Жер сілкінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 07:11, реферат

Описание работы

Жер кабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер думпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: ) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Содержание работы

Кіріспе
Жер сілкіну туралы түсінік

Негізгі бөлімі
Жер сілкінісінің жіктелуі
Жер сілкіну ұзақтығы, таралу мөлшері, оны өліпеу құралдары
Жер сілкінісін болжау
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қәуіпсіздігі және қорғану шаралары
Жапониядағы және Гаитидегі жер сілкінісі
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Жер сілкінісі.doc

— 109.50 Кб (Скачать файл)

- ұзақ уақытты - сейсмикалык ауданда жерді қолдану мен құрылыс жасауды жоспарлауға мүмкіндік береді;

-  орташа уақытты - авариялық қызметгі дайындыққа келтіріп, материалдық затгарды қорландыруға мүмкіндік береді;

- қысқы уақытты - аса қауіпті өндірістердің тоқтап қалуынан бастап, халықты көшіруге дейінгі жағдайларда төтенше шараларды қабылдау үшін қолданылуы мүмкін.

Болуы мүмкін жер сілкіністерін  алдын ала айту, болжап айтушыларды  танып-білу негізінде іске асырылады.

Жер сілкінісін болжап айтушылар - бұл мәні жер сілкінісінің алдында  жүйелі түрде өзгеріп отыратын Жердің мінездемесін болжап айтушыларға талдау жасалық.

Сейсмикалық - әр түрлі  магнитудадағы жер сілкінісінің жағдайы мен саны жуық арада болатын  жер сілкінісінің аса маңызды индикаторының қызметін атқаруы мүмкін.

Жер қыртысының қозғалуы - Жердің үстінен триангуляциялық желістің көмегімен геодезиялық түсіру және ғарыштан спутниктер арқылы бақылау жердің үстінде ауқымды масштабта деформацияның болғанын айқындауға болады.

Жер қыртысының учаскелерін  төмен түсіру және жоғары көтеру - жер  үстінің вертикальдық қозғалысын құрғақ жерде тура нивелировкалар арқылы немесе теңізде теңізгравтың көмегімен  өлшеуге болады.

Жер үсті еңістері - жер үсті еңісі бұрышының вариациясын өлшеу үшін наклономер құралы құрастырылған болатын. Бұл өте сезімтал құрал, жер сілкінісінің болуына аз уақыт қалғанда, жер үсті еңістерінде білінбейтін (5 смдейін) өзгерістерді байқайды.

Деформация - тау жыныстарының деформациясын өлшеу үшін ұңғымаларды бұрғылайды және ол жерге екі нүктенің салыстырмалы түрде ауысуының мөлшерін анықтап отыратын деформографтарды орнатады.

Құдықтар мен  ұңғымалардағы судың деңгейі - жер сілкінісінің алдында жиі жер асты суларының деңгейі көтеріледі немесе төмен түседі.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы - сейсмикалық толқындардың жылдамдығы, судың жағдайы мен басқа да жыныстардың физикалық сипатына, сонымен қатар тау жынысының шиеленісу жағдайына байланысты, себебі бұл жыныстар арқылы толқында тарайды.

Геомагнитизм - тау түрінің деформациялануынан және жер қабатының жылжуынан жердің магнит алабы оқшаулап шектелген өзгеріске ұшырайды. Магнитті алқаптың кіші вариациясын өлшеу үшін арнайы магнитомерлер әзірленген.

Жер электрі - тау жыныстарындағы электр кедергісі жер сілкінісімен байланысты болуы мүмкін. Бір-бірінен бірнеше километр аралықта топыраққа орнатьшған электродтардың көмегімен өлшенеді.

Жер асты суларындарадонды ұстау - радон - жер асты сулары мен  ұңғыма суында болатын радиобелсенді  газ. Ол әрдайым жерден атмосфераға  бөлініп шығады. Судың құрамындағы радонның өзгеруі, болуы мүмкін жер сілкінісінің белгісі.

Жануарлардың  мінез-құлқы - жануарлардың мінез-қүлқын жер сілкінісін болжау үшін пайдалану қиын, себебі олардың мінез-құлқының өзгеруі көптеген себептерден болу мүмкін, оған ауа-райын, тамақты, денсаулықты жатқызуға болады. Егер тек олардың жаппай мінез-құлқы өзгергені байқалса, онда басқаша түсіндіру мүмкін болмайды, бұл өзгерісті жер сілкінісінің белгісі деп бағалау керек. 

«Мир» ғарыш станциясында жер сілкінісін болжау туралы қызықты тәжірибе өткізілді. Бұл тәжірибені жүргізу барысында Жердің радиациялық белдеуінің шекарасындағы бөлшектер ағынының «өзгеруі» мен жер сілкінісінің арасында байланыс бар екені анықталды.

Тектоникалык жылжулардың  болуына төрт сағат бұрын жер қабатындағы магнитгі «Мир» спектрометрлары. Жер радиациялық белдеуіндегі бөлшектер ағынының өзгерісін байқағаны анықталды.

Бұл әрбір төрт жер  сілкінісінің үшеуінде байқалды.

Ғалымдардың пікірінше, бұл әдіс апаттардың болуына бірнеше  сағат қалғанда білуге мүмкіндік береді.

Республикадағы барлық болжағыштар түрлерін бақылау толық  ауқымда жүргізілуде. Дегенмен, сәтті  болжамдар зақымдағыш жер сілкінісінен арылдырады деп ойлау дұрыс емес.

Дайындалу - жер сілкінісінде шығындарды азайтудың ең жақсы әдісі. Кешенді қорғаныс шараларын өткізгенде ғана болжам тиімді бола алады.

ҚР «Азаматгық қорғаныс туралы» Заңының 6-бабында жер  сілкінісінен қорғану туралы АҚ шаралары анықталған.

Жоғарыдағы материалды біріктіре отырып, бірнеше негізгі  қорытынды жасалады.

1.      Жер қыртысы - бұл әр түрлі себептердің күшінен бір-біріне ауысып отыратын, литосфералық тақталардан тұратын жұқа қабат. Осы ауысулардың нәтижесінде жер сілкінісі болады.

2.      Болжанған және болжанбаған жер сілкінісінің еселігін есепке ала отырып, қазіргі уақытта жер сілкінісі туралы болжамның тура болу мүмкіндігі шамалы екендігі анықталып отыр.

3.      Апатты жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта көп адам тұрады. Оларды көшіру қиынға соғады, көптеген жағдайда тіпті мүмкін емес.

4.      Проблеманың шешуі, жер сілкінісінен болуы мүмкін шығынды азайту туралы кешенді шараларды іске асыру болып табылады, оның ішінде ең маңыздысы сейсма тұрақты ғимараттар мен қаланып жатқан ғимараттың салынуын күшейту.

 

Жер сілкінісі  кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі және қорғану шаралары

Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер сілкінісі - дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай-ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады.

Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады, олардың  көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф қүралы арқылы ғана байқауға болады.

Алматы қаласы мен  Алматы облысында жыл сайын сейсмографтар 400 жер үсті дүмпуін байқайды.

Жер сілкінісі жер  қыртысында немесе жер мантиясында  болады.

Жер сілкінісінің төрт түрі бар.

Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.

Жанартаулық жер сілкінісі - жанаргаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.

Опырылма жер сілкінісі - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады.

Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.

Жер сілкінісіне жалпы  мінездеме.

Орталық нүкте - жердің астында  жер сілкінісі басталған (болған) орын.

Кіндік орталық - бұл орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.

Ошақтың тереңдігі - орталық нүкте мен кіндік орталығының аралығы. Терең емес жер сілкінісі болған жағдайда ошақтың тереңдігі 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 километрге дейін болады.

Жарықтың айырылған  бөлігінің көлемі (ұзындығы) – сезілмейтін жер сілкіністерінде бірнеше метр және ірі жер сілкіністерінде бірнеше км-ге дейін жетеді. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөліктерінде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ жер бетіне де жетуі мүмкін.

Қатты дүмпудің ұзақтығы - орташа жер сілкіністерінде 2 секундтан 5 секундтқа дейін, ал күшті жер сілкіністерінде 20-дан 90 секундтқа дейін болуы мүмкін.

Жер сілкіну ауданының  радиусы - орташа жер сілкіністерінде 5-15 км, ал күшті жер сілкіністерінде 50-160 кмболады.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы - көлемді толқындардың екі түрі бар. Бұл Р толқыны (латын тіліндегі PRIMAE  - бірінші) жне 8 (SECONDAE - екінші). Р толқындары 3-8 км/сек, Ң толқындары 2-5 км/сек жылдамдығымен таралады. Сондай-ақ жер қабатының бетімен, оның астындағы аздаған тереңдікте таралатын жер бетіндегі толқындардан болады.

Жер сілкінісінің қарқындылығы - белгілі бір орындағы жер сілкінісінен болған шығындардың дәрежесі. Балл түрінде арнайы шкалалардың көмегі арқылы анықталады:

-  12 балдық шкала ММ (902 жылы Итальян вулканологы Меркалли әзірлеген, түрлендіріп АҚШ-та қабылданған);

-12 балдық МҢК-64 шкаласы  (1964 жылы С.В. Медведев (КСРО), В.Шпонхойер  (ГФР) және В. Карник (ЧССР) әзірлеген,  еуропаның кейбір елдері мен  ТМД-да қабылданған).

Жер сілкінісінің қарқындылығы салыстырмалы мөлшер болып саналады және ол мыналарға байланысты:

- жер сілкінісі кіндігінің ара цашъщтыгынан - жер сілкінісі кіндігіне жақындаған сайын қарқындылығы жоғары;

- жер сілкінісі ошагының тереңдігінен - тереңдігі аз болған сайын қарқындылығы көбірек бола түседі;

- топырақ жағдайына байланысты - кеуепті жыныстар және жер асты суларының жоғары жатуы жер сілкінісі қарқындылығының бір балға көбеюіне әсер етеді.

Магнитуда - жер сілкінісі  дүмпулерінің сейсмикалық қуатын сипаттайтын  мөлшер (жер сілкінісі кіндігінен 100 км қашықтықта сейсмограф жасаған жер дүмпудің микрон түрінде белгіленген ең жоғарғы амплитудасы логарифм түрінде анықталады).

Магнитуда идеясын эзірлеуге  көптеген ғалымдар үлес қосты, бірақ  оны тек Калифорния технологиялық институтының профессоры Чарлз Ф. Рихтер ғана іске асырды (1935 ж).

-Алғашқы дүмпу кезiнде  1-ші қабаттың тұрғындары ешбiр  дүрбелең-үрейсiз ғимараттан шығуға, ал одан жоғары тұратындар  бастарын қолымен ұстап, салыстырмалы  қауiпсiз орынға баруға тиiс; 

-Дүмпу   аяқталған бойда арқаңызды   қабырғаға сүйей отыра баспалдақ арқылы ғимараттан тез шығып кетiңiз. Газды, суды, электрдi ажыратуға тырысыңыз, өзiңiзбен бiрге құжаттарды, ақшаны, заттарды, дәрі қобдишасы салынған жол қабын алыңыз, есiктi кiлтпен жабыңыз; 

- Егер көршi пәтерде балалар мен қарт адамдар қалса, олардың көшеге шығуына көмектесiңiз. Сол жерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетiңiз; 

- Ғимараттан, электр желiлерiнен алысырақ кетiңiз. Белгiленген жиналатын орынға барыңыз. Үзiлген ток өткiзгiштен (электр сымынан) сақтаныңыз, оған балаларды жiбермеңiз;

- Рөлде отырғанда ашық  жерге тоқтаңыз. Дүмпу аяқталғанша  машинадан шықпаңыз. Қоғамдық көлiкте   отырған  орындарыңызда қалып,  дүмпу аяқталғаннан кейiн жүргiзушiден  есiктi ашуды өтiнiп, итерiспей шығып кетiңiз.

Қатты жер сілкінісінен кейін:

- Зардап шегушiге алқашқы  медициналық көмек көрсетiңiз; 

- жеңiл үйiндiнiң астында  қалғандарды шығарыңыз; 

- балалардың, аурулардың, қарттардың қауiпсiздiгiне назар  аударып, оларды жұбатыңыз; 

-  ғимаратқа кiрерден  бұрын баспалдақтың, қабырғаның  құлап қалу қаупiнiң бар-жоқтығына  назар аударыңыз. Қатты қираған   ғимаратқа  жақындамаңыз.  Ашық  отты  пайдаланбаңыз; 

- пәтерге оралған бойда  коммуналдық-техникалық қызметтiң  ақаусыздығын тексергенше электiрдi, газды және су құбырын қоспаңыз; 

- телефонды аса қажет  болмаса, көп ұстамаңыз; 

-  зақымданған  ғимаратта  үйiндiнi ашуға және  құтқару   жұмысын  жүргiзуге  көмектесiңiз.

Бұл жағдайда мына ережелердi сақтау қажет: 

- Үйiндi астында қалған  адамдарды iздестiру,  тың-тыңдаудан басталады. Сол үшiн мүмкiндiгiнше толық тыныштық жағдайын жасаңыз. Үйiндiлерге назар аударыңыз. Қандай да бiр секем аларлық дыбыс естiлген орынды анықтап, мұқият тындаңыз;

- Егер  үйiндi  астында  қалған адамға тар тесiк (саңлау) апаратын болса, бiрiншi кезекте үйiндiнi ашу кезiнде оны ауадан, яғни өмiрден айырмау үшiн ұсақ шығыршық тас пен шаң түспеу үшiн жiңiшке түтікті  немесе берiк шланганы сұғыңыз;

 - Үйiндiнi ашуды өте мұқият жүргiзу керек. Әуелi сынықтардың үстiңгi қабатын, содан кейiн астындағысын, сосын одан кейінгісін біртіндеп алу керек. Сынықтар үйiндiлерiнен бағананы, құрылыс құрылғысының iрi бөлшегiн және т.б. суырып алуға әрекеттену аса қауiптi. Үйiндi көміп, оның астындағы адамдарды басып қалуы мүмкiн. Әуелi бағананы толық аршып алып, содан кейiн ғана оны көтеруге әрекеттену керек. 

  Тасқа  қысып қалған адамды босату кезiнде мiндеттi түрде ең алдымен қолдың немесе аяқтың қысылып қалған жерiне сына қою қажет. Басқаша жағдайда ұзақ уақыт бойы сынық қыспағында болған адам қаза болуы мүмкiн.

  Үйiндiлердi аршу кезiнде бiр-бiрiне тiрелiп тұрған сынып қираған ғимараттың әлсiз алайда әлi құламаған қабырғасын итеру аса қауiптi. Бұл адамды құтқару мүмкiндiгiнен айырады.

 

Жапониядағы және Гаитидегі жер сілкінісі

Жапонияда 2011 жылдың 11 наурызында  жойқын жер сілкінісі болып, арты цунамиге ұласты. Соңғы 20 жылда болмаған табиғат апатынан бірнеше елді - мекендер жермен-жексен болған. Елдің геологиялық қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, жойқын зілзала екі мәрте тіркеліпті. Біреуінің күші 7,9 балл, екіншісі 8,9 - ға дейін жеткен. Айналдырған бірер сағат ішінде биіктігі он метрлік толқын Хонсю мен Хоккайдо аралдарына жеткен. Жойқын цунами жолындағы елді-мекендер мен өндіріс орындарын түгел шайып кеткен. Жалпы Жапонияда жер сілкінісінің күші 8 балл болған. Қуатты зілзала Хонсю аралын теңселтіп, 9 балдық дүмпудің салдарымен күрес мардымсыз болған. Ал, жер сілкінісі кезінде апатқа ұшыраған атом электр станциясынан әр түрлі радияциялар ауаға тараған. Ең қуаттысы 6 балды құраған. Жер сілкінісі Хонсю аралындағы бірнеше префектура мен ел астанасы Токиода да білінген. Ал, апатты «Фукусима» атом электр станциясындағы жарылыстан бөлінген радиация ауыз су, сүт пен бақша өнімдерінен табылған.         

Информация о работе Жер сілкінісі