«Альянс Банк» акционерлік қоғамының технико-экономикалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 03:34, курсовая работа

Описание работы

Кез-келген елдің дамуы – саудамен байланысты. Сауда саттықпен ұзақ айналысып келген елдер тарихта бастаушы орын алған. Көптеген экономисттер мен талдаушылар өтім рыногын талдап, болжаулармен шұғылданады. Жариялаулардың және ғылыми жұмыстардың көпшілігі импорттық тауарлары және өндірістің өзіндік өнімдерінің сауда ұйымдары туралы сұрақтарға арналған. Басқару жүйесінде кез-келген, тіпті ірі сауда фирмасы болсын маркетингтік зерттеулер өткізу міндетті. Өйткені, бұл зерттеулер сұраныстың зерттеу мақсатымен, бағаның құрылуы және жарнамалар, тауарлық ассортиментін жоспарлау туралы сұрақтарға жауап береді. Басқаша айтқанда – сауда саттықта барынша көп пайда алу мақсатымен құрылған комплексті есеп процесі.

Файлы: 1 файл

альтаева.docx

— 7.86 Мб (Скачать файл)

Корпоративтік бизнес.

Бөлшекті  дамытуға ерекше көңіл бөлінгеніне  қарамастан, корпоративтік клиенттер  де Банктің маңызды табыс көзі болып табылады. Бұл бағыттың дамуы  табыс көзін диверсификациялауға  ғана емес, сондай-ақ активтер сапасын  қатты бақылауға, сондай-ақ сегмент, сала және өнімдер бойынша қарыз  және клиенттік қоржынын теңдестіруге мүмкіндік береді.  

Альянс Банкінің басшылығы корпоративтік банкингті  бизнестің болашағы бар бағыты деп есептейді, стратегиялық ірі клиенттерді таңдауда талап ететін әдіс қолданылады. Басшылық жоспарында басшылық жеке танитын және Банк қызметтердің тамаша деңгейі мен өнімдерін ұсына алатын корпоративтік клиенттердің шектеулі санына арналған корпоративтік банкинг бутигін құру бар.

Корпоративтік бизнесті дамыту стратегиясына жұмыстың төмендегідей негізгі бағыттары  кіреді: 

  • клиенттерге белсенді қызмет көрсетуіне негізделген кросс-сатылымдарға баса назар аудару;
  • сауданы қаржыландыруды дамытуға бағытталған өнімдер мен қызметтердің барлық түрін ұсыну арқылы басты операциялар мен өнімдерді жетілдіру;
  • барабар несие және кепілдік саясатын қабылдау;
  • жылдық сату көлемі 10-нан 400 млн. АҚШ долларына дейінгі компаниялармен жұмыс істеу;
  • болашақта экономиканың қорғаушы күші болып табылатын сала бойынша қарыз қоржынының тепе-теңдігіне және басты 7 басым салаға бағытталуға ұмтылу;
  • мерзім, өнім, табыстылық және кепілдікпен қамтамасыз ету бойынша қарыз қоржынының тепе-теңдігіне ұмтылу.

Шағын және Орта Бизнес.

ШОБ кәсіпорындарына  қызмет көрсету Альянс Банкі бизнесінің басым бағытының бірі болып келеді. Осы санаттағы клиенттер үшін өнім әзірлеу барысында Банк технологиялық жолдарды қолданбақ. Жаңа нарықтық жағдайда клиенттердің ерекше тобының сұраныстарын қанағаттандыру үшін ШОБ-қа арналған өнімдер мен қызметтер стандартталатын болады. ШОБ-қа арналған өнімдер мен қызметтерді стандарттау – өз кезегінде бөлшек бизнесте қолданылатынындай, жоғары технологиялардың қолданысына негізделген жаппай сатуға қол жеткізеді.

Банктің ШОБ кәсіпорындарымен жұмыс жасаудағы стратегиялық мақсаты – Банк көш бастаушы болып отыратын пайда көзін табу. Банк ШОБ клиенттерінің үлесі Банктің қарыз қоржынының 30%-ынан кем болдырмайды

Бөлшектік және корпоративтік бизнес стратегиясы ШОБ-қа да қатысты. Клиенттердің Банкке деген адал ниетін арттыра түсу үшін Банк осы бағытта дәл бөлшектік бизнестегідей, клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын тұрақты арттыруға және ауқымды әрі тұрақты клиенттік база жасауға ұмтылатын болады.

 

 

1.3 «Банк-Клиент» жүйесінің артықшылықтары

 

«Банк –  Клиент» жүйесі тәулік бойы, демалыс  және мереке күндері де жұмыс істейді. Сондықтан Альянс Банкіне теңге  және валюта төлем тапсырмаларын  жасау және беру, валюта айырбастауға өтініш, зейнетақы қорына ақша аудару және басқа құжаттардың барлығы Сізге ыңғайлы кез келген уақытта жүргізіледі.

«Банк –  Клиент» жүйесі Сізге ыңғайлы  кез келген уақытта Альянс Банкі  есеп айырысу шот жазбалары және т.б. негізінде есеп айырысу шоттарының ағымдағы жағдайы, төлем құжаттары  бойынша шұғыл қаржылық ақпарат  алуға мүмкіндік береді.

«Банк –  Клиент» жүйесі компанияның бастықтарына алып жүретін компьютерлермен (ноутбуктармен) қажетті транзакцияны жүзеге асыруға  және іссапарда немесе туристік саяхатта болған жағдайда әлемнің кез келген жерінен Альянс Банкінен шұғыл қаржылық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

«Банк –  Клиент» жүйесі қаржы құжаттарын жіберу/қабылдап алуды тікелей модем  байланысы арқылы қарапайым телефон  желісімен немесе Интернет желісімен  жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы аумағынан 8 – 750-121-0-121 нөміріне келіп  түсетін қоңыраулар Сіз үшін тегін. Барлық жіберілген/қабылданған құжаттар Сіздің компьютеріңізде жеке сақталады.

«Банк –  Клиент» жүйесі банктік қызмет көрсетудің дәстүрлі жүйесі бойынша Банк ғимаратына күнделікті бару қажеттілігімен байланысты материалдық шығын мен уақытты  шығындауды шындығында да төмендетеді.

«Банк –  Клиент» жүйесі Сіздің кәсіпорныңыздағы жергілікті қатынас желісінде құжаттарды басу, қол қою және жіберу құқығын  бөлу бағдарламасының бірнеше данасын  орнатуға мүмкіндік береді. Бірнеше  электрондық қол қою жүйесін  пайдалану құқығын пайдаланушы  деңгейінде бөлуге және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді.

Банк –  Клиент» жүйесі банктер, валюталар, бюджеттік классификациялардың  кодтарын, экономика секторлары мен  валюталық шарттардың жаһандық анықтамаларын  пайдалану есебінен төлем нысандарын дәл әрі ыңғайлы толтыруға  көмектеседі. Жаһандық анықтамалықтар үнемі жаңарып отырады және Альянс Банкімен әрбір байланыс сайын актуалданады. Сондай-ақ «Банк – Клиент» жүйесі Сіздің жиі қолданатын деректердің  жергілікті анықтамалығын ұйымдастыру  мүмкіндігін ұсынады.

«Банк –  Клиент» жүйесі онда дайындалған  құжаттарды белгілі бір шаблондар  бойынша басып шығаруға мүмкіндік  береді, ҚР қолданыстағы заңнамасына  сәйкес шұғыл жаңартылып отырады.

«Банк –  Клиент» жүйесі жіберілетін және қабылданатын қаржы құжаттарының осы  саладағы қолданыстағы халықаралық  стандарттарға сәйкес қауіпсіздігін  толық қамтамасыз етеді.

 

Кесте 1

 «Стандарт LOYALTY» кредиттік картасы бойынша қызмет өтеу

Операциялар түрлері

Қызметтер құны

Кредиттік лимитке жылдық қызмет көрсету

тегін

Негізгі/қосымша картаны қайта  шығару (ұстаушының ықыласымен)

2400 теңге


 

Кесте 1 жалғасы

Қосымша карта шығару

2400 теңге

Негізгі/қосымша картаны жедел  шығару

3000 теңге

Сауда/Сервис кәсіпорындарында қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы бойынша

Тегін

Қазақстан Республикасы сыртында

Тегін

Қолма қол ақша беру

 «Альянс Банк» АҚ желісі

Банкомат/Касса KZT

2,5% (минималды 300 теңге )

Банкомат/Касса USD/EURO

2,5% (минималды 300 теңге )

ҚР аумағында басқа банкілер желісі

Банкомат KZT/USD/EURO

2,9% (минималды 300 теңге )

Касса KZT/USD/EURO

2,9% (минималды 300 теңге )

ҚР аумағының сыртындағы банкілер желісі

Банкомат

2,9% + 500 теңге

Касса

2,9% + 500 теңге

Карточкалық шотқа ақша салу

Қолма-қол ақша салу жолымен (касса, банкомат)

тегін

Қолма-қол ақшасыз жолымен

тегін

Басқа қазақстандық банкінің картасынан Стандарт Лоялти картасына аудару

Аударым сомасынан 1%

Карточкалық шоттан ақша аудару

Банк клиентінің пайдасына Интернет Банкинг және банкомат арқылы аударулар

2,5% (минималды 300 теңге)

Банк клиентінің пайдасына тапсырыс бойынша KZT/USD/EURO

100 теңге

Басқа банкілер клиенттерінің пайдасына KZT/USD/EURO

2,9% + 500 теңге

Қосымша сервис

Карточканы бұғаттау (ҚР аумағында)

Тегін

Шетелде карточканы бұғаттау (тоқтатым парағына енгізумен)

Аумақ үшін 7500 теңге

Карточканы бұғаттан шығару

150 теңге

 «Альянс Банкі» АҚ желісінде балансты сұрату

15 теңге

Басқа банктер желісінде балансты сұрату

50 теңге


 

Кесте 1 жалғасы

Card Service ұстаушыларды қолдау Қызметі  арқылы телефон бойынша балансты  сұрату

50 теңге

Банкомат арқылы шағын-үзінді көшірме ұсыну

25 теңге

Банк желісінде балансты қарау (терминал, банкомат)

15 теңге

Үзінді ұсыну

 

Ай сайынғы үзінді ұсыну

Тегін

Мұрағаттық

150 теңге

Нақты уақыт түзімінде үзінді

150 теңге

Клиенттің сұратуы бойынша пошта  арқылы үзінділер жіберу

150 теңге

ДСН-коды қате терілген есептеуішті нөлдендіру

50 теңге

Карточкаларға қызмет көрсету лимиттерін орнату мен түзету жүргізу

50 теңге

Диспуттық жағдай бойынша тергеу жүргізу

ХТЖ тарифтеріне сәйкес

Төлемдік жүйедегі арбитраж

ХТЖ тарифтеріне сәйкес

«SМS-хабарлама» қызметі

300 теңге (ай сайын)

«Мобилді банк» қызметі

350 теңге (ай сайын)

Интернет-банкингке кіру

Тегін

Интернет-банкинг ДСН-кодын шығару

Тегін

Интернет-банкинг ДСН-кодын қайта  шығару

Тегін

Банкомат және Интернет-Банкинг арқылы төлемдер жасау

 

Банкінің банкоматтары арқылы жүргізілген  даулы операцияларды шешу үшін бейнефрагменттерді ұсыну

2000 теңге

Ауыстыру операциялары үшін комиссия (шот валютасынан басқа валютадағы транзакциялар үшін)

Айырбасталатын сомадан 1,9%

Несие шегі

Сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 25%

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

19,6%

Сыйақының жеңілдік мөлшерлемесі

0 (жеңілдік кезеңі аяғына дейін  өтелген сомаға проценттер есептелмейді)

Овердрафтқа проценттік сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 25%


Кесте 1 жалғасы

Несие шегін пайдаланған үшін комиссия

1-ші жыл

тегін

2-ші және кейінгі жылдары

4000 теңге

Несие шегін пайдаланғаны үшін алынатын комиссия (қарыз болмай, бірақ несие қаражатын пайдаланған уақыт аралығына ең аз мөлшерде алынады)

Пайдаланылған несие лимиті сомасының 1,5%-ы, ең аз мөлшері 500 теңге (ай сайынғы комиссия)

Өтеу кестесі 5% болғандағы ең аз төлем мөлшері (шартта көрсетілген)

Белгіленген несие лимитінің 5%-ы (ең азы 2000 теңге) + Техникалық овердрафт

Мерзімі кешіктірілген қарыз болғандағы ең аз төлем мөлшері (5%)

Белгіленген несие лимитінің 5%-ы + (Кешіктірілген  ең аз төлем мөлшері және Техникалық овердрафт) ең көбі + ағымдағы айналымның пайыздары, комиссиялары және айыппұлдары.

Өтеу кестесі 9% болғандағы ең аз төлем  мөлшері (шартта көрсетілген)

Жалпы берешек сомасының 9%-ы (ең азы 2000 теңге) + Техникалық овердрафт

Мерзімі кешіктірілген берешек болғандағы ең аз төлем мөлшері (9%)

Пайдаланылған несие лимитінің 9%-ы + Техникалық овердрафт + барлық айналым  үшін өтелмеген пайыздар, комиссиялар  және айыппұлдар

Ең аз мөлшердегі төлемді кешіктіргені үшін салынатын айыппұл

Мерзімі кешіктірілген ең аз төлем сомасының 10%-ы


 

 

1.4 Эквайринг – банк қызметі

 

Эквайринг –  тауарлар мен қызметтерге ақы  төлеу үшін сауда және қызмет көрсету  кәсіпорындарына төлем карталарын пайдалануға мүмкіндік беретін  эквайер банктің қызметі.

Сонымен бірге  эквайер банк кәсіпорын көрсеткен  шотқа ақша қаражатын дер кезінде  аударуға кепілдік береді.

Аударым арқылы есеп айырысу қазіргі заманға  сай әрі тиімді әдіс болып табылады, ол клиенттерге де, Саудагерлерге  де ыңғайлы. Сондықтан бүгінгі таңда  Сіз VISA төлем картасын пайдалана  алатын 18 миллионнан астам сауда  және қызмет көрсететін (Саудагерлер) кәсіпорын жұмыс істейді.

Осы жылдың маусым айында Альянс Банкі Visa International Халықаралық төлем жүйесінде  сауда эквайрингінің сертификаттауынан  табысты өтті. Бұл Банкке Visa/Visa Electron төлем карталарын қабылдап, қызмет көрсету үшін сауда және қызмет көрсететін кәсіпорындарды өз бетінше тартуға  құқық берді.

Сөйтіп, Саудагерлердің сауда және қызмет көрсету орындарына (қонақүйлер, мейрамханалар, супермаркеттер, бутиктер мен дүкендер, авиа және турагенттіктер, АЖС, дәріханалар, сауда-ойын-сауық кешендері және т.б.) жеке құрылғыларды (VeriFone Vx 510, VeriFone Vx 610 маркалы POS-терминалдар) орнату бойынша шарт жасасу және қол қою жұмыстары басталып кетті.

Сіздердің ұйымдарыңыз  бен кәсіпорындарыңызға арналған эквайрингтің артықшылықтары

Төлем карталарын тауарлар мен қызметтерді төлеу  құралы ретінде қабылдай отырып, Сіздің бизнесіңіз қаржы және тұтынушылық  артықшылықтарға ие болады: ұйымның  қызмет көрсету беделі мен сапасы арта түседі (бүгінгі таңда төлем  карталары – төлемнің ыңғайлы  әрі танымал құралы);

Сіздердің тауарларыңыздың/қызметтеріңіздің ақысын картамен төлеу беделді болып  көрінетін дәулетті тұтынушыларды  қосымша тарту мүмкіндігі пайда  болады;

Тауарларыңыздың/қызметтеріңіздің сатылу көлемін арттыра аласыз, себебі статистиканың көрсетуінше, сатып  алған заттарды төлем карталарымен төлейтіндер қолма-қол төлейтіндерге  қарағанда ақшаларын орташа есеппен  алғанда 30%-ға артық жұмсайды екен;

Қазақстан Республикасындағы  көптеген банктер төлем карталарын шығарады, бұл карталарды пайдаланушы  клиенттердің санын арттыра түседі;

Төлемнің  қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы:  

  • Сіз енді қолдан жасалған банкноттардан және оларға қатысты алаяқтықтан қауіптенбесеңіздер де болады;
  • Кассадағы қолма-қол ақшалар азаяды;
  • Төлем карталарын қолдану оңай әрі ыңғайлы;
  • Кассадағы кезек азаяды, демек кассир артылған ақшаны беруге уақыт жұмсамайды; Инкассациялау шығыны азаяды;
  • Қолма-қол ақшамен операция жүргізу саны және кассадағы ұсақ ақшаларды қайта санау азаяды;
  • Төлем карталарын тұтынушыларға қызмет көрсету Сізге тауарлар мен қызметтерді өткізуде жаңа мүмкіндіктер ашады, Сіздің кәсіпорыныңыздың нарықтағы тұрақты әрі сенімді орнынан көрініс береді.

Альянс Банкіндегі эквайринг қызметінің артықшылықтары:

  • Банк сатылған тауар үшін кеткен қаражаттың орнын ұйымның Альянс Банкінде де, сондай-ақ кез келген басқа банкте де ашылған шотына қысқа мерзімде аудара отырып өтейді. Банк Кәсіпорынның техникалық және ақпараттық қызметін жүзеге асырады.
  • Сіздің ұйымыңыз Банктің төлем картасының көмегімен (дербес өткізетін, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен бірлесіп өткізетін) сату көлемін ұлғайтуға бағытталған жарнама науқанына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
  • Банк Кәсіпорынды карталарды төлем жасауға қабылдап алуға қажетті жабдықпен, жұмсалатын және жарнама материалдарымен қамтамасыз етіп отырады, өзінің сайтында Сіздің ұйымыңыз туралы жарнамалық ақпаратты тегін таратады.
  • Банк Сіздің ұйымыңыздың қызметкерлеріне төлем карталарын қабылдап алу ережелерін тегін үйретеді, сондай-ақ төлем карталарына қызмет көрсетуге байланысты барлық сұрақтарға жауап беріп отырады.
  • «Альянс Банкі» АҚ-тың кез келген бөлімшесінде Сіздің ұйымыңыз үшін есеп айырысу шоты тегін ашылады.
  • «Банк-Клиент» бағдарламасы тегін орнатылады.
  • Кәсіпорынның бірінші басшысына және бас бухгалтеріне сыйлыққа берілетін Visa Gold карталарына қандай да бір ең аз баланс салу талап етілмейді және картаның қолданылу мерзімі біткенге дейін банк қызметі үшін ақы алынбайды.
  • Банк Сіздің сауда-қызмет орныңызда өткізілген карточкалық операциялар бойынша үзінділерді тегін береді.
  • Қатысуға кететін шығындар

Информация о работе «Альянс Банк» акционерлік қоғамының технико-экономикалық сипаттамасы