Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 22:59, реферат

Описание работы

Бұл курстық жобаға түсінікте векторлық графикалармен жұмыстарға қолданылатын Corel Draw пакетінің 11-ші версиясы туралы айтылады.
Corel DrawbGraphics Suite 11 адамның қандай да болмасын шығармашылық қиялын қанағаттандыратын толық графикалық пакет. Corel DrawbGraphics Suite 11-мен иллюстрациялар, макеттер мен суреттер салу және өңдеу оңайлатылды. Бұл курстық жобаға түсінікте программаның барлық құралдары, олардың функциялары, командалары, эффекттері және де әртүрлі мүмкіндіктері туралы жазылған. Көптеген мысал суреттер құрал мүмкіндіктерін көрсетеді.

Содержание работы

Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны
1.2 Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
1.3 Adobe Photoshop программасымен таныстыру
1.4 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс
1.5 Corel Draw – векторлы графикалық редактор
1.6. HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді программалау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Corel Draw Kurs.docx

— 861.81 Кб (Скачать файл)

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Курстық жұмыс

 

 

    Тақырыбы: Corel Draw, Photoshop

Орындаған: Нуралы Нурпате

Кабылдаған: Жарлғасова Б.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

 Мазмұны

Кіріспе

1 Негізгі бөлім

1.1 Corel Draw графиктік редакторының  жұмыс істеу орны

1.2 Corel Draw графиктік редакторында  құжатпен жұмыс

     1.3 Adobe Photoshop программасымен таныстыру

     1.4  Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс

     1.5 Corel Draw – векторлы графикалық редактор

     1.6. HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді программалау                 

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бұл курстық жобаға түсінікте векторлық  графикалармен  жұмыстарға қолданылатын  Corel Draw пакетінің 11-ші версиясы туралы айтылады.

Corel DrawbGraphics Suite 11 адамның қандай да болмасын шығармашылық қиялын қанағаттандыратын толық графикалық пакет. Corel DrawbGraphics Suite 11-мен иллюстрациялар, макеттер мен суреттер салу және өңдеу оңайлатылды. Бұл курстық жобаға түсінікте программаның барлық құралдары, олардың функциялары, командалары, эффекттері және де әртүрлі мүмкіндіктері  туралы жазылған. Көптеген мысал суреттер құрал мүмкіндіктерін көрсетеді. 

Corel Draw 11 бұл версиясында  жаңа  интерфейсі   тартымды  көрінеді. Ең бастысы жаңа құралдар: үш нүктелі құралдар(үш нүктелі  тіктөртбұрыш, үш нүктелі эллипс, үш  нүктелі қисық),  Езгіш бояуыш  құралы, Сынған құралы, Қылқалам  құралы, Шашақтауыш бояуыш құралы  енгізілді. Және де 100-ден астам  экспорт пен импорт фильтрін  қолдайтын болады. Қабаттармен жұмыс  жеңілдетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Негізгі бөлім

 

1.1 Corel Draw графиктік  редакторының жұмыс істеу орны

Corel Draw графиктік редакторында  құралдармен және басқа ресурстармен  негізгі терезе мен құжат терзесінде  жұмыс жасалынады.

негізгі терезе

Программа жүктелгеннен кейін қыстырма(заставка) терезе(кейінірек тоқтаймыз), содан кейін негізгі терезе пайда болады. Негізгі терезеде қолданушы интерфейсінің негізгі элементтері: меню қатары, құралдар тақтасы, құралдар жиыны, қалып-күй қатары және түстер палитрасы орналасады.


 

 

Негізгі терезе

Corel Draw графиктік редакторында Windowsтың стандартты батырмалары, командалары( жабу, ашу, бүктеу, қайта  қалпына кетіру, буфермен жұмыс  және тағы басқалар) қолданылады. Және де Параметрлер терезесінен парақтың пішімін(формат страницы) және бағдарын(альбомная и книжная оиентация), реңнің түсін(фон), макеттерін келтіруге болады. Параметрлер терезесін ашу үшін Макет→Парақ параметрлері(Размещение →Настройка страницы) командасын орындау керек.

 

 

 

1.2 Corel Draw графиктік  редакторында құжатпен жұмыс

1 Жаңа құжатты жасау.  Corel Draw графиктік редакторын ашқанда қыстырмадан жаңа графикті таңдасақ жаңа құжат ашылады. Немесе стандартты құралдар тақтасынан "Жаңа" батырмасын басу арқылы жаңа құжат ашуға болады. Файл→Жаңа(Файл→Новый) командасы арқылы да жасуға болады. Жаңа құжат пішімін(формат) құралдар  тақтасынан таңдаймыз.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Corel Draw 11-ге қош келдің қыстырма терезесі.

2 Құжатты ашу. Мұны да қыстырмадан таңдауға немесе Файл→Ашу (Файл→Открыть) командасы арқылы орындауға болады. Сол кезде Құжатты ашу терезесі ашылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығы

                     1.3    Adobe Photoshop программасымен таныстыру

 

    Менің дипломдық жұмысым  “HTML тілінде Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығын дайындау.” Оқулығымның мазмұны төрт тараудан тұрады. Олар:

    • Adobe Photoshop программасымен таныстыру;
    • Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс;
    • Мәтінмен жұмыс;
    • Adobe Photoshop программасының қолдану салалары.

    Оқулығымның мазмұнына  келіп тоқталатын болсақ, оның  жалпы көрінісі келесідей:

                                                        

 

    Енді оқулығымның мазмұнының  бірінші тарауына келіп тоқаталатын  болсақ, яғни Photoshop программасымен таныстыру  тарауына, оның өзі алты бөлімді  қарастырады. Жалпы осы тараудың  оқулықтағы көрінісі мынадай: 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жалпы осы таруда Adobe Photoshop программасына түснік берілген, оның құралдарының қандай қызмет атқаратыны айтылып, бұдан басқа Photoshop программасының режимдеріне, түстік модельдеріне және фильтрлеріне түсінік берілген. Мұнда Photoshop программасында жиі қолданылатын түсініктерге қысқаша шолып өттім.

    Қазіргі кезде компьютерлік  технология қоғам өмірінің барлық  саласына түбегейлі өзгерістер  енгізіп отыр. Оның бір сапалы  компьютерлік графикаға сұраныс  күннен-күнге артуда. Алғашқы кезде  компьютерлік графикамен тек  комьютерлік технологияны жетік  меңгерген мамандар айналысса, қазіргі  таңда осы бағытта барлық қолданушыларға  арналған программалар пакеті  бар. Бұл программалар өте қарапайым  әрекетті орындаудан бастап қиын  да күрделі дизайнерлік жұмыстарды  атқарады. Қолданбалы программалық  қамсыздандырудың мынадай түрлері  бар: Сorel Draw, Page Maker, Adobe Photoshop.

    Енді Adobe Photoshop программасына тоқталар болсақ, мұнда кез келген кескіндік суретті өңдеу, түзету, фондық түс беру сияқты әртүрлі ортада даярланған объектілерді біріктіру, жинақтау, өңдеу жұмыстарында қолданылады. Adobe Photoshop программасы арқылы ескі фотосуретті жаңалау, яғни басқа түске бояу, көйлекке жаға салу, шашты үлкейту, беттегі әжімді алу, бетті тазалау, ағарту, т.с.с. Қазіргі қолданылатын программалар арқылы үйлену, сүндет той, қыз ұзату, мүшелтой сияқты шақыру билеттері өңделіп даярланады. Әсемдік салонында адамдардың бет бейнесін бөлек шығарып оған шашын әсемдеуде, ал криминалистикада іздеу салу жұмыстарында, портрет жасау жұмыстарында қолданылады. Photoshop программасын іске қосақаннан кейін экранда оның жұмыс үстелі көрінеді. Windows ортасында жұмыс істеп жүрген пайдаланушы үшін мұндағы біраз элементтер таныс болады. Ондағы кескін терезесі компьютердің оперативті және виртуальді жадысының мүмкіншілігіне қарай бір уақытта бірнеше кескіндерді ашуға мүмкіндік береді. Әрбір кескін бөлек терезелерде ашылады. Бір терезеден келесі терезелерге өту Ctrl + tab пернелерін басу арқылы орындалады. Масштабтау алаңында – активті кескіннің көріну өлшемі көрсетіледі (төменгі сол жақ қатарында, бұрышында  % - пайыз күйінде). Ақпарат алаңы кескіннің жад өлшемін көрсетеді. Қалып-күй қатары бұл жерде таңдалған саймандарды және  кескінді көрсетеді. Егер қалып-күй қатары көрінбей тұрса, Окно → Отобразить строку состояния  командасы арқылы шығарамыз.      

Photoshop программасы бейнедегі әрбір қабатты қабаттар палитрасында көрсетіледі. Әрбір қабаттың аты ал тұсында кішірейтілген көшірмесі болады. Ал егер көрініс бірнеше қабаттардан тұратын болса, қабаттар палитрасында қабаттың атын көрсетілген жазудың үстінен басып тұрып басқа қабатпен орындарын ауыстыруға болады. Қабаттардың бір-біріне қатысты орналасуымен бір-біріне әсер етуі көп қабатты көріністермен жұмыс жасауда аса маңызды. Алайда фондық қабатты қозғауға болмайды. Кәдімгі қабатты фондық астына да қоюға болмайды. Қабаттың сол жақ тұсында орналасқан көз белгішесі қабаттың көрініп тұрғанын және көріністі құруға қатысып отырғанын білдіреді. Белгішенің үстінен шертсе, қабат көрінбей қалады да көрініс құруға қатыспайды. Оны қайта шертсек, қабат қайта қосылады. Қабатты таңдау үшін қабаттар палитрасынан керекті қабаттың аты бар жазудың үстінен шертсе жеткілікті. Осыдан кейін көріністерге қандай әрекеттер жасасақ та, қылқаламмен сурет салсаң, өшірсек, боясаң мұның бәрі тек таңдалған қабатқа қана әсер етеді. Қабаттар палитрасындағы таңдалған қабат тұсындағы қылқалам түріндегі белгіше осыны хабарлайды. Кейде қабаттар палитрасында қабаттың кішірейтілген суретінде шахмат тақтасы сияқты боялған фрагменттер бар екенін байқауға болады. Бұл фрагменттер қабаттың түссіз жерлері болып табылады. Алайда мұндай түссіз фрагменттері жоқ қабатты да жартылай түссіз етуге де рұқсат етіледі. Мұны түссіздік (непрозрачность) дәрежесі шамасы арқылы көрсетеміз. Егер бұл шама 0-пайыз болса, қабат толығымен түссіз болады және керісінше. Қабаттар палитрасының төменгі жағында 6 түйме орналасқан. Оның ең соңғы түймесін таңдау арқылы активті қабатты жоюға болады. Бесінші түйме жаңа қабат құруға мүмкіндік береді. Әдетте қабаттарға  еayers 1, еayers 2, тағы сол сияқты аттар беріледі. Қабаттың атын өзгерту қажет болса, қабатты 2 рет шертіп, жаңа атау енгіземіз.              

Қабаттың көшірмесін алу үшін менюден Қабат→Дублировать. Қабаттар палитрасының жоғарғы жағында Lock деген атпен біріктірілген 4 түйме қабаттың бетіне байқаусыздан өзгеріс енгізуден сақтайды. Олардың қызметтері:

- көріністің  түссіз аймақтарын өзгертуге  рұқсат етпейді.

  

- көріністің  түссіз де, түсті де аймақтарын  өзгертуге рұқсат етпейді.

 

- көріністің  қабат үстіне орналасуын өзгертуге  рұқсат етпейді.

 

- қабатпен  кез келген операция жасауға  және оны жоюға рұқсат               

  етпейді.

         Бұдан басқа қабаттарының қасында             мынадай түйме бар. Оның қызметі  осы белгімен белгіленген қабатпен  активті қабат (қылқалам белгішесімен  белгіленген) арасында байланыс  орнату. Бұл түйме бірнеше қабаттың  бірге жұмыс істеуі кезінде  қолданады. Бірнеше қабаттарды уақытша  байланыстырудың басқада тәсілі  бар.  Ол үшін  бірнеше қабатты  бір 


жиынға біріктіруге болады. Жаңа бос жиынды құруға арналған түйме палитраның төменгі  жағындағы 3-і түйме. Жиынға Set 1, Set 2, тағы сол сияқты атаулар беріледі. Жиынның қасында орналасқан   түймесін шертсек, жиынның құрамына кіретін барлық қабаттарды программалар жасырады да, түйме басқа түрге өзгереді. Қайтадан шертсек жиынға кіретін қабаттарды көре аламыз.

    Қабат маскасы – бұл қабат үстіне орналасатын және қабат бөліктерін көрінбейтін немесе жартылай көрінетін етуге мүмкіндік беретін арнайы маска. Қабаттың бір маскасы ғана болуы мүмкін. Қабат маскасы “Қабаттар”  палитрасында көрінеді. Каналдар палитрасында қабат маскасы жаңа қатарға орналасады және оның аты қабат атауына Mask сөзі қосылып аталады. Маска мөлдірлігі негізгі түске байланысты. Егер негізгі түс қара болса, онда маска мөлдір. Егер ақ болса, мөлдір емес болады. Негізгі түс ретінде кез келген басқа түсті таңдалған кезде маска жартылай мөлдір болады. Қабат маскасын фон қабаты үшін құруға болмайды. Қабат маскасы қабаттар палитрасының төменгі жағындағы “Қабат маскасын қосу” функционалдық түймесі арқылы құрылады.           

 

 

 

1.4.Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс

 

    Photoshop программасының құрамына мынадай палитралар  кіреді. Бұл палитралар жұмыс терезесінің оң жағында бір-біріне бірігіп көрініп тұрады. Ал көрінбей қалған жағдайда оларды ашу үшін терезе менюіндегі ... көрсету командасы тұрады.

     1. Navigator (навигатор) палитрасы көріністі масштабтағанда және оның жұмыс терезесіндегі орнын ауыстыруын басқарады.

    2. Info (инфо) палитрасы экранға берілген көріністің ерекшеленген жерін және басқа нүктелерді геометриялық, түсті түрінде шығару үшін қолданылады.  алитрасы жұмыс құралдарын түзету кезінде қолданылады.

    3. Colors (синтез) палитрасы – бұл палитра программаның алдыңғы және артқы түстерін синтездеуге арналған. Бұл палитра құрамына екі контекстік меню кіреді: 1) негізгі меню палитрасы – ол терезенің оң жақ бұрышындағы қара үшбұрыш түймені шерткенде ашылады. 2) түсті синтезатор менюі – ол тышқанның оң жақ түймесін басқанда ашылады.

    4. Swatches (каталог) палитрасы – бұл палитрада программаның алдыңғы түстерін синтездеуге арналған. Бірақ бұған палитра терезесінде орналасқан кітапхана нұсқасы қолданылады.

    5. Brushes (кисть) палитрасы – бұл палитра кез келген 15 салатын құралмен локальді түзету көрінісінің өлшемі мен пішінін таңдауға арналған.    

    6. History (события) палитрасы – бұл палитра ашылған құжаттармен жұмыс этап аралығында фиксация жасауға көмектеседі. Тышқанды шерту арқылы кез келген бейнеге өтуге және оларды жоюға болады. Жұмыс істеп жатқан бейне қара түспен беріледі. Әрбір жазу палитрада операция атымен (таңдалған инструмент аты) және сол жағында инструменттің суретімен тұрады. Палитраның ең төменгі жағында 3 түйме орналасқан: 1) Greate new document from current state (жаңа құжат құру) түймелі жаңа құжат құрып, оны жаңа терезеде ашады. 2) Greate new snapshot (жаңа сурет құру) кнопкалы snapshot 1 атты сурет құрады, бұл жерде 1-реттік номер. 3) Delete current state (жою) кнопкалы барлық командаларды жояды.    

    7. Eayers (слой) палитрасы – бұл палитра көп қабатты көрініс жасауға және қабатпен әртүрлі операция жасауға арналған.

    8. Path (контуры) палитрасы – бұл палитра растрлік көрініспен жұмыс кезінде қосымша векторлық нышан түрінде болатын безье контурымен жұмыс жасау үшін арналған.

    9. Options (параметры) палитрасы жұмыс құралдарын түзету кезінде қолданылады. Таңдаған құралға байланысты палитра аты және құрамы өзгереді. Осындай құралдармен жұмыс кезінде 4 палитра қолданылады. Олар: эллипсті ерекшелеу, кисть, заливка және художественная кисть событий (artkist history).                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5. Corel Draw – векторлы графикалық редактор

Векторлық графика компьютерлік графиканың әртүрлілігі. Векторлық графикадағы бейне бөлек объектілерден контурлардан тұрады. Контурлар математикалық формулалармен суреттелетін безье қисықтар деп аталатын сегменттерден тұрады. Қисықтар Француз математигі Пьер Безьенің құрметіне осылай аталған. Векторлық бейне дискіде аз орын алады. Өйткені компьютер жадында бейне емес ол туралы мәлімет сақталады. Мысалы, дөңгелек салу үшін оның центірінің орналасуын рядусын контурдың қалыңдығымен түсін есте сақтау жеткілікті.

Информация о работе Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны