Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 15:17, реферат
Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасауы ықтимал терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға қол жеткiзiлетiндiгiнiң анықтамасы.
Экологиялық сараптама жасалуға жататын құжаттаманың тапсырысшысы - жоспарланып отырған қызметтi жобалауға тапсырма берген және сараптама объектiсiн қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
1-бап. Терминдер мен анықтамалар
Экологиялық сараптама - шаруашылық
және өзге де қызметтiң
Экологиялық сараптама жасалуға жататын
құжаттаманың тапсырысшысы - жоспарланып
отырған қызметтi жобалауға тапсырма берген
және сараптама объектiсiн қаржыландыруды
жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
Сараптаманың бастамашысы - жобаның тапсырысшысын
қоса алғанда, мемлекеттiк немесе қоғамдық
экологиялық сараптама жүргiзудiң қажеттiгi
туралы мәселе қойған заңды немесе жеке
тұлға.
Сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау
алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық
құжаттамада көзделген шешiмдерге сәйкес
өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң
құрылысын салу, пайдалану, тарату, қызмет
көрсету, бұйымдар мен технологиялардың
шаруашылық айналымына түсуi жөнiндегi
жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ
заң актiсiнiң күшiне енуi, сараптама объектiсiнiң
өзге де нақты пайдаланылуы.
Экологиялық қауiптi қызмет - адамның денсаулығы
мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзетін
немесе тигiзуi мүмкiн басқарушылық және
инвестициялық қызметтi қоса алғандағы
тiкелей және жанама қызмет.
Экологиялық қауiптi объект - iске асырылғанда
адамдардың денсаулығына және қоршаған
ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе
зиянды әсерiн тигiзетiн сараптама объектiсi.
Экологиялық тәуекел - табиғат объектiлерi
мен факторларының кез келген антропогендi
өзгерiстерiнiң қоршаған ортаға және халықтың
денсаулығына (қасақана немесе кездейсоқ
жасалған, бiртiндеп болатын және апатты)
қолайсыз зардаптар тигiзу ықтималдылығы.
Стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи
ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау,
өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы
бар инфрақұрылым мен энергетика, аэроғарыштық
және әскери кешендер, байланыс саласындағы
қызметпен байланысты сараптама объектiсi.
Трансшекаралық объект - iске асырылуы
адамдар денсаулығына және екi және одан
да көп облыстың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес
мемлекет аумағындағы қоршаған ортаға
- керi әсер ететiн немесе керi әсер етуi
ықтимал сараптама объектiсi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енеді) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының
экологиялық сараптама
туралы заңдары
Қазақстан Республикасының
экологиялық сараптама туралы
заңдары Қазақстан
3-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары
Экологиялық сараптаманың
мақсаттары:
1) жоспарланып отырған басқарушылық,
шаруашылық, инвестициялық және өзге де
қызметтi iске асырудың халық денсаулығы
мен қоршаған ортаға ықтимал терiс зардаптарын
болдырмау;
2) жоспарланып отырған басқарушылық,
шаруашылық, инвестициялық және өзге де
қызметтi iске асыру туралы шешiм қабылданар
алдындағы сатыларда, сондай-ақ оларды
салу және iске асыру процесiнде олардың
экологиялық талаптарға сәйкес келуiн
бағалау;
3) өндiргiш күштердi орналастыру мен дамыту
салдарынан экологиялық жай-күйдiң болжамдалып
отырған өзгерiстерiне сараптамалық бағалауды
қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Экологиялық сараптаманың мiндеттерi
Экологиялық сараптаманың
1) ықтимал, әлеуметтiк, экономикалық
және экологиялық зардаптарға талдау
жасауды қоса алғанда, объектiлерде атқарылған
қоршаған орта мен халықтың денсаулығына,
табиғи ресурстарға жоспарланып отырған
басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық
және өзге де қызметтiң әсер етуiн бағалаудың
толымдылығы мен дұрыстығын анықтау;
2) жоспарланып отырған басқарушылық,
шаруашылық, инвестициялық және өзге де
қызметтiң қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына әсерiн жан-жақты, ғылыми
негiзделген талдау мен бағалауды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасының заңдарындағы,
Қазақстан Республикасының аумағында
қолданылып жүрген стандарттардағы, нормалар
мен ережелердегi экологиялық талаптардың
сараптама жасалып отырған құжаттамада
сақталуын тексеру;
4) экологиялық сараптама қорытындыларын
әзiрлеу, оларды сараптама объектiсiн iске
асыру туралы шешiм қабылдайтын ұйымдарға
беру және мүдделi органдар мен халыққа
қажеттi ақпарат беру болып табылады.
5-бап. Экологиялық сараптаманың принциптерi
Экологиялық сараптама:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
2) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер
мен ведомстволардың, өзге де орталық
және жергiлiктi атқарушы органдардың бақылаушы
және қадағалаушы органдармен өзара iс-қимылы;
3) экологиялық сараптама тұжырымдарының
объективтiлiгi мен ғылыми негiздiлiгi;
4) сараптама органдары мен сарапшылардың
өз өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде тәуелсiз
болуы;
5) жариялылық;
6) экологиялық сараптаманың кешендiлiгi
мен оның алуан түрлi болуы;
7) экологиялық және медициналық-биологиялық
мүдделердiң басымдығы принциптерiне негiзделедi.
6-бап. Экологиялық сараптама объектiлерi
1. Экологиялық сараптама
1) табиғат пайдалану мәселелерiне қатысты
жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы
және жобалау құжаттамасы, шарттар, келiсiм-шарттар,
соның iшiнде халықаралық шарттар мен келiсiм-шарттар;
2) Қазақстан Республикасының қабылданбақ
болып белгiленiп отырған, қоршаған орта
мен халық денсаулығына ықпал жасайтын
заң актiлерi мен нормативтiк құқықтық
актiлердiң жобалары;
3) шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде
табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны
және халық денсаулығын қорғау жөнiндегi
талаптарды (экологиялық аудиттi) сақтауын
бағалау материалдары;
4) табиғи ресурстарды пайдалану және
қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялар
мен сертификаттарды алу кезiнде экологиялық
негiздеме үшiн табыс етiлетiн құжаттама.
2. Кейiннен ерекше құқықтық мәртебе (ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық
апат аймақтары және басқалар) беру мақсатында
аумақтарды кешендi зерттеу материалдары
да экологиялық сараптама объектiлерi
болып табылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381 Заңымен .
7-бап. Экологиялық сараптама субъектiлерi
Экологиялық сараптама
1) стратегиялық, трансшекаралық және
экологиялық қауiптi объектiлерде мемлекеттiк
экологиялық сараптаманы ұйымдастыру
және жүргiзу бөлiгiнде - қоршаған ортаны
қорғау саласындағы орталық атқарушы
орган және оның жергiлiктi жерлердегi органдары;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы
орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi
жерлердегi аумақтық органдары стратегиялық,
трансшекаралық және экологиялық қауiптi
объектiлерде мемлекеттiк экологиялық
сараптама жүргiзуге тартатын орталық
мемлекеттiк органдар;
2-1) стратегиялық, трансшекаралық және
экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда,
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) субъектiлерiне мемлекеттiк
экологиялық сараптаманы ұйымдастыру
мен жүргiзу бөлiгiнде - облыстың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органы;
3) қоғамдық экологиялық бiрлестiктер,
ғылыми мекемелер және олар құратын экологиялық-сараптама
органдары;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы
орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi
жерлердегi бөлiмшелерi және облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергiлiктi атқарушы органдары экологиялық
сараптама жүргiзуге тартқан, тиiстi лицензиясы
бар жеке және заңды тұлғалар (штаттан
тыс сарапшылар).
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енеді) Заңымен.
8-бап. Экологиялық сараптаманың түрлерi
Қазақстан Республикасында
мемлекеттiк экологиялық
9-бап. Экологиялық сараптаманың жариялылығы
1. Объектiлерге экологиялық
2. Экологиялық сараптама жүргiзген сараптама
органдары ол аяқталған соң, жұртшылықтың
талап етуiмен бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы немесе өзге түрде бiр ай мерзiмде
экологиялық сараптама тұжырымдары туралы
хабарлайды.
2-тарау. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдарының
экологиялық сараптама саласындағы
құзыретi
10-бап. Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң және орталық
атқарушы органдарының экологиялық
сараптама
саласындағы құзыретi
1. Қазақстан Республикасының
2. Орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi
шегiнде:
1) экологиялық сараптаманың талаптарына
қатысты бөлiгiнде мемлекетаралық және
өзге де бағдарламалардың қамтамасыз
етiлуiне және орындалуына қатысады;
2) экологиялық сараптама ұсыныстарын
iске асыруға бағытталған ғылыми-техникалық
шешiмдердiң енгiзiлуiн ұйымдастырады;
3) халықты экологиялық сараптама қорытындылары
туралы сенiмдi ақпаратпен қамтамасыз
етудi ұйымдастыру жөнiндегi жұмысты жүзеге
асырады;
4) <*>
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енеді) Заңымен.
11-бап. Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы орталық
атқарушы органның құзыретi
1. Қоршаған ортаны қорғау
2. Орталық атқарушы орган қоршаған ортаны
қорғау саласында өз өкiлеттiгi шегiнде:
1) стратегиялық, трансшекаралық және
экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттiк
экологиялық сараптамасын ұйымдастырады
және жүргiзедi;
2) Қазақстан Республикасында экологиялық-сараптама
қызметiн үйлестiредi, бағыныстылығына
және меншiк нысанына қарамастан, экологиялық
сараптама жүргiзу мәселелерi жөнiнде мемлекетте
әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
3) қоршаған ортаға әсердi бағалауды және
мемлекеттiк экологиялық сараптаманы,
оны жүргiзу тәртiбiн қоса, жүргiзу жөнiнде
нұсқама-әдiстемелiк құжаттарды белгiленген
тәртiппен әзiрлейдi және бекiтедi;
4) стратегиялық, трансшекаралық және
экологиялық қауiптi объектiлердiң қызметiн
реттейтiн құжаттарды, ондағы экологиялық
талаптарды барынша толық есепке алу бөлiгiнде,
үйлестiрiп отырады және бекiтедi;
5) экологиялық сараптама саласында қоршаған
ортаға әсер етудi бағалау проблемалары
жөнiндегi ғылыми зерттеулердi үйлестiрiп
отырады;
6) жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы
және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде
табиғат қорғау нормалары мен ережелерi
талаптарының орындалуын қамтамасыз ету
бөлiгiнде министрлiктердiң, ведомстволар
мен ұйымдардың тиiстi қызметтерiн бақылауды
және үйлестiрудi жүзеге асырады;
7) консультациялар, бiрлескен экологиялық
сараптамалар жүргiзу, ғылыми және әдiстемелiк
талдамалар алмасу, осындай жұмыстарға
шетелдiк мамандарды тарту мақсатында
белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттердiң
экологиялық-сараптама органдарымен өзара
iс-қимыл жасайды;
8) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың,
басқа да мүдделi бiрлестiктер мен құрамалардың
эколог-сарапшыларын тиiсiнше даярлауды
ұйымдастырады;
9) табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға
және экологиялық сараптама саласындағы
жұмыстарға белгiленген тәртiппен лицензиялар
берудi жүзеге асырады;
10) сарапшылық комиссиялардың құрамын
белгiлейдi, экологиялық сараптама саласындағы
жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы
бар штаттан тыс сарапшылар (жеке және
заңды тұлғалар) ретiнде орталық және облыстың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергiлiктi атқарушы органдарының, қоғамдық
бiрлестiктер мен табиғат қорғау қозғалыстарының
өкiлдерiн тартады;
11) өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы
органдардан, заңды тұлғалардан стратегиялық,
трансшекаралық және экологиялық қауiптi
объектiлерге мемлекеттiк экологиялық
сараптама жүргiзуге қажеттi анықтамалық,
басқа да материалдар алады;
12) сараптама объектiсiн iске асыру кезiнде
заңды тұлғалардың мемлекеттiк экологиялық
сараптама шешiмдерi мен талаптарын орындауына
бақылауды жүзеге асырады;
13) жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды
адамдарының Қазақстан Республикасының
табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда
мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын
керi қайтарып алу мен күшiн жою құқығымен
мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қызметiн
бақылауды жүзеге асырады;
14) жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды
адамдарының экологиялық сараптама саласындағы
қызметiн бақылауды жүзеге асыру ережелерiн
бекiтедi;
15) мемлекеттiк экологиялық сараптама
қорытындысы бланкiсiнiң үлгiсiн бекiтедi.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енеді) Заңымен.
12-бап. Облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы
органдарының
экологиялық сараптама саласындағы
құзыретi
Облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың)
1) стратегиялық, трансшекаралық және
экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда,
облыс (республикалық маңызы бар қала,
астана) субъектiлерiнiң шаруашылық
қызметiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
ұйымдастырады және жүргiзедi;
2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;
3) экологиялық сараптама саласындағы
құжаттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар
енгiзедi және мұндай құжаттардың бастамашылық
жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы
орталық атқарушы органның қарауына жiбередi;
4) сарапшылық жұмыстарды жүргiзу үшiн
экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды
жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан
тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды)
тартады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда
- Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енеді) Заңымен.
3-тарау. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
13-бап. Мемлекеттiк экологиялық
сараптама және оны
жүргiзу нысандары
1. Мемлекеттiк экологиялық
Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн,
коммуникацияларды салуға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға,
реконструкциялауға, қалпына келтiруге,
күрделi жөндеуге) арналған алдын ала жобалау,
сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жекелеген түрлерi бойынша
мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындылары
жобалардың мемлекеттiк сараптамасының
жинақталған қорытындысына енгiзiледi.<*>
2. Қайталап мемлекеттiк экологиялық сараптама
жасау табиғат пайдалану жағдайлары өзгерген
реттерде, бұрын жүргiзiлген мемлекеттiк
экологиялық сараптаманың ескертпелерi
бойынша материалдар пысықталғаннан кейiн
сот органдары шешiмдерiнiң негiзiнде жүргiзiледi,
сондай-ақ Үкiметтiң және қоршаған ортаны
қорғау саласындағы орталық атқарушы
органның және облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдарының шешiмi бойынша
қайталануы мүмкiн.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы
2 шілдедегі N 454 , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енеді) Заңдарымен.