Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 19:27, курсовая работа
Экологиялық бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1. Бақылау нысаның анықтау.
2. Белгіленген нысанды зерттеу.
3. Бақылау нысанына ақпараттық модель құрастыру.
4. Зерттеу жұмысын жоспарлау.
5. Бақылау нысаның жағдайына баға беру және оны ақпараттық модельмен салыстыру.
6. Бақылау нысаның жағдайының өзгеруін болжау.
7. Қодануға ыңғайлы дәрежеде ақпаратты тұтынушыға жеткізу.
2000 жылдан бастап бұрынғы жабылған бақылау бекеттері қалпына келтіріліп, жаңа бақылау желілері мен талдау зертханалары ашылды. Болашақта жаңа бақылау пункттерін ашу, бар пункттерді жаңғырту, автоматты метеорологиялық станцияларды орнату, ақпараттарды жинақтау,
өндеу және таратудың базалық технологиясын, қоршаған ортаның жай-күйін болжау әдістерін дамыту, сонымен қатар ақпараттарды өңдеу мен тарату жүйесін жетілдіру ұйғарылып отыр. Трансшекаралық өзендердің мониторингіне ерекше назар аударылатын болады.
Гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның жай-күйі мониторингін дамыту нәтижесінде қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын ала ескерту ұлғайып, гидрометеорологиялық болжамдардың өзін-өзі ақтауына, қоршаған ортаның жай-күйі жөнінде ақпараттардың дәлдігін көбейтуге мүмкіндік береді.Ескі болжау әдістерін жетілдіру және жаңаларын енгізу әкімшілік аудандар бойынша метеорологиялық болжауларды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Қазақстанның таулы өзендерінде айлық гидрологиялық болжамдар жылдың жылы мезгілінде жасалады, сонымен қатар өсімдік және мал шаруашылығына қатысты агрометеорологиялық жаңа болжамдардың түрлері енгізілетін болады.2008-2009 жылдарда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының 572 ауылдарында радиациялық мониторинг жүргізілді. Ауылдардағы радиациялық жағдай жалпы қанағаттанарлықтай, сонда да, 203 ауылда ауыз судағы альфа-активтіліктің шектен асуы анықталды, 123 ауылда тұрғын және қызметтік үй-жайлардың ауасында радонның шоғырлануы шектен асады және 24 ауылда судағы радонның шоғырлануы шектен асады. 2010 жылы 325 ауылда радиациялық мониторинг жүргізілді.
Қазақстан тұрғындарының табиғи радиоактивті көздерден сәулелену тәуекелін төмендету 2012-2017 жылдардағы зерттеу бойынша қамтамасыз етіледі, оның мақсаты Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында 8000 үйдің ауасында (жылына 2000 үйден) радон шоғырлануын анықтау болып табылады. Ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын ертерек ескерту және болжамдардың ақталу деңгейін арттыру бойынша ұшулардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін еліміздің барлық аумағы бойынша қос поляризациялы доплерлік локаторлар жүйесін құру қажет.Халықаралық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүйесін жетілдіру аясында елдің авиаметеорологиялық мәліметтер банкін құру және Қазақстан Республикасының әрбір әуеайлағының климаттық сипаттауын әзірлеу қажет.
2.3. Қоршаған ортадағы негізгі проблемаларды талдау
Қазақстан экологиясы саласындағы негізгі проблемалы
1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың ауа бассейнінің ластануы. Каспий және Балқаш өңірі;
2) жерүсті және жерасты суларының ластануы, трансшекаралық сулар проблемасы;
3) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;
4) суды бұру және кәріздік тазарту құрылыстары жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;
5) жердің шөлейттену және тозу үдерістері;
6) экологиялық апаттың Арал және Семей аймақтары;
7) «тарихи» ластанулар.
Түзілетін қалдықтар көлемінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, оларды қайта өңдеу төмен деңгейде қалуда: түзілген қалдықтардың 20 % жуығы кәдеге жаратылады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30 % асады. Өндіріс қалдықтарын, оның ішінде улы қалдықтарды қайталама қайта өңдеу Қазақстанда тәжірибеге алынбаған. Қалдықтар техногенді қарқынды ластанатын ландшафттарды құра отырып, арнайы полигондарда, жинақтағыштарда және үйінді сақтағыштарда қоймаланады. Сонымен, мысалы, республикадағы электростанциялардың күл-шлак қалдықтарын кәдеге жарату және қолдану 1 % аспайды, ал Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен алғанда 60 % құрайды.
Республика үшін ТОЛ, ескірген пестицидтер және онымен ластанған аумақтар мәселесін шешу өзекті проблема болып табылады. Бұл мақсаттар үшін ТОЛ-ды және басқа да қауіпті қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жою жөніндегі зауыт салу, сондай-ақ ластанған жерлерді қалпына келтіру қажет.
2010 жылы БҰҰДБ/ ЖЭҚ «Қазақстанда ескірген пестицидтер және полихлордифенилдер қорларын және қалдықтарын жинау және жою бойынша зерттеу және ұсыныстар» жобасы аяқталды. Жобаны іске асыру
25
барысында 14 ластанған аумақтар (10 ПХД бойынша, 4 пестицидтер бойынша) анықталды.
Табиғи ресурстар және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің болмауы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және басқа мүдделі мемлекеттік ұйымдар арасындағы экологиялық ақпараттың жүйелі алмасуына мүмкіндік бермейді. Көп пайдаланушылар жүйесін көбейту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында, оның ішінде ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан гидрометеорологиялық қызметін дамыту өзекті мәселе болып табылады. Республика аумағының мониторингпен қамтамасыз етілуі, метеорологиялық мониториг - 61%, агрометеорологиялық мониторинг - 66%, гидрологиялық мониторинг- 57%, атмосфералық ауаның жай-күйіне мониториг – 31% құрайды.
Еліміздің барлық аумағындағы инфрақұрылым объектілері (қызметтік ғимараттар) мүшкіл жағдайда, қызметкерлердің жұмыс орындары қанағаттанарлықсыз, еңбекақыларының төмен болуы, кадрлармен қамтамасыз ету қиындығын туғызады. Бақылау пункттерінің көпшілігінде бақылаулар қолмен жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т.
Экология «Алматы» 2009
2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық
экология жайлы қысқаша таным
«Павлодар 2008»
3. Ж.Ж.Жатқанбаев Экология
4. Янтекс
5. Молахметов З.М. , Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д., Экология негіздері «Қарағанды» 2002
6.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003
7.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002
8.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
9.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
10.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
Қосымша әдебиеттер:
1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева
Р.М. Жалпы топырақтану және
топырақ географиясы мен
2.Фурсов В.И. Экологические
проблемы окружающей среды.
3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.
5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.
6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.
7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.
Кіріспе.......................
I бөлім. Табиғи ортаның экологиялық жағдайын бағалау
II бөлім.Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау
түрлері мен тәсілдерін анықтау
2.1. Қоршаған ортаға радиоактивті ластану көздерінің тигізерқауіпін
бақылау.......................
2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі
параметрлері..................
2.3. Қоршаған ортадағы негізгі проблемаларды
талдау......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Қазақстан Республикасы жаңа ғасыр табалдырығын аттай отырып, басқа мемлекеттер сияқты қоршаған орта туралы күрделі проблемаларға тап болды. Қазақстанда ондаған жылдар бойы қоршаған ортаға экстремалды жоғары техногенді жүктемелерге байланысты табиғатты пайдаланудың шикізатты басым жүйесі жіктелді. Бұл пайда болудың ғана себепшісі емес, сонымен қатар біздің республикамызда ауыр зардаптар түрінде қалған экологиялық проблемалардың тұрақты өсуіне де байланысты.Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау желісін дамыту Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік даму сценарийлерімен, стратегиялық басымдылықпен үйлестіре жасалған бірыңғай ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ең алдымен бұл - суперкомпьютерлік технологияларды белсенді қолдану арқылы болжамдау және мәліметтерді өңдеу жүйесін қамтамасыз ететін есептеу және телекоммуникациялық құралдарды дамытуға қатысты. Тек осы негізде ғана ауа райын болжаудың, сонымен қатар алдын ала әртүрлі қоршаған ортаны ластаушы заттардың таралуын болжаудың, сондай-ақ гидрометеорологиялық мәліметтердің жасалу және таралу жүйесінің заманауи үлгілері мен технологияларын енгізу мүмкіндігі бар. Сондықтанда еліміздің әр азаматының парызы еліміздің табиғатын аялай білу!
Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі
Пәні: «Қалалық шоғырландыру мен өндірістік кешендерді геолого –
экологиялық зерттеу әдістері»
Тақырыбы: «Табиғи ортаның экологиялық жағдайын бағалау және
өзгерістерді болжау»
Информация о работе Табиғи ортаның экологиялық жағдайын бағалау