Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 08:24, лекция
Үлкен жүйелер – бұл элементтер күйінің саны немесе элементтер арасындағы өзара байланыстар комбинаторлы үлкен және сан жетпейтін жүйелер.
Күрделі жүйелер – бұл үрдістері классикалық математика, формулалар тілінде, аналитикалық құрылымдар тілінде сипаттала алмайтын жүйелер.
Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық ретінде қарастырылатын және алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің жиынтығы ретінде біріктірілген кез келген объект.
Әдебиеттер тізімі: 1-10.
Тақырып №3. АЖ жобалау кезеңдері. Үлгілері
мен кезеңдері.
Дәрістің мақсаты: АЖ-ді жобалау кезеңдерін
қарастыру. АЖ-дің үлгілері.
Тақырып сұрақтары:
Дәрістің тезисі: Ақпараттық жүйелерді
жобалау – көп еңбек сіңіруді және ұзақ
мерзімді қажет ететін және оны құруға
қатысушы мамандардың жоғары біліктілікті
талап ететін күрделі жұмыс. Ақпараттық
жүйелерді жобалау келесі кезеңдерге
бөлінеді:
Пәндік облысын анықтау. Инфологиялық үлгісін құру. Әрбір
АЖ оның белгіленуіне байланысты шынайы
өмірдің қандай да бір бөлшегіне тәуелді.
Ол жүйенің пәндік облысы деп атауға келісілген.
Осы пәндік облысты анықтау кезеңінде
қолданушының келешек жүйесінің барлық
қажет ақпараттық қажеттіліктері нақтыланады,
ол өз кезегінде мәліметтер қоры мазмұнын
анықтайды. Берілген АЖ-нің пәндік облысы
шынайы объектілер жиынтығы ретінде қарастырылады.
Әрбір объект қасиеттер (атрибуттар) жиынтығынан
тұрады. Шынайы объектілерді әрбір нақты
жүйенің контекстінде қарастыру, бұл жағдайда
қасиеттерді абстрактілеу талап етіледі.
Қандай да бір жүйеге тән қасиеттер басқа
бір жүйеге ешбір қатысы болмауы мүмкін.
Пәндік облысты кеңірек меңгеру үшін,
объектілердің барлық жиынын пәндік облысының
құрылымы бойынша біртекті деп аталатын
объектілер тобына бөлуге болады. Біртипті
объектілер даналарының атрибуттар жиынтығы
бірдей болатындығы айқын. Сондықтан,
оларды шартты түрде берілген типтін қасиеттері
деп есептеуге болады. Пәндік облыстың
әрбір объектісі басқа объектілерден
ерекше болуы керек. Осы мақсатта, берілген
типті объектілерге, яғни оларға сілтеме
жасауға мүмкіндік беруші, идентификатор
белгіленуі мүмкін. Қарастырушы нақтылы
объектілер типі мен олардың мәндер арасындағы
өзара-бірмәнді сәйкестік үшін мұндай
иденификаторды уникалды деп атайды. Уникалды
идентификатор ретінде, сонымен бірге
алғашқы кілт деп аталушы қандай да бір
атрибут немесе объектілердің бірнеше
атрибуттарының комбинациясын алуға болады.
Пәндік облыстың объектілері арасында
түрлі мазмұнды мәндері бар байланыстар
болуы мүмкін. Объектілер типі мәні терминінде
сәйкес типті объектілер даналары арасындағы
байланыстар туралы айтуға болады.
Объектілер типтері және олардың арасындағы
байланыстар типінің жиынтығы пәндік
облыстың құрылымын сипаттайды.
Пәндік облыс объектілер типі мен түрлі
типті объектілер даналар жиынтығы, объектілер,
атрибуттар мәнімен олардың арасындағы
байланыс уақыт бойынша өзгеруі мүмкін.
Бұл өзгерістер пәндік облыстағы жаңа
объектілердің пайда болуына немесе пәндік
облыстағы кейбір бар объектілер арасындағы
бар байланыстарды жоюға немесе жаңа байланыстарды
орнатуға алып келеді. Сондықтан да, уақыттың
әр мезгілінің өзгеруіне байланысты пәндік
облыстың қандай да бір күйін салыстыруға
болады. Бұл қасиеттер объектілер типіне,
байланыстар типіне және олардың кейбір
даналарына спецификацияланатын бүтіндеу
шектігін беруі мүмкін. Бүтіндеу шектігі – бұл мәліметтердің
дұрыстығын регламенттейтін шарттар.
Шектеудің үш түрін ажыратады:
Кейбір пәндік облыстың құрылымын
және бүтіндеу шектігін бейнелеу, осы
құрылымды жүзеге асыруды анықтау пәндік облыстың инфологиялық үлгісін
құрайды. Инфологиялық үлгі пәндік облыс
құрылымы мен динамикасын, сипаттамасын
қолданушы жүйелерінің терминдерден ақпараттық
қажеттіліктер сипатын және нақтылы таңдалған
мәліметтер қорымен басқару жүйесі құралдарына
тәуелді емес сипаттамасын бейнелейді.
Инфологиялық үлгінің белгілеуінен шығатын
негізгі талаптар:
Инфологиялық үлгінің
Сурет 3 Инфологиялық үлгінің құрауыштары
Даталогиялық және физикалық жобалау.
Инфологиялық үлгі алдыңғы кезеңдерде
құрылады да, содан кейін анағұрлым соңғы
кезеңдерде нақтыланады. Инфологиялық
үлгі негізінде даталогиялық үлгі құрылады.
Одан кейін физикалық үлгі және концептуалдық
сызба құрыла алады. Даталогиялық үлгі
объектілер арасындағы байланыстарды
олардың мазмұны мен сақтау ортасына қарамай-ақ
бейнелейді. Даталогиялық үлгіні сақтау
ортасына байланыстыру үшін мәліметтердің
физикалық үлгісі қолданылады, олар сақтаушы
құрылғылардың қолданылуын, сақтау ортасында
мәліметтерді физикалық ұйымдастыру тәсілін
анықтайды. Физикалық деңгей үлгісі даталогиялық
үлгі сияқты мәліметтер қорын басқару
жүйесі мүмкіндігін ескере отырып құрылады.
Төменде пәндік облысты құрудың сызбасы
келтірілген:
Сурет 4 Пәндік облысты құру сызбасы
Пәндік облысты сипаттау кезінде оның
логикалық сипатын қолдану көркемдірек
болады. Формальды логикалық сипаттау
концептуалдық сызба деп аталады. Сонымен
инфологиялық үлгіні құру келесі тапсырмалардың
орындалуы арқылы жүзеге асады:
Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар:
Тақырып №4. Ақпараттық жүйелердің өмірлік
циклі (АЖӨЦ). ӨЦ үлгілері.
Дәрістің мақсаты: АЖ-дің ӨЦ-нің кезеңдерін
сипаттау. ӨЦ-дің спиральдық және каскадтық
үлгісі.
Тақырып сұрақтары:
Дәрістің тезисі: Ақпараттық жүйені
жобалау – ұзақ мерзімді және динамикалық
үрдіс. Қазіргі уақытта қолданылатын жобалау
технологиялары жүйені кезеңдік жасауды
ұсынады. АЖӨЦ дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған
ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен
бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен
бітетін кезең. Мемлекеттік стандарт жасайтын
ұйымдардың ұсынысы бойынша ISO 9646, ISO 12119,
ANSI | IEEE 100P .
АЖӨЦ келесі кезеңдерден тұрады:
а) Техника - экономикалдық тұжырымдама
(ТЭТ)
б) Техникалық тапсырма (ТТ)
ТЭТ пәндік аймағының мамандарымен жасалады
және де қызмет қағазы ретінде басқарма
бөліміне жіберіледі. Бұл құжаттың ішінде
ААЖ жасау қажеттілігі, оның мақсаты, ол
жұмысты жүзеге асыру үшін керекті қаржылар
жиынтығы дәлелденеді. ТЭТ бойынша дұрыс
шешім қабылданған жағдайда пәндік аймағы
мамандарына ТТ құжатын жасауға бұйрық
беріледі. Бұл құжаттың ішінде мекеме
жұмысының талдауы, оның құрылымы және
де керекті ААЖ сипаттамасы беріледі.
ТТ рәсімделіп, мамандар мен басқарушы
жағынан қол қойылып заңды құжат деп саналады.
Бұл құжат ААЖ–ні әзірлеушілерге ұсынылады.
Жобаның орындаушысы табылған жағдайда
АЖӨЦ-нің екінші кезеңі басталады.
в) Эскиздік жобалау болашақ ААЖ-нің қандай
да бір клмпьютерлік үлгісін алу мақсатында
мәліметтерді құрылымдауды ұсынады.
- Техникалық жобалау;
- Жұмыс жоблауы;
Техникалық жобалау кезеңінде келесі
жұмыстар орындалуы тиісті:
Бұл құжатта заңды құжат деп
есептеледі және келесі жұмыстардың
орындалуын талап етеді:
а) Программа жасау және оны өңдеу;
б) Дайын программаны пайдаланушыға тапсыру
және де толық нұсқауларды дайындау;
в) Жобалау кезеңінде тәуекел болжам жасау
және де жоспарланбаған шығындарды талдау.
Жұмыс жоспарлау кезеңі «тапсыру-қабылдау
акті» құжаты арқылы тәжірибелі қолдануға
тапсырылады.
Орындаушылар өндіріске
Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар:
Әдебиеттер тізімі: 1-10.
Тақырып №5. Ақпараттық жүйелердің қамтамасыздандыру
белгісі бойынша жіктелуі.
Дәрістің мақсаты: АЖ-дің түрлі белгілері
бойынша жіктелуін қарастыру.
Тақырып сұрақтары:
Дәрістің тезисі: Ақпараттық жүйелерді
зерттеу барысында түрлі белгілері бойынша
жіктелуін қарастырады. Бұл жіктелу АЖ-нің
функцияларының орындалуын қамтамасыз
ететін АЖ-нің ішкі жүйелерін сипаттайды.
АЖ-нің жіктелуі 2 бағыт бойынша сүйемелденеді:
АЖ-нің құрылымын қамтамасыздан
Ақпараттық қамтамасыздандару –
бұл біртұтас жүйенің жіктелуі және ақпараттық
қор құжаттамаларының унифицирленген
жүйесінің, ақпаратты кодтаудың жиынтығы.
Құжаттаманың унифицирленген жүйелеріне
мемлекеттік, республикалық және аймақтық
деңгейде құрылатын әртүрлі классификаторлар
жатады. Ақпаратық қамтамасыздандырудың
мақсаты әртүрлі АЖ-дің өндірістік саласының
көрсеткіштерін салыстыру. Ақпараттық
қамтамасыздандыру негізінде келесі нәтижелерге
жетуге болады:
Математикалық қамтамасыздандыру
– түрлі есептерді шығаруға қолданылатын
математикалық әдістер, үлгілер, алгоритмдер
жиынтығы жатады. Математикалық қамтамасыздандыру
құралдарына келесілер жатады: