Алгоритм және оның қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 20:30, реферат

Описание работы

Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша жазылуы algorithmi сөзінен алынған.

Файлы: 1 файл

реферат (2).doc

— 880.00 Кб (Скачать файл)

    Программаны толық ендіріп болғаннан кейін оны орындау үшін жұмысқа қосуға болады. Ол <RUN> командасы арқылы жүзеге асырылады, нәтижеде программаны орындау жұмысы ең бастапқы нөмірден басталады. Егер бұл команда RUN N пішінінде берілетін болса, онда программаны орындау жұмысы N – нөмірден басталады.

    Қатардың саны өте көп үлкен программаны компьютерге енгізгенде бүкіл экран толғаннан кейін оның ең жоғарғы қатары экраннан шығып, көрінбей кетеді, бірақ одан ол жойылып кетті деген ой тумауы тиіс, өйткені жадында сақтайды.

    <LIST> командасын беру арқылы енгізілген программаның мәтінін экранға шығаруға және қателіктердің бар немесе жоқ екендігін тексеруге болады. Команданың жазылу пішімі: LIST N1-N4

    Мұнда LIST – команданың аты; N1 және N4 экранға шығарылатын қатарлардың бастапқы және соңғы нөмірлері. Мысалы, LIST 10-40 командасын беру арқылы экранда нөмірлері 10-нан 40-қа дейінгі қатарларды шығаруға болады.

        BASIC тілінің операторларын екі топқа бөлуге болады:

  • орындалатын операторлар – бұл программалар интерпретаторға қандай әркеттің орындалуы қажеттігін көрсетіп программаларда жасалатын әркеттерді анықтайды.
  • орындалмайтын операторлар – бұл деркетердің ерекшеліктерінің жаңа бір тәртіпке келуін сипаттайды, программаға түсініктеме түріндегі ерекшеліктер мен хабарларды ендіруге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік беру операторы

 

Мектептің информатика курсындағы алгоритм тақырыбында келесі деректер келтірілген;

  • алгоритмнің аты;
  • типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелердің тізімі;

BASIC тілінде алгоритмнің аты REM деп аталатын түсініктеме беру операторы арқылы сипатталады. Алгоритмдегі аргументтерді BASIC тілінде  IUT операторының көмегімен енгізу қолайлы. Программаны толығымен құрып, компьютерге ендіріп орындалғаннан кейін, оның орындалу нәтижелерін экранға шығару қажет болады. Ол BASIC тілінде PRINT операторының көмегімен жүзеге асырылады.

Мысалы,

      алг Мысал (нақ а, в, лит к )

            берілгені а,в                                  алгоритмнің

             керек к                                            тақырыбы

       басы 

              командалар тобы                         алгоритмнің      

                                                                          денесі

       соңы

Осы алгоритмнің BASIC тіліндегі жазылуы:

      10 REM Мысал

       20 INPUT A!, B!

             •

         •

         •

    100 PRINT K

      110 END   

  REM операторы программаға түсініктеме беру арқылы оның көрнектілігін арттыру үшін қолданылады.Түсініктеме – беру пернетақтадан енгізілген кез келген символдар тізбегінен тұрады.

REM операторы программаның орындалуына ешқандай әсер етпейді, өйткені програманы трансляциялау барысында ескерілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызықтық алгоритмнің BASIC тіліндегі жазылуы. Меншітеу операторы

 

    Сызықтық алгоритм бірнеше меншіктеу операторынан тұрады. Мұндай алгоритмді BASIC тілінде жазудың ешқандай қиындығы жоқ. Тек өрнектердің   BASIC тілінде қабылданған жазылу тәртібін сақтасақ жеткілікті. Мұндай операторлар бір қатарға орналаса алады. Бұл жағдайда олар “:” қос нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Алгоритмдік тілде “;” нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады.

   Мысалы,

алг трапеция ауданы (нақ a, b, h, s)

        берілгені a, b, h

        керек s

басы

 

            s: =(a+b) /(2*h)

соңы

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Бұл алгоритм BASIC тілінде былайша жазылады:

              10 REM Трапеция ауданы 

              20 INPUT A!, B!, H!

              30 LET S = (A+B) / (2*H)

              40 PRINT “Трапетцияның ауданы S = ” ; S

              50 END

  

     BASIC тілінің операторларын мына төмендегідей мүмкіндіктерге ие топтарға жіктеуге болады.

  • мәндерді есептейді және оларды айнымалыларға меншіктейді;
  • информацияны ендіреді және нәтижелер мен хабарларды баспаға шығарады;
  • есептеулердің орындалуын басқарады;

    Компьютерде  программаның орындалуы кезінде  айнымалы шама әр түрлі мәндер  қабылдауы мүмкін. Дербес жағдайда       есептелетін арифметикалық өрнектің мәні меншіктеу операторы арқылы айнымалы шамаға меншіктеледі.

    BASIC тілінде бұл амал “ =” таңбасымен белгіленеді. Меншіктеу белгісінің сол жағына айнымалының аты, ал оң жағына арифметикалық өрнек жазылады. Бұл амалды орындайтын арнайы меншіктеу операторы бар.

    Оператордың  жазылу пішімі: к LET v = e

    Мұнда  к- қатар нөмірі; LET-оператордың  аты; v- айнымалының аты; е-арифметикалық  өрнек (жеке жағдайда сандық  немесе литерлік тұрақты немесе  сандық және литерлік айнымалы  болуы мүмкін).

    Меншіктеу операторының орындалуын екі кезеңге бөлуге болады:

  • е өрнегінің мәні есептеледі;
  • е өрнегінің есептелетін мәні v айнымалысына меншіктеледі, яғни v айнымалысына бөлінген жады ұяшығына жіберіледі.

Егер е сандық тұрақты немесе айнымалы болса,онда бірінші кезең орындалмайды.

Мысал келтірейік:

  1. LET  X%=1-бүтін айнымалы Х-ке  1 саны меншіктелед;
  2. LET А=27,4- нақты айнымалы А-ға 27,4 саны меншіктелед;
  3. LET А$ = «Мектеп» -символдық (мәтіндік) айнымалы А$-ға литерлік тұрақты «Мектеп» сөзі меншіктеледі.

Ал мына мысалдарды жоғарыда аталған бірінші кезең орындалады:

  • LET Х=А* SIN(T)-нақты айнымалы х-ке а Sin t өрнегінің есептелген мәні меншіктеледі.
  • LET C$=A$+B$ -символдық айнымалы C$-ға символдық айнымалылар A$ мен B$-ның ағымдағы мәндерінің қосылуынан пайда болған нәтиже меншіктеледі.

Осылайша   LET операторының орындалар алдында "=" меншіктеу таңбасының оң жағындағы  өрнектегі барлық айнымалылардың мәндері, басқаша айтқанда е өрнегі анықталған (есептелген) болуы тиіс. Мына төмендегі  программада 10,20,30 – қатарлардағы операторлар орындалғанда бірінші кезең орындалмайды, ал 40,50-қатарлардағы операторлар орындалғанда бірінші кезең орындалады.

              10 LET  А=5

              20 LET B=3

              30 LET C=-2

              40 LET D=B^2-4*A*C

              50 LET K= «Дискриминантты есептеу»

              60 PRINT"D=;K=;K

BASIC тіліндегі "=" меншіктеу таңбасы мен кәдімгі математикадағы теңдік таңбасының арасында үлкен айырмашылық бар. Мысалы, математикалық жазуда мына Х=X+1 өрнегі дұрыс емес, ал BASIC тіліндегі 30 LET Х=X+1 жазылуы дұрыс және мынадай мағына береді:

  • жадтың Х атты ұясынан айнымалының мәні алынады;
  • бұл алынған мән бірімен қосылады да Х+1- ге жаңа мән жасалады;
  • осы пайда болған Х+1 мәні Х атты жады ұясына ондағы алғашқы мәнді өшіріп өзі орналасады.

Мысалы,

              10 LET X=5

              20 LET X=4

         30 LET X=X+Y

программа үзіндісіндегі 30-қатардағы LET операторы орындалғанда Х айнымалысы 9-санын меншіктейді яғни жадтың Х аты ұясында алғашқы 5санының орнына 99саны пайда болады.

BASIC тілінің көптеген түрлерінде оператордың орны LET сөзін қалдырып кетуге де болады. Мысалы, жоңғарыда келтірілген программа үзіндісі былай жазылады.

              10 LET X=5

              20 LET X=4

         30 LET X=X+Y

 

 

 

 

 

Информацияны  енгізу және

баспаға шығару операторлары

   

    Компьютерде  қандай да бір деректерді өңдеу  үшін, ол деректер алдын-ала компьютердің  жадына ендіріліп қойылуы тиіс. Компьютерге деректерді сыртқы  құрылғылардан да енгізуге болады. Бұл деректер инфомацияның сыртқы  тасымалдаушыларында мысалы, магниттік дискіде сақталады. Сыртқы тасымалдаушылардан деректерді қажет болғанда компьютерге енгізу үшін, программаға арнайы ендіру операторларын қосады.

    Мүндай  операторлар бірнеше болуы мүмкін  және олар программаның кез  келген жерінде орналаса алады.

    BASIC тілі  компьютермен диалог режімінде  жұмыс істеуге мүмкіндік беретін  өте қолайлы тіл. Мұнда барлық  деректер компьютерге ендіру  құрылғысынан келіп түседі. Бұл  жағдайда деректің әрбір қатары  пернетақта арқылы теріліп, экранда  көрінеді. Келесі қатарды теру үшін, пернетақтадағы (ЕП) пернесін басу керек.

    Басқау  құрылғысының көмегімен пайдаланушы  программаны түзетеді, программаның  орындалуын басқарады. Экранға  немесе баспаға шығару құрылғысына  нәтижелер шығарылады. Олар сандар, кестелер, графиктер, суреттер немесе мәтіндер болуы мүмкін,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Енгізу  операторы

 

    Енгізу  құрылғысынан деректерді енгізу  үшін, INPUT (енгізу) операторы қолданылады.

    Оператордың  жазылу пішімі: к INPUT р1,р2,...,рп

    Мұнда к-қатар нөмірі; INPUT–оператордың аты; р1, р2,..., рп – үтірмен ажыратылып жазылған аинымалылар тізімі.

     Бұл  оператор былайша орындалады. Программаны  орындау барысында, компьютер  INPUT операторын кездестіре сала, экранға сұрақ белгісін шығарады. Компьютер өз жұмысын уақытша үзеді, осы үзіліс кезінде пайдаланушы пернетақтадан айнымалының мәндерін үтірлермен ажырата отырып, теріп шығады да, <ЕП> пернесін басады. Сонда ендірілген мәндердің ішіндегі бірінші мән, ендіру ооператорының тізіміндегі бірінші айнымалыға, екінші мән тізімдегі екінші айнымалыға т.с.с. меншіктелген болады. Бірақ енгізілген мәндерді пернетақтадан терген кезде, олардың саны және типі айнымалылар тізімінде көрсетілген айнымалылардың саны мен типіне дәл келуін қадағалау керек. Егер оларды артығымен терсеңіз, онда артық сандар есепке алынбайды.

    Ал  егер ендірілген мәндердің саны  жеткіліксіз болса, онда компьютер  тағы да сұрақ белгісін шығарып,  жеткіліксіз мәндердің енгізілуін  күтеді.

    Барлық  деректер дұрыс және түгелімен  ендіріліп болғанан кейін, компьютер INPUT операторынан кейінгі келесі операторы  орындауға көшеді. Мысалы, программаның орындалуының белгілі бір кезінде компьютер жадына мынадай мәндерді енгізу  керек болсын: 1.2,-0.004,  2-ші, мектеп және де бұл мәндер Х,Ү,Z$ K$ айнымалыларына меншіктелсін. Осы аталған әрекеттердің орындалуы үшін мына төмендегі программа үзіндісі жұмысқа қосылсын:

    

 

        .

        .

        .

100 INPUT X,Y,Z$,K$

120 LET A=X+Y

125 LET В=K+Z

       .

       .

       .

          Компьютер осы программаның 100-қатарындағы INPUT операторын кездестіргеннен кейін, экранға сұрақ белгісін шығарады да, пайдаланушы пернетақтадан тиісті мәндерді енгізгенше күтіп тұтады. Пайдаланушы жоғарғыда айтылған? 1.5,-0.4 Е-2, "2-ші", "мектеп" мәндерін теріп, <ЕП> пернесін басады, осыдан кейін Х,Ү,Z$,K$ айнымалыларына осы мәндер меншіктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баспаға шығару операторы

 

    Компьютердің оперативтік жадынан, деректерді магниттік дискілерге, баспаға шығару құрылғыларына және экранға шығаруға болады. Деректерді баспаға шығару үшін PRINT операторы қолданылады.

     Оператордың жазылу пішімі:

                           к PRINT <шығарылатын тізімдер>

Мұнда к-қатар нөмірі; PRINT оператордың аты; <шығарылатын тізімдер> - бірінен-бірі үтірмен немесе нүктелі үтірмен ажыратылып шығарылатын элементтердің тізімі.

     Баспаға шығарылатын элементтерге мыналарды жатқызуға болады:

    • сандар;
    • айнымалылар;
    • өрнектер;
    • мәтіндер;
    • ТАВ(Х) функциясы.

     PRINT операторы былай орындалады. Егер қандай да бір сандарды баспаға

шығару керек  болса, онда оларды жай ғана шығарылатын тізімге қосып қою керек. Тізімге айнымалылардың да аттарын көрсетуге болады. Айтарлық, мына PRINT 24,Х,А,5 операторын орындау кезінде Х және А айнымалылардың 7 және 8 мәндеріне ие болсын . Сонда PRINT операторы орындалғаннан кейін, экранға 24,7,-8,5 сандары шығады. Шығарылған тізімде өрнектер мен функциялар да кездесуі мүмкін . Бұл жағдайда алдымен олардың мәндері есептеледі, одан кейін сол мәндер экранға шығады.

Информация о работе Алгоритм және оның қасиеттері