Табиғи ортаның экологиялық жағдайын бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 19:27, курсовая работа

Описание работы

Экологиялық бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1. Бақылау нысаның анықтау.
2. Белгіленген нысанды зерттеу.
3. Бақылау нысанына ақпараттық модель құрастыру.
4. Зерттеу жұмысын жоспарлау.
5. Бақылау нысаның жағдайына баға беру және оны ақпараттық модельмен салыстыру.
6. Бақылау нысаның жағдайының өзгеруін болжау.
7. Қодануға ыңғайлы дәрежеде ақпаратты тұтынушыға жеткізу.

Файлы: 1 файл

курсовой алиса нуркеновнадан vjybnjhbyu.docx

— 296.31 Кб (Скачать файл)

                                                     Кіріспе

   Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу – жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарлар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұның жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп жыл бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру жүргізу шарттарымен тәртібі жеткілікті толық қамтылған, бірақ бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді. 
  Сонымен бірге жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні ұғымына елеулі өзгерістер еңгізді. Мысалы,В.В.Петровтың пікірі бойынша экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда «кәсіпорындардың мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі экологиялық сақтауын тексеру».

Экологиялық бақылау  жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден  тұрады: 
1. Бақылау нысаның анықтау. 
2. Белгіленген нысанды зерттеу. 
3. Бақылау нысанына ақпараттық модель құрастыру. 
4. Зерттеу жұмысын жоспарлау. 
5. Бақылау нысаның жағдайына баға беру және оны ақпараттық модельмен салыстыру. 
6. Бақылау нысаның жағдайының өзгеруін болжау. 
7. Қодануға ыңғайлы дәрежеде ақпаратты тұтынушыға жеткізу.

                                                 

 

 

 

                                                       3

    Қоршаған ортаның сапасы мен негізгі құндылықтарын, табиғаттың байлықтарын сақтау үшін қоршаған ортаны түрлендіру мен қорғауды жетілдірудің шараларына зерттеу жасау керек. Бұл проблеманы шешу әр түрлі іс-әрекеттердің кешенін құрайды, олардың арқасында қоғам қоршаған ортаның сапасына саналы және оң әсер етеді, ал бұл тек қана ең кең аумақты мағынадағы тиімді басқару кезінде мүмкін болады. Ол үшін, алдымен басқару объектісін зерттеуден бастау керек, яғни «қоршаған ортаның сапасы» деген не екендігін анықтау керек.  Тарихи қалыптасу бойынша, «сапа» деген анықтама материалдық өндіріспен ғана байланысты, «сапа» деген ұғым тек өнімге ғана тиісті болды, басқа ештенеге байланыспады. Қазіргі уақытта қоршаған ортаның сапасымен байланысты зерттеулерде әртүрлі ұғымдарды пайдаланады, олардың көпшілігі қоршаған ортаның ластануы, қаупі мен дискомфорты, халықтың ауру-сырқауы және тағы басқа сезгіштік негізінде анықталады. Сонда да адамзаттың өмір сүруде жаңа проблемалары, алып әлеуметтік қозғалыстары пайдаланылатын ұғымдарының ешқайсысын көпке танымал деуге негіз бермейді. Бұның бәрі теориялық жанжалдарға әкеліп соғады, осы жанжалдардың ар жағы - әлеуметтік-экологиялық саясатының стратегиясы мен тактикасы дамуының үлкен шешілмеген проблемалары, қоғамның өмір сүруінің шарттарын қамтамасыз етуге қажетті көлемі бойынша үлкен инвестицияларды негіздеу болып табылады.

   «Қоршаған ортаның сапасы» деген анықтаманы баяндаудағы көз қарастарының көптігі «қоршаған орта» анықтамасының мағынасын баяндағанда тәсілдерінің көптігімен түсіндіріледі, сондықтан «қоршаған ортаның сапасы» дегенге анықтама беру алдыңда «қоршаған орта» деген анықтаманы дәлірек баяндау керек.

    Қоршаған орта – бұл қазіргі уақыттың ғылымы мен тәжірибесінің негізгі категориялардың бірі. Интеграцияланған басқару мен бақылау объектісі ретінде табиғат емес, нағыз қоршаған орта болып табылады.

    Оқу мақсаттарына байланысты әр түрлі зерттеушілерінде өздерінің тәсілдері, ойлаудың әдеті мен стилі қалыптасты, ал бұл осы анықтаманың қазіргі ғылыми әдебиетінде сан алуан трактовкаларды анықтады.

 

                                                        4

I бөлім. Табиғи  ортаның экологиялық жағдайын  бағалау

                                   1.1.Экологиялық мониторинг

Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:

  • жағдайды бақылау;
  • бағалау;
  • болатын өзгерістерді болжау.

    Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді.

   Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, тағы басқа экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады.Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады.

  Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті экологиялық мониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орт-тарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       5       

                 1.2. Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар.

   Қоршаған орта жай-күйіне бақылаулар 1972 жылдан бастап ұйымдастырылып,  1999 жылы қалпына келтірілді. 
Қоршаған ортаның  міндеттеріне және зерттеліп отырған  құрауыштарына байланысты  қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингісінің жүйесі  мыналар:

  • Атмосфералық ауа мониторингісін;  
  • Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы  жай-күйінің мониторингісін;  
  • Беткі сулардың сапалы жай-күйінің мониторингісін;
  • Топырақ жай-күйінің мониторингісін;
  • Радиациялық мониторингті

Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар:

Атмосфералық ауаның мониторингі 
   Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  республиканың барынша  ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында орындалады. 
Қазіргі таңда атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар республиканың  27 елді-мекеніндегі  69 ЛБП жүргізіледі. Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  мыналар бойынша:    
·        толық емес бағдарлама бойынша(тәулігіне 3 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 07,13,19); 
·        толық бағдарлама бойынша(тәулігіне 4 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 01, 07,13,19); 
·        үздіксіз режимде жүргізіледі.  
    Атмосфералық ауа ластануын зерделеген кезде 17-ден астам ластаушы заттар, оның ішінде жүзбе заттар(шаң) күкірт диоксиді, көмірсутегі тотығы, азод диоксиді, күкірт сутегі, фенол, формальдегид, аммиак және т.б   анықталды. 
 

                                                            6

 

Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
Республиканың 28 елді-мекеніндегі стационарлық бақылау пунктерін қамтиды.

 

Атмосфералық жауын-шашын  және қар жамылғысы жай-күйіне мониторинг. 
    Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне бақылаулар Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(ДМҰ) бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жауын-шашын және қар сынамаларында мыналар: 
- аниондар -сульфаттар, хлоридтер, нитраттар; 
- катиондар - аммоний, натрий, калий, кальций, магний; 
-  микроэлементер - қорғасын, жез, кадмий, күшәла 
-   қышқылдар 
-   меншікті электр өткізгіштігі анықталады.  
    Атмосфералық жауын-шашын үшін бақылаулар күнделікті 45 метестансада жүргізіледі. 
    Қар жамылғысындағы ластаушы заттардың барлығына бақылаулар жылына бір рет, қардағы ылғал қорының максималды жиналуы кезеңінде жүргізіледі.  Қар жамылғысының химиялық құрамы үшін Қазгидрометтің бақылау желісі  38 метеостансаны қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

           

                                                          7

  

 

Атмосфералық жауын-шашын жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
45 метеостансаларды қамтиды. 

Радиациялық мониторинг 
    Атмосфераның жерге жақын  қабатының радиациялық ластануы үшін бақылау Қазақстанның 14 облысындағы 43 метеорологиялық метеостансасында жазық планшеттармен ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылады. Барлық стансаларда бес тәуліктік сынамалар алу жүргізледі. Планшеттер экспозицияланғаннан кейін Алматы ГМО ОХАИ жіберіледі, мұнда жиынтық бета-белсенділігіне және гамма-сәуленену мөлшері қуаттылығына  радиометрикалық зерттеулер жүргізіледі.

Радиациялық мониторингтің бақылау  желісі мыналарды:  
 -        43 метеостансада-жиынтық бета –белсенділікті анықтауды;   
-         79 метеостансада-гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды. 

 

 

                                                        8

Топырақ жай-күйінің мониторингі  
Топырақ жай-күйіне бақылаулар 20 өнеркәсіптік қалаларда жүргізіледі. 
Сынамалар жылына екі рет бес белгілі бір нүктелердегі қалалар шетінен және өнеркәсіп орталықтарынан одан әрі ауыр металдардың(қорғасын, мырыш, кадмий, жез, хром) бар болуын анықтаумен алынады. 
Аялық мониторинг

   Қазақстанда биосфера ластануының аялық жай-күйі және оның өзгеру үрдістері жөніндегі ақпаратты алу мақсатында Ақмола облысында «Бурабай» табиғи ортасының кешенді аялық мониторингісінің бір стансасы (КАМС) ұйымдастырылды.

Фондық мониторин

Қоршаған ортаның  атмосфералық күйін байқау мақсаттарында және қоршаған ортаның басқа да компонентерін анықтауда Бұрынғы Кеңестер Одағы аумағына қоршаған ортаның кешенді фондық мониторинг станциялар желісі құрылды, ол бақылаулар ортақ бағдарламалар бойынша жүргізілді.Қазақстанда табиғи ортаның жалғыз комплексты фондық мониторинг станциясы (СКФМ) Ақмола облысында «Бурабай» құрылды, оның мақсаты биосфералық ластану күйі мен тенденциясын анықтау үшін ақпарат алу болып табылады. Бурабай көліндегі гидрологиялық бақылау.

Су беті күйінің мониторингі

   Бақылау пунктері республикамызда маңызды экономикалық мәнге ие болатын, су қоймаларын немесе су токтарын қолдануын ескере отырып орналастырылады, сонымен қатар, республика шекарасындағы өзендердің байланысуы мен үлкен өзендер аумағында, және де ағынды сулардың ластану күйіне шалынатын жерлерге де қойылады.Құрлықтағы судың ластануын бақылайтын көптеген пунктер, гидрологиялық станциялар және постармен қойылған. Сонымен қатар, міндетті түрде (су деңгейі мен шығыны, ағынның орташа жылдамдығы және тағы да басқа) анықтаған жөн.Су бетінен байқау алу он күндікке, ай сайын, және көбіне гидрологиялық фаза кезінде жүргізіледі.Бақылау желісі 53 өзенге, 8 көлге, 12 су қоймасына, 3 канал мен 1 теңізге бөлінген 183 гидропосты қосады.Құрлық суымен теңіздерден су бетінің күйінен байқамасын алғанда, анықтайды: температураны, өлшенген нәрселерді, айқын рН, ерігіш оттек, БПК-5, минералдану, ХПК, тұз құрамының басты күйін, биогенді элементтермен және негізгі ластаушы заттар: мұнай өнімі, фенолдар, ауыл металлдар.

  

                                                            9

 

Беткі сулардың жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 53 өзенді, 8 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды.

   Гидрометеорологиялық мониторинг – бұл гидросфераның, атмосфераның, төсеніштік және топырақтық жамылғының жай-күйіне тұрақты және ұзақ бақылау жүргізу, объективті талдау мен бақылау деректерінің, әртүрлі индекс пен болжамдарының есептерін қоса алғандағы өңдеу жүйесі.  Қазіргі уақытта болжамдық, режимдік-анықтамалық гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпараттарды дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторинг 260 метеорологиялық станцияларда, 12 метеобекеттерде, 291 гидрологиялық бекеттерде, 186 агрометеорологиялық бақылау пункттерінде, 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында жүргізіледі.

   Агрометеорологиялық мониторинг – бұл топырақтың ылғалдылығы мен температуралық режимі, ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиялық жай-күйі туралы, олардың қолайсыз ауа-райы құбылыстарынан: үсік, қатты суық, аз қарлы қыс, құрғақшылықтан, сондай-ақ зиянкестер мен ауа-райы жағдайына байланысты таралатын аурулардан зақымдану мүмкіндігі туралы бақылау жүргізу.  

 

                                                       10

II бөлім.Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау түрлері мен тәсілдерін   анықтау.

2.1. Қоршаған ортаға радиоактивті ластану көздерінің қауіпін бақылау

   Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.Ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.  
    Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.  
   Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекет аралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шекалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда.  
   Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін.

Информация о работе Табиғи ортаның экологиялық жағдайын бағалау