Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:01, реферат
ХХ-шы ғасырға дейін ғылым негізінен саны көп емес элементтерден тұратын жүйелермен айналысты. Ғылымдардың және технологиялардың дамуы саны көп элементтерден тұратын күрделі жүйелерді құруға және оқуға алып келді. Осындай жүйелердің мысалдары: ядролық және термоядролық қаруларды құру жобалары; қазіргі заманғы автомобильдер, ұшақтар және ракеталар, оларды жобалау жүйелері, оларды өндіретін зауыттар; арналарды, ірі зауыттарды, химиялық өндірістерді құру; микрочиптер және оларды жүзеге асыру; компьютерлер үшін программалар және оларды жүзеге асыру болып табылады. Үлкен жуне күрделі жүйелерді оқытумен айналысатын ғылым «жүйенің жалпы теориясы» деп аталады.
Қаржылық жүйе – бухгалтерлік, статистикалық немесе басқа ақпараттың негізінде қаржылық ресурстарды бақылауды және таладауды қамтамасыз етеді.
Бүтіндік дегеніміз - элементтерді белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істейтін және потенциялдық қате пайда болғанда автоматты түрде қалыпты жағдайға келе алатын жүйе күйі немесе қасиеті.
Транзакция – ақпараттық жүйенің мәліметтер қорының бүтіндігін қамтамасыз ету мақсатында, мәліметтерді жаңарту (қалпына келтіру) арналған логикалық бөлінбейтін операциялар тізімі.
Бақылау нүктесі дегеніміз – алдын-ала бағдарламамен белгілеген уақыт. Атомарлық қасиет – бұл қасиет кез келген транзакцияның толық орындалуын немесе орындалмауын білдіреді.
Келісімділік қасиет – бұл қасиет мәліметтер қорын бір дұрыс жағдайдан екінші бір дұрыс жағдайға өткізуін бақылайды.
Оқшаулық қасиет - бұл қасиет транзакцияның бір уақытта басталып орындалғанына қарамастан мәліметтер қоры олармен кезекке сәйкес жұмыс жасайды.
Ұзақмерзімділік қасиет – кез келген сәтті аяқталған транзакцияны мәліметтер қорында сақтайды.
Корпоративті ақпараттық жүйе (КАЖ) дегеніміз - компьютерлік желілердің көмегімен әртүрлі қызметтегі ішкі жүйелердің интеграциясының негізінде құрылған, аймақтық және жергілікті желілердің ресурстарын пайдаланатын жүйе.
КАЖ-нің архитектурасы дегеніміз – оны құрайтын, негізгі қызмет атқаратын бөлшектерінің жиынтығымен қарым-қатынастарының сипаттамасы.
Сервер – клиенттің сұраныстарын қанағаттандыратын КАЖ-нің бөлшегі.
Клиент – КАЖ-нің серверіне сұраныс ұйымдастырып, мәліметтердің оперативтік өңделуін қамтамасыз ететін компонент.
CASE-құралдары (Computer Aided Software Engineering) талдау, талаптарды қалыптастыру, қолданбаны және мәліметтер қорын жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны және жобаны басқару сияқты ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және құру үрдістерін қолдайтын программалар.
Информация о работе Ақпараттық жүйе (АЖ) негіздері. Қазіргі заманғы АЖ жобалау әдістемелігі