Терминдер мен анықтамалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 15:17, реферат

Описание работы

Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасауы ықтимал терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға қол жеткiзiлетiндiгiнiң анықтамасы.
Экологиялық сараптама жасалуға жататын құжаттаманың тапсырысшысы - жоспарланып отырған қызметтi жобалауға тапсырма берген және сараптама объектiсiн қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.

Файлы: 1 файл

саиап.doc

— 156.50 Кб (Скачать файл)

 14-бап. Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама  
                жасалуға жататын объектiлер      

 Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық  сараптама жасалуға мына объектiлер  жатады:  
      1) жоспарланатын, жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттамалардың барлық түрлерi, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, қызметтiң негiзгi бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттiк инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келiсiм-шарттар, соның iшiнде меншiк нысандарының және басқа да жекешелендiру түрлерiнiң өзгеруiне қатыстылары, өндiргiш күштердi дамыту мен орналастыру схемаларының жобалары;  
      2) аумақтарды экологиялық жағынан қалпына келтiру мен жердi жаңғырту жобаларын қоса, су, орман, жер және басқа да табиғи ресурстарды қорғау мен пайдаланудың кешендi схемаларының жобалары;  
      3) аумақтар учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеу материалдары;  
      4) қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметiн жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;  
      5) кәсiпорындарды, объектiлер мен кешендердi, үйлер мен ғимараттарды орналастыруға, салуға, қайта жаңартуға, дамытуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейiмдеуге, таратуға арналған техникалық-экономикалық негiздемелер (есептеулер) мен жобалар, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн игеру мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;  
      6) жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, оның iшiнде шет елдерден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негiздейтiн құжаттама, табиғи ресурстарды алуға (пайдалануға) рұқсат (лицензия) берудi негiздейтiн құжаттама;  
      7) шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асырған кезде экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бөлiгiнде заңдардың, нормативтiк құқықтық, нормативтiк-техникалық және нұсқама-әдiстемелiк актiлердiң жобалары;  
      8) қауiптi табиғат құбылыстары, шаруашылық немесе өзге де қызмет (қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша) нәтижесiнде аймақта туындаған экологиялық ахуалды зерттеу материалдары;  
      8-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн дамыту мен орналастырудың сызбасы, сондай-ақ осы аумақтарды құру жөнiндегi негiздемелер;  
      9) жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың қоршаған ортаның жай-күйiне зиянды әсер ететiн ықпалын бағалау (бақылаушы органдар мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмi бойынша) жөнiндегi құжаттама жатады.  
      10) <*>  
       Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.11.  N 381 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.        

 15-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн  
                құжаттамаға қойылатын талаптар      

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттаманың құрамында тапсырысшы:  
      1) жоспарланып отырған қызметтiң бүкiл жүзеге асырылуы кезеңiнде оның қоршаған ортаның жай-күйiне, халықтың денсаулығына тигiзетiн әсерiне берiлген кешендi экологиялық-әлеуметтiк және экономикалық бағаны және осы қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеменi;  
      2) жоспарланып отырған қызметтi iске асыру туралы орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу құжаттарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қоғамдық пiкiрдi ескеру нәтижелерiн табыс етуге мiндеттi.  
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттамада:  
      1) тиiмдi материалдарды, энергияны үнемдейтiн, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестердi енгiзу;  
      2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұдайы өсiру, өндiрiс қалдықтарын кешендi ұқсату және кәдеге жарату мен тұтыну;  
      3) сарқынды суларды тиiмдi түрде тазартуды қамтамасыз ету, сондай-ақ тазартылмаған суларды табиғи су ағыстары мен су қоймаларына, жергiлiктi жер бедерiне жiберуден басым түрде бас тарта отырып, оларды техникалық мұқтаждар үшiн пайдалану;  
      4) атмосфералық ауаны ластанудан қорғауға қатысты негiзделген шаралардың пәрмендiлiгi мен кепiлдiлiгi;  
      5) топырақты, өсiп тұрған өсiмдiк пен жануарлар дүниесiн сақтау мен қалпына келтiру, табиғи-қорықтық қор объектiлерiнiң мәртебесiн мүлтiксiз сақтау;  
      6) халықты және қоршаған ортаны антропогендiк физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың зиянды әсерiнен қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдер көрсетiлуге тиiс.  
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi сараптама бөлiмшесi мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн қажеттi қосымша материалдарды сұратуға құқылы.  
       Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 16-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау      

1. Қоршаған ортаға және халықтың  денсаулығына әсердi бағалау рәсiмiн  жоспарланып отырған шаруашылық  қызметтiң тапсырысшысы, ал жұмыс  iстеп тұрған объектiлер үшiн кәсiпорынның иесi не орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.  
      2. Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсердi бағалау жобалау алдындағы және жоба құжаттамасының мiндеттi және ажырағысыз бөлiгi болып табылады, ал жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар үшiн бұл республикалық және облыстық маңызы бар бақылаушы органдардың, орталық атқарушы органдардың, кәсiпорын жұмыс iстейтiн аймақта тұратын азаматтар қоғамдық бiрлестiктерiнiң, сот және прокуратура органдарының, сондай-ақ кәсiпорынның өзiнiң бастамасы бойынша не қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң шешiмi бойынша не өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi.  
      3. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жобалаудың барлық сатыларында жүргiзiлiп, онда:  
      1) жоспарланып отырған қызметтiң жүзеге асырылатын жерi бойынша қоршаған ортаның жай-күйi;  
      2) жоспарланып отырған қызметтiң мақсатқа жеткiзетiн балама нұсқалары, соның iшiнде осы қызметтен бас тарту;  
      3) аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму перспективалары;  
      4) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданылып жүрген заңдарының өзге де талаптары ескерiледi.  
      4. Қоршаған ортаға әсердi бағалағанда:  
      1) жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған ортаға әсерiнiң, соның iшiнде экологиялық тәуекелдiң түрлерi мен деңгейлерiн айқындау;  
      2) белгiленiп отырған қызмет жүзеге асырылған жағдайда қоршаған ортаның жай-күйiнiң өзгерiстерi мен олардың әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын болжау;  
      3) жоспарланып отырған қызметтi жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеу;  
      4) осы саладағы барлық нормативтiк талаптарды пысықтау қамтылуға тиiс.  
      5. Қоршаған ортаға тиген әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша тапсырысшы оны iске асыру туралы шешiмдер әзiрлеуге негiз болатын жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын шаруашылық қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеме әзiрлеп, сарапталатын материалдар құрамында табыс етедi.  
       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 17-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге  
                асырушы сараптама бөлiмшелерi басшыларының  
                құқықтары      

1. Сараптама органдары басшыларының:  
      1) белгiленген тәртiппен экологиялық сараптама жүргiзу үшiн экологиялық-сараптама комиссияларын, топтарын, өзге де құрамаларды құруға, шарт негiзiнде олардың жұмысына қатысуға жоғары бiлiктi отандық, шетелдiк мамандар мен ғалымдарды, соның iшiнде шетелдiк және заңды тұлғаларды тартуға;  
      2) сараптама бөлiмшелерiнiң (мекемелердiң, ұйымдардың), құрылатын комиссиялар мен топтардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыруға;  
      3) экологиялық сараптама кеңестерiн басқаруға, олардың қызметiн ұйымдастыруға;  
      4) сараптама жүргiзу әдiстерiн белгiлеуге;  
      5) экологиялық сараптамаға ұсынылған экологиялық нормалар мен ережелерге сай келмейтiн материалдарды қабылдамауға;  
      6) есептеулерде қате және басқа да олқылықтар жiберiлген, оны түзету қосымша зерттеулердi, iздестiру жұмыстарын не қосымша қаражат бөлудi керек ететiн құжаттар мен материалдарды пысықтау үшiн қайтаруға;  
      7) экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;  
      8) қоршаған ортаға қауiп төндiретiн мән-жайлардың жаңадан анықталуына байланысты не жоғарыда аталған қорытынды талаптарын тапсырыс берушi орындамаған жағдайда бұрын берiлген экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын қайтарып алуға;  
      9) сараптама жүргiзуге қажеттi ғылыми, жобалық, әдiстемелiк немесе өзге сипаттағы қосымша материалдарды сұратып алуға;  
      10) банк және басқа да қаржыландырушы органдарға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбаған объектiлер бойынша материалдар табыс етуге;  
      11) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының бұзылуына кінәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселелердi шешу үшiн тиiстi материалдар дайындап, құқық қорғау органдары мен өзге де органдарға тапсыруға құқығы бар.  
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган сараптама бөлiмшелерiнiң және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттiк экологиялық сарапшылары болып табылады.  
      Жергiлiктi атқарушы органның сараптама бөлiмшелерiнiң басшылары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттiк экологиялық сарапшысының орынбасарлары болып табылады.  
       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 18-бап. Сараптама қызметiн жүзеге асыруда мемлекеттiк  
                экологиялық сараптама органдары басшылары  
                тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi      

1. Экологиялық сараптаманы ұйымдастыру  және жүргiзу кезiнде сараптама  органдарының басшылары тәуелсiз  болады және осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес iс-қимыл жасайды.  
      2. Сараптама органдары басшыларының тәуелсiздiгi олар туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн ережелермен де қамтамасыз етiледi, бұл ережелер:  
      1) оларды тағайындау және босату тәртiбiн;  
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердi қамтиды.       

 19-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық  
                комиссиясы      

1. Сарапшылық комиссиясын мемлекеттiк  немесе қоғамдық экологиялық  сараптама тағайындауға, оған бастамашылық  етуге және оны жүргiзуге құқығы  бар орган нақты объектiге экологиялық  сараптама жүргiзу үшiн құрады. Сарапшылық комиссиясының құрамында сарапшылық зерттеу бағыттары бойынша топтар құрылады.  
      2. Сарапшылық комиссиясы жұмысының нәтижелерi сарапшылық комиссиясының жиынтық қорытындысы түрiнде баяндалады. Сарапшылық комиссиясының құрылымын, мазмұнын, қорытындысын iске асыру мен оған шағым жасау тәртiбiн экологиялық сараптама жүргiзудi ұйымдастырушы сарапшылық орган белгiлейдi, сарапшылық комиссиясының нақты жұмыс тәртiбiн де сол бекiтедi.  
      3. Сарапшылық комиссиясының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзiн құрған орган беретiн құқықтары мен мiндеттерi болады.       

 20-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы      

1. Экологиялық сараптама жүргiзуге  қажеттi арнаулы бiлiмi және жеткiлiктi тәжiрибесi бар, экологиялық сараптама жүргiзуге белгiленген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы тартқан адам мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.  
      2. Штаттан тыс сарапшылардың сараптама жұмыстарын жүргiзуi мен оларға ақы төлеуге байланысты қатынастарды қоспағанда, экологиялық сараптама жасалуға тиiстi құжаттама тапсырысшысының өкiлi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырысшымен немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы бола алмайды.  
      3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.  
      4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының:  
      1) осы Заңның 15-бабына сәйкес сараптама жасалатын объектiге жан-жақты және объективтi баға беру үшiн маңызы бар қосымша материалдарды табыс етудi талап етуге;  
      2) экологиялық сараптама жүргiзуге бiлiктiлiгi жоғары мамандарды қосымша тартуға;  
      3) сараптама жұмысын, әдiснамасын ұйымдастыруды жетiлдiру, оны жүзеге асырудың тәртiбi мен принциптерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;  
      4) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса берiлетiн ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы бар.  
      5. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы:  
      1) экологиялық сараптаманың кешендi, объективтi, сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;  
      2) экологиялық сараптама туралы заңдардың, өзге де заң актiлерiнiң талаптарын сақтауға;  
      3) сараптаманы қолданылып жүрген стандарттар, нормалар мен ережелер негiзiнде жүргiзуге;  
      4) экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi мен тәртiбiн сақтауға;  
      5) экологиялық сараптаманың дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға дер кезiнде беруге;  
      6) сараптама жасалатын объектiлердi одан әрi қарауға қабылдамаған, не оларды негiздейтiн материалдар пысықтауға қайтарылған кезде экологиялық сараптаманың қорытындысын объективтi бағалап, дәлелдi түрде негiздеуге;  
      7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзiнiң құпия құжаттарға қатысты әрекеттерiн олардың иесiмен келiсуге, өзiне сенiп тапсырылған мәлiметтердiң жария етiлуiне жол бермеуге мiндеттi.  
       Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 21-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының  
                құқықтарын iске асыру мен қорғаудың кепiлдiктерi      

1. Сарапшының экологиялық сараптама  жүргiзумен байланысты қызметiне  мемлекеттiк органдардың, заңды  тұлғалар мен лауазымды адамдардың  араласуына тыйым салынады, бұған  сарапшының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған реттерi кiрмейдi.  
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының бұзылған құқығы, соның iшiнде материалдық шығындары мен моральдық жағынан шеккен залалы сот және әкiмшiлiк тәртiбiмен қорғалуға тиiс, ал бұл жолсыздыққа кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.       

 22-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық  
                кеңестерi      

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы  орталық атқарушы органның мемлекеттiк экологиялық сараптама бөлiмшелерi мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан кеңесшi органдар болып табылатын және сол органдар туралы ережелерге сәйкес жұмыс iстейтiн сарапшылық кеңестерi құрылады.  
      2. Орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың құрамдарын тиiсiнше қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi әзiрлеп, бекiтедi.  
      3. Сарапшылық кеңестерге табиғат қорғау органдарының лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, жоғары оқу орындарының ғалымдары, бiлiктiлiгi жоғары практик-мамандар мен жұртшылық өкiлдерi мүше бола алады.  
       Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 23-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық  
                кеңестерiнiң өкiлеттiгi      

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың  сарапшылық кеңестерiнiң қарауына:  
      1) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтырудың күрделi проблемаларын талқылау;  
      2) экологиялық жағынан қауiптiлiгi жоғары объектiлер жөнiнде тиiстi экологиялық сараптаманың қорытындыларын қарау;  
      3) экологиялық сараптаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жатады.  
      2. Экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесi ол туралы ережеде көзделген өзге мiндеттердi де жүзеге асырады.       

 24-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама рәсiмi      

Информация о работе Терминдер мен анықтамалар