Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 07:11, реферат
Жер кабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер думпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: ) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Кіріспе
Жер сілкіну туралы түсінік
Негізгі бөлімі
Жер сілкінісінің жіктелуі
Жер сілкіну ұзақтығы, таралу мөлшері, оны өліпеу құралдары
Жер сілкінісін болжау
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қәуіпсіздігі және қорғану шаралары
Жапониядағы және Гаитидегі жер сілкінісі
Қорытынды
Жоспар
Кіріспе
Жер сілкіну туралы түсінік
Негізгі бөлімі
Жер сілкінісінің жіктелуі
Жер сілкіну ұзақтығы, таралу мөлшері, оны өліпеу құралдары
Жер сілкінісін болжау
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қәуіпсіздігі және қорғану шаралары
Жапониядағы және Гаитидегі жер сілкінісі
Қорытынды
Кіріспе
Жер сілкіну туралы түсінік
Жер кабатының кенеттен
жылжуы және жарылуы нәтижесінде
серпінді тербеліс түрінде пайда
болатын, орасан зор аймаққа тарайтын
жер думпулері мен жер
Жер сілкінісі - геологиялық кұбылыс. Олар - кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауыңда қалыптасады. Геологнялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергняның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай козғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі больш саналады.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, каналнзация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей пайда болады. Сондай - ақ жер сілкінісімен бірге өрт пайда болады. Геологиялык. ортаның экологнясы бұзылады, қопарылма сырғыма, сел тасқыны, т.б.шаруашылықка қосымша залал әкеледі.
Негізгі бөлімі
Жер сілкінісінің жіктелуі
Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудацнялык және тектоннкалық больш бөлінеді. Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған. Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға кұлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінін опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.Тектоникалық жерсілкіну лнтосфераның жекелеген блоктары өзара козғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергняның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысьшда ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтык бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуьша байланысты, босанып шыққан энергня серпімді тербелістер, яғнн сейсмикалық толқындар түрінде жан-жақка таралады.
Сейсмикалық толқындар таралуына қарай қума, көлденең және беттік толқындар болып жіктеледі. Сейсмикалық толқындардын таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады. Қума толқындардын таралу жылдамдығы 5 _ 6 км/с, көлденең толқындардікі 3-4 км/с. Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың рындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде - 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді. Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған. Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы. Ошақтың тереқдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.
Жерсілкіну жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:
Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (ю - 6о ки)9
аралық (60 - 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып бөлінеді.
Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15-20 км, Ташкентте 5-10 км, Спитакта 10-15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған (Қиыр Шығыста, Тынық мрснттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 — 700 км тереңдікке жеткен). Жерсілкіну пшоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунамн пайда болады.
Жер сілкіну ұзақтығы, таралу мөлшері, оны өлшеу құралдары
Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3-4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1x1024 - 1x1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы -1х1023 эрг, Моңғолиядағы Гоби Алтайында — 1x1024 эрг, Чилиде — 1x1024 эрг, Ташкентте — 1х1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) — 4*1024 эрг.
Жер сілкінісі мен жер асты дүмпулерін ріткейтін аппаратты сейслюграф деп атайды. Сейсмографтардың бұрьшғы түрлері қағаз таспасы бар қондырғылар болатын. Қазіргі кезде ондай аппараттармен бірге электронды сейсмографтар да қолданьшады. Соңғысының қағаз таспасы болмайды. Қағаз таспамен жұмыс істейтін сейсмографтардың екі түрі болады: вертикальды (тігінен болған) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. ал екінші түрі горизонтальды (көлденеңінен, жазығьшан) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. Екеуінің де өте сезімтал тілшелері болады. Сол тілшелері қағаз таспаған із (белгі) қалдырып отырады.
Тектометр — Ресейде (Сахалиндік өнертапқыштың туындысы. Жапонияда патенттелген) жасалған құрал. Жаңа құрылғыны ойлап тапқан Евгений Васин есімді адам. Тектометрдің көлемі өте ықшам әрі салмағы да жеңіл (1 кг). Бар болғаны бір қобдишаға сыйып кетеді. Кішкентай болғанына қарамастан маңыздылығы өте зор. Ол болайын деп жатқан жер сілкінісінің қаупін 40 сағат алдын ескерте алады.
Әр түрлі балдағы жер сілкіністерінің төмендегі белгілерінің адамдардың мінез-құлқы мен іс қимылына, сілкістердің мүмкін болатын әсеріне, құрылыстар мен ғимараттардың жағдайына, жер қабатындағы табиғи құбылыстарға, жер қабатындағы және жер бетіндегі судың жағдайының өзгеру белгілеріне назар аудару керек.
1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемелілігі адамдардың сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек сейсмографтар байқап тіркейді.
8 балл. Ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш пен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып, кейде құлайды. Саманнан және саз балшықтан тұрғызылған көптеген үй-жайлар мен қора-қопсылар қирайды. Кірпіш үйлердің көпшілігінде түтін тартатын трубалар құлап, қабырғаларда саңылаулар пайда болады. Ғимараттардың кез-келгенінде зақымдану, кейде аралық бөліктердің кейбіреулерінде қирап-бүліну байқалады. Трубалардың жалғастырлған жерлері ажырайды.Ескерткіштер жылжып қозғалады, құлпытас белгілер, тас дуалдар, қоршаулар құлайды.Көп жағдайда құдықтағы және су көздеріндегі су көлемі үлкен өзгеріске ұшырайды. Ойпандардың тіке баурайлары мен жолдардың үйінді баурайларында шамалы шөгінділер құралады, жердегі сызат-жарықтар бірнеше сантиметрге жетеді.
9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы. Жаппай үрей, адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай, құлайды. Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі.Кірпіш және ірі блокты үйлердің көпшілігінің қабырғалары ойылады, ішкі қабырғалары құлайды, ғимарратардың жеке бөліктері бүлініп қирайды. Ағаштан салынған, темір бетонды және паенльді ғимараттарды түтін тартатын трубалар құлайды.Жалғанған трубалар ажырап кетеді, темір жол рельстері майысады.Сонымен бірге 10 см-ге жететіндей жарықтар пайда болады. Құздар құлап,көшкін жиіленеді.тегістік жерлерде – су басып кету, құм мен ылайдың салындылары жиі байқалады. Су бетінде үлкен толқындар пайда болады.
10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі.көптеген панельді, темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап құлайды. Көпір, бөгеттер едәуір зақымдалады. Темір жол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып, ажырап кетеді. Жер бетінде 1 м-ге дейін жарық пайда болады. Өзен жағалауларында үлкен шөнінділер пайда болады. Көлдер мен каналдардағы су шайқалып төгіледі.Жаңадан көлдер пайда болуы мүмкін.
11 балл. Апат. Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап, бүлінеді. Жер бетінің тіке жарылуы және ажырауы, кең жарық саңылау түрінде елеулі өзгеріске ұшырайды. Таулар қайта-қайта опырылып құлайды.
12 балл. Жер бедерінің өзгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар іс жүзінде күшті бүлінеді немесе қирайды. Жаңа көлдер пайда болып, өзендер бағытын, саласын өзгертеді. Үлкен аймақтарда таулар құлап-қирайды.
Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады. Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:
Тынық мұхиттық белдеу— Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан. Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ, құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері (Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут, Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб, Кариб, т.б. теңіздер) кіреді. Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан.
Жерорта теңіздік белдеу— Еуразияның оңтүстік арқылы, батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады. Бұл белдеуде жерсілкіну болатын ошақтардың 21%-і орналасқан.
Жерсілкіну ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің еологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты. Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ. Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады. Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.
Жер сілкінісін болжау
Жер сілкінісі болған жағдайда адам өмірін сақтау мен шығынды азайту шаралары
Жер шарындағы миллиондаған адамдар сейсмо қауіпті аймақтарда тұрады. Орташа жер сілкінісінен 8 000 адамның 1 мыңы қаза табады, одан 9 есе көп адамдар зардап шегеді.
Сондықтан үкімет мекемелерінің жер сілкінісінің болжамына деген қызығушылығы үлкен - егер алдын ала берілген болжам тура болса, мындаған адамдар аман қалады, жалған болатын болса көптеген қалаларды көшіру бекершілік болады. Жер сілкінісі жөнінде екі үштылық көп болғандықтан, олар жөніндегі алдын ала айтылған жорамалдар сирек тура келеді. Соған қарамастан алдын ала айтылған жорамал соншалықты тартымды, себебі бүгінгі күнде жүздеген ғалымдар, әсіресе АҚШ, Жапония, Қытай, ТМД елдері жер сілкінісі болжамы туралы зерттеулер жүргізуде.
Жер сілкінісінің болжамы мынадай болады:
- ұзақ уақытты (бірнеше жыл);
- орташа уақытты (айлар);
- қысқа уақытты (күндер мен сагаттар).
Болжамның кез келген түрінің тура практикалық бағыты бар: