Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 08:24, лекция
Үлкен жүйелер – бұл элементтер күйінің саны немесе элементтер арасындағы өзара байланыстар комбинаторлы үлкен және сан жетпейтін жүйелер.
Күрделі жүйелер – бұл үрдістері классикалық математика, формулалар тілінде, аналитикалық құрылымдар тілінде сипаттала алмайтын жүйелер.
Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық ретінде қарастырылатын және алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің жиынтығы ретінде біріктірілген кез келген объект.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру
– бағдарламалар кешені және оларды ЭЕМ-да
қолдану нұсқаулары. Бағдарламалық қамтамасыздандыру
құрамына: жалпыжүйелік және қолданбалы бағдарламалар жатады.
Жалпыжүйелік бағдарламаларға келесі
бағдарламалар жатады: компьютердің функционалдық
мүмкіндіктерін кеңейтетін және мәліметтерді
өңдеу үрдістерін бақылайтын және басқаратын
бағдарламалар; операциялық жүйелер, қызметтік
утилиттер, қабықша (оболочка) бағдарламалар,
МҚБЖ, желілік бағдарламалар.
Қолданбалы бағдарламаларға бағдарламалау
құралдары, тілдері арқылы жасалған қандай
да бір пәндік аймақтың жұмысын автоматтандыратын
бағдарламалар жиынтығы жатады (1С Бухгалтерия).
Техникалық қамтамасыздандыру –
АЖ-нің жұмысына арналған техникалық құралдар
және оларды қолдануға негізделген техникалық
құжаттама жиынтығы. Техникалық құралдар
келесі топтарға бөлінеді:
Ақпаратты сақтау, жинақтау келесі бағытта
дамып келе жатыр: мәліметтер қорында
орталықтанған түрінен
Технологиялық қамтамасыздандыру
– бұл АЖ-нің функцияларын жүзеге асыратын
технологиялардың және нақты есептерді
шешу әдістерінің жиынтығы. Технологиялық
қамтамасыздандыруға АЖ-ні сипаттауды
әртүрлі ақпараттарды өңдеуді технологиялық
кезең бойынша дайындау жатады:
Эргономикалық қамтамасыздандыру
– АЖ-нің эргономикалық қамтамасыздандыру
элементтері ретінде кәсіпорында демалу
жағдайларын жасауды есептеуге болады.
Мысалы, мекемеде жұмысшыларға түскі үзіліс
кезінде демалыс бөлмелерін ұйымдастыру,
спортпен шұғылдануға жағдай жасау бағытында
іс-шараларды жүзеге асыру.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру
– жұмысшылардың арасында өзара техникалық
құралдармен қатынастарды регламенттейді
және де ақпараттық жүйелерді жобалау
мен пайдалану үрдістерін сипаттайды.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру
құрамында 3 бөлім бар:
Құқықтық қамтамасыздандыру
– ақпараттық жүйенің заңдық деңгейін
және онда пайдаланатын ақпаратты өңдеу,
алу және қолдану ережелерін анықтайтынқұқықтық
құжаттар жиынтығы. Құқықтық құжаттар
мысалына:
Лингвистикалық
Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар:
Әдебиеттер тізімі: 1-10.
МОДУЛЬ 2. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың
бағдарламалық құралдары
Глоссарий:
Өндірістік жүйе - өндірістің қызметін
басқаруды қамтамасыз етеді және ғылыми-техникалық
жаңалықтардың өндіріске белсенді енуіне
бағытталуы тиіс.
Қаржылық жүйе – бухгалтерлік, статистикалық
немесе басқа ақпараттың негізінде қаржылық
ресурстарды бақылауды және таладауды
қамтамасыз етеді.
Қаржылық жүйе – бухгалтерлік, статистикалық
немесе басқа ақпараттың негізінде қаржылық
ресурстарды бақылауды және таладауды
қамтамасыз етеді.
Бүтіндік дегеніміз - элементтерді
белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істейтін
және потенциялдық қате пайда болғанда
автоматты түрде қалыпты жағдайға келе
алатын жүйе күйі немесе қасиеті.
Транзакция – ақпараттық жүйенің
мәліметтер қорының бүтіндігін қамтамасыз
ету мақсатында, мәліметтерді жаңарту
(қалпына келтіру) арналған логикалық
бөлінбейтін операциялар тізімі.
Бақылау нүктесі дегеніміз – алдын-ала
бағдарламамен белгілеген уақыт. Атомарлық қасиет – бұл қасиет кез
келген транзакцияның толық орындалуын
немесе орындалмауын білдіреді.
Келісімділік қасиет – бұл қасиет
мәліметтер қорын бір дұрыс жағдайдан
екінші бір дұрыс жағдайға өткізуін бақылайды.
Оқшаулық қасиет - бұл қасиет транзакцияның
бір уақытта басталып орындалғанына қарамастан
мәліметтер қоры олармен кезекке сәйкес
жұмыс жасайды.
Ұзақмерзімділік қасиет – кез келген
сәтті аяқталған транзакцияны мәліметтер
қорында сақтайды.
Корпоративті ақпараттық жүйе (КАЖ)
дегеніміз - компьютерлік желілердің көмегімен
әртүрлі қызметтегі ішкі жүйелердің интеграциясының
негізінде құрылған, аймақтық және жергілікті
желілердің ресурстарын пайдаланатын
жүйе.
КАЖ-нің архитектурасы дегеніміз
– оны құрайтын, негізгі қызмет атқаратын
бөлшектерінің жиынтығымен қарым-қатынастарының
сипаттамасы.
Сервер – клиенттің сұраныстарын
қанағаттандыратын КАЖ-нің бөлшегі.
Клиент – КАЖ-нің серверіне сұраныс
ұйымдастырып, мәліметтердің оперативтік
өңделуін қамтамасыз ететін компонент.
CASE-құралдары (Computer Aided Software Engineering)
талдау, талаптарды қалыптастыру, қолданбаны
және мәліметтер қорын жобалау, кодты
генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз
ету, конфигурацияны және жобаны басқару
сияқты ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу
және құру үрдістерін қолдайтын программалар.
Тақырып №6. Ақпараттық жүйелердің функционалдық
белгісі бойынша жіктелуі.
Дәрістің мақсаты: АЖ-дің түрлі белгілері
бойынша жіктелуін қарастыру.
Тақырып сұрақтары:
Дәрістің тезисі: Ақпараттық жүйелердің
жіктелуінің бірнеше түрі бар. Ақпараттық
жүйелердің функционалдық белгісі бойынша
жіктелуін қарастырайық, яғни ақпараттық
жүйенің жіктелуінің функционалдық бағыныңқы
жүйелер жиынтығы ретінде қарастырылуын.
Сонымен қатар, басқарудың әртүрлі деңгейіндегі
функцияның орындалу деңгейін анықтап
және қандай да бір функцияларды жүзеге
асыратын мамандардың біліктілігін анықтаймыз.
Өндірістік жүйе - өндірістің қызметін
басқаруды қамтамасыз етеді және ғылыми-техникалық
жаңалықтардың өндіріске белсенді енуіне
бағытталуы тиіс.
Қаржылық жүйе – бухгалтерлік, статистикалық
немесе басқа ақпараттың негізінде қаржылық
ресурстарды бақылауды және таладауды
қамтамасыз етеді.
Маркетингтік жүйе – келесілерден
тұрады:
Кадрлық жүйе – кәсіпорынға қажетті
мамандарды таңдауға, орналастыруға және
де әртүрлі аспектілері бойынша қызметтік
құжаттаманы жүргізуге бағытталған.
Келтірілген сызбадан көрініп тұр: мамандардың
ақпараттық жүйе көмегімен орындалатын
жұмыс көлемі жоғарлаған сайын азаяды,
бірақ ақпараттық жүйенің күрделілігі
және интеллектуалдық мүмкіндіктері өседі.
Кез келген басқару деңгейі барлық функционалдық
бағыыңқы жүйелерден ақпаратты қажет
етеді, бірақ әртүрлі деңгейде және әртүрлі
көлемде.
Әрбір жүйелердің шешетін тапсырмаларын
түсіну және бір-бірінен ажырату үшін
келесі кестені қарастырайық:
1. Оперативтік деңгейдегі ақпараттық
жүйе, барлық қалған бағыныңқы жүйелер
үшін ақпаратты тасымалдаушы болып табылады,
оның жұмысының істен шығуы қолайсыз жағдайларға
алып келуі мүмкін. Мысалы, бухгалтерлік
жүйелер, банктік депозиттер жүйесі, темір
жол билеттерін стау және тіркеу, жалақыны
төлеу, фирма тапсырыстарын өңдеу және
т.с.с. Бұл ақпараттық жүйелерге стандартты
және жақсы құрылымданған тапсырмалар
автоматтандырылады.
2. Тактикалық деңгейде ақпараттық
жүйенің екі түрін ажыратады: басқарушылық және шешімді қабылдауды сүйемелдеу жүйелері.
Басқарушылық ақпараттық жүйе. Орындалып
жатқан жұмыстардың жағдайы туралы күнделікті,
апталық ақпаратты қамтамасыз етеді. Олар
күнделікті операцияларды қадағалап отыру
үшін арналған және де оперативтік деңгейдін
ақпаратын қолданады. Басқарушылық ақпараттық
жүйелерге стандартты және жақсы құрылымданған
тапсырмалар автоматтандырылады.
Шешімді қабылдауды сүйемелдеу жүйелері.
Нәтижелерін алдын-ала болжауға қиын нашар
құрылымданған тапсырмаларды орындауға
қызмет етеді. Мұндай жүйелердің нәтижелері
нұсқаулар, болжамдар түрінде көрсетіледі.
Бұл жүйені жүзеге асыру үшін қуатты аналитикалық
ақпарат қолданылады және де өңдеушілердің
аса жоғарғы біліктілігін қажет етеді.
Алғашқы ақпаратты басқарушылық жүйелерден
алады, ал нәтижелерін стратегиялық деңгейдегі
менеджерлер қолодана алады.
3. Стратегиялық деңгейде өндірістің
дамуының стратегиялық тиімді мақсаттарын
жүзеге асыру бойынша шешім қабылдауды
сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және алдын-ала
жоспарлауға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар: