Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 10:34, дипломная работа
Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке бас қасиеттері дамып, психикалық сапалары қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы - олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге- психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға белгілі және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І тарау Кіші мектеп жасындағы оқушыларда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың теориялық негіздері
Қарым - қатынас туралы түсінік және оның түрлері...........................5
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері...............................................................................................11
ІІ тарау Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қарым-қатынас жағдайын анықтау және оны дамыту жолдары
Кіші мектеп жасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу ...........................................................................................................16
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даралық ерекшеліктері мен қарым-қатынасын дамытудағы психолологиялық жұмыстың мазмұны..................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................…...26
КІРІСПЕ.......................
І тарау Кіші мектеп жасындағы оқушыларда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың теориялық негіздері
ІІ тарау Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қарым-қатынас жағдайын анықтау және оны дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр [1].
Атап атқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау.
Балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қилысады.
Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке бас қасиеттері дамып, психикалық сапалары қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы - олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады.
Балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге- психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға белгілі және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
Әлеуметтенудің негізінде адам өмір сүруге, басқа адамдармен өзара әрекеттестікте болуға ыңғайланады. Осындай әрекеттестік қарым-қатынаста жүзеге асады.
Қарым-қатынас адамның
Мектеп баланың тұлға болып қалыптасуындағы елеулі ықпал ететін күштердің бірі. XXI ғасыр кезеңі ізгілікті көздейтін кез болғасын баланың толық ауқымдағы танымын дамыта отырып, тұлғаның жеке дара қасиеттеріне оң әсер қалдыратынын мәлімдейді. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруына, оның жан-жақты үйлесімді дамуына жағдай туғызу, яғни өмірге бейімделген мәдени тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бүгінгі күннің басты мақсаты болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасуы
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда еліміздегі болып жатқан экономикалық өзгерістер уақыт талабына сай қабілетті, жан-жақты жетілген парасатты адамдар тәрбиелеп өсіруді көздеп отыр.
Зертеу мақсаты: Қарым-қатынас пен тұлғалардың бір-бірін қабылдау процестерін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сынып жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас процестерін зерттеп, кейін түзету жолымен топтың бір тұтастылығын қамтамасыз етуге бағытталған әдіс тәсілдерді жүйелі қолданса, онда ұжымның жағымды психологиялық ахуалы қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
2. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық қалыптасуының маңызын анықтау.
3. Оқушылардың қарым-қатынасының деңгейін зерттеу.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық қалыптасуын анықтау үрдісі.
Зерттеу әдістері: Зерттелініп отырған мәселеге байланысты психологиялық, әлеуметтану, педагогикалық еңбектерге талдау жасау, анкета, тест, сауалнама үргізу.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқушылары
І Кіші мектеп жасындағы оқушыларда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Қарым - қатынас туралы түсінік және оның түрлері
Әлеуметтену процесінде жеке тұлға қоғамдық қатынастардың обьектісі мен субьектісі ретінде анықталады. А.В.Петровский /1/ жеке тұлғаның әлеуметтену процесінде дамуының үш сатысын қарастырады: бейімделу, даралану (индивидуализация) және интеграция. Балалық шақ кезеңіне тұспа-тұс келетін бейімделу кезеңінде балаға оның ата-аналарының, тәрбиешілердің, мұғалімдердің және оған қандай да бір дәрежеде жақындығы бар басқа адамдардың назары бағытталады. Осы сатыда адамдар қоршаған ортаның ыңғайына қалыптаса бастап, кейбір белгілер жүйесін, мінез-құлықтың қарапайым нормалары мен ережелерін, әлеуметтік рөлдерді меңгере бастайды. Адам жеке тұлға қасиетіне ие болу дағдысына үйренеді.
Даралану сатысында дара тұлғаның персонализация қажетілігі тудыратын, қандай да бір оқшаулану байқалады. Осы саты, бір адамның басқа адамдардан ерекшеленуіне ықпал етеді.
Интеграция сатысы, адам мен қоғам арасындағы қандай да бір тепе-теңдікке қол жеткізуді болжайды.
Осылайша, әлеуметтену процесінде дара тұлғаның енжар және белсенді позициясының динамикасы жүзеге асады.
Жан–жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, психология ғылымының аса мәнді теориялық және практикалық міндеттерінің бірі. Қарым-қатынас қоғамдық өмір құбылыстарының бірі. Бұл құбылыс адам өмірінің, іс - әрекет жағдайларының материалдық әсерінен тарихи тұрғыда пайда болады. Біріккен іс - әрекет еңбек негізінде, адамдардың қарым – қатынас қажеттілігі пайда болады .
А.А.Бодалев, М.И.Лисина /7/, А.А.Леонтьевтердің нақты зерттеу жұмыстарының бір қатары қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін зерттеуге арналған. Алайда, осындай байланыстың сипатын әртүрлі зерттеушілер әрқилы түсінеді .
А.А.Леонтьев, қарым-қатынас іс- әрекеті бұл–ең алдымен сөздік іс - әрекет, өйткені онда іс-әрекетке тән элементтердің барлығы бар (әрекеттер, операциялар, мотивтер және т.б.) десе, Б.М.Ломов қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін мойындап, осы процестерді өзара байланыстырмай, адамның әлеуметтік болмысының екі жағы ретінде, оның өмір салты ретінде қарастырады .
Кіші мектеп жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен қарым–қатынастары ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас шамасындағы балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-әрекетіне, ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайынығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л.И.Божович). Балада мектепке келісімен оқығысы келу тілегімен қатар осы міндеттерді жүзеге асыра алмаумен байланысты қиыншылықтар мен қарама – қайшылықтары пайда болады. Ересек адам баланы жаңа іс-әрекеттерді орындауға неғұрлым дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген қызығушылығы соғұрлым нығая түседі, оқудың қандайда бір жағымды мотивациясы қалыптасады. /31/ Соңғысы аса мәнді, өйткені бастауыш сыныптағы оқушының жеке тұлғасының дамуы көбіне оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бағыттылығымен анықталады. Баланың жеке тұлғасы оның ересектермен қарым–қатынасында қалыптасатындығы белгілі. Ересек адам балаларға адамзат мәдениетінің жетістіктерін табыс етеді, адамның психикалық дамуын қамтамасыз етеді (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, М.И.Лисина). Балада қарым–қатынас қажеттілігінің пайда болуы оның онтогенездегі дамуының анықтаушы мезеті болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ересектермен қарым-қатынасы, олардың жеке тұлғасының қалыптасуының жетекші факторларының бірі болып табылады. Л.С.Славина мен Э.Л.Фрухтың пікірінше, балалардың ересектермен қарым–қатынасының жетіспеуі, олардың бір–бірімен қарым–қатынастарының мәнін ұлғайтады. 30–шы жылдардың өзінде кейбір балалардың теріс мінез–құлықтарының астарында “психикалық витаминдердің“ - әсіресе ересектер тарапынан қарым–қатынастың, мейірімнің, көңілдің жетіспеуі жатыр деген болатын. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыда қалай қойылмасын, махаббаттан, мейірімнен, көңілден айырылған баланың жаны да, тәні де қалжырайды. Осындай жағдайдағы баланың жеке тұлғасы толыққанды дами алмайды, өткені әлеуметтік дағды тәжірибесі бірден жүдеп кетеді, бала өзінің жеке басын дұрыс бағалай алмайды. (М.И.Лисина, В.С.Мухина, С.Г.Якобсон).
Жас ерекшелік психологиясының пәні психологиялық құбылыстардың өзі емес, олардың дамуы немесе жас ерекшелігіне сай өзгеруі болып табылады. Психиканың түрлі формаларының адамдардың жас ерекшеліктеріне сай өзгеруі, адамзат өмірінің сатыларына байланысты әртүрлі қарқындылығымен ерекшелінеді, өмірдің жеке кезеңдерінде әртүрлі мәндеріне ие. Ғылыми жұмыстағы адамдардың жас ерекшелігіне сай өзгерістерінің астарында олардың психикалық өмірінің заңдылықтары жатыр.
Қазіргі уақытта кіші мектеп кезеңі 6-7 жастан 9-10жас аралығын құрайды. Бұл кезеңде балада мектептің оқыту жүйесіне сәйкес физикалық және психофизиологиялық жағынан даму жүреді.
Мектепте оқу бала дамуының
әлеуметтік жағдайына
О.Ю.Ермолаеваның пікірінше,
Кіші мектеп жасында баланың басқа да психикалық процесстері секілді есте сақтау қабілеті де үлкен өзгеріске түседі. Бұл кезеңде балада біртіндеп есте сақтаудың ерікті түрі қалыптасады.
Кіші мектеп жасындағы балаларда көбіне оқу материалынан түсінігін айтып жеткізу қиындық туғызады. Психолог А.И.Липкиннің зерттеуі бойынша балаларда толық түрде түсінігін айтудан гөрі оны қысқаша түрде жеткізу қиындық тудырады екен.
Кіші мектеп кезеңінде бала
ерікті түрде рекет жасау
Бұл кезеңде бала өз іс-әрекетін ой елегінен өткізе алады.Оның бойындағы ішкі өзгерістер сыртқы түрінен байқалмайды. Бұл жас кезеңінің зиянды жақтары көбіне психикалық тепе-теңдіктің бұзылуынан, еріктің тұрақсыздығынан, көңіл-күйдің өзгермелілігінен көрінеді./2/
Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының бұзылуымен және басқа адамдармен, басқа әлеммен өзара қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланысты дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі үшін және оның әлеуметтік ортасы үшін мәнді психологиялық қиыншылықтарымен сипатталады.
1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жас шамаларына сай дағдарыстар кездеседі.
Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі бөлігі –кіші мектеп жасы кезеңіндегі балалар болғандықтан, осы жас шамаларын тереңірек қарастырып көрелік.
Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табылады. Баланың мектеп табалдырығын аттағандықтан, бұл кезең оның қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды.
Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бой ала бастайды. Баланың белгілі бір ережелерге бағына бастауы оның бойында мінез-құлқын реттей алу іскерлігінің қалыптасуына ықпал етіп, осы жас шамасы үшін мәнді жаңа ұйымдардың бірі болып табылатын ырықты түрде басшылыққа алудың ең жоғарғы кейпіне қол жеткізуінің кепілі бола алады. Балалардың басқа да танымдық процестерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау қасиеті пайда болады,
Информация о работе Қарым-қатынас пен тұлғалардың бір-бірін қабылдау процестерін зерттеу