Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 19:27, курсовая работа
Экологиялық бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1. Бақылау нысаның анықтау.
2. Белгіленген нысанды зерттеу.
3. Бақылау нысанына ақпараттық модель құрастыру.
4. Зерттеу жұмысын жоспарлау.
5. Бақылау нысаның жағдайына баға беру және оны ақпараттық модельмен салыстыру.
6. Бақылау нысаның жағдайының өзгеруін болжау.
7. Қодануға ыңғайлы дәрежеде ақпаратты тұтынушыға жеткізу.
Ауаның автомобиль көлігімен ластану көлемдері арта түсуде, ол республика аумағында автокөлік құралдары санының өсуімен байланысты. Аталған мәселе республиканың ірі қалалары үшін өте өзекті, мұнда автокөліктің ауа бассейнінің ластануына қосатын үлесі 60 % құрайды және жалпы қалалық барлық шығарындылардан көбірек.
Су беттерінің ластану, лас болу және жұтаңдау үдерісі жалғасуда, оның негізгі себебі су айдындарына тазартылмаған немесе жеткілікті тазартылмаған сарқынды суларының төгінділері болып табылады. Су объектілеріне жыл сайынғы төгінділер шамамен 2,5 млн.тоннаны құрайды. 2009 жылы осы көлем 2,85 млн. тоннаны құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,7 % төмен көрсеткіш. Қазіргі уақытта халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесі әлі де шешілмеген.
Басым экологиялық бағыттардың бірі өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу болып қала береді. Елімізде 100 млн. тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ), 22,3 млрд. тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар жинақталған, оның ішінде 12 млрд. тоннадан астамы техногендік минералдық түзілімдер.
2009 жылы елімізде 669,3 млн. тонна қалдықтар түзілген, оның ішінде, 665,6 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, 3,7 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар. Еліміздің бір тұрғынының үлесіне орта есеппен алғанда жинақталған өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың 1,4 мың тоннасы келеді.
Қалдықтарды басқару саласында «тарихи ластанулар» аса маңызды проблема болып табылады. Қазір олар тек қана адам денсаулығына, қоршаған ортаға емес, сондай-ақ жалпы еліміздің тұрақты дамуына кері әсер етеді. Тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрі – ТОЛ) «тарихи ластанулардың» бір түрі болып табылады.
ТОЛ қоры бойынша Қазақстан Республикасы Батыс және Орталық Еуропа елдері ішінде Ресей Федерациясынан кейін екінші орынды алады. Қалдықтардың жалпы көлемі қазірге құрамында ТОЛ бар шамамен 250 мың тоннаны құрайды. Олар 1500 тоннадан астам ескірген пестицидтер, құрамында полихлордифенилдер (бұдан әрі – ПХД) бар 50 мың данадан астам жабдықтар және 8 ластанған аумақтар. Қазіргі уақытта республика аумағында құрамында ПХД бар 116 трансформатор және 50 мыңнан астам конденсатор көлемінде құралдар анықталған, олардың жартысынан азы қолданыста.
Экологиялық тепе-теңдікті тұрақтандыру мәселелерінде қоршаған ортаны қорғау қызметінің негізгі құралы мемлекеттік экологиялық сараптама, бақылау және лицензиялау, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру рәсімдерін орындау арқылы экологиялық реттеу болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат қорғауды бақылау жүйесінің жұмысы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қатаң сақтау қамтылған түпкілікті нәтижелілікке, оны бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету бойынша іс-шараларды іске асыруға, қолданылатын санкцияларды орындауға бағытталатын болады.
Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту индустриалдық объектілерді технологиялық жарақтандыруды әртараптандыру, ең озық қолжетімді технологияларды ендіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Қоршаған ортаға эмиссиялар параметрлерін ғана емес, энергия, су және ресурстарды сақтауға, ең озық қолжетімді технологияларды және олардың негізінде нормалау жүйесін ендіруге міндетті талаптарды да қамтитын кешенді экологиялық рұқсат алуға, барлық ірі табиғат пайдаланушылардың кезең-кезеңімен көшу арқылы рұқсат жүйесінің тиімді жұмыс жасауы қамтамасыз етілетін болады.
Ғылыми зерттеулер негізгі экологиялық проблемалар бойынша жүргізіліп жатыр, оның ішінде: судың ластануы, ірі қалалардағы атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы, радиациялық және химиялық ластану, жерлердің тозуы, экологиялық апат аудандарының, Каспий маңы және Балқаш аймақтарының проблемалары, әскери-ғарыш полигондары аумақтарын оңалту, климаттың өзгеруі, озон қабатының жұтаңдауы, биоәртүрліліктің қысқаруы, ғылыми-негізделген қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және орнықты даму бойынша салалық нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу.
Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясын (бұдан әрі – Орхусс конвенциясы) іске асыру бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау мақсатында институционалдық құрылым – Орхусс орталығы құрылды, оның негізгі қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру және қолдау, жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша экологиялық ақпаратты ұсыну болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
заңнаманы жетілдіру мақсатында
2007 жылы Қазақстан Республикасының
Экологиялық кодексі
Кодекс заңнамалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жалпылап жүйелендірді, экологиялық талаптар мен нормативтердің мәртебесін тікелей әсер ететін заңнамалық актісінің деңгейіне дейін көтерді, қоршаған ортаны қорғау тәжірибесіне халықаралық стандарттарды ендірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Еуропалық Экономикалық комиссиясының
«Тарихи» ластануларды жою бөлігінде ел Президентінің Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластануларды жою жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғастырылады. Алаңы 0,8 км2 құрайтын № 3 тәжірибелік-өндірістік учаскедегі жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту бойынша жұмыстар өткізу жоспарлануда және осы учаскедегі жұмыстар нәтижелерінің негізінде ғана № 2 және 1 учаскелердегі жобаның іске асырылуы жалғастырылады. Елек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластанулардың жалпы ауданы 5,8 км2 құрайды.
Қазақстан Арал, Семей ядролық полигонының проб
Қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының оң сипатты имиджін қалыптастыру және ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық конвенциялар бойынша міндеттемелерін іске асыру шеңберінде халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін Министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (бұдан әрі – БҰҰДБ) бірлесіп іске асырылып және жоспарланып жатқан жобаларының мониторингін жүзеге асырады. Жоспарланған кезеңде БҰҰДБ бірлескен жобалары бойынша басым бағыттар мыналар: энергия тиімді инфрақұрылым құру, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлауына «Жасыл өсу» тетіктерін ендіру және Қазақстандағы ТОЛ жою.
Қазіргі уақытта Қазақстан Ластаушыларды тасымалдау шығарындылары тізілімінің хаттамасына (бұдан әрі – ЛТШТ) қосылу мүмкіндігін қарау үстінде. Хаттама қоршаған ортаның шаруашылық жүргізуші объектілерімен ластануы туралы ақпаратты реттейді және осы салада қоғамдастық тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. Хаттамаға сәйкес ұлттық ЛТШТ құру экологиялық есептің барлық нысандарын дайындау үшін қажет мәліметтерді жинауды айтарлықтай жеңілдетеді.
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау желісін дамыту Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік даму сценарийлерімен, стратегиялық басымдылықпен үйлестіре жасалған бірыңғай ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ең алдымен бұл - суперкомпьютерлік технологияларды белсенді қолдану арқылы болжамдау және мәліметтерді өңдеу жүйесін қамтамасыз ететін есептеу және телекоммуникациялық құралдарды дамытуға қатысты. Тек осы негізде ғана ауа райын болжаудың, сонымен қатар алдын ала әртүрлі қоршаған ортаны ластаушы заттардың таралуын болжаудың, сондай-ақ гидрометеорологиялық мәліметтердің жасалу және таралу жүйесінің заманауи үлгілері мен технологияларын енгізу мүмкіндігі бар. Бұл үшін өзара үйлескен жүйенің барлық элементтерін қазіргі заманғы әлемдік деңгейге шығару және қайтадан техникалық жарақтандыру, жаңарту қажет: қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттарды алу, жинау, беру, талдау және мәліметтерді өңдеу, оларды жинақтау және мұрағаттау, ақпараттық өнімдерді құрастырып, тұтынушыларға ақпараттарды жеткізу. Осыған орай,
Министрлік өз алдында «Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жетілдіру» мақсатын қояды, оның шеңберінде мемлекет пен тұрғындарды гидрометеорологиялық және экологиялық ақпараттармен қамтамасыз етудің сапасын жақсарту бойынша міндеттер орындалуы қарастырылады.
Гидрометеорологиялық мониторинг – бұл гидросфераның, атмосфераның, төсеніштік және топырақтық жамылғының жай-күйіне тұрақты және ұзақ бақылау жүргізу, объективті талдау мен бақылау деректерінің, әртүрлі индекс пен болжамдарының есептерін қоса алғандағы өңдеу жүйесі.
Қазіргі уақытта болжамдық, режимдік-анықтамалық гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпараттарды дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторинг 260 метеорологиялық станцияларда, 12 метеобекеттерде, 291 гидрологиялық бекеттерде, 186 агрометеорологиялық бақылау пункттерінде, 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында жүргізіледі.
Агрометеорологиялық мониторинг – бұл топырақтың ылғалдылығы мен температуралық режимі, ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиялық жай-күйі туралы, олардың қолайсыз ауа-райы құбылыстарынан: үсік, қатты суық, аз қарлы қыс, құрғақшылықтан, сондай-ақ зиянкестер мен ауа-райы жағдайына байланысты таралатын аурулардан зақымдану мүмкіндігі туралы бақылау жүргізу.
1992 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының (бұдан әрі – БМҰ) конвенциясына қосылды және бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының құрамына кірді, аталған ұйымдар шеңберінде даму стратегиясы, болжам әдістері және кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламалары жасалуда.
БМҰ-ның стандарттарына сәйкес жергілікті жердің нақты тығыздығы мен жер бедерін, сонымен бірге аумақтын экономикалық игерілуін және елді мекендердің санын есепке алғанда, бақылау жүйесі мынадай ең төмен санда: 421 метеорологиялық станциялар, 507 гидрологиялық бекеттер,280 агрометеорологиялық бақылау жүргізетін пункттер, 15 аэрологиялық станциялар болуы қажет.
Метеорологиялық желіні ұтымды орналастыру негізіне станциялар мен бекеттер республика аумағына біркелкі таралуы, кез келген нүктеде интерполяция жолымен көрші станцияның ақпараттары бойынша әрбір метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін белгілі бір дәлдікпен алу мүмкіндігі сияқты талаптар енгізілген.
Стационарлық желілерде жүзеге асырылатын атмосфералық ауаның сапасын бақылау, аймақтық (экспедициялық) зерттеулермен, бағыттық және жылжымалы бекеттердегі қарқынды бақылаулармен толықтырылады.
Топырақ және атмосфералық ауа сапасының жай-күйіне мониторинг барлық елді мекендерде жүргізілуі тиіс. Атмосфералық ауаның ластануына бақылау жүргізуші стационарлық бекеттердің саны «Атмосфераның ластануын бақылау жөніндегі нұсқаулық» нұсқаулық құжатына (бұдан әрі – НҚ) сәйкес тұрғындардың санына байланысты саналуы қажет және аз санды тұрғындары бар аудандарда қосымша экспедициялық зерттеулер жүргізуді қоса алғанда 50 мың тұрғынға - 1 бекет; 50-100 мың тұрғынға - 2 бекет; 100-200 мың тұрғынға - 2-3 бекет; 200-500 мың тұрғынға -3-5 бекет; 500 мыңнан аса тұрғынға 5-10 бекет; 1 миллионнан аса тұрғынға - 10-20 бекетті (стационарлық және бағыттық) құрайды. Бекеттердің саны жергілікті жердің күрделі жер бедеріне, ластаушы көздерінің көп болуы, берілген аумақтағы ауаның тазалығы ерекше маңызды болып табылатын объектілер (ұлттық саябақтар, тарихи ғимараттар т.б.) жағдайында көбейтілуі мүмкін.
Республика аумағы бойынша НҚ сәйкес атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жасау жөніндегі бекеттердің ең аз саны 250 болуы қажет.
Даму үрдістері мен перспективалары. Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің даму барысы өткен ғасырдың 80-ші жылдары ең жоғары шарықтау шегіне жетті. Бірақ кейін жағдай күрт өзгерді. 1983-99 жылдары Қазгидромет метеорологиялық станциялардың 35%, гидрологиялық бекеттердің 65%, агрометеорологиялық бақылау пункттердің 55%, аэрологиялық станциялардың 47% жабуға мәжбүр болды.
Информация о работе Табиғи ортаның экологиялық жағдайын бағалау