Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 10:34, дипломная работа
Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке бас қасиеттері дамып, психикалық сапалары қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы - олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге- психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға белгілі және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І тарау Кіші мектеп жасындағы оқушыларда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың теориялық негіздері
Қарым - қатынас туралы түсінік және оның түрлері...........................5
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері...............................................................................................11
ІІ тарау Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қарым-қатынас жағдайын анықтау және оны дамыту жолдары
Кіші мектеп жасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу ...........................................................................................................16
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даралық ерекшеліктері мен қарым-қатынасын дамытудағы психолологиялық жұмыстың мазмұны..................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................…...26
Баланың мектепке келуі оның әлеуметтік қарым-қатынастарының шеңберін кеңейтіп, “Мен-концепциясына” міндетті түрде әсер етеді.
Мектеп, баланың дербестілігіне, оның ата-аналарынан оқшаулануына ықпал етеді, оны қоршаған әлеуметтік және физикалық әлемді зерттеудің кең мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді./32/
Баланың әлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының адамгершілік үлгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке басының қасиеттері қалыптаса бастайды. Осы тұста қарым-қатынастың алар орны ерекше. Ең алдымен, баланың ересектермен жанамаланған және тікелей қатынасы арқылы оған ата-бабалардың көне мұралары жетіп отырады. Сонымен бірге тек қарым-қатынас арқылы ғана психиканың әлеуметтік нормалары (сөйлеу-тілі, естің, зейіннің, ойлаудың, перцепцияның, ырықты түрлері, жеке тұлғаның қасиеттері және т.б.) қалыптаса алады. Қарым-қатынас тәжірибесін біртіндеп жинақтау арқылы жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапаларының күрделі жүйесінің қалыптасуына негіз болатын жеке тұлғаның қарым-қатынас қабілеттері қалыптаса бастайды. Жеке тұлғаның басқа адамдарды тануының негізінде пайда болған қарым-қатынас процесінде, оның сана сезімі, өзіндік реттеу мен кері байланыс қасиеттері, жоғары дәрежедегі сапалары қалыптаса бастайды. Осылайша, “топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжым арасындағы қарым-қатынас дербес дамудың әлеуметтік детерминациясындағы негізгі каналдардың бірі болып табылады.”/33/
Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрылымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдейді. Біздің зерттеу де осы позицияны арқалана отырып, тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға қойды. Бұл контексте қарым-қатынастың теориялық негізіне іс-әрекеттің құрлымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Біз тұлғалардың қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет деп қарастыратын А.Н.Леоньтев /16/ М.И.Лисина /17/ концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың құрлымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады. Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды қажетсіну, қарым-қатынас құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың әрқайысысын жекелей айқындадық.
Мұнда Т.В.Драгунова /18/ бойынша
қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа
субъект рөлінде болатын
Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғылымдардың көпшілігі (А.Г.Ковалев /19/, М.И.Лисина, А.В.Петровский, К.Обуховский /20/, В.С.Мусина /21/, В:С.Мухина /22/ және т.б.) адамдардың қарым-қатынасты жүзеге асыруын қажетсіну, басқа адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.
Психология мен оған салалас
ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының
сипаттамалары, жүйелері
М.И.Лисинаның қарым-қатынас
Әдебиеттерде қарым-қатынас
Қарым-қатынас анықтамасындағы (М.И.Лисина бойынша) оның жалпы нәтижесі ретінде қарым-қатынастан шығатын материалдық және рухани сипаттағы құрылым алынады. Нақтыласақ, жалпы нәтиже - өзара қатынас (Я.Л.Коломинский /23/), таңдамалы бауырластық (С.В.Корницкая, Р.А.Смирнова), қарым-қатынас субъектілерінің бейнесі (А.А Бодалев, Н.Н. Авдеева, А.Н.Силвестру) деп қарастырылады.
Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрлым пайда болады. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А.В.Запорожец, М.И.Лисина бұл ерекше құрлымдарды “қарым-қатынас онтогенезінің сатылары”, “қарым-қатынас формалары” деп атаған. Біз өз зерттеуімізде осы тұжырымдарға сүйенеміз.
Ал М.И.Бобнева /26/ қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда “қарым-қатынас стилі” деген ұғым да анықталынады, “қарым-қатынас стилі” деп адамдардың байланыс жасау техникасын, не болмаса позициясын айтады (Х.Т.Шерьязданова, Т.Н.Суркова).
Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен қарапайым тұлға арасындағы қарым-қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы “педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А.Бодалев, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, В.А.Петровский, А.А.Леонтьев /25/ т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипаталады.
Топтағы тұлғааралық белдерді анықтаудың танымал әдістерінің бірі болып – Джекоб Морено (1892-1974) ұсынған, келіспеушіліктер ,күштеулер , соның ішінде әлеуметтік те, шағын - және өте үлкен құрылымдардың сәйкес келмеуінің салдарынан болады. Оның пікірі бойынша, тұлғаның адамдарға психологиялық қатысын білдіретін симпатиялар мен антипатиялар жүйесінің жеке адамға берілген өте үлкен құрылымының шеңберіне көбінесе сыймай қалатынын осы сәйкессіздік көрсетеді. Енді шағын және үлкен құрылымдарды сәйкестендіру міндеті пайда болады. Дәл осы мақсатта қандай орын ауыстырулар қажет екенін білу үшін симпатиялар мен антипатиялар ды анықтайтын социометриялық әдістеме қолданылады./23/
Жеке адам таңдаған ұжым ішінде
Социометрия да,
рефертометрия да топ ішіндегі мәртебелердің
өзіндік иерархиясын айқын
Лидер – топ мүшелерінің мақсаттарын қамтитын және топтық іс-әрекеттің сипаты мен бағытын анықтайтын жауапты шешімдерді қабылдауға құқықты екенін топтың қалған барлыққ мүшелері мойындаған тұлға. Сонымен неғұрлым беделді тұлға бола отырып, лидер бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы ара-қатынастарды реттеуде шынайы басты рөл атқарады. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Топтың барлық іс-әрекетінің ресми ұйымдастырылуымен және оны басқарумен айналысатын жетекшіге қарағанда топта қалыптасатын психологиялық қатынастардың нәтижесінде кенеттен болуы мүмкін. Лидер топтың ресми жетекшісі болуы да,болмауы да мүмкін. Бір адамның өзі жетекші мен өзі лидер болуы тиімді болып табылады. Лидер тлопты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады,не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы мейлінше хабардар болады. ОЛ топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін ұстайды. Психологиялық зерттеулерде лидердің мынадай қызмет атқаратындығы айқындалған:а) ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды, ә) топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді, б) егер топтың алдында маңызды істер қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымында болса, белгілі бір топтық атмосфера орнатады, в) топ мүшелерінің қоғамдық белсенділігін дамытады.
Лидерлікті топтық құбылыс ретінде қарастыру керек: лидер жалғыз өзі болуы мүмкін емес, ол әрқашанда топтық құрылымының элементі ретінде болады.
Шетелдік психологияда лидерлік теориялардың көптеген түрі бар, олардың ішінде ең танымалысы болып – ерекшеліктер теориясы мен лидерлік жағдай теориясы саналады. Ерекшеліктенр теориясының мәні мынада:кез келген адам лидер бола алмайды, белгілі бір тұлғалық ьқасиеттері мен психологиялық ерекшеліктері бар адам ғана бола алады (ынталылық, жігерлік,сенімділік,шешендік және т.б.). Жағдай теориясы лидерлікті – жағдай нәтижжесі деп санайды. Әр бір қасиеті бойынша, жекелеген мүшелері дараланып тұрады,бірақ дәл осы қасиет нақты жағдайда қажет болғандықтан бойында осы қасиеті бар адам лидер болады. Бұл көзқарастардың негізгі қателігі:лидерлік әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде адам мен заттық іс-әрекеттің пайда болатынгын жете бағаламаған./24/
Топтың даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, ондағы тұлғааралық қатынастар бірлескен әлеуметтік іс-әрекеттің құндылықтары мен мазмұнына байланысты болуы соғұрлым жоғары деңгейде болады,топта лидердің пайда болуы мен орнығуы осы қарым-қатынастардың жүзеге асырылуы ретінде білінеді. Лидер – топ үшін аса референтті адам, тұлғааралық қарым-қатынастардың жалпы ортаңғы мүшесі.
Алайда, бұл референттіліктің пайда болуының негіздері, тұлғааралық қарым-қатынастарды баайланыстыратын құндылықтарды сипатына байланысты әр түрлі болады.
Зерттеу мектеп ұжымдарында лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті. Бірінші типі- лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы,оқушы сыныпта музыка викторинасын ұйымдастырып, өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі: пианинода,аккордеонда ойнайды. Бұл арада ол өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетті.Ол-лидер. Ал басқа жағдайда ол ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді. Екінші типі- сан алуан істерді атқару кезінде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер болады. Лидер оқушы маршрутты әзірлеуге қатысады,топты қажетті құрал-жабдық, азыұ-түлікпен қамтамасыз етуге көмектеседі, транспорт құралдары жөнінде келіседі, далада, таза ауада өтетін концертті әзірлейді т.б. Алайда,оның лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс тәмамдалған соң оның лидерлігі де бітеді. Үшінші типі- оқушы өзінің лидерлік қабілетін іс-ұжым лидерін аты әйгілі адамдар ұғымымен бара-бар деуге болмайды. Зерттеу бір адамның бойында лидерлік пен әйгілі болу қабілеттерінің екеуініңде болуы мүмкін екенін көрсетеді. Мұндай үйлесімділік топтың, ұжымның атқаратын ісіне игі әсер етеді. Дегенмен бұл жерде алшақтық та кездесіп, лидер бір адам, әйгілісі екінші адам болуы мүмкін. /25/
Егер ұжымдағы тұлғаның психологиялық сипаттамасын қарастырсақ, онда лидердің топ жүгінетін құндылықты бағыттарының көтерілуімен сипатталады, жариялық пен адамгершілікке толы болады. Ресми билік лидерді елемесе де топ оны беделділік пен абыройға бөлейді.яғни бірлескен іс-әрекеттің маңызды мән-жайларын бағалау, сондай-ақ топқа маңызды шешімдерді қабылдау оның құзырында болуын топ мойындайды.
Қарым-қатынас адамның қоғамның мүшесі ретіндегі басқа адамдармен өзара қатынасының айрықша түрі, қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынастары жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда көрінеді, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, сенімдеріне әсер ету керек болса немесе әрекетшілерді тиімді түрде үлестіріп, қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда: ал перцептивті жағы қарым–қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының негізінде өзара түсінісуінде. Қарым-қатынастың құралдары:
Информация о работе Қарым-қатынас пен тұлғалардың бір-бірін қабылдау процестерін зерттеу