Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 17:29, лекция
Студенттерді ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерімен, мемлекеттік органдарда ақпараттандырудың қазіргі жағдайының анализі мен бағдарламаны iске асыру тетiгі және оның негізгі бағыттарымен таныстыру. Экономика мен мемлекетті басқарудың тиімді жоғарылауы жаңа технологиялар аумағында мамандарды дайындауды арттыру мен сауатты тұтынушыларды дайындауды кеңейту.
Жоғарыдағы айтылғандардың барлығы мекемелердің жұмыстарынң тиімділігін жоғарылатуға, өңделген өтініштердің санын жоғарылатуға, салық жинауда және т.б. әсерін тигізеді.
Порталдың келесідей программалық-
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметтің порталы (www.e.gov.kz) 2006 жылдың 12 сәуірінен бастап жұмыс жасайды және азаматтар мен бизнеске қатысты 900-ден артық ақпараттық қызмет көрсетеді. Порталда ақпараттық қызметтер үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Қазақстанда порталдың көмегімен азаматтар мен ұйымдар үшін мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде ақпараттық айналым оптимизациясы жүзеге асырылған.
Веб-порталды қолданушылар екіге бөлінеді:
Бұл түрге жататын қолданушыларға веб порталдың барлық беттерін шолуға мүмкіндік беріледі, бірақ жеке беттерге кіруге құқықтары жоқ.
Жеке бетке кіру мүмкіндігіне ие болу үшін, веб-порталда тіркелу рәсімінен өту қажет. Жеке бет азаматтарға электронды поштаның, күнтізбелік жоспар, тарату, байланыс қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Электрондық үкіметтің веб-порталына барлық мемлекеттік органдар, сонымен қатар, азаматтарға және бизнес-құрылымдарға қызмет көрсететін: «Қазақстан Темір жолы», «Қазақтелеком» және т.б. жеке компаниялар енді. Порталдан мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар, мемлекеттік органдарға арыз түсіруге, жеке куәлік құжаттарын алуға және ауыстыруға барлық транспорт түрлерінің қозғалыс кестесін алуға, жүргізуші куәлігін және т.б. ақпараттарды алуға болады. «Электронды үкіметтің» веб-порталы мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципі бойынша ұсынудың басқару механизмі болып табылады. Веб-порталды құрудың негізгі мақсаты азаматтардың және бизнес құрылымдардың қажеттіліктерін өтеуге мемлекеттік органдардың электронды қызмет көрсетулерінің бірыңғай нүктесі болып табылуында. Азаматтарға ақпараттық қызметтерді алуға және іздеуде үлкен жеңілдіктер жасау мақсатында әртүрлі топтамалар берілген: ақпараттық қызметтер веб-порталда адамның негізгі өмір циклдарына топтастырылған: балалық шақ, оқу, жастық, жанұя, жұмыс, кәрілік және бизнес-құрылымдары: жоспарлау, ашу, ликвидация. Порталда ақпараттық қызметтерден басқа «Электронды пошта», «Байланыс сервистері», «Күнтізбелік жоспарлау сервисі», «Жазылу сервистері» сияқты сервистерде қарастырылған. Менің порталым деген электронды поштаның, берілгендер байланысын, күнтізбелік жоспарлау, виртуалды қабылдау сервистерін пайдалана алатын, тіркелген қолданушыларға арналған, жеке бөлім құрылған. Жеке сервистерді пайдалану үшін тіркелу қажет, ол үшін идентификатор ретінде жеке бірыңғай сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, сосын ол «Жеке тұлғалар» деп аталатын мемлекеттік мәліметтер қорында сақталатын ақпаратпен салыстырылады. Сонымен бірге порталда мемлекеттік органдардың азаматтарды виртуалды қабылдауға арналған сервистері қызмет көрсетеді. Электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану берілген сұраныстың бүтіндігі мен авторлық құқығына сенім береді.
Бұл үшін арнайы Редакциялар алқасы құрылған, барлық мемлекеттік органдардың жұмысын білетін және материалдарды жинай және көрсете алатын адамдардан құрылған. Редакциялар алқасы күнделікті мемлекеттік органдардың функциясының талдауы бойынша берілген заңнамаларды оқытумен, өмірде болып жатқан әртүрлі сферадағы оқиғалармен жұмыс жасап отырады және веб-порталда жариялайды.
Қазақстандықтармен портал қалай жұмыс жасайтынын мемлекет басшылығының Интернет-диалогы көрсетті. Онда ол секундына 3,5мың қолданушыларды техникалық ақаусыз көтерді. Қазіргі уақытта электрондық үкіметтің сайтын қолданатын қолданушылар саны 7 мың адамға жетті. Электрондық үкіметті құру үшін ену бағдарламасын жасаса жеткілікті. Ол үшін компьютерлік сауаттылығы бар және АКТ енетін қатынасы бар, мемлекеттің кез келген географиялық нүктелерінде е-үкіметпен қарым-қатынас жасай алатын адамдарды дайындау қажет. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерді оқыту бағдарламасы бекітілген. Болашақта мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылданғандардан компьютерлік сауаттылығы бар деген сертификат сұралады, бұндай сертификаттары бар азаматтарға үй компьютерін алуға көптеген жеңілдіктер болады. 2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасында анықталғандай, Интернет ресурстарына азаматтардың теңсіз қолжетімділігі арқылы барлық дүниежүзіне, басқа да мемлекеттерге шығу мүмкіндіктерін алады.
Э-мемлекет, яғни электрондық үкімет дегеніміз мемлекетті басқару жүйесін жеңілдету, қолайлыландыру, әсерлілендіру, мемлекет пен азаматтар тұрғысынан шығындарды азайту мақсатымен әлемнің дамыған елдерінде соңғы жылдары қарқынды түрде қолданылып жатқан жүйе. Бұл жүйені дамыту үшін Батыс елдері үлкен қаржы жұмсауда. Азаматтар компьютерлік іздеу арқылы интернетте мыңдаған мемлекеттік веб сайттарды табуда. Бұл кем дегенде 6,600 транзакцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні америкалықтар мен еуропалықтар мемлекеттен несие алу үшін интернеттегі сайттарға кіріп, қажетті анкеталар мен формаларды толтырып, құжаттарды тапсыру мүмкіндіктеріне ие. Елімізде де электронды ортаны пайдалана отырып, мәселен интернет арқылы сауда –саттық жасағандай құжаттарды неге жібермеске? Мемлекет органдарының жұмыстары мен талаптарын білу, азаматтардың сұрақтарына жауаптар беру үшін интернетті неге пайдаланбасқа? Дамыған мемлекеттерде азаматтар үйде, жұмыс орнында отырып тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Халықаралық саудадағы интернет арқылы жасалған операциялардың мөлшері күнбе-күн өсуде. Мыңдаған сайттардың орнына енді негізгі бірақ сайт арқылы барлық қызметтерге он-лайн қол жеткізуге болады.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық веб тораптары бұрын адамның мекемеге өзі баруы арқылы ғана шешілетін көптеген процестерді интернетке көшіруге мүмкіндік беретін, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс қимыл жасасу құралына айналуға тиіс. «Электрондық үкіметтің» басты элементі ақпараттың қорғалуының кепілді деңгейі және осы мақсатқа орай куәландыру орталықтарын құру болып табылады. Бұл орталықтар пайдаланушының жеке басын айқындауды қамтамасыз етуге тиіс. Бүгінде осы мақсаттар үшін парольдер, цифрлық сертификаттар және смарт-карталар пайдаланылады. Мемлекеттік органдардың құратын веб тораптарында пайдаланушылардың жеке басын айқындайтын және нақтылайтын, іздестіретін, сондай-ақ кері байланыс жасайтын құралдары болуға болуға тиіс, сөйтіп, заманға сай интернет-портал болулары керек. Куәландыратын орталықтар азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимыл жасауында олардың құпия қалуларын, жеке бизнестің коммерциялық құпияны сақтау құқығын қамтамасыз етулері керек.
Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы: - 20 мин
Жұмыстың практикалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің практикалық жұмыстан алған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды және оның практикалық қолданылуын сұрайды.
Соңғы білім деңгейлерін бақылау -20 мин
Оқытушы студенттердің практикалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын тексереді. Тақырыпты сараптай отырып бақылау сұрақтарын жүргізеді. Компьютерде сауалнама тапсырады.
Бақылау
Сұрақтар:
Әдебиеттер:
О. Андронова olga@ci.ru, А. Николаев, alnik@eureca.ru
общества в России. Том 1.Теория и практика: Спб.:Изд-воСПбГУ, 2001.
Соңғы білім деңгейлерін бақылау -10 мин
Оқытушы студенттердің біліктілік
пен құқылық жұмыс
Сауалнамалар: «Мемлекетті басқарудағы ақпараттық технология. Қазақстанда ЭҮ дамуы» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.
3 беттің беті
Информация о работе Қазақстанның электрондық үкімет» порталынан е-қызметтерді алу