«Альянс Банк» акционерлік қоғамының технико-экономикалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 03:34, курсовая работа

Описание работы

Кез-келген елдің дамуы – саудамен байланысты. Сауда саттықпен ұзақ айналысып келген елдер тарихта бастаушы орын алған. Көптеген экономисттер мен талдаушылар өтім рыногын талдап, болжаулармен шұғылданады. Жариялаулардың және ғылыми жұмыстардың көпшілігі импорттық тауарлары және өндірістің өзіндік өнімдерінің сауда ұйымдары туралы сұрақтарға арналған. Басқару жүйесінде кез-келген, тіпті ірі сауда фирмасы болсын маркетингтік зерттеулер өткізу міндетті. Өйткені, бұл зерттеулер сұраныстың зерттеу мақсатымен, бағаның құрылуы және жарнамалар, тауарлық ассортиментін жоспарлау туралы сұрақтарға жауап береді. Басқаша айтқанда – сауда саттықта барынша көп пайда алу мақсатымен құрылған комплексті есеп процесі.

Файлы: 1 файл

альтаева.docx

— 7.86 Мб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Кез-келген елдің дамуы – саудамен байланысты. Сауда саттықпен ұзақ айналысып  келген елдер тарихта бастаушы орын алған. Көптеген экономисттер мен талдаушылар  өтім рыногын талдап, болжаулармен шұғылданады. Жариялаулардың және ғылыми жұмыстардың көпшілігі импорттық  тауарлары және өндірістің өзіндік  өнімдерінің сауда ұйымдары туралы сұрақтарға арналған. Басқару жүйесінде  кез-келген, тіпті ірі сауда фирмасы  болсын маркетингтік зерттеулер өткізу міндетті. Өйткені, бұл зерттеулер сұраныстың зерттеу мақсатымен, бағаның құрылуы  және жарнамалар, тауарлық ассортиментін  жоспарлау туралы сұрақтарға жауап  береді. Басқаша айтқанда – сауда  саттықта барынша көп пайда алу  мақсатымен құрылған комплексті есеп процесі.

Ақпараттық  технологиялардың қарқынды алға басуына  байланысты Қазақстанда адамдардың ісін немесе еңбегін жеңілдету үшін арналған барлық практикалық қызмет облыстарында қазіргі заманға сай  ЭЕМ-лары іске қосылған. Қазіргі таңдағы  есептеу жүйелерінің қуаттылығын 80-ші жылдардагы орташа және үлкен қуатты есептеу жүйелерімен салыстыруға  болады. Өндірістерде, офистерде, білім  беру мекемелерінде әбден жетілдірілген  математикалық және бағдарламалық  қамтулармен қамтамасыздандырылған  ЭЕМ-лары адамдардың күнделікті жұмысына үлкен көмек көрсетуде. Іс-тәжірибеде көрсетілгендей өндіріске ЭЕМ-ң  сауатты, ойланып және жан-жақты  енгізуі өзінің тиімді әсерін тигізуде, әсіресе біркелкі жұмыста үлкен  үлесі бар. Мұндай жұмыс тез, тура және аз шығындармен орындалады. Компьютер  тез-арада еңбек ұйымын сапалы жаңа деңгейге көтереді, және адамдар аз уақыттың ішінде өздерінің жұмысын  ЭЕМ-сыз істей алмайтынына көздері  жетеді.

Кез-келген сауда фирмаларының қызметінде тауардың сатып алу – сату жолы арқылы табысты орындалуына сауда операцияларының  көлемін талдау қажет. Оған кіретіндер сауда операцияларын бекіту, бухгалтерлік есеп, айналым құжаттарын жүргізу. Пайда  түсіру бағытын жоғарылату үшін сауда  қызметін міндетті түрде талдау қажет. Бұл жұмыстың көп бөлігі, ақпараттың өңделуі және оның ары қарай талдауы  қолмен жасау керек болады. Жоғарыда айтылғандарды еске ала отырып, фирма  қызметінің барлық компоненттерін біріңғай автоматтандырылған жүйеге біріктірген  жөн болады. Бұл автоматтандырылған жүйенің міндетті құрама бөліктерінің бірі қаражаттық және бухгалтерлік есептеудің ішкі жүйесі, талдау және тауар айналымын  есептеу, маркетинг және жоспарлау, сонымен қатар администрациялау және кадрлық саясаттың ішкі жүйелері.

Бұл жұмыста  қазіргі заманға сай офистің  шартын қанағаттандыратын нақты  бағдарламалық және апқараттық есептерді  шешуге және коммерциялық компанияның  жүйесін басқаруға арналған ақпараттық жүйе көрсетілген.

Нарықтық  экономикада несие банк жүйесінде  маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы  алатын орны елеулі екендігіне ешбір  күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге  болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының  жұру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Несиенің  маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына  байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған  жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік  операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары  мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.

Сонымен қатар  несие қатынастарының нақты көрінісін  несиенің формалары мен түрлері  сипаттайды. Несиенің негізгі екі  формасы: коммерциялық және банктік  несие болады. Бұл екі несие  бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету  аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі  экономикалық қатынас ретіндегі  несиеден келіп шығатын белгілі  бір қасиеттерге ие.

Қазақстан республикасының  қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде  үлкен өзгерістер болып отыр. Несие  толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда қазақстанда  күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің  экономикасының дамуы мемлекеттің  несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие  қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “несие”  деген сөздің өзі, латын тілінен  аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына  алған міндетін орындауға сенім  көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен  несиелік мекемелердің қанат жаюымен  ұштасып, сол арқылы қазақ даласының  қойнауының капиталын кеңейтуге  мүмкіндік береді.

Тақырыптың  өзектілігі: Соңғы онжылдақта қоғамның ақпараттану мен адам қызметінің барлық салаларына жаңа ақпараттық технологиялардың тереңдеп ену үрдісі принципиалды түрде жаңа деңгейге көтерілді. Озықты ақпараттық технологияларды ғылым және білім саласында кең ауқымда пайдалану, өз алдына ақпараттық қорларға қол жеткізу әдістері мен мүмкіндіктерін дамытуға барынша септігін тигізді. Сондықтан, жоғарғы жылдамдықты, озықты ақпараттық технологияларды дамыту мен қолданысқа енгізу мәселелеріне аса назар аудару қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі таңда  дүниез жүзінде компьютерлік анықтама-ақпараттық жүйелер кең тараған, олар арқылы аз уақыт ішінде өзіне қажетті  ақпарат алуға болады. Барлық жүйелер  ақпаратты ұзақ сақтау және ақпарат  өңдеу функцияларымен тығыз байланысты. Фактіге негізделген ақпарат факторға айналып, қызметтің әрбір сферасының тиімділігін анықтайды.

Ақпараттық толассыз мәліметтер өсті және ақпаратты өңдеу жылдамдығына талаптар көбейді, сондықтан қазір  көптеген операцияларды қолмен істеуі мүмкін емес, олар ең перспективалық компьютерлік технологияларын қолдануын қажет етеді. Әрбір административті шешім кезектегі жағдайы және оның өзгеруінің мүмкіндік перспективалары ашық және дәл бағалауды қажет етеді. Әрбір ақпараттық жүйенің негізіне мәліметтер базасы жатады, ол компьютерлік өңдеуге арналған мәліметтердің жиынтығы болып табылады.

Осындай мәліметтерді өңдеуді жабдықтайтын программа мәліметтердің қорын  басқару жүйесі деп аталады (МҚБЖ). Қазығұрт аудандық қаржы бөлімі озықты ақпараттық технологияларды пайдалана  отырып, ақпараттарды қабылдау, өңдеу, сақтау және желі арқылы жіберу қызметтерін  артқарады. Қазығұрт аудандық қаржы  бөлімі аудан қаражатын басқаруға, аудан әкімияты уәкілетті еткен  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекеме болғандықтан, өз құзырындағы мәселелері бойынша  белгіленген заң тәртібімен актілер  шығара алады.

Зерттеу заты: Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану, аудан бюджеті міндеттемелерінің  жиынтық жоспарын, түсімдермен қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту, жылдық соммаларды айма-ай бөлу бағасына талдау жасап бюджеттік қаржының игерілуіне мониторинг жүргізу, қаржыландыру жоспарына өзгеріс енгізудің тиімділігін, қаржыландыру жоспарының орындалмау себептерін анықтау, аудан бюджетінің орындалуы туралы есептерді дайындау негізгі алғышарттары болып табылады.

Зерттеу объектісі: «Альянс Банк» АҚ мемлекеттік мекемесі.

 

1 «Альянс Банк» акционерлік қоғамының технико-экономикалық сипаттамасы

 

    1. «Альянс Банк» туралы жалпы ақпарат

 

«Альянс Банк»  акционерлік қоғамы алдыңғы қатарлы  қазақстандық банктердің бірі болып  табылады және банктік қызмет нарығында  табысты жұмыс істеп келе жатқанына 15 жыл болды.

Бүгінгі таңда  «Альянс Банк» АҚ активтері мен  меншік капиталының көлемі бойынша  еліміздегі банктердің бестігіне кіреді және бизнестің барлық саласы бойынша, бөлшек нарықтың артықшылықтарын қоса алғанда, оның ішінде карточка бизнесінде және ШОБ субъектілеріне несие беру бойынша әмбебап қаржы институты  ретінде дамып келеді.

«Альянс Банкі» АҚ активтері 2008 жылдың бірінші алты ай қорытындысы бойынша аудит  жасалған шоғырландырылған есептілікке  сәйкес, 1 069 096 млн. теңгені, міндеттемелері –899 979 млн. теңгені, меншік капиталы – 169 117 млн. теңгені құраған. 2008 жылғы бірінші жарты жылдағы таза пайда 10209млн. теңгені құрады.

2008 жылдың  мамыр айында Халықаралық Euromoney қаржы басылымы «Альянс Банкі»  АҚ-қа «2008 жылғы корпоративтік  басқарудағы әлемнің алдыңғы  қатарлы банктері» санатындағы  «Қазақстандағы бөлшектік банкинг  саласындағы ең үздік серіктес»  атағын берді. 

1993 жылы - Павлодар  қаласында (Павлодар облысы) Қазақстандағы  бірінші региональды Банктердің  бірі – «Иртышбизнесбанк» ААҚ-ы негізі қаланды (ҚР Ұлттық Банкінде 14 мамырда тіркелген, лицензия 2 шілдеде бекітілген).

1999 ж - «Иртышбизнесбанк»  ААҚ «Семипалатинский городской  банк» ААҚ-мен бірікті. Жаңа  «ИртышБизнесБанк» ААҚ Павлодар  қаласындағы басты кеңсесі Алматы, астана, Екібастұз, Павлодар, семей  және Өскемен қалаларындағы филиалдарды  басқарды.

2001 ж –  «ИртышБизнесБанк» ААҚ-ң негізгі  акционерлерінің ауысуы. Оның құрамына  «АлматыҚұс» ААҚ, «АстықАстана - 2030» ЖШС, «Байт Корпорациясы»  ЖШС және «Жаңа ғасыр - НС»  ЖШС енді. Банктің регионалдық  деңгейден республикалық деңгейге  ауысуы және банк атын «Альянс  Банк» етіп өзгерту және даму  стратегиясы қабылданды. «ИртышБизнесБанктің»  жаңа басқармасы республиканың  банк саласындағы мықты мамандарынан  тағайындалды.

2002ж –  «ИртышБизнесБанк» ААҚ-мын «Альянс  Банк» етіп қайта тіркеу (13 наурыз). Бас кеңсенің Павлодар қаласынан  Алматы қаласына көшуі (наурыз-сәуір). Петропавл қаласында банк филиалы  ашылды (Солтүстік Қазақстан обл.), негізгі капитал 2,1 млрд. Теңгеге  өсті, банк тарихында бірінші  рет Ресейлік банктер тарапынан  синдицирленген несие (6 млрд. доллар) және 3 млрд. Теңге қаржыға субардинирленген  облигациялардың бірінші шығысы  іске асты. Жыл нәтижелері бойынша  Альянс Банк ҚР-ның ірі 10 банкінің  құрамына енді және активтер өсуінің динамикасы бойынша (168%) көшбасшы болды.

2003 ж –  Банк филиалдарының Қарағанды  (Қарағанда обл.), Атырау (Атырау обл.) қалаларында ашылуы. Зыряновск қаласында  банк өкілділігінің ашылуы (есеп-айырысу  кассаларының бөлігі ретінде). Альянс  Банк on-line режимінде бизнесті орталықтандыру  бойынша Қазақстанда екінші орында  тұрды. Е+ / Ва З/NP бірінші кредиттік  рейтингтер «тұқрақты» деген  болжаммаен алынды, және де MOODY'S Investors Service алдыңғы қатарлы рейтингтік  агенттіктерімен Е+ деңгейіндегі  қаржы тұрақтылығының рейтингі  алынды. Батыс банктері тарапынан  10 млн. Доллар көлемінде синдицирлі  несие қаратылды. Жыл көрсеткіштеріә  бойынша Альянс Банк ҚР-ң 8 ірі  банктерінің қатарына кірді және  еінші жыл қатарынан активтер  өсімі динамикасы бойынша –  130% көшбасшылық етті.

2004ж –  Жезқазған (Қарағанды облысы), Талдықорған  (Алматы облысы) қалаларында банк  өкілдіктері ашылды (есеп айырысу  – кассалық бөлімі ретінде). Банктік  АЖ-ң автоматтандыру және сертификаттау  бөлігінде бухгалтерлік есептің  халықаралық стандарттарға келуі  жүзеге асырылды. Visa International халықаралық  шығуы басталды. Банк Қазақстанның  ипотекалық несиелерін кепілдендіру  қорына бірінші болып мүше  болды. Қазақстандық банктер тобына  Альянс Банк қатысуымен «Бірінші  кредиттік бюро» ЖШС ұйымдастырылды. MOODY'S Investors Service халықаралық агенттігі Альянс банктің шет ел валютасында ВаЗ ұзақ мерзімді депозитті рейтингі және FSR E+ қаржылық тұрақтылық рейтингін «тұрақтыдан» «позитивтіге» ауысу болжамдарын өзгертті. Шет ел банктері синдикатынан 23,5 млн.доллар көлеміндегі кезекті синдирленген несиесі қаратылды. 2004 ж көрсеткіштер бойынша Альянс Банк Қазақстан Республикасының 6 ірі банктерінің қатарына енді және үшінші жыл қатарынан активтер өсімі динамикасы бойынша көшбастап тұрды – 138%.

2005 ж –  Альянс Банк The banuer құрамында экономикасы ауысып жатқан мемлекеттер ішіндегі 50 өте жылдам дамушы мемлекеттер рейтингінде 1 орындағы банк болып қабылданды. Наурыз айында банк активтері 1 млрд.долларға өсті. Ақтау және Қостанай қалаларында филиалдар ашылды. Халықаралық агенттіктерден жаңа рейтингетер қабылданды: Fitch Raitings + “B+” және MOODY'S Investors Service – “Ba2” «тұрақты» деген болжамдар 40 млрд.теңге көлеміндегі бірінші облигациялық бағдарламаны шығару және іске асыру туралы шешім қабылданды. 27 шетелдік банктер мен қаржылық институттар қатысуымен 80 млн.доллар сомасында синдирленген несие қаратылды, бұл несие Альянс Банктің клиенттерінің экспорттық және импорттық контракттарын қарпжыландыруға бағытталған еді. Қазақстан нарығында бағалы қағаздардың кастодиалды қабілетін жүзеге асыру лицензиясы алынды. Банктің 15 млн.доллар көлеміндегі сомаға еврооблигауияларды сәтті орналастыруы. 2005 ж-ң 1-ші жарты жылдық нәтижесі бойынша Альянс Банк қазақстандық банктер рейтингінде активтер көлемі бойынша міндет төлемдері және капитал бойынша 5-ші орын алды. 2005-ж 1 шілде күні, есеп беру бойынша банк активтері 225,5 млрд.теңгені, міндеттемелер – 208,5 млр.теңге, жеке капитал – 17 млрд.теңгені құрады. «Euromoney» журналы «альянс Банк» АҚ-мын аймаққа қызмет көрсету бойынша ең мықты банк деп танылды – Best Retail Bank in Kazakhstan. Корпоративті басқару бойынша көшбасшы банк ретінде танылды – Leading Bank in corporate Governance. Қараша айында жалпы сомасы 170 млн.доллар синдицирленген несие қаратылды.

2006 ж –  қайта құру және даму еуропалық  банкімен Қазақстан кіші бизнес  аясында кредиттік келісімі жасалды.  ЕБРР кредиттік желісі бойынша  бірінші транс сомасы 5 млрд.долларды  құрады. Ақпандағы «Қазпошта» АҚ  бөлімшесімен берілген кредиттердің  жалпы көлемі 10 млрд.теңгеге жетті.  Көптеген нсие туралы келісімге  қол қойылды. Шымкент, Орал, жезқазған,ақтөбе  қалаларында филиалдары ашылды.

Информация о работе «Альянс Банк» акционерлік қоғамының технико-экономикалық сипаттамасы