Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 15:17, реферат
Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасауы ықтимал терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға қол жеткiзiлетiндiгiнiң анықтамасы.
Экологиялық сараптама жасалуға жататын құжаттаманың тапсырысшысы - жоспарланып отырған қызметтi жобалауға тапсырма берген және сараптама объектiсiн қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
40-бап. Экологиялық сараптама
туралы Қазақстан
Республикасы табиғат қорғау
заңдарын бұзғаны
үшiн жауаптылық
Экологиялық сараптама саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасы аумағындағы шаруашылық қызмет объектiлерi жалға және басқаруға берiлген заңды және жеке тұлғалар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
9-тарау. Экологиялық сараптама
саласындағы халықаралық
ынтымақтастық
41-бап. Экологиялық сараптама
саласындағы халықаралық
ынтымақтастық
1. Экологиялық сараптама саласындағы
халықаралық ынтымақтастық тиiстi шарттар
негiзiнде адамның экологиялық қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау
және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
мақсатында жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының
экологиялық сараптама туралы заңдарындағыдан
өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе
қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық
атқарушы органның бастамасы бойынша
халықаралық экологиялық сараптамалар
жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Базаның жай-күйі
Қолдау қызметі
Соңғы құжаттар
барлық соңғы құжаттар
Кеңінен таралған құжаттар
"Әділет" АҚЖ ресми жарияланым дереккөзі болып табылмайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат