Алгоритм және оның қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 20:30, реферат

Описание работы

Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша жазылуы algorithmi сөзінен алынған.

Файлы: 1 файл

реферат (2).doc

— 880.00 Кб (Скачать файл)

    Бұдан  әрі модульдерді тікелей жүктеу жұмысы атқарылып, екінші кезең орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Программалау  тілдерінің  қолданылуы

 

    Кез  келген компьютер информацияны  жадына жүктелген программаны  орындау арқылы өңдейді. 

    Программалау  тілі символдардың жиынынан, осы  символдардан тұратын тілдік  нұсқаулардың семантикасынан және синтаксистен, яғни программаларды құру ережелерінің жүйесінен құралады.

    Есептелуге  тиісті есептерді шығаруға операторлы  программалау тілдері пайдаланылады.  Осы тілдердің көмегімен математикалық,  физикалық және инженерлік есептерді  шешу ыңғайлы. Бірақ есептелмейтін, яғни сандық емес есептерді шығаруда программаны сол есептерді шығару үшін арнайы жасалған, басқа тілдерден құрған дұрыс. Мысалы, бір тілден екінші тілге аудару немесе қателіктерді алдын ала болжау программаларын басқа тілдерде құру жақсы нәтиже береді.

    Операторлы  тілдерде алгоритмнің әрбір элементі  қандайда бір оператордың көмегімен  жазылады. Программада әрбір оператор  белгілі бір әрекетті (операцияны) орындайды.

    Кәдімгі  жағдайда барлық операторлар  арнайы ағылшын сөздерімен жазылады. Бір есепті шешуге арналған программа әртүрлі программалау тілдерінде жазылап трансляциялануы және әртүрлі компьютерлерде орындалуы мүмкін. Бір программаның өзін әр түрлі трансляторлар процессордың әртүрлі нұсқайлар тізбегіне түрлендіреді. Осыған қарамастан программаның орындалу барысында барлық айырмашылықтар жоғалып кетеді және бірдей нәтиже алынады. Осылайша, программа қандай программалау тілінде жазылмағандығына қарамастан, оның тұрақты нәтижесі болады және бұл есепті шешу тәсілін анықтайды.

   Шын мәнінде программа мүлтіксіз орындалғанда есептің  шешімін алуға мүмкіндік беретін әрекеттердің реттелген  тізбегінен тұрады. Бұл әректтердің қалайша  орындалатындығынның ешқандай мазмұны жоқ, яғни  компьютердің көмегімен бе, қарандаш пен қағазды  пайдаланып қолмен есептеу жолымен бе немесе қандай да  бір басқа тәсілмен бе бәрібір. Әректтердің мұндай ретті тізбегі бұрын айтып кеткеніміздей есепті шешу алгоритмі деп аталады.

     Осы  тұрғыдан қарағанда программалау  тілдері  алгоритмдерді компьютердің  көмегімен орындауға мүмкіндік  беретін пішінде жазушы тілдер болып табылады. Алгоритмнің  орындалуын берілген әректтерді ретімен іс жүзіне асыру деп  түсіну керек.

    Сонымен  программа дегеніміз-бұл алгоритмді  компьютер  түсінетін тілде  жазып көрсету деген сөз.

    Қалай  біз программалауды алгоритмдеуден  бөліп қарасақ болады, алгоритмдерді  жазу, сондай-ақ оны жасақтау  проблемалары программалауда қиындықтар  туғызатындығы  түсінікті болады. Программалаудың осы екі кезеңін  ажырата  білу керек. Программалауды  алгоритмді жасақтау және оны  жүзеге асыру деп түсінген жөн.

    Алгоритмді  жазуға байланысты қиындақтарды  әдетте оңай  жеңуге болады. Қазіргі  заманғы программалау тілдерінде  кез  келген проблемаларды  жеңіп шығуға болатын  әртүрлі  қуатты  операторлардың саны жеткілікті.

    Алгоритмді  жазудың күрделілігі берілген  тілді одан да  тереңірек оқып  үйренуге немесе өте қуатты  программалау  тілін игеруге итермелеуі  мүмкін.

    Егер  алгоритмді жасақтау проблемасы  қиындық тудырса, онда біраз  уақытқа дейін программаны жазуды қоя тұрып, есепті шешу үшін не істеу керектігін, оны қалай жүзеге  асыруды ойлану керек. Есепті шешудің алгоритмін жасау жай  ған программа жазғанға қарағанда өте күрделі және  шығармашылықпен жұмыс істеуді талап ететін мәселе.

    Нақтылы  дағдылар әр түрлі есептерді шығару кезіндегі программалау тәжірибелерімен бірге келеді.

    Жинақталған  білім мен дағдыны қолдану  мүмкіндігі  алгоритмді жасау  мезетінде есептің нақтылы мазмұнының  мәні болмайтын жағдаймен байланысты. Ғылымның, техниканың және мәдениеттің әртүрлі салаларындағы  есептердің бәріне бір ғана немесе оған өте жақын алгоритмнің  өзі пайдаланылуы мүмкін. Жинақталған тәжірибелер тіптен  басқа есептерді шешуде   пайдаланылған принциптерге  сүйене оырып программалар құруға мүмкіндік береді. Алгоритмдерді   қайталап пайдаланғанда кейде оларды бір  программалау тілінен басқа программалау тіліне аудару талап  етіледі. Мұндай түрлендіру программаны қайтадан жасағанға  қарағанда өте ыңғайлы және кейбір жүйелерде автоматты  түрде жасалуы мүмкін.

        Әрбір есеп әдетте сөз түрінде адам тілінде  тұжырымдалады. Есепті компьютердің көмегімен шығаруға  даярлау үшін оны формальды түрде көрсету керек. Есепті  формальды түрде көрсетудің әртүрлі тәсілдері  программалауда ғана емес білім берудің түрлі салаларында пайдаланылады. Мысалы, есепті алгебралық немесе  гоеметриялық тәсілдер арқылы шығарғанда шығарылып отырған есептегі айтарлықтай мәні жоқ барлық деректерді алып тастау керек, яғни есепті ықшамдап математикалық пішінге келтіру оны шешудің бірінші қадамы болып табылады. Бұдан кейін есептің күрделілігін бағалау шамамен есепті шешуге қажетті ресурстарды және оған кететін уақытты анықтау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

BASIC  программалау тілі туралы мағұлматтар

    BASIC (beginners All- purpose Symblic Instuction Codt-әуесқойларға арналған көп мақсатты символдық тіл) праграммалау тілі алғаш рет 1985 жылы АҚШ-та жасалған. Бұл тіл қазіргі кезде өзінің  өте қарапайымдылығына байланысты дүние жүзіне көп таралған тілдердің бірі. Ол оңай әрі жеңіл меңгерілетіндігімен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге компьютермен адам арасындағы қарым- қатынансты диалог түрінде жүргізуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы тіл болып  саналады. Сондықтан да бұл бұл тіл қазіргі кезде шығарылатын барлық дербес компьютерлерге кеңінен қолданылады.

    1985 жылы  орта  мектептегі «Информатика  мен есептеуіш техника негіздері»  пәні ендірілгеннен кейін оқушыларды  праграмалау тіліне үйрету үшін  BASIC тілі таңдалынып алынды. Балаларды  оқыту және білім беру тұрғысынан  қарағанда BASIC тілі дидактикалық бағыттағы тіл болып саналады. Бұл тілді оқушылар ана тілін меңгергендей жеңіл меңгереді. Алдымен оқушылар алфавитпен танысып әріптерден сөздер құрастырады, әрбір сөздің мағынасына көңіл бөледі.

    Мұғалім  BASIC праграмалау тілімен оқушыларды  таныстырғанда айтарлықтай қиындықтара кездеспейді.

    BASIC тілінде  операторлар праграмалау кезінде  қолданылады да, алгаритмнің іс-қимылынын  сипаттайтын компьютерлермен арадағы  қатынас құралы болып табылады.

BASIC тілінің  алфавиті

 

    Кез–келген  прогрмманы жазу үшін BASIC тілінде бірнеше топқа біріктірілген символдар жиыны пайдаланылады. Оны BASIC тілінің алфавиті деп атайды.

    Оларға  мыналар жатады:

1. Латын алфавитінің бас және кіші әріптері.

2. Орыс алфавитінің бас және кіші әріптері.

1.  Араб цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

2. Арихметикалық амалдардың таңбалары:

  • +поюс;
  • -минус;
  • *көбейту;
  • / бөлу;
  • ^ дәрежеге шығару

5. Қатынас амлдардың таңбалары.

  • = тең:
  • > үлкен
  • < кіші
  • <= үлкен немесе тең ( кіші емес);
  • >= кіші несесе тең (үлкен емес);
  • <> тең емес.

6.Бөлгіш, басқа арнайы және қызметші символдар.

  • . нүкте;
  • , үтір:
  • ; нүктелі үтір;
  • : қос нүкте;
  • # нөмір;
  • $ ақша бірлігінің таңбасы немесе доллар таңбасы деп те аталады;
  • % пайыз;
  • & коммперциялық И, немесе амперсанд деп аталады;
  • _ астын сызу;
  • ' апостраф;
  • " тырнақша;
  • ( сол дөңгелек жақша;
  • ) оң дөңгелек жақша;
  • [ сол квадрат жақша;
  • ] оң квадрат жақша;
  • ? сұрақ белгісі;
  • @ коммерциялық «ЭТ»;
  • ! леп белгісі;

      Бұлардан басқа көмекші және  қосымша символдар да (графикалық символдар)  қолданылады. Латын алфавитінің әріптері праграмалауда пайдалыантын оператордың және әр түрі шамалардың аттарын таңбалауда және жазуда қолданылады. Орыс әріптері тек символдық тұрақтыларды және түсіндірме мәтіндерді жазу үшін, сондай-ақ праграммалардың әр түрі цифрды көлбеу сызықпен беліннен сызып қояды.

      Арихметикалық амалдар және қатынас  амалдардың  таңбалар  тобы праграммада  арихметикалық өрнектерді жазу  үшін қолданылады.

      BASIC тілінің алфавитінен тілдің  элементтері -  шамалар, өрнектер, операторлар құлылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Деректер  және олардың түрлері

 

      Кез – келген есепті  компьютерде шығару оған бастапқы информацияны ендіруді талап етаді. Бұл информацияны шатты түрде:

  • нені өндеу кере?
  • Қалайша өндеу керек?

    деген сұрақтарға  жауап беретіндей етіп екі түрге бөлуге алып келеді.

    Осы  жоғарыда аталған информацияның   бірінші түрі деректер деп, ал екіншісі праграмма деп аталады.Праграмма әр түрі деректерді өңдей алады.   BASIC тілінде өндеу объктілеріне (деректердің түрлеріне) мыналар жатады.

  • Сандық және символдық  тұрақтылар;
  • Сандық және символдық  айнымалылар:
  • Сандық және символдық  массивтер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрақтылар

 

    Праграмманың  орындалуы барысында өзгермейтін  шамаларды тұрақтылар деп атайды. Әрбір тұрақты үшін компьютер жадында   бір немесе бірнеше ұя бөлінеді.

    Сандық тұрақты деп, праграммада нақтьы сан түрінде жазылатын шаманы  айтамыз. Сандық тұрақты оң немесе теріс (немесе нол) сан түрінде беріледі.

    Сандық  тұрақтылардың мынандай түрлері   бар:

  • бүтін ондық;
  • бүтін оналтылық;
  • бүтін сегіздік;
  • бүтін екілік;
  • нақты тұрақты үтірі (нүктелі);
  • нақты жылжымалы үтірлі (нүктелі);

Бұл тізімен  сандық тұрақтының екі түрін бөліп  көрсетуге болады.

  • бүтін тұрақты;
  • нақты тұрақты;

     Абсолюті  дәл   берілген бүтін санды бүтін тұрақты дейміз. Бұл белгілі шаманы жуықтап беруге болмайтын кейбір  жағдайда қолданылады. Мысалы, 8.999999 адам немесе   9.000001 рет қайтадан санап шық деп айтуға болмайды.

     Бүтін  тұрақты пайыз «%» таңбасымен  аяқталатын алдында «+» немесе «-»таңбасы бар ондық цифрлардың ақтық тізбегі түрінде жазылады. Мысалы, 15%,-129%, 1000%.

    Мұндағы  % таңбасы бүтін тұрақты екендігінің   белгісі болып табылады. Бүтін  тұрақтылар 32767 –ге дейінгі аралықта  пайдалынылады.

    Бұл аралықтан  тыс жатқан бүтін тұрақтылармен  амалдар орындауға әрекет жасалса, онда қате кеткендігі туралы хабар экранға шығады. Оналтылық,сегіздік және екілік санау жүйелеріндегі бүтін тұрақтыларды жазуда бүтін тұрақтының алдына Н.О.В символдары қойылып жазылады. Мысалы,

  • 127;-1719;+13123 бүтін ондық тұрақтылар;
  • НFFA, H12E,- H1Aоналтылық тұрақтылар;
  • О1416, -О7583- сегіздік тұрақтылар;
  • В0101, -В10011101- екілік тұрақтылар;

     BASIC тілінде сандар бізге үйреншікті  болып кеткен түрде жазылмайды. Тұрақтылардың өзінің арнайы  жазылу пішімі бар.Нақты тұрақтылар деп атақ ділдікпен (тіпті өте жоғары ділдікпен берілсе де) берілген сандарды айтамыз.Мысалы, 5 санын 4.99999 немесе 5.00001 деп, әйтпесе 5.0 деп жазуға болады. Бұл компьютерде нақты санды жазып көрсетудің тәсілдеріне байланысты. Нақты тұрақтылар көптеген есептеулерінде пайдаланылады.

     Сандарды жазуда  компьютерлердің бпрлық амалдарды  ақтық дәлдікпен орындайтындығы  ескеру керек. Сондықтан компьютерге  цифрларының саны тіптен көп  сандарды беру барлық уақытта  орынды бола бермейді.

Информация о работе Алгоритм және оның қасиеттері