Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 07:11, реферат
Жер кабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер думпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: ) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Кіріспе
Жер сілкіну туралы түсінік
Негізгі бөлімі
Жер сілкінісінің жіктелуі
Жер сілкіну ұзақтығы, таралу мөлшері, оны өліпеу құралдары
Жер сілкінісін болжау
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қәуіпсіздігі және қорғану шаралары
Жапониядағы және Гаитидегі жер сілкінісі
Қорытынды
12-ші қаңтарда батыс жарты шардағы ең кедей елдердің бірі Гаитиде қатарынан үш мәрте алапат жер сілкінісі болды. Жер сілкінісін зерттейтін арнайы мамандардың айтуынша,Гаитидегі алғашқы зілзаланың қуаты 7 балл болған, артынша 5,9 және 5,5 баллдық екі дүмпу қайталанған. Бұл Кариб аймағы тарихындағы ең жойқын зілзала екен. Гаити жер сілкінісінен 3 миллионнан астам адам жапа шегіп, бір миллионнан астам тұрғыны бар Гаити астанасы Порт-о-Пренс түгел қирап, көптеген адамдар үйінділердің астында қалды.Екі аптаның ішінде зәлзаладан құрбан болған 50 мың адамның 7 мыңнан астамы ортақ зиратқа жерленіп, жараланған 300 мыңнан астам адам тауқымет тартып отыр. Гаитиде 10 миллион тұрғын бар. Сарапшы-сейсмологтар ұзақ жылдар бойы жойқын зілзаланың болу мүмкіндігі туралы ескертіп, Эспаньола аралының оңтүстік бөлігін «ірі сейсмикалық қатерлі» өңір деп атады. Себебі ел Солтүстік Америка және Кариб плиталарының түйіскен жерінде орналасқан.
Қорытынды
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар (селдер,қар көшкіндері, опырылып құлау нәтижесіндегі үйінділер, бөгеттердің бұзылуы, химиялық жарылыс,өрт қаупі, күшті кәсіпорындардағы апаттар т.б.) едәуір қауіп тудырады.
Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына алдын ала дайындалса, одан келетін әлеуметтік-экономикалық зиянды елеулі азайтуға болады.Осы мақсатқа жету үшін сейсмикалық қауіпті аймақтың әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы белгілі бір дәрежеде хабарлар болуы, қауіпсіздік іс-қимылын дәрежелерін білуі және ол пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасау қажет. Мұндай тосын жағдайда ең бастысы төзiмдiлiктi жоғалтпау керек. Адамның тiрi қалу мерзiмi оның рухани жағдайына, күш-жiгерiне байланысты. Торыққан адам - мойын ұсынып, сабыр сақтау керек! Аса қиын жағдайда өмiр үшiн күрескен адам тiрi қалу мүмкiндiгiн сақтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер: