Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 14:43, курсовая работа
Видеоадаптердің негізгі бөліктері: видеожады мен дисплейлік процессор. Шығарылатын бейне видеожадыда қалыптасады, ал дисплейлік процессор жаңағы қалыптасқан бейнені оқиды да, монитолр жұмысын басқарады. Видеожадыға екі процессор кіре алады:
орталық процессор;
дисплейлік процессор;
Орталық процессор видеоақпаратты жазады, ал дисплейлік процессор оны оқиды да мониторға береді. Видеожадыда әрбір нүктенің түсін анықтайтын кодтардың тізбегі болады. Видеоадаптер екі түрлі режимде жұмыс істей алады:
текстік;
графиктік.
Кіріспе………………………………………………………………............
3
І
Графиктік редакторлар
1.1
Графиктік редакторлардың түрлері және олардың
сипаттамалары....................................................................
8
1.2
Векторлық редакторлар.....................................................................
15
1.3
Растрлық редакторлар........................................................................
19
II
Corel Draw графиктік редакторын мектепте оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету
2.1
Corel Draw графикалық редактордың негізгі принциптері мен ерекшеліктері..........................................
24
2.2
Corel Draw графикалық редакторымен алғашқы
жұмысты бастау..................................................................................
28
2.3
Corel Draw программасының құралдар тақтасы, қасиеттері, интерактивті құралдармен бірлесе пайдалануы..............................
33
2.4
Corel Draw графиктік редакторында график және
текстпен жұмыс істеу.........................................................
45
Қорытынды………………………………………………………………...
58
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................
61
Қосымшалар......................................
Кейбір растрлық форматтарды тек қана статикалық графикадан құрылуы мүмкін емес, сонымен бірге динамикалық мультимидиялық графикадан да құрылады. Бұл мысалға, GIF форматы интернетте кең түрде қолданылады. Әртүрлі файлдарды қарастыру үшін әдетте әмбебап программалар қолданылады, мысалы: ACDSee. Программа көптеген танымал форматтарды қолдайды және суреттердің каталогін көруге, бейнені масштабтау, файлды баспаға шығару, бейненің сипаттамасын көруді қолдайды. Жеке-жеке келетін болсақ:
BMP өсімшесі бар файлдарда (BitMapMassiv) растрлық графикалық ақпаратта сақталады.(Бұл типтегі графикалық редактор жұмыс істейді).
JPG және GIF өсіимшесі бар файлдар
графикалық ақпаратты бар
PCX. PIG өсімшелі файлды суреттер бар. Олар Paintbrush- та графикалық редакторлерында құрылған psd өсімшелі өзінің файлына графикалық редактор Photoshop- береді.
Windows Meta Format- тағы суреттер (Clip Art форматы жиі кездеседі) wmf өсімшелі форматқа жазылған. Cdr өсімшесі өзінің файлына Corel Draw графикалық редакторын береді. Егер дискіде WWW- дың беті сақталса, онда олардың өсімшелері ретінде болады.
Графикалық ақпаратты шығару кезінде экрандағы бейне нүктелерден құралған (синоним: пиксель (ағылшынша picture element)) нүктелер (растр) жоғарыдан төмен және кестені солдан онға қарай номерленеді де, нольден (Кумир) немесе бірден (Паскаль, Бейсик) басталады да тікбұрышты құрайды. Әрбір нүктенің анықталған түсі болады. Ол түс алдын ала орнатылған түс көлемнен таңдалады. Сол бір компьютерде нүктелер саны мен түстер көлемінен жұмыс істеу процесінде өзгертуге болады да, ол компьютердің комбинациясымен қарастырған. Мұндай комбинация графикалық режим деп аталады.
Растр өлшемі 320х200 пиксельден 640х480 пиксельге дейін режимге тәуелді өзгереді. Ол түстердің саны 256- дан төртке дейін өзгереді. Сапалы режимі болатын компьютерлер бар мысалы, растр 1280х1024, түстер он алты миллионнан асады. Графикалық пакет немесе графикалық модуль деп аталатын көмекші алгоритм жиынының көмегімен графикалық шығару жүзеге асырылады. Мұндай пакеттер өзіне мұндай келесі командаларды инициализациясы (жұмыс басы).
Графикалық файлдардың форматы графикалық ақпаратты ерекшелендіреді. Графикалық ақпарат векторлық сызықтар немесе пиксельдік (растрлық) матрица түрінде ұсынылуы мүмкін. Кейбір форматтар тек векторлық немесе тек растрлық бейнелерді қолдайды.Сол уақытта көптеген форматтар бір файлда мәліметтердің екінші типін қолдануға болады.
Ақпараттық үлкен бөлігін адамдар көру ағзасы арқылы қабылдайды. Сондықтан да графикалық ақпаратты өңдеу (синтез, талдау және бейнелерді өңдеу) ғылыми зерттеулердің, инженерлік және дизайнерлік шешімдердің, ақпараттық және бағдарламалық және бағдарламалық құралдардың - қарапайым редакторлардан күрделі бағдарламалық кешендерге дейін (Corel Draw,Adobe Photoshop) – көлемді қатпарын құрайды.
Графикалық редактор-графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кездегі нүктелік ( немесе растралық ) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бояла алады.
Осы орайда мына жайды айтып өту керек, қуатты графикалық өнімдердің бай функционалдық мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылу осы жүйеге деген оп-оңай тәуелділікке және уақытты тиімсіз пайдалануағ соқтыруы мүмкін. Графикалық материалдарды пайдалану қажет бола қалса, онда оны шешудің белгілі және қарапайым жолдарын табу керек. Бұл ерекше маңызды, өйткені күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей, бірегей иллюстрацияны дайындау процесі, айналып келгенде, жалпы жұмыстың көп бөлігін алып кетеді.
Компьютерлерде пайдаланылатын барлық бейнелерді үш үлкен топқа бөлуге болады: 2В –графикасы (мұнда тегіс бейнелер жасалады), SD-графикасы (үш өлшемді бейне) және анимациялық графика. Бейнелер көбіне –көп арнайы құралдарда –графикалық редакторларда жасалады да, графикалық пішімдердің файлдарында сақталады.
Графикалық файлдың сыртқы құрылғыда бейнелеу көрсетімі, яғни өлшемі, шешімі, сығымдау дәрежесі, әдісі және т.б. болады, сонымен бірге әр графикалық редакторға арналған арнайы ақпаратты сақталады. Мысалы: Corel Draw-қисық түзілімдер туралы, Adobe Photoshop – қатпалар, арналар және т.б. туралы ақпараттар. Әр графикалық редактор сақтаушыға жазған кезде бұл ақпаратты белгілі түрде кодтайды. Графикалық файл пішімі дегенді бейнелеу және оны файлға жазу туралы ақпараттың жиынтығы деп түсіну керек. Жалпы алғанда, барлық графикалық пішімдерді екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі - жалпы белгіленген пішімдер. Мұнда бейненің өзі, сондай-ақ сақтауға, көшіруге немесе көруге арналған бейнелер (gif,tiff,jpeg және басқалар) болады. Екіншісі-бейнелерді редакцииялаудың аралық нәтижелерін сақтауға арналған ерекше пішімдер.
Графикалық файлдар өлшемі үлкен болады, сондықтан оларды әдетте сығымдайды (буады). Қазіргі уақытта сығымдаудың екі әдісі (сапалы және сапасыздау) бар. Сапалы сығымдау алгоритмдерді архиватор алгоритмдеріне (arj, pkzip) ұқсас және gif және tiff пішімдерінде пайдаланылады. Сапасыздау сығымдау алгоритмдері адам қабылдай алмайтын ақпаратты сырып тастайды (jpeg) бірақ сығымдаудың едәуір жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді.
Іскерлік саласында графикаға деген қажеттілікті негізгі үш бағытпен шектеуге болады. Олар: құжаттардағы графика (иллюстрациялар, диаграммалар, ұсыну көрсетудің тиімді түрі), мультимедиа-презентация графикасы (фон, заставка, динамикалық графикалық объектілер) және бағдарламадағы графика (пиктограммалар, заставкалар және т.б.)
Көптеген графикалық объектілерден бірнеше негізгі түрін бөліп алып, оларды дайындаудың кең тараған және күрделі емес құралдарын қарастыралық.
Практикалық тапсырмалардың көпшілігі үшін арнайы бағдарламалар кешенін пайдалану тиімсіз, өйткені:
- күрделі өнімдермен жұмыс істеу әдетте оларды игеру үшін едәуір күш-жігер жұмсауды қажет теді. Бұл өнімдердің тез дамуы және өзгеруі салдарынан оны тиімді пайдалану тек тұрақты жұмыс істеуші маманға ғана мүмкін болады;
- қуатты пакеттер (мысалы: Corel Draw) компьютер ресурстарының едәуір бөлігін пайдаланады. Оларды тек графикалық жұмыс станцияларында тиімді пайдалануға болады:
- әдетте мұндай пакеттер көптеген қосымша бағдарламалармен қоршалған, олар “тұйықталған әлем” сияқты, кез келген адам ене алмайды;
- графикалық объектінің ерекше пішімін пайдалану оны тиісті бағдарламамен қамтамасыз етілмеген басқа компьютерлерге өткізуге мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, бір иллюстрацияны дайындау кілтін дұрыс таңдамау салдарынан негізгі құжатқа немесе қосымшаға кететін реустан (уақыт, еңбек ЭЕМ жады, ақша) да көп ресурс жұмсалады. Сондықтан “өнімді”, яғни құжатты графикалық мүмкіндіктермен шекртелген дұрыс.
Графикалық элементтердің құжат, презентация немесе бағдарламаның сапасын жақсарту қабілеті “джентельмендік жиынтығы” көп емес. Олар мынандай:
- иллюстрациялар;
- графикалар мен диаграммалар;
Кескін
компютердің экранында
Corel Draw - векторлық программасы. Бұл поограмма көмегімен кескінді сақтау және принциптерін терең меңгере алу. Corel Draw қазіргі кезде кең тараған векторлық графикалық программалар. Жаңа үйреніп жүрген суретшілерге және кәсіби суретшілерге әртүрлі илюстрацияларды құруға көп септігін тигізді. Дербес компьютерлерде Corel Draw бейнелеу программасының “патшасы” деп айтуға болады. Corel Draw-көлемді программалардың бірі. Растрлық кескіндер мозайка тәріздес болады, олар пиксельдерден құралады. Растрлық сурет бетті шақпақ қағазға ұқсас. Онда әр шақпақ анықталған түспен боялған және нәтижесінде нүктелердің жиынтығы қандайда бір объектілерді береді .
Иллюстрациялар мен безендіру элементтерінің бір-бірінен өлшемдері ғана басқаша. Оларды жасау әдісі бойынша растрлық және векторлық болып екі топқа бөлуге болады.
1.2 ВЕКТОРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Векторлық кескін дегеніміз-сызықтар, доғалар, шеңберлер және тіктөртбұрыштар сияқты геометриялық объектілердің жиынынан тұратын кескін.
Векторлық мәліметтер – түзулерді, тік төртбұрыштарды, қисықтарды бейнелеу үшін қолданылады. Олар кілттік нүктелердің сандық түрін анықтау арқылы жасалады. Программа сызықтарды кілттік нүктелерді қосу арқылы жасайды. Компьютерлік графикада вектор термині сызық бөлігін белгілеу үшін қолданылады және нүктенің ақырлы санымен беріледі.
Векторлық мәліметтер – түзулерді, тік төртбұрыштарды, қисықтарды бейнелеу үшін қолданылады. Олар кілттік нүктелердің сандық түрін анықтау арқылы жасалады. Программа сызықтарды кілттік нүктелерді қосу арқылы жасайды. Компьютерлік графикада вектор термині сызық бөлігін белгілеу үшін қолданылады және нүктенің ақырлы санымен беріледі.
Bitmap – термині пикселдер массивін белгілеу үшін қолданылады, ал биттік тереңдік (битовая глубина) – осы пикселдің битпен немесе байтпен берілген өлшемін көрсету үшін қолданылады.
Компьютерлік графикада графиктік объектілердің орнын көрсету үшін математикалық координаталар қолданылады. Бірақ бейнелеу құрылғысы физикалық объект болғандықтан физикалық және логикалық пикселдер арасында айырмашылық болады.
Физикалық пиксель дегеніміз – бұл шығару құрылғыларында бейнеленетін шынай нүктелер. Яғни, бұл бейненің ең кішкентай элементі. Физикалық пиксельдер қандай да бір ауданды алып жататындықтан екі көршілес пиксельдердің арасына шектеу қойылады.
Логикалық пиксельдер дегеніміз – бұл орыны болатын, бірақ физикалық кеңістік алмайтын математикалық координаталар. Сондықтан, логикалық пиксельдердің мәнінің физикалық пиксельдерге бейнеленуінде физикалық пиксельдердің шынайы орналасуы мен өлшемі есепке алынуы керек.
Бейнелерді векторлық әдіспен құрағанда графикалық объектілер қарапайым элементтердің, яғни үзік сызықтардың, доғалардың, шеңберлер мен көп бұрыштардың жиынтығы түрінде көрінеді. Векторлық графикада бейнені құрайтын қисық және түрлі түсті құймалардың математикалық жазбасы бар. Оның маңызды бір артықшылығы-бейнелердің масштабы өзгере алады. Суреттің өлшемі өзгертілгенде примитивтер теңгерулері қайта есептеліп, сызықтарды құру сол теңдеулер бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде растрлық бейнелерге тән объектінің бұрмалауына жол берілмейді.
Векторлық бейнелерді қарапайым объектілер – түзу сызық, доға, дөңгелек, эллипс және т.б. Осы векторлық объектілерден әртүрлі суреттер құрастыруға болады.
3- сурет. Векторлық бейнелердің көмегімен дөңгелек, төртбұрыш, қисық сызық арқылы құрастыру
Құжаттарды немесе презентацияларды дайындау процесі кезінде синтезделетін иллюстрациялардың көбісін кең тараған пакеттердің аспаптарын пайдаланып, векторлық графиканың құралдары арқылы жүзеге асыру мүмкін.
Бұл орайда MS Word 2000-ға кірістірілген жаңа графикалық құралдар тартымды. Олар бұрынғы версияларға қарағанда едәуір жақсартылған, күрделі иллюстрацияларды тез жасауға мүмкіндік береді. Мұнда бейнелерді қосымша өңдеу (мысалы, бейнені бұру) қызметтері жұмыс істейді.
Word 2000-ға бейнелерді бабына келтіру аспаптар панелі және рамкалар қосылған, графикалық примитивтер жиыны кеңейтілген (4-сурет), бұрынғы версияларда оларды сызықтар мен доғалардан жасау көп уақытты талап етті (немесе мүлде мүмкін емес-ті).
4-сурет Word 2000-да иллюстрацияларда дайындау үшін пайдаланылатын кейбір векторлық примитивтер
Word 2000-құралдармен көптеген түрлі түсті, геометриялық, мәтіндік және анимациялық әсерлі сәндік жазбалар жасауға болады.
Кескінді берудің векторлық формасы да бар, мұнда кескіннің элементттерін нүкте түрінде әріпті-цифрлық (математикалық формулалар жиыны түрінде) информация түрінде ұсынуға болады, сосын арнайы программалармен өңдеу арқылы бастапқы кескінді аламыз.
Мысалы, сызба (чертеж). Оларды сипаттайтын мәндердің параметрлерін компьютерге енгізуге болады:
Содан кейін бұл информация арнайы программамен өңделеді (яғни суреттің әрбір нүктесінің орналасқан жерін жай ғана векторлы графикалық файлда жазылған формула бойынша есептейді) және экранда сызбаны жаңартады. Бұл элементтер дискретті болып табылады, олар өзара байланыспаған, сондықтан, суреттің сапасын жоғалтпай, олардың өлшемдерін өзгерту жеңіл.
Егер сызбаны компьютерге растрлық түрде енгізетін болсақ, онда бұл жағдайда бұл сызбаның әріпті-цифрлық информациясының берілген параметрлерінің информациялық өлшемі сызбаны компьютерге растрлық түрмен енгізгенге қарағанда жүз мың есе кіші болады. Векторрлық әдістің тағы бір артықшылығы-оған кескіннің сапасын жоғалтпай өзгерістер енгізу және үлкейту немесе кішірейту жеңіл.