қолдануда. Мысалы, шұжық  өндіру кезінде сапасы төмен шикізат  қалдықтары мен малдың ішкі ағзаларын  пайдалана отырып өнімнің өзіндік  құнын азайтып, өндіріс көлемін  ұлғайту іс әрекетін бүркемелеу үшін де әртүрлі дәмдеуші, әрлеуші қоспаларды қолданатыны белгілі. Бүгінде әлемнің дамыған көптеген елдерінде азық-түлікке жасанды қоспаларды пайдалану тәжірибесі кеңінен өріс алуда.

Осы айтылғандардан химиялық ластанудың тамақ өніміне қалайша  әсер ете алатындығын көре аламыз. Аталғандарды одан әрі түсініктірек түрде қарастыру үшін назарларыңызға келесі схеманы ұсынамын:

Көріп отырғанымыздай, дайын  өнім тұтынушыға жетуі үшін қанша  стадиядан өтуі керек, әрбір стадиядан  өткен сайын өнімнің бастапқы құндылығы төмендей береді, яғни өнім өзінің табиғи сапалы күйін мүлдем жоғалтады. Мәселен, таза ет өнімін алу үшін алдымен , сиырға берілетін азық таза болуы керек, яғни еш қоспасыз; сәйкесінше таза азық жеп өскен малдың да еті таза болады; оны ет комбинатына жөнелткенде қолданылатын технологияның да сапаға сайлығын бақылау керек; етті өңдеуге апарған кезде оған ешбір химиялық қоспалардың қосылмауын қатал бақылау керек. Тек осындай қатал бақылау жүрген жерде ғана таза әрі сапалы, ешбір химиялық ластануға ұшырамаған өнім алуға болады. Ал таза өнім, сапалы тамақ-денсаулық кепілі емес пе?!

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Қолданылған әдебиет тізімі:

 

1. Экологиялық энциклопедия  ,Алматы. 2007

2.Дарибаева А.О., Оразбаева  Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001

3.Ә. Бейсенова , А. Самақова  «Экология және табиғатты тиімді  пайдалану»Алматы, 2004

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. «Экология», А. 2002 ж

5.Новиков Ю.В. «Экология, окружающая среда и человек»: Учеб.Пособ.М: Фаир, 2010.

6. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, Алматы – 2004.

7. Закон РК от 15.07.97г. «Об охране окружающей среды».

8.http://gyg-epid.com/2009/04/05/ zagrjazniteli_produktov_ pitan ija.html

9. http://www.sunfood.ru/quality/1039/

10. http://www.aktobegazeti.kz/?p=17913

11.http://portal.agun.kz/e-books/content/upyECDRgCic5Fgy FxSk9 /pages/d14.htm

12. Бродский А.К. «Жалпы экологиялық тарихи курсы»

13. Жадахметова А.С. «Экология негіздері»

14. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

15.  Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.

16. Банников А.И. др. Основы экологии  и охраны  окружающей  среды М., Колос, 1996.

17. Экзарьян В.Н.  Геоэкология и охрана  окружающей  среды М., 1997

18. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», А.2005.

19. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

20. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

21. Пианка Эрик. Эволюционная экология. — М.: Мир, 1981.

22. Будыко, Михаил Иванович, Глобальная экология. — М., 1972.

23. Одум, Юджин, Основы экологии. — М., 1975 

24. http://ru.wikipedia.org/wiki/Экология

25. http://stud24.ru/ecology/orshaan-ortany-himiyaly-lastanuy/276977-825956-page1.html

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Химиялық ластанудың тамақ өнімдеріне әсері