Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 08:24, лекция
Үлкен жүйелер – бұл элементтер күйінің саны немесе элементтер арасындағы өзара байланыстар комбинаторлы үлкен және сан жетпейтін жүйелер.
Күрделі жүйелер – бұл үрдістері классикалық математика, формулалар тілінде, аналитикалық құрылымдар тілінде сипаттала алмайтын жүйелер.
Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық ретінде қарастырылатын және алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің жиынтығы ретінде біріктірілген кез келген объект.
МОДУЛЬ 1. Ақпараттық жүйелерді
жобалау негіздері
Глоссарий:
Үлкен жүйелер – бұл элементтер
күйінің саны немесе элементтер арасындағы
өзара байланыстар комбинаторлы үлкен
және сан жетпейтін жүйелер.
Күрделі жүйелер – бұл үрдістері классикалық математика,
формулалар тілінде, аналитикалық құрылымдар
тілінде сипаттала алмайтын жүйелер.
Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық ретінде
қарастырылатын және алдыға қойылған
мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің
жиынтығы ретінде біріктірілген кез келген
объект.
Ақпараттық жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған
түрде сақтауға арналған және онымен түрлі
әрекеттер жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз
етуші, сонымен бірге түрлі белгілері
бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы жүйелер.
Ақпараттық жүйенің жобасы деп – нақты бір программалық техникалық
ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану
бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы
бар жобалық-конструкторлық және технологиялық
құжаттаманы айтамыз.
Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау
әдістері осындай типтегі объектілерді
жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты
түрлендіру үрдісі.
Ақпараттық жүйені жобалау
технологиясы, деп – ақпараттық жүйені жобалаудың
және жобалауды ұйымдастырудың әдістері
мен құралдар жиынтығы айтамыз.
Жобалау құралдары – жобалаудың
бірнеше өзара байланысқан технологиялық
операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге асыратын
қандай да бір түрлендіруші.
Бүтіндеу шектігі – бұл
мәліметтердің дұрыстығын регламенттейтін
шарттар.
Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклы
дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған
ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен
бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен
бітетін кезең.
Ақпараттық қамтамасыздандару – бұл біртұтас жүйенің жіктелуі
және ақпараттық қор құжаттамаларының
унифицирленген жүйесінің, ақпаратты
кодтаудың жиынтығы.
Математикалық қамтамасыздандыру – түрлі есептерді шығаруға қолданылатын
математикалық әдістер, үлгілер, алгоритмдер
жиынтығы жатады.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру – бағдарламалар кешені және оларды
ЭЕМ-да қолдану нұсқаулары.
Техникалық қамтамасыздандыру
– АЖ-нің жұмысына арналған техникалық
құралдар және оларды қолдануға негізделген
техникалық құжаттама жиынтығы.
Технологиялық қамтамасыздандыру
– бұл АЖ-нің функцияларын жүзеге асыратын
технологиялардың және нақты есептерді
шешу әдістерінің жиынтығы.
Эргономикалық қамтамасыздандыру
– АЖ-нің эргономикалық қамтамасыздандыру
элементтері ретінде кәсіпорында демалу
жағдайларын жасауды есептеуге болады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру
– жұмысшылардың арасында өзара техникалық
құралдармен қатынастарды регламенттейді
және де ақпараттық жүйелерді жобалау
мен пайдалану үрдістерін сипаттайды.
Құқықтық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің заңдық деңгейін
және онда пайдаланатын ақпаратты өңдеу,
алу және қолдану ережелерін анықтайтынқұқықтық
құжаттар жиынтығы.
Лингвистикалық қамтамасыздандыру – ұғымы ақпараттың ЭЕМ-да тиімді
өңделуіне және адам мен техникалық құралдардың
қарым-қатынастарын жеңілдетуге бағытталған
тілдік құралдар, ғылыми-техникалық терминдер,
табиғи тілді формальдау ережелерінің
жиынтығы.
Тақырып №1. Ақпараттық жүйе (АЖ) негіздері.
Қазіргі заманғы АЖ жобалау әдістемелігі.
Дәрістің мақсаты: Жүйе, ақпараттық
жүйе ұғымдарына түсінік беру. Қазіргі
заманғы АЖ-ді жобалау әдістемелігі.
Тақырып сұрақтары:
Дәрістің тезисі: ХХ-шы ғасырға
дейін ғылым негізінен саны көп емес элементтерден
тұратын жүйелермен айналысты. Ғылымдардың
және технологиялардың дамуы саны көп
элементтерден тұратын күрделі жүйелерді
құруға және оқуға алып келді. Осындай
жүйелердің мысалдары: ядролық және термоядролық
қаруларды құру жобалары; қазіргі заманғы
автомобильдер, ұшақтар және ракеталар,
оларды жобалау жүйелері, оларды өндіретін
зауыттар; арналарды, ірі зауыттарды, химиялық
өндірістерді құру; микрочиптер және оларды
жүзеге асыру; компьютерлер үшін программалар
және оларды жүзеге асыру болып табылады.
Үлкен жуне күрделі жүйелерді оқытумен
айналысатын ғылым «жүйенің жалпы теориясы»
деп аталады.
Жүйе теориясына екі көзқарас бар. Бір
жағынан, шынайы объектілер түрінде жүйенің
объектілік болатындығы және олардың
өзара әрекеттестігі мойындалады. Екінші
жағынан, ешқандай жүйелер жоқ деп болжауға
болады, ал бірақ объектілерді жүйе түрінде
көрсету әдісі туралы, яғни жүйелік тұрғы
туралы айту қажет. У.Эшби, мысалы, былай
деп жазады: «...біз жүйе қалай анықталатының
анық елестете алуымыз керек».
«Үлкен» және «күрделі» жүйе ұғымдары
субъективті. Егер әртүрлі жүйе күйінің
саны белгілі болған жағдайда, ол үлкен
жүйе деп аталады.
Үлкен жүйелер – бұл элементтер күйінің
саны немесе элементтер арасындағы өзара
байланыстар комбинаторлы үлкен және
сан жетпейтін жүйелер.
Күрделі жүйелер – бұл үрдістері
классикалық математика, формулалар тілінде,
аналитикалық құрылымдар тілінде сипаттала
алмайтын жүйелер.
Үлкен жүйе міндетті түрде күрделі болуы
тиіс емес, ал күрделі міндетті түрде үлкен
болуы тиіс емес.
Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық
ретінде қарастырылатын және алдыға қойылған
мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің
жиынтығы ретінде біріктірілген кез келген
объект. Жүйелер бір-бірімен құрамы және
басты мақсаттары бойынша ерекшеленеді.
Ақпараттар жүйелер (АЖ) – алдыға
қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты
сақтауға, өңдеуге және шығаруға қолданылатын,
әдістер және персоналдар өзара байланысқан
құралдар жиынтығы.
АЖ-дің даму кезеңдері.
Алғашқы АЖ-лер 50 жж. пайда болды. Бұл жылдары
олар жалақыны есептеуді және есептесуді
өңдеуге арналған болатын, ол электромеханикалық
бухгалтерлік есептеуіш машиналарында
жүзеге асырылды. Бұл қағаздық құжаттарды
дайындаудағы кейбір шығындарды және
уақытты қысқартуға алып келді. 60 жж. АЖ-ге
қатынастың өзгеруімен атақты. Олардан
алынған ақпарат көптеген параметрлері
бойынша басылымдық есеп берулерде қолданыла
бастады. Ол үшін мекемелерге, тек жалақыны
есептеуді және есептесуді өңдеп ғана
қоймай, көптеген функцияларды орындай
алатын кең қолданыстағы компьютерлік
жабдықтар қажет болды. 70 жж. – 80 жж. басында
АЖ-лер шешім қабылдау үрдісін жылдамдататын
және сүйемелдейтін, басқаруды бақылау
құралы ретінде кең қолданыла бастады.
80 жж. соңында АЖ-ді қолдану концепциясы
қайтадан өзгере бастайды. Олар ақпараттың
стратегиялық көзі болып және кез келген
мамандықтардың барлық ұйымдастыру деңгейлерінде
қолданылды. Бұл мерзімнің АЖ-рі қажетті
ақпаратты бере отырып, мекемеге жаңа
тауарларды және қызметтерді құруға, жаңа
өткізу нарықтарын табуды, өнімді төмен
бағамен шығаруды ұйымдастыруды және
т.б. мүмкіндік берді.
АЖ-дегі үрдістер. Кез келген белгідегі
АЖ жұмысын қамтамасыз етуші үрдістерін
шартты түрде блоктардан тұратын сызба
(сурет 1) түрінде келтіруге болады:
АЖ келесі қасиеттерімен анықталады:
АЖ-нің жұмысын талдау үшін, ол шешетін
мәселенің мәнін, сонымен қатар ол
қосылған ұйымдастырушылық үрдістерді
түсіну қажет. Мысалы, шешімдерді қабылдауды
қолдау үшін компьютерлік АЖ-нің мүмкіндіктерін
анықтаған кезде келесіні есептеу керек:
Сурет 1. Ақпараттық жүйелердегі үрдістер
Ақпараттық жүйелер – ақпаратты
арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға
арналған және онымен түрлі әрекеттер
жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз
етуші, сонымен бірге түрлі белгілері
бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы жүйелер.
АЖ мысалы ретінде архивті, мекенжай бюросын,
телефон анықтамасын қарастыруға болады.
Информатикада компьютерлік техниканы
қолданатын АЖ-ді қарастырады. Дербес
жағдайда АЖ-ге келесілер жатады:
Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар:
Әдебиеттер тізімі: 1-10.
Тақырып №2. Ақпараттық жүйелерді жобалау
технологиясы.
Дәрістің мақсаты: Жоба, АЖ-нің жобасы
ұғымдарына түсінік беру. Жобалау құралдары,
әдістемесі, технологиясын қарастыру.
Тақырып сұрақтары:
Дәрістің тезисі: Қазіргі заманғы
ақпараттық технологиялар ақпараттық
жүйелерді жүзеге асырудың әдістер жиынтығын
ұсынады. Ақпараттық жүйелерді құру әдетте
қолданушының талаптары негізінде құрылады.
Бұл талаптар құр уүрдісінде өзгеруі мүмкін.
Шешім қабылдау теориясы үшін АЖ-ні жобалау үрдісі – тапсырыс
берушінің талаптарын қанағаттандыратын
жүйе сипаттаммасын алуға бағытталған
жобалық-конструкторлық шешімдерді қабылдау
үрдісі.
Ақпараттық жүйенің жобасы деп –
нақты бір программалық техникалық ортада
ақпараттық жүйені құру және пайдалану
бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы
бар жобалық-конструкторлық және технологиялық
құжаттаманы айтамыз.
Ақпараттық жүйені жобалау деп –
жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай
типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері
жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі.
Ақпараттық жүйені жобалау объектілері
болып, функционалдық және қамтамасыз
ету бөліктерінің дербес элементтері
немесе олардың кешендері табылады. Дәстүрлі
декомпозициялауға сәйкес функционалдық
элементтерге есептер, есептер кешендері
және басқару функциялары жатады. Ақпараттық
жүйенің қамтамасыз ету бөлігі құрамындағы
жобалау объектілері қызметін жүйенің
жүйенің ақпараттық, программалық және
техникалық қамту элементтері мен кешендері
атқарады.
Ақпараттық жүйені жобалау субъектісі
болып, жобаны жүзеге асырушы мамандар
ұйымы мен ақпараттық жүйені құруға тапсырыс
берген мекеме жатады.
Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы,
деп – ақпараттық жүйені жобалаудың және
жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен
құралдар жиынтығы айтамыз.
Кез келген жобалау технологиясының пәні
ретінде ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің
барлық кезеңдерінде өзара байланысқан
жобалау үрдістерінің бейнесі қызмет
етеді. Жобалау технологиясын таңдау үшін
қойылатын негізгі талаптарға келесілер
жатады:
Ақпараттық жүйені технологиясының
негізін негізгі технологиялық
ерекшеліктері мен мәнін анықтайтын әдістеме
құрайды. Жобалау әдістемесі деп, жобалау
әдістерінің жиынтығы мен жүзеге асатын
концепциялар мен жобалау принциптерін
айтамыз. Олар өз кезегінде жобалау құралдарымен
сүйемелденеді.
Ақпараттық жүйенің жобалау әдістерін
автоматтандыру құралдарында және типтік
жобалық шешімдерде қолданылу дәрежесі
болатын өзгерістерге бейімделу сияқты
белгілері бойынша жіктеуге болады.
Жобалау құралдары – жобалаудың
бірнеше өзара байланысқан технологиялық
операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге асыратын
қандай да бір түрлендіруші. Жобалау құралдарынының
екіге бөлінеді:
Жобалау құрадары болу керек:
Жобалау құралдарын екі класқа бөлуге
болады: ЭЕМ-ді қолданбайтын және ЭЕМ-ді
қолданатын.
ЭЕМ-ді қолданбайтын жобалау құралдары
ақпараттық жүйені жобалаудың барлық
стадиялары мен кезеңдерінде қолданылады.
Оларға жобалау операцияларын қамтамасыз
ету, яғни жүйенің жобалану үрдісін регламентациялайтын
әр түрлі стандарттар. Мұнда ақпаратты
жіктеу мен кодтаудың біртұтас жүйесі,
ақпарат ағынын сипаттау және талдау т.б.
кіреді.
ЭЕМ-ді қолданатын жобалау құралдары
ақпараттық жобалаудың үрдісінің дербес
немесе барлық стадиялары мен кезеңдерінде
қолданылуы мүмкін және сәйкесінше жүйе
жобасының элементтерін, жүйе жобасының
бөлімдерін немесе жүйе жобасының біртұтас
өзін құруды қолдайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар: