Қазақстанның электрондық үкімет» порталынан е-қызметтерді алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 17:29, лекция

Описание работы

Студенттерді ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерімен, мемлекеттік органдарда ақпараттандырудың қазіргі жағдайының анализі мен бағдарламаны iске асыру тетiгі және оның негізгі бағыттарымен таныстыру. Экономика мен мемлекетті басқарудың тиімді жоғарылауы жаңа технологиялар аумағында мамандарды дайындауды арттыру мен сауатты тұтынушыларды дайындауды кеңейту.

Файлы: 1 файл

практика теория каз.doc

— 201.00 Кб (Скачать файл)

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ  АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ  ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

«ИНФОРМАТИКА» МОДУЛІ

СИЛЛАБУС


№ 11 тақырып. «Қазақстанның  электрондық үкімет» порталынан е-қызметтерді алу 

Мақсаты: Студенттерді ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерімен, мемлекеттік органдарда ақпараттандырудың қазіргі жағдайының анализі мен бағдарламаны iске асыру тетiгі және оның негізгі бағыттарымен таныстыру. Экономика мен мемлекетті басқарудың тиімді жоғарылауы жаңа технологиялар аумағында мамандарды дайындауды арттыру мен сауатты тұтынушыларды дайындауды кеңейту.                                                              

 

Оқытудың міндеті: «Электрондық үкімет» даму бағдарламасының негізгі термині мен бағдарламаны іске асыру тетігі және «Электрондық үкімет» түсінігіне кіріспе. Қазақстанда электрондық үкіметті қалыптастырудың негізгі бағыттары, ақпараттық теңсіздікті төмендету және ҚР ЭҮ-ті қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес электронды басқарудың негізгі қызметтеріне бағытталған шараларды студенттерге түсіндіру.

 

Ұйымдастыру кезеңі:             -5 мин

Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.

 

Құзыреттілікті  қалыптастыру саны: коммуникативті, құқықтық дағды.

 

Тақырыптың негізгі  сұрақтары:       -45 мин

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технология түсінігі.
  2. Мемлекеттік басқару тиімділігі және АКТ.
  3. Электрондық үкімет (ЭҮ) анықтамасы.
  4. Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы.
  5. «Қазақстанның электрондық үкімет» порталынан е-қызметтерді алу
  6. 2005-2007 жылғы ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
  7. «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетігі және оның негізгі бағыттары.
  8. Қазақстанда АКТ-ның мемлекет басқаруға енгізілу үшін оның функционалдық жүйесі мен нормативті құқықтық негізі. Қазіргі кездегі заңдастырылған қорлар.
  9. «Электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы.

 

Үзіліс             -10 мин

 

Оқыту және сабақ беру әдістері: Ақпараттық технологияны пайдалану

 

Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:

  • Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс).
  • Құқылық оқыту (әрбір студент авторлық құқықты білуі тиіс).

 

Студенттің өз бетімен жұмысы:         -50 мин

Коммуникативтілік, құқылық дағдыны  қалыптастыру.

 

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Практикалық дағды:

Балл

1

«Электрондық үкімет»  құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаларды  іске асыру тетігі және оның негізгі бағыттары.

20

1

Қазақстан Республикасының Web-порталынан (www.e.gov.kz) «Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007  жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасына іздестіру жасап, ашыңыз.

10

2

Қазақстан Республикасының Web-порталынан (www.e.gov.kz) ««Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2008-2010  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жобалау» құжатын іздестіру жасап, ашыңыз.

10

2

ЭҮ архитектурасы.

45

1

Ақпараттық  кезең.

15

2

Интерактивті кезең.

15

3

Транзакциялық кезең.

15

3

Нормативті-құқықтық база.

35

1

«Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолдар туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын интернеттен іздеп табыңыз.

10

2

Мемлекеттік органдардың  е-қызмет көрсетулерінің қалыптастыру және дамытуына түсініктеме беріңіз.

10

3

ҚР электрондық үкіметінің азаматтарға, бизнеске, мемлекеттік ұйымдарға  көрсететін қызметтерін атаңыз.

15


 

Үзіліс             -10 мин

Қысқаша теориялық блок

Ақпараттық –коммуникациялық технология  (АКТ)– Information and Communication Technologies (ICT) –тұтынушының ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдалану мақсатында біріккен әдістер, программалық-техникалық құрылғылар және  өндірістік үрдістер жиынтығы.

Ақпараттық және коммуникациялық технологияның (бұдан былай - АКТ) дамуы мен кеңінен қолданылуы бұл соңғы он жылдағы ғылыми-техникалық революция мен әлемдік дамудың ауқымды тенденциясы болып табылады. АКТ пайдалану бәсекелес экономиканы көтеру үшін, әлемдік жүйедегі оның мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті басқару мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль атқарады.

Эксперттердің жобалауынша, мемлекеттік  басқаруға ақпараттық-коммуникациялық  технологияның (АКТ) енгізілуі экономиканың дамуын тездетеді, бюрократиялық үрдістер шығыны азаяды, мемлекеттік ведомстволардың еңбек өнімділігі мен жұмыстарының тиімділігін арттырады және азаматтық қоғамды қалыптастыруда әртүрлі реттегі ақпараттарды алуда халықтың мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттік қызметтерді тиімді етіп құру, бюрократиялық барьерлердің әлсіреуіне әкеледі.

Ақпараттық коммуникациялық технологияның  енуі азаматтар мен мекемелердің мемлекеттік билік ұйымдарымен  өзара қарым-қатынасының тиімділігін  арттырады. Билік ұйымдарының жұмысы туралы ақиқат, оперативті, толық өзекті ақпараттар веб-сайтта жазылған. Бұл азаматтар мен қажетті ақпараттарды іздеуді қысқартады, мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттарды түсіндіруге кететін уақыттарын азайтады, сонымен қатар көптеген кететін қателерді азайтады.

Сонымен бірге азаматтар мен мекемелер Интернеттің көмегі арқылы сұраныс жіберіп және анықтамалар ала алатындай мүмкіндіктері, мемлекеттік басқару ұйымына қарастырылған заң бойынша есеп бере алатындай болуы керек. Бұл үшін сұраныстардың жағдайын тексеріп отыру керек.

«Электрондық мемлекет» термині - e-Government ақпаратты өңдеу, жіберу және таратудың электронды құралдары негізінде (Интернет, телефон, факс, кіру орталықтары, желісіз құрылғылары және басқа коммуникациялық жүйелер.) мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру.

Мемлекеттік басқару концепциясы  ақпараттық–коммуникациялық технология мүмкіндіктеріне және ашық азаматтық  қоғамның бағалануына бағытталған  ақпараттық қоғамға арналған. Азаматтардың қажеттілігіне, экономикалық тиімділігіне, қоғамдық бақылау және ашықтығына бағытталып сипатталады. Коррупция және бюрократиямен күрестің бірден-бір тәсілі, сонымен бірге арнайы құрылыммен қамтамасыз етеді. Электрондық үкіметтің анықтамасын мамандар әр түрлі береді. Кейбір авторлар әртүрлі анықтамаларды қолданады- қоғамда оның жеке құрылымдарында электронды үкіметтің енуінің арқасында қандай өзгерістер еніп жатқандығын айтады. Кейбіреулер электронды үкіметтің қолданбалы аспектісін, яғни оның жеке инструменттерінің әртүрлі қолдануларын санайды. Сонымен бірге мемлекетті басқарудың максималды тиімділігіне бағытталған экономикалық анықтамасы бар.

Электронды үкіметтің  функцияларының анықталған аспектісін бейнелейтін болғандықтан, әр қағида ақиқат. Осы терминнің келесі кейбір талқылауларын қарастырамыз. Сонымен  электрондық үкімет келесі түрде анықталады:

  • Ақпаратты өңдеу, жіберу және таратудың электронды құралдары негізінде мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға (зейнеткерлер, жұмысшылар, бизнесмендер, мемлкеттік қызметкерлер және т.б.) электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолдануымен мемлекеттік билік пен қоғамның ақпараттың өзара әсерлесуін білдіретін метафора.
  • Негізгі міндеттері келесідей болып табылатын автоматтандырылған мемлекеттік қызмет орындары: барлық қажетті мемлекеттік ақпаратқа азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету, салық жинау, жол көліктері мен патенттерді тіркеу, қажет ақпарат беру, келісімдер жасау және мемлекет аппараттарына керекті жабдықтарды жеткізу. Бұл шығындардың төмендеуіне және мемлекет аппаратының қызметін қаржыландыруға кеткен салық төлеушілердің қаржысын үнемдеу, басқару органдары қызметінің айқындылығы мен ашықтығын ұлғайту. Мемлекет басқару органдарында жаңа, соның ішінде интернет технологиялар қолдану.

Электронды үкімет бағасының  тәсілдері, оның мүмкіндіктері, ақпараттық технология сферасында мамандардың  таңдауымен, мемлекеттік басқару, социалды үрдіс, экономикалық дамуы, көптеген орындаушылардың – мемлекеттік шенеуніктермен таралады.

Электронды үкіметті қалыптастыру үшін келесі қағидаларды орындау  қажет:

  • Интернетте орналастырылған, кез келген санаттағы азаматтар кіріп оқи алатындай жоғары сапалы ақпараттар;
  • жоғары деңгейдегі компьютерлік дайындықтағы мемлекеттік қызметкерлер; 
  • мемлекеттік басқару ұйымдарының, мекемелердің қағидаларының қарапайымдылығымен бір-бірімен өзара қарым-қатынасы. Сондықтан да  ведомствоаралық қарым-қатынас және ақпараттық алмасу үшін жалпы ұлттық стандарттар құрылуы керек.

 

Электронды үкімет бағасының  тәсілдері, оның мүмкіндіктері, ақпараттық технология сферасында мамандардың  таңдауымен, мемлекеттік басқару, социалды үрдіс, экономикалық дамуы, көптеген орындаушылардың  – мемлекеттік шенеуніктермен таралады.

 «Электронды  үкімет» жүйесі үш негізгі  компоненттен тұрады:

  • Азаматтарға бағытталған компонент: мемлекеттік ұйымдармен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас (халықаралық термин бойынша G2C). Азаматтарға үкіметтік қызметтерді пайдаланудың жылдамдығын ұлғайту. Азаматтар үшін кез келген ведомство, кез келген қызмет немесе ақпарат ашық.   яғни сұраныстардың орындалу жылдамдығын көтеру және сол сұраныстардың орындалу уақытын азайту.
  •    Дербес секторға арналған компонент: мемлекеттік ұйымдар мен дербес секторлар арасындағы қарым-қатынас (халықаралық термин бойынша G2B), өзара қарым-қатынаста қағаз құжаттарды пайдалану қажеттілігін азайту, осылайша қажетті ақпаратты жинау мен өңдеуді тездету.  Қызметтерді ұсынуда біріккен жүйе құру үшін мемлекеттік ұйымдар коммерциялық мекемелермен бірігіп өздерінің каналдарын бере алады. Жақсарған технологияны пайдалана білуі арқасында  мемлекеттік сатып алулар ашық түрде өтетін болғандықтан мемлекет шығыны азаяды. «Үкімет-бизнес» модулі қалыпты процедуралардың бірі декларация немесе несиені рәсімдеуді ғана жеңілдетпейді, негізгі оның функциясы - қысқарту, жеделдету және үрдісті автоматтау арқасында азаматтарға өзінің жеке бизнесін құруға мүмкіндік береді. Өйткені жеке капитал тек экономика, әлеуметтік, мәдениеттің, техниканың және ғылымның дамуы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің дамуы үшін негізгі күш болып саналады.
  • Мемлекеттік басқару ұйымдарына негізделген компонент: (халықаралық термин бойынша G2G) АКТ көмегінің арқасында әртүрлі мемлекетті басқару органдарының біртұтас корпоративтік желідегі деректерінің интеграциясына, құжат айналымын оптимизациялау мен шешімдерді қабылдау және олардың орындалуының механизмін арттыру мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінің жоғарылауына әкеледі.

Осы үш модуль азаматтардың, топтардың, қоғамның әлеуметтік белсенділігін арттырады. Жүйе іске асқан сайын бюрократия азаяды, кезекке тұрып, қағаз жинау жойылады, азаматтардың апталар, айлар бойы  жасайтын рәсімдеу жұмыстары минуттар яки сағаттарда бітетін болады. G2C модулі  жалпы портал арқылы қажет құрылымның бетіне оңай шығуға мүмкіндік береді,   G2B модулі келісім мен лицензияларды, несие және жеңілдіктерді,   G2G модулінің ресурсының формаларын толтырып, уақыт кетірмей-ақ қажет мамандарға шығып оңай жүзеге асыруға болады. Әркімнің өзінің жеке әлемінде, электронды интерфейспен жабдықталған, керек сұрақтарының шешімін табу үшін  керемет жағдайлар.

Басқа модулдердің де бір-біріне әсері  қалмайды (дербес жағдайда, В2В(бизнес бизнеске), В2С (бизнес азаматқа), С2В (азамат бизнеске).Бұл электронды үкімет модулі емес, ақпараттық – коммуникациялық технологияның көмегімен, адамның біліміне, шығармашылығына негізделген мүмкіндіктері арқылы әлеуметтік формадағы-ақпараттық қоғамға негізделген.

Информация о работе Қазақстанның электрондық үкімет» порталынан е-қызметтерді алу