Қазақстанның электрондық үкімет» порталынан е-қызметтерді алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 17:29, лекция

Описание работы

Студенттерді ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерімен, мемлекеттік органдарда ақпараттандырудың қазіргі жағдайының анализі мен бағдарламаны iске асыру тетiгі және оның негізгі бағыттарымен таныстыру. Экономика мен мемлекетті басқарудың тиімді жоғарылауы жаңа технологиялар аумағында мамандарды дайындауды арттыру мен сауатты тұтынушыларды дайындауды кеңейту.

Файлы: 1 файл

практика теория каз.doc

— 201.00 Кб (Скачать файл)

Кейбір мемлекеттерде азаматтар Интернет арқылы, мысалы, автотранспортын тіркеуге, жүргізуші куәлігінің лицензиясын ұзартуға, кезекке тұрмай-ақ салық төлейтін мекемелерге бармай-ақ салық төлеуге болады. Бұл азаматтарды басқару процестеріне және саясатқа деген көзқарастарының өзгеруіне алып келеді. Қоғамда бюрократияның позияциясы әлсірейді, коррупция азаяды, іс жүргізу құжаттарының айналымы мемлекеттік машинаның қатардағы функциясы болып қалады. Дәстүрлі басқарудан электронды басқаруға өтудің ақырғы стадиясы бұл кез келген басқару ақпараттарын табуға болатын бірыңғай веб-порталдың бар болуымен сипатталады. Барлық басқару қызметтері он-лайндық тәртіпте және әкімшілік жағдайда  электронды түрде, яғни қағаз түрінде болмайды. Мамандар электронды үкіметтің бұл стадиясын практикалық түрде мүмкін емес деп ойлайды. Осы стадияға жетуге екі мемлекет (Ұлыбритания және Сингапур) ұмтылуда.

 

Бағдарламаны іске асыру  келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын: 
     Бірінші кезең – ақпарат тарату.      

Жобаның бұл  кезектегі мақсаты – барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық көздеріне бірегей қолжеткізуді қамтамасыз ету және өмірлік және бизнес оқиғаларына негізделіп азаматтар мен ұйымдардың мұқтаждықтарына бағдар жасау.  
    Бірінші кезеңде ЭҮ инфрақұрылымының компоненттерін құру үшін іс шаралар жүргізу, ЭҮ Мемлекеттік бағдарламасындағы жүргізілетін жоспарларға сәйкес АКТ саласында стандарттарды  және нормативті-құқықтық құжаттарды енгізу мен өңдеу.

Берілген кезеңде  әрбір ведомство азаматтар мен  дербес секторларға және оларды құрайтын технологияларға желілік қызметтердің тізімін анықтау керек.

МДҚ «Жеке тұлға» мен Электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесіне эксплуатация тәжірбиесінің  нәтижесі бойынша қабылданған шешімдерге талдау жасау қажет. Сәйкестендіру  жүйесі жобасын өңдеу, «Жеке тұлға» мәліметтер қорын енгізу үшін жүргізілетін іс-шаралар, 20 мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ дамуы және өндірістік эксплуатация жоспарлануы керек.

Бірінші кезең  үкіметтің интерактивті ұйымы азаматтар  мен ұйымдардың өзара қарым қатынасын, министрлік пен ведомстволардың, ЭҮ порталын құру жұмыстарын, Үкіметтің веб-сайттарының дамуын жалғастырады.

Мемлекеттік органдар қарапайым интерактивті қызметтерді  ұйымдастыруы және көлемді ақпараттарды беруі керек. Мысалы, берілген критерии негізінде мемлекеттік ұйымның мәліметтер қорыннан жұмыс іздеу, азаматтар мен дербес секторлардың мемлекетпен өзара қарым қатынасы үшін қажет әртүрлі түрдегі құжаттарды электронды түрде беру мүмкіндіктеріне ие болады.

Бұл қызметтер  үшін жауап қайтарымы қажет емес. Бұл кезеңде электрондық құжаттарды қолдана білу мәселелері шешіледі.

Берілген кезең  инфрақұрылымды дамыту және ақпараттық теңсіздік ликвидациясы үшін жүргізілетін іс шараны көрсетеді.

Қоғамда АКТ  пайдалану болып күнделікті өмірдегі АКТ пайдалануда жұртшылықтың даярлық  деңгейі түсіндіріледі. Осы бағыт қоғаммен Интернетті пайдаланудың қол жетімділігі, оны пайдаланудың деңгейі, оның ақпараттық ресурстарын сипаттайды. Осы бағыты қоғамда АКТ пайдалану болып табылады. Білім саласында АКТ пайдалану болып білім мекемелерінде оны пайдаланудың дәрежесі түсіндіріледі.      

Екінші кезең  – Интерактивті  транзакциялық қарым-қатынас.     

Жобаның бұл  кезектегі шеңберінде азаматтар  мен мемлекеттік органдардың  арасында екіжақты байланысты қажет  ететін қызметтерді, сонымен қатар  қолданышуларды авторландыру яғни интерактивті қызметтерді ұсыну мақсатында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастық жасау жобалануда.

Бұл кезеңде  ЭҮ порталы арқылы қолданушының жеке қызметтерін қажет ететін азаматтар  мен ұйымдарға, қаржылық және заң  операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.   

Бұған лицензия мерзімін ұзарту, оқыту курстарына жазылу және айыппұл төлеу операциялары жатады.  Бұл кезеңде мемлекеттік мәліметтер қорын ұлттық сәйкестендіру жүйесіне дейін дамыту, E-қызмет көрсетулердi тұтынушыларды дәлме-дәлдiкке келтiру тетiгiн құру ақпарат алмасу кезiнде сенiмдi қарым-қатынастар тiзбегiнiң көмегiмен электрондық цифрлық қол қою тетігiн пайдалануға мүмкiндiк беретiн ашық кілттер инфрақұрылымын енгiзу есебiнен қамтамасыз етілетiн болады.

Осылайша, ЭҮ порталы берілген кезеңде қолданушыларды мамандармен және аутентификациямен қамтамасыз ету, телекоммуникацияның барлық (Интернет, электронды пошта, мобильді хаттама WAP және т.б.) керек құрылғылардың көмегімен ену  механизмі.

Ұйымдастыру кезеңінде ерекше көңіл аударатын жер, ақпараттық теңсіздікті жоюға бағытталған шара ол жоғарғы оқу орындары, мектептер, компьютерлік курстар мен білімді жетілдіру курстары үшін ЭҮ тің элементтерін пайдаланып оқу бағдарламаларын құру. 
 Мемлекеттік органдар үшін бірыңғай көліктік орта құру, «Заңды тұлғалардың» енуіне байланысты, мемлекеттік мәліметтер қорының ақпараттық жүйемен өзара қарым қатынасын қамтамасыз етуі мен бірігуі-Ұлттық сәйкестендіру жүйесін құру жұмыстары жалғастырылуда.     

Үшінші кезең  – Транзакциялық кезең

Үшінші кезеңнің мақсаты – веб порталдың төлем  шлюзі мен банктік ақпараттық жүйелерімен ықпалдасуы арқасында  мемлекеттік қызметтерді қолдану  кезінде қаржы транзакцияларын  жүзеге асыру мүмкіндігі.

Бұл кезеңде  азаматтар өздерін қайта -қайта  куәландырмай –ақ, бір қызметтен екінші қызметке ауыса беруге болатын порталдар енгізіледі.

Тиімді қарым- қатынас нәтижесінде мемлекеттік  мәліметтер қоры интерактивті бола алады  және бір- бірімен ақпарат алмаса алады.  Ақпараттар мен қызметтер, өмір жағдайларына байланысты тақырыптық топтастырылған және сол бойынша адамдарға беріледі. Бұл  кезең дәстүрлі үкіметтен «электронды» үкіметке ену үрдісін аяқтайды.       

Бұл кезеңде  мемлекеттік органдар үшін бірыңғай көліктік орта, Ұлттық сәйкестендірілу жүйесі сияқты жобаларды ұйымдастыру аяқталады.

“Төлем шлюзі” – бұл Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған “Электрондық үкіметті” қалыптастыру мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іске асырылатын «Электрондық үкімет» инфрақұрылымының бастапқы құраушысы. 

Қазақстан Республикасының Үкімет органдарының веб-сайттары:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Канцеляриясы           http://www.government.kz 
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі                        http://www.mfa.kz 
Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі                          http://www.mod.kz

Қазақстан Республикасының Ішкі істер  министрлігі                              http://www.mvd.kz

Қазақстан Республикасының Денсаулық  сақтау министрлігі                http://www.mz.gov.kz

Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрлігі                http://www.edu.gov.kz

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі     http ://www.nature.kz Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі              http://www.minagri.kz

Қазақстан Республикасының Көлік  және коммуникация министрлігі  http://www.mtk.gov.kz Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

http ://www. enbek.kz 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі               http://www.minfin.kz

Электрондық үкіметті қалыптастырудың  бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және тарату. 
Екінші кезеңі - мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.  
Үшінші кезеңде - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету. 
Төртінші кезеңде - ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру. 
Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып 2 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы қалыптастырылып, базалық құрамдас бөліктері құрылды: веб-портал және шлюз, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталықтары, бірыңғай көлік ортасы. 
Сонымен қатар, 2007 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға енгізілді.  Веб-портал арқылы мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды. 
2007 жылы  электронды үкіметті дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасында  электрондық үкіметті қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту мақсаттары алға қойылды, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерінің сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында электрондық үкіметтің құрамдас бөліктерін дамыту;   
Үшінші кезеңнің алғышарты транзакциялық кезеңде «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ құру болды. Бұдан былай кәсіпкер кеңсесінен шықпай тендерлерге қатыса алады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында электрондық қалыпта баға ұсынымдары арқылы жүзеге асатын болады. 
2009 жылы кәсіпорын субъектілеріне арналған «Е-лицензиялау» жобасын ендіру басталды. Бұл кәсіпорындардың лицензия алу барысындағы үдерістерді жеңілдету және лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыру. Е-лицензиялау – лицензия алуға өтінім берген адамның, оның өтінімін қарау жолындағы үдерістің барлығын бақылауға мүмкіндік береді. Мұның барысында өтінімді қарастырып жатқан адаммен өтінімді жіберген адам арасындағы қарым-қатынасқа жол берілмейді. Ол сыбайлас жемқорлық саласындағы үлкен тиімділікке ие.  
Мемлекеттік бағдарламаның өңірлік бағыттары қоса дамуда. Өңірлерде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі ендірілді, 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық әкімшіліктер электрондық құжат айналымының жеделдігін пайдалануда. 5 таңдалған қызметке «Электрондық әкімдік» жүйесінің түп тұлғасы әзірленіп, Павлодар облысының әкімдігіне тәжірибелі пайдалануға ендіру жүргізілді.  
2009 жылдың желтоқсан айында «Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе «е-нотариат» жобасының Астана қаласы бойынша пилоттық өндірістік пайдаланылуға қосылды, оның мақсаты нотариалды іс-әрекеттер туралы есептің уақтылы және нақтылы болуын және нотариустардың тиімді жұмыстарын олардың ҚР Әділет министрлігімен, республикалық және өңірлік нотариалды палаталармен өзара іс қимылдарын қамтамасыз ету.  Өз кезегінде халыққа сапалы, құқықты нотариалды қызметтер ұсынылады. Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйені республиканың барлық өңірлеріне ендіру 2010-2012 жылдарға жоспарлануда. 
Жоғарыда баяндалғаннан еліміздегі электрондық үкіметтің қарқынды дамуын көреміз. 2010 жылы Қазақастан Республикасындағы электрондық үкіметтің дамуына Біріккен Ұлттар Ұйымымен жоғары баға берілді. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік даму департаментімен дайындалған, электрондық үкіметке жахандық дайындық рейтингісінің жыл сайынғы деректеріне сәйкес, Қазақстан соңғы жыл ішінде әлемдік рейтінгідегі 81 орыннан Ресейді (59 орында),  Беларуссияны (64 орында) және Украинаны (54 орында) артта қалдырып қарқынды түррде 46 орынға көтерілгендігі айғақ.  
Елімізде е-үкіметтің қызметтерін пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалар) саны 70 мыңға жуық тіркелген. 
Азаматтардың мемлекеттік электрондық жобаларға қатысуы «электрондық қатысу» (e-participation) көрсеткіштері бойынша жіктеуіште Қазақстан елі 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда (106 орыннан) 18 орынға көтерілген.

«Электрондық мемлекет» термині - e-Government ақпаратты өңдеу, жіберу және таратудың электронды құралдары негізінде (Интернет, телефон, факс, кіру орталықтары, желісіз құрылғылары және басқа коммуникациялық жүйелер.) мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру.

Мемлекеттік басқару концепциясы  ақпараттық–коммуникациялық технология мүмкіндіктеріне және ашық азаматтық  қоғамның бағалануына бағытталған  ақпараттық қоғамға арналған. Электронды үкіметтің функцияларының анықталған аспектісін бейнелейтін болғандықтан, әр қағида ақиқат. Осы терминнің келесі кейбір талқылауларын қарастырамыз. Сонымен электрондық үкімет келесі түрде анықталады:

  • Ақпаратты өңдеу, жіберу және таратудың электронды құралдары негізінде мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға (зейнеткерлер, жұмысшылар, бизнесмендер, мемлкеттік қызметкерлер және т.б.) электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолдануымен мемлекеттік билік пен қоғамның ақпараттың өзара әсерлесуін білдіретін метафора.
  • Негізгі міндеттері келесідей болып табылатын автоматтандырылған мемлекеттік қызмет орындары: барлық қажетті мемлекеттік ақпаратқа азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету, салық жинау, жол көліктері мен патенттерді тіркеу, қажет ақпарат беру, келісімдер жасау және мемлекет аппараттарына керекті жабдықтарды жеткізу. Бұл шығындардың төмендеуіне және мемлекет аппаратының қызметін қаржыландыруға кеткен салық төлеушілердің қаржысын үнемдеу, басқару органдары қызметінің айқындылығы мен ашықтығын ұлғайту. Мемлекет басқару органдарында жаңа, соның ішінде интернет технологиялар қолдану.

 

Бірақта финалдық стадияға жете алмаса да электронды үкімет басқару үшін де, қоғам үшін де өзінің артықшылығы бар.

2003 жылдың  7 қаңтарында ҚР-да  е-үкімет заңнамасы негізінде  «Электрондық құжат және электрондық  цифлық қолтаңба»  деген заң  қабылданды. Нормативті –құқық негізін қалыптастыру мақсатында мемлекетімізде «электрондық үкіметке» енуі үшін «Ақпараттандыру туралы» және «ҚР-ның ақпараттандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу туралы» деген жаңа заң жобалары өңделді. Өңделген заң жобаларының негізгі мақсаты «электрондық үкіметті» қалыптастырудың негіздері және электрондық қызмет көрсетулер. 

Бұл бағыттың негізгі шараларының  мақсаты барлық салада экономикада, жергілікті басқаруда азаматтар  мен ұйымдардың және мемлекеттік  билік органдарының өзара қарым-қатынасында АКТ кеңінен қолдану болып табылады. Берілген бағыттағы шара АКТ-ны барлық салаларда және қоғамдық өмірде кеңінен қолдану. Бұл:

    • барлық бағыттағы ақпараттық жүйелерден ақпарат алуға әрбір азаматтың құқығын қамтамасыз ету,
    • мемлекеттік басқаруда және азаматтық-құқықтық салада құжаттарды электронды цифрлық үлгіде қолдануда жағдайын жасау;
    • ақпаратты тарату жоолдарында аумақтық және ведомстволық барьерлерді ликвидациялау, Қазақстан территориясында бірыңғай ақпараттық кеңістікпен қамтамасыз ету;

Бұл бағыттың негізгі мақсаты ақпараттың көлемін кеңейту және азаматтар  мен мемлекеттік билік ұйымдарының  субъектілерінің және жергілікті басқару  ұйымдары, қоғамдық бақылау механизмін қалыптастырудағы ақпараттық қызметтер  тізімін құру болып табылады.

АКТ қолдану барысында мемлекеттік  билік ұйымдарының жұмыстарын ашық ақпарат көлемін кеңейту және азаматтар ақпараттық жүйелерден осы  ақпараттарды алуға оның ішінде заң  жобалары, бюджеттік үрдіс, мемлекеттік  қажеттіліктер үшін алынатын сатылымдар, мемлекеттік жеке меншіктерді басқару, ваканттық орындарға байқау сияқты мүмкіндіктер жасау.

Кез келген мемлекетте электрондық  үкіметті енгізудегі негізгі төрт буын:

  1. Электронды порталдар құру.
  2. Халықты компьютерлермен қамтамасыз ету.
  3. Интернетке қолжетімділігін арттыру.
  4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету.

Үкімет порталдарын  құру-адамдарға қажетті ақпаратты алуына және туындаған мәселесін шешуге арналған мекемелердің қарапайым және тиімді тәсілі.

«Портал» деген техникалық термин, сайтты пайдаланғанда «бірыңғай кіруді» білдіретін, барлық интерактивті сервистар мен қажетті ресурстарға, керек ақпараттарды алуға, кейбір мәселелердің шешімін табуға немесе азаматтардың қажеттіліктерін өтеуге арналған тез және қарапайым қатынас.

Мемлекеттік порталдарды құрудағы экономикалық тиімділіктерді қарастырамыз:

  1. Парақтарды және құжаттарды басуда шығындарды азайту, жұмыс алаңдарын үнемдеу (электронды құжаттарды сақтау аз орындарды алады), телефон байланыстарын және пошталық жіберілімдерге төлемдерді азайту (құжаттар Интернетте болуы немесе электронды пошта арқылы жіберілуі мүмкін).
  2. Ақпаратты іздеу, анықтамаларды дайындау, есептер, шешімдерді дайындау, телефон байланыстары, келушілерді қабылдау, әртүрлі ситуациялардағы келісімдер мен қателерді жөндеу сияқты типтік операцияларды орындау уақытын азайту(жұмыс уақытының 75% азаматтарды қабылдау үшін кететін қызметкерлер үшін).
  3. Нормативті материалдарды тарату қажеттіліктері, құжат үлгісінің өзгеруі,  азаматтардың шешімдерін және билік органдарының позицияларын қолдауға бағытталған,  әртүрлі арнайы белгілемелерге байланысты өткізілетін шараларға қатысты бюджет шығындарын азайту.
  4. Мемлекеттік сатылымдарды алудағы үрдістердің тиімділігін жоғарылату.

Информация о работе Қазақстанның электрондық үкімет» порталынан е-қызметтерді алу