Ақпараттық жүйе (АЖ) негіздері. Қазіргі заманғы АЖ жобалау әдістемелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:01, реферат

Описание работы

ХХ-шы ғасырға дейін ғылым негізінен саны көп емес элементтерден тұратын жүйелермен айналысты. Ғылымдардың және технологиялардың дамуы саны көп элементтерден тұратын күрделі жүйелерді құруға және оқуға алып келді. Осындай жүйелердің мысалдары: ядролық және термоядролық қаруларды құру жобалары; қазіргі заманғы автомобильдер, ұшақтар және ракеталар, оларды жобалау жүйелері, оларды өндіретін зауыттар; арналарды, ірі зауыттарды, химиялық өндірістерді құру; микрочиптер және оларды жүзеге асыру; компьютерлер үшін программалар және оларды жүзеге асыру болып табылады. Үлкен жуне күрделі жүйелерді оқытумен айналысатын ғылым «жүйенің жалпы теориясы» деп аталады.

Файлы: 1 файл

отчет по практике.docx

— 150.61 Кб (Скачать файл)
  1. Штаттық ұйымдастырушылық құрылым;
  2. Техникалық құжаттама: техника-экономикалық тұжырымдама, техникалық тапсырма, техникалық жоба, жұмыс жобасы, тапсыру-қабылау акті;
  3. Әдістемелік материалдар: типтік жоба шешімдері;

Құқықтық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің заңдық деңгейін және онда пайдаланатын ақпаратты өңдеу, алу және қолдану ережелерін анықтайтынқұқықтық құжаттар жиынтығы. Құқықтық құжаттар мысалына:

  • орындаушы мен тапсырысшы арасындағы келісімшарт;
  • жобаланып жатқан жүйенің деңгейінің сипатттамасы;
  • ақпараттық жүйе бөлімдерінің құқықтық қатынастары;
  • пайдаланушының техникалық құралдарға құқықтық қатынастары.

Лингвистикалық қамтамасыздандыру – ұғымы ақпараттың ЭЕМ-да тиімді өңделуіне және адам мен техникалық құралдардың қарым-қатынастарын жеңілдетуге бағытталған тілдік құралдар, ғылыми-техникалық терминдер, табиғи тілді формальдау ережелерінің жиынтығы. Лингвистикалық қамтамасыздандыру 2 бөлімнен тұрады:

    1. Табиғи, математикалық, алгоритмдік тілдер кіреді.
    2. Ақпаратты іздеу немесе логикалық ізденіс жүргізу мәліметтер қорымен басқару жүйесінің негізінде қолданатын тілдер жатады.

 

 

 

 

Глоссарий:

Үлкен жүйелер – бұл элементтер күйінің саны немесе элементтер арасындағы өзара байланыстар комбинаторлы үлкен және сан жетпейтін жүйелер.

Күрделі жүйелер – бұл үрдістері классикалық математика, формулалар тілінде, аналитикалық құрылымдар тілінде сипаттала алмайтын жүйелер.

Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық ретінде қарастырылатын және алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің жиынтығы ретінде біріктірілген кез келген объект.

Ақпараттық жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы жүйелер.

Ақпараттық жүйенің  жобасы деп – нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.

Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі.

Ақпараттық жүйені жобалау  технологиясы, деп – ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз.

Жобалау құралдары – жобалаудың бірнеше өзара байланысқан технологиялық операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге асыратын қандай да бір түрлендіруші.

Бүтіндеу шектігі – бұл мәліметтердің дұрыстығын регламенттейтін шарттар.

Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклы дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен бастап оның келесі сатысына көшу  уақытымен бітетін кезең.

Ақпараттық қамтамасыздандару – бұл біртұтас жүйенің жіктелуі және ақпараттық қор құжаттамаларының унифицирленген жүйесінің, ақпаратты кодтаудың жиынтығы.

Математикалық қамтамасыздандыру – түрлі есептерді шығаруға қолданылатын математикалық әдістер, үлгілер, алгоритмдер жиынтығы жатады.

Бағдарламалық қамтамасыздандыру – бағдарламалар кешені және оларды ЭЕМ-да қолдану нұсқаулары.

Техникалық қамтамасыздандыру – АЖ-нің жұмысына арналған техникалық құралдар және оларды қолдануға негізделген техникалық құжаттама жиынтығы.

Технологиялық қамтамасыздандыру – бұл АЖ-нің функцияларын жүзеге асыратын технологиялардың және нақты есептерді шешу әдістерінің жиынтығы.

Эргономикалық қамтамасыздандыру – АЖ-нің эргономикалық қамтамасыздандыру элементтері ретінде кәсіпорында демалу жағдайларын жасауды есептеуге болады.

Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – жұмысшылардың арасында өзара техникалық құралдармен қатынастарды регламенттейді және де ақпараттық жүйелерді жобалау мен пайдалану үрдістерін сипаттайды.

Құқықтық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің заңдық деңгейін және онда пайдаланатын ақпаратты өңдеу, алу және қолдану ережелерін анықтайтынқұқықтық құжаттар жиынтығы.

Лингвистикалық қамтамасыздандыру – ұғымы ақпараттың ЭЕМ-да тиімді өңделуіне және адам мен техникалық құралдардың қарым-қатынастарын жеңілдетуге бағытталған тілдік құралдар, ғылыми-техникалық терминдер, табиғи тілді формальдау ережелерінің жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық  жүйелердің функционалдық белгісі бойынша жіктелуі.

Ақпараттық  жүйелердің жіктелуінің бірнеше  түрі бар. Ақпараттық жүйелердің функционалдық  белгісі бойынша жіктелуін қарастырайық, яғни ақпараттық жүйенің жіктелуінің  функционалдық бағыныңқы жүйелер  жиынтығы ретінде қарастырылуын. Сонымен  қатар, басқарудың әртүрлі деңгейіндегі функцияның орындалу деңгейін анықтап  және қандай да бір функцияларды жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін анықтаймыз.

Өндірістік жүйе - өндірістің қызметін басқаруды қамтамасыз етеді және ғылыми-техникалық жаңалықтардың өндіріске белсенді енуіне бағытталуы тиіс.

Қаржылық жүйе – бухгалтерлік, статистикалық немесе басқа ақпараттың негізінде қаржылық ресурстарды бақылауды және таладауды қамтамасыз етеді.  

Маркетингтік жүйе – келесілерден тұрады:

  • тұтыну нарығын талдау және шығарылатын өнімді өндіру;
  • өнімнің қозғалысы бойынша жарнамалық компания ұйымдастыру;
  • материалды-техникалық қамтамасыз етуді рационалды ұйымдастыру.

Кадрлық жүйе – кәсіпорынға қажетті мамандарды таңдауға, орналастыруға және де әртүрлі аспектілері бойынша қызметтік құжаттаманы жүргізуге бағытталған.

Келтірілген сызбадан көрініп тұр: мамандардың  ақпараттық жүйе көмегімен орындалатын  жұмыс көлемі жоғарлаған сайын азаяды, бірақ ақпараттық жүйенің күрделілігі  және интеллектуалдық мүмкіндіктері  өседі. Кез келген басқару деңгейі  барлық функционалдық бағыыңқы жүйелерден ақпаратты қажет етеді, бірақ  әртүрлі деңгейде және әртүрлі көлемде.

Әрбір жүйелердің шешетін тапсырмаларын түсіну және бір-бірінен ажырату үшін келесі кестені қарастырайық:

1. Оперативтік деңгейдегі ақпараттық жүйе, барлық қалған бағыныңқы жүйелер үшін ақпаратты тасымалдаушы болып табылады, оның жұмысының істен шығуы қолайсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Мысалы, бухгалтерлік жүйелер, банктік депозиттер жүйесі, темір жол билеттерін стау және тіркеу, жалақыны төлеу, фирма тапсырыстарын өңдеу және т.с.с. Бұл ақпараттық жүйелерге стандартты және жақсы құрылымданған тапсырмалар автоматтандырылады.

2. Тактикалық деңгейде ақпараттық жүйенің екі түрін ажыратады: басқарушылық және шешімді қабылдауды сүйемелдеу жүйелері.

Басқарушылық ақпараттық жүйе. Орындалып жатқан жұмыстардың жағдайы туралы күнделікті, апталық ақпаратты қамтамасыз етеді. Олар күнделікті операцияларды қадағалап отыру үшін арналған және де оперативтік деңгейдін ақпаратын қолданады. Басқарушылық ақпараттық жүйелерге стандартты және жақсы құрылымданған тапсырмалар автоматтандырылады.

Шешімді қабылдауды сүйемелдеу жүйелері. Нәтижелерін алдын-ала болжауға қиын нашар құрылымданған тапсырмаларды орындауға қызмет етеді. Мұндай жүйелердің нәтижелері нұсқаулар, болжамдар түрінде көрсетіледі. Бұл жүйені жүзеге асыру үшін қуатты аналитикалық ақпарат қолданылады және де өңдеушілердің аса жоғарғы біліктілігін қажет етеді. Алғашқы ақпаратты басқарушылық жүйелерден алады, ал нәтижелерін стратегиялық деңгейдегі менеджерлер қолодана алады.

3. Стратегиялық деңгейде өндірістің дамуының стратегиялық тиімді мақсаттарын жүзеге асыру бойынша шешім қабылдауды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық жүйелерде транзакцияларды ұйымдастыру.

Бүтіндік дегеніміз - элементтерді белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істейтін және потенциялдық қате пайда болғанда автоматты түрде қалыпты жағдайға келе алатын жүйе күйі немесе қасиеті.

Практика  жүзінде егер де айтылған қасиет жүйеге тән болса, онда бүтіндік механизмі  бар деп саналады. Бүтіндік ұғымы өз бетінше бірнеше әдістер, құралдар арқылы жүзеге асарылады. Қазіргі заманғы жасалып, жобаланып жатқан жүйелерге қойылатын талаптардың бірі – оның бүтіндік механизмі болуы.

Қарастырайық  деп жатқан транзакция бүтіндік мезханизмінің  бір түрі болып есептеледі.

Транзакция – ақпараттық жүйенің мәліметтер қорының бүтіндігін қамтамасыз ету мақсатында, мәліметтерді жаңарту (қалпына келтіру) арналған логикалық бөлінбейтін операциялар тізімі.

МҚБЖ  құрамында транзакцияларға жауапты  бөлімнің аты – транзакцияның жүйелік администраторы деп аталады.

Сол бөлім  арқылы атқарылатын жұмыстың сызбасын келесі түрде қарастырып көрейік.

tб.у-  бақылау уақыты, tі.ш.- істен шығу  уақыты.

          уақыт                         tб.у.                                          tі.ш.



Т


Р    Т1              


А

Н  


З    Т2


А

К


Ц   Т3


И

Я   Т4


Л


А   Т5


Р

Қандай  да бір жұмыстын басталуымен, онда болып  жатқан өзгерістердің бәрі транзакциялар  журналында тіркелуге тиісті. Транзакция журналы деп отырғанымыз көп  көлемді сыртқы жад.

Бақылау нүктесі дегеніміз – алдын-ала бағдарламамен белгілеген уақыт. Бақылау уақытының саны бірден артық бола алады. Осы уақыт ішінде жүйелік транзакциялар администраторы жұмысын келесі түрде ұйымдастырады. Сәтті аяқталған транзакциялар нәтижелері мәліметтер қорына енгізіліп сақталады. Қалған басқа транзакциялар тіркеу журналында жалғаса береді.

Істен шығу уақыты – ол кездейсоқ уақыт. Кез-келген жүйелерде олар қандай жақсы жұмыс  жасаса да, уақыт өткен сайын істен  шығу нүктелері кездесе береді. Жүйе қайтадан жұмысына қосылған жағдайда жүйелік адинистратордың ең маңызды  жұмыс кезеңі басталады:

    • бақылау нүктесіне дейін сәтті аяқталған транзакциялар ескерілмейді (біздің жағдайда ол Т1 транзакциясы);
    • бақылау нүктесіне дейін бітпей қалған, бірақ істен шығу нүктесіне дейін сәтті аяқталған транзакциялар тіркеу журналынан алынып, қайтадан орындалып, нәтижелері мәліметтер қорына сақталады (біздің жағдайда ол Т2 транзакциясы); бақылау нүктесінен кейін басталып, бірақ істен шығу нүктесіне дейін сәтті аяқталған транзакциялар тіркеу журналынан алынып, қайтадан орындалып, нәтижелері мәліметтер қорына сақталады (біздің жағдайда ол Т4 транзакциясы);
    • бақылау нүктесіне дейін бітпей қалған, бірақ істен шығу нүктесіне дейін сәтті аяқталмай қалған транзакциялар жүйеде мүлдем болмаған деп есептеледі, мәліметтер қорында сақталмайды (біздің жағдайда Т3- транзакциясы); бақылау нүктесінен кейін басталып, бірақ істен шығу нүктесіне дейін сәтті аяқталмаған транзакциялар жүйеде мүлдем болмаған деп есептеледі, мәліметтер қорында сақталмайды (біздің жағдайда Т5 транзакциясы);

Begin Transaction –  транзакциялардың басталу белгісі. 

End Transaction - транзакциялардың  сәтті аяқталу белгісі.

Rollback - транзакциялардың  болдырмауының белгісі.

Транзакцияның қасиеттері:

Атомарлық қасиет – бұл қасиет кез келген транзакцияның толық орындалуын немесе орындалмауын білдіреді.

Келісімділік қасиет – бұл қасиет мәліметтер қорын бір дұрыс жағдайдан екінші бір дұрыс жағдайға өткізуін бақылайды.

Оқшаулық қасиет - бұл қасиет транзакцияның бір уақытта басталып орындалғанына қарамастан мәліметтер қоры олармен кезекке сәйкес жұмыс жасайды.

Ұзақмерзімділік қасиет – кез келген сәтті аяқталған транзакцияны мәліметтер қорында сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Корпоративті  ақпараттық жүйелердің клиент-серверлік  архитектурасы

Корпоративті  ақпараттық жүйе (КАЖ) дегеніміз - компьютерлік желілердің көмегімен әртүрлі қызметтегі ішкі жүйелердің интеграциясының негізінде құрылған, аймақтық және жергілікті желілердің ресурстарын пайдаланатын жүйе.

КАЖ-ді пайдаланудың негізгі концепциясы: әртүрлі АЖ-нің  қызметі ретінде қарастырып, ақылдасып  қолдану нәтижесінде кәсіпорынның, фирманың шешімді қабылдау стратегиясына  тиімді әсер ету.

КАЖ-нің архитектурасы дегеніміз – оны құрайтын, негізгі қызмет атқаратын бөлшектерінің жиынтығымен қарым-қатынастарының сипаттамасы.

Информация о работе Ақпараттық жүйе (АЖ) негіздері. Қазіргі заманғы АЖ жобалау әдістемелігі