Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 22:59, реферат

Описание работы

Бұл курстық жобаға түсінікте векторлық графикалармен жұмыстарға қолданылатын Corel Draw пакетінің 11-ші версиясы туралы айтылады.
Corel DrawbGraphics Suite 11 адамның қандай да болмасын шығармашылық қиялын қанағаттандыратын толық графикалық пакет. Corel DrawbGraphics Suite 11-мен иллюстрациялар, макеттер мен суреттер салу және өңдеу оңайлатылды. Бұл курстық жобаға түсінікте программаның барлық құралдары, олардың функциялары, командалары, эффекттері және де әртүрлі мүмкіндіктері туралы жазылған. Көптеген мысал суреттер құрал мүмкіндіктерін көрсетеді.

Содержание работы

Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны
1.2 Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
1.3 Adobe Photoshop программасымен таныстыру
1.4 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс
1.5 Corel Draw – векторлы графикалық редактор
1.6. HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді программалау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Corel Draw Kurs.docx

— 861.81 Кб (Скачать файл)

Color=…  атрибуты  әріптің  түсін  таңдау  мүмкіндкгін береді,  ол  ағылшын  тіліндегі  мағынасы  бар  түйінді  сөз  арқылы  (мысалы,  Red-қызыл)  немесе  RGB  жүйесіндегі  он  алтылық  санмен  (мысалы, #FF0000 – бұл  да  қызыл)  берілуі  мүмкін.  

Face=...  атрибуты  қаріп  (шрифт)  типін  береді.  Осы  атрибуттың  мәні  компьютерде  орнатылған  қаріптер  атының  біріне  сәйкес  келуі  керек.  Бірақ  Интернетте  орнатылған  құжатты қабылдайтын  тұтынушының  компьютерінде  қандай  қаріптердің  орнатылғандығын  алдын  ала  білу  қиын,  сол  себепті  осы  атрибутты  көрсетпеген  дұрыс. Мысалы:

     <BODY>

Алдарыңызда  <Font  color=”red” Face=”Arial” Size=”3”> үшінші  мөлшермен   Arial  типімен  жазылған  қызыл  түсті  әріптер.  </Font>

    <BODY>

Мұның  нәтижесі: Алдарыңызда  үшінші  мөлшермен   типімен  жазылған  қызыл  түсті  әріптер. 

        2. Осы параметрлердің барлығын бүкіл құжат үшін бірден беру қажет болса, онда <BАSEFONT> атты бір ғана тэг пайдаланылады. Бұл тэгте де жоғарыда келтірілген атрибуттар пайдаланылады, олар қаріп түрін, түсін және мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, үнсіз келісім (по умолчанию) тәсілі бойынша белгілі бір мәндер таңдалып алынады.

        3.Тэгтердің тағы бір арнайы тобы қаріптердің сызылымын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді. <B> және </B> тэгтері араларында орналасқан мәтін қарайтылған қаріпке ауысады. <I> және </I> тэгтері қаріптерді курсивпен берсе, <U>және</U> тэгтері мәтіндердің астын сызып, <S> және </S> тәгтері – белдерінен сызылған символдарды бейнелейді.

Мысалы:

<HTML

     <HEАD> Қәріп типін, түрін, мөлшерін басқару

</HEAD>

    <BODY>

         <BASEFONT SIZE=4 FACE =”Arial KZ”>

                  Негізгі қаріп Arial KZ типінде төртінші мөлшермен жазылған <P><FONT SIZE= -2 FACE=”Times New Roman  KZ COLOR=”GREEN”>

Бұл мәтін әріптері алдынғыдан екі мөлшерге ұсақтау және ол басқа қаріп типі мен жасыл түсті қолданады.</FONT>

<P> <B> қарайтылған қаріп түрі </B>

<P> <I>  қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі </I>

<P> <U> асты сызылған қаріп түрі </U>

<P> <S> белінен сызылған қаріп түрі </S>

</BODY>

</HTML>

                  Мұның нәтижесі: Негізгі қаріп Times New Roman KZ типінде төртінші мөлшермен жазылған

Бұл мәтін әріптері алдыңғыдан екі мөлшерге ұсақтау және ол басқа қаріп типі мен жасыл түсті қолданады.

қарайталған қаріп түрі

қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі

асты сызылған қаріп түрі

белінен сызылған қаріп түрі

Мәтін фрагменттерін логикалық стильмен безендіру: Логикалық стильдер <B>,<I>,<U> тэгтері  сияқты  сөздерді  ерекшеленіп  көрсетеді,  олар  программа  мәтінін  жазғанда  немесе  цитат (дәйектеме)  келтірген  кезде  қолданылады.  Логикалық  стильдерді  пайдалану  кезінде броузер  экранға  не  шығаратынын  алдын  ала  айту  қиын.  Әртүрлі  броузерлер  экранға  логикалық  стильмен  берілген  символдарды  әртүрлі  етіп  шығаруы  мүмкін.  Бұрынғы  броузерлер  логикалық  стильде  берілген  қаріптерді  ерекшелемей,  жай  қаріп  түрінде  бейнелей  беруі  де  ықтимал.

    <EM>…</EM>

Ағылшынның  Emphasis – акцент  сөзінен  шыққан,  яғни  курсив  түрінде  берілетін  мәтін  бөлігін  қоршап  тұратын  белгілер  болып  табылады.

    <STRONG>…</STRONG>

Ағылшынның  Strong emphasis – күшті  акцент  дегені,  мәтін  ішінде  қарайтылған  қаріп  болып  көсетіледі.

    <CODE>…</CODE>

Программа мәтінін  көрсету  үшін  қолданылатын  стиль  түрі.

   <SAMP>…</SAMP>

Ағылшынның  Sample – мысал,  үлгі  деген  сөзі,  программа  жұмысы  жұмысы  нәтижелерін  ендері  бірдей  моношрифт  түрінде  экранға  шығарарда  пайдаланылады.

    <KBD>…</KBD>

Ағылшынның  Keyboard – пернетақта (клавиатура)  қысқаша  сөзі.  Пернелерден  енгізілген  сөз  тіркестерін  көрсету  мақсатында  қолданылады.

     <VAR>…</VAR>

Ағылшынның  Variable – айнымалы  сөзі,  программадағы  айнымалы  аттарын  жазу  үшін  енгізілген  стиль  түрі,  қисайтылған  курсивке  ұқсас  қаріп  түрі.    

Осылардың  жұмысына  бір  мысал  келтірейік:

     <HTML>

<HEAD>

<TITLLE>  Мысал  </TITLLE> 

<HEAD/>

<BODY> 

<CENTER>

<H2> Мәтін  фрагменттерін  белгілеп  ерекшелеу  тәсілдері <H2>

<P> Мәтіндерді  төмендегідей  түрде  ерекшелеуге  болады <BR>

<HR>

<B> қалыңдатылып  қарайтылған қаріптермен  немесе </B> <BR>

<I>  қисайтылған  курсивпен  немесе  </I>

<BR> 

<U>  асты  сызылған  символдар  арқылы  жазуға  болады. </U>

<P> Оған  қоса  мәтіндерді  ендері  бірдей  қаріптер  арқылы  логикалық    стильде  жазу  мүмкіндіктері  де  бар.

<HR>

<H3>  Логикалық  стильдер  түрлері:  </H3> 

<HR>

<P>

<EM>  EM –ағылшынның  Emphasis – акцент  сөзінен  шыққан,  яғни курсив  түрінде  берілетін  мәтін  бөлігі 

</EM>

<BR>

<STRONG> STRONG - ағылшынның  strong emphasis – күшті  акцент  дегені,  мәтін  ішінде  қарайтылған  қаріп  болып  көсетіледі.

<STRONG>

<BR>

<CODE> CODE -   Программа мәтінін  көрсету  үшін  қолданылатын  стиль  түрі.

</CODE>

<BR>

<SAMP> SAMP - Ағылшынның  sample – мысал,  үлгі  деген  сөзі,  программа  жұмысы  жұмысы  нәтижелерін  ендері  бірдей  моношрифт  түрінде  экранға  шығарарда  пайдаланылады.</SAMP>

<BR>

<KBD> KBD -  Keyboard – пернетақта (клавиатура)  қысқаша  сөзі.  Пернелерден  енгізілген  сөз  тіркестерін  көрсету  мақсатында  қолданылады.

</KBD>

<BR>

<VAR> VAR -  variable – айнымалы  сөзі,  программадағы  айнымалы  аттарын  жазу  үшін  енгізілген  стиль  түрі,  қисайтылған  курсивке  ұқсас  қаріп  түрі.

</VAR>

</CENTER>

</BODY>

</HTML>

Сырғымалы  жолдарды  ұйымдастыру: MARQUEE>…</MARQUEE> тэгтері  мәтіндерді  үздіксіз  жылжып  отыратын  “сырғымалы  жол”  түрінде  экранға  шығарады.  Бұл  тэгтің  ашылуы  кезінде  тізбектеліп  жазылатын  бірсыпыра  атрибуттері (немесе  параметрлері)  бар,  олар  сырғымалы  жолдың  жылжу  жылдамдығын,  бағытын,  әріптері  түсін, т. б. өзгертеді.  Параметрлерді  өзгертпеуге,  яғни  жазбауға  да  болады,  онда  олардың  алдын  ала  келісім  бойынша  (значения  по  умолчанию)  бұрын  орнатылған  мәндері  іске  қосылады.

Енді  жиі  өзгертілетін  параметрлерлі  және  олардың  мүмкін  мәндерін  қарастырайық.

BEHAVIOR – мәтіннің  бір  бағыты (SCROLL) немесе  қос  бағытта да (ALTERNATE)  жылжуын,  әйтпесе  жылжымай  тұруын (SLIDE) қамтамасыз  етеді.  Оның  мүмкін  мәндері  SCROLL   І    SLIDE   І   ALTERNATE.

BGCOLOR – “сырғымалы жолдың”  фон  түсін  анықтайды,  он  алтылық  RGB  форматында  немесе  ағылшынша  белгілі  бір  түс  аты  беріледі.  Мысалы:  BGCOLOR=”GREEN”

DIRECTION – жолдың  сырғу  бағытын  анықтайды,  оның  мүмкін  мәндері: LEFT (солға)  және  RIGHT  (оңға),  келісім  бойынша LEFT  мәні  іске  қосылады.

HEIGHT – “сырғымалы  жолдың ”  биіктігін  пиксель (нүктелер)  арқылы  анықтайтын  бүтін  сан,  оны  пайызбен  де (%)  көрсетуге  болады.

WIDHT – экрандағы  “сырғымалы  жолдың”  енін  пиксель  арқылы  көрсететін  бүтін  сан,  оны  пайызбен  де  (%)  көрсетуге  болады.  Алдын  ала  келісім  бойынша  100%  болып  саналады.

Келісім  мысал  осы  <MARQUEE>  тэгі  мен  оның  параметрлерін  пайдалану  жолын  көрсетеді. 

<HTML>

<HEAD>

<TITLE>  Мысал </TITLE>

</HEAD>

<BODY  text=red>

<CENTER>    

<H2> Сырғымалы  жолдар  мысалдары </H2>

<HR>

<H3>

<MARQUEE  BGCOLOR=”BLUE” BEHAVIOR=”SCROLL”

DIRECTION=”RIGHT” HEIGHT=30> Бұл  алғашқы  сырғымалы  жол </MARQUEE> </H3>

<P>

<MARQUEE BGCOLOR=”GREEN” HEIGHT=30

WIDHT=”90%”>

 Бұл  екінші  сырғымалы  жол 

</MARQUEE>

<P>

<MARQUEE BGCOLOR=”GREEN” BEHAVIOR=”ALTERNATE”

DIRECTION=”LEFT” HEIGHT=30>

Бұл  үшінші  сырғымалы  жол

</MARQUEE>

<HR>

</CENTER>

</BODY> </HTML>                

Гиперсілтеме  бойынша  ауысу: HTML – да мәтіннің бір фрагментінен екіншісіне ауысу  үшін  <A HREF= “[ауысу  адресі]”> мәтіннің  белгіленген  фрагменті </A> тэгінің  көмегімен  орындалады.  [ауысу  адресі]  параметрінің  орнына  аргументтердің  бірнеше  түрін  қолдануға  болады.  Ең  қарапайымы – ауысатын HTML-құжаттың  атын  беру.  Мысалы  <A HREF=”DOC.htm”> Мазмұн </A>

Бұл  мысал  HTML – құжатта  “Мазмұн” деп белгіленген  фрагмент  пайда  болады,  оған  тышқан  курсорын  алып  барып шерткенде  келесі  терезеде  DOC.htm  құжаты  ашылады.

Назар  аударыңыз: егер  адресте  каталог (бума)  көрсетілмесе,  онда  ауысу  ағымдағы  каталог  ішінде  орындалады.  Ашылған  файлды  көріп  болғаннан  кейін  артқа  қайтып  оралу  үшін  броузердің  құралдар  тақтасындағы  НАЗАД  батырмасын  басу  керек.

Қажет  болған  жағдайда  сілтемені  қандай  да  бір  құжатқа  емес  сол  құжаттың  ішіндегі  белгілі  бір  сөзге  де  жасауға  болады.  Ол  үшін  сілтеме  барысында  ашылатын  құжатқа  қандай  да  бір  сүйеніш нүктесін  немесе  анкер  ашу  керек.  Мысал  арқылы:

Мәселен  pr1.htm  құжатынан  pr2.htm  құжатының  “Ауысу  аяқталады” (құжаттар  бір  буманың  ішінде  орналасқан)  деген  сөзіне  көшу  керек  делік.  Алдымен,  pr2.htm  файлында  мынадай  анкер  ашу  керек:

<A NAME=”AAA”>  Ауысу  аяқталды </A>

“Ауысу  аяқталды”  сөзі  мәтінде  ешқандай  белгілеусіз  жазылады.  Енді  pr1.htm  файлында  осы  анкерге  көшуді  анықтау  керек.

<A HREF=”2.htm#AAA”> Анкерге  ауысу  AAA</A>

Анкерге ауысуды  pr2.htm  құжатының  ішінде  де  орындауға  болады,  ол  үшін құжат  ішінде  мынадай  фрагмент  қосу  жеткілікті:

<A HREF=”#AAA”> Анкерге  ауысу  AAA</A>

Бұл  үлкен  құжаттар  жасағанда  өте  қолайлы.  Құжаттың  басына  бөлімдердің  тақырыбында  орналасқан  анкерлерге  сілтеме  жасайтын  мазмұнды  орналастыру  керек.

Түсініспеушілік  болмас  үшін  анкерлердің  аттарын  латын  әріптерімен  берген  дұрыс.  Анкерлердің  атының  жазылуын  қадағалаңыз:  көптеген  броузерлер  үлкен  әріптерді  кіші  әріптерден  ажырата  алады. Егер  анкер  атын  ААА  деп  анықтап,  ал  анкерге  сілтемеде  ааа  немесе  АаА  деп  жазсаңыз,  онда  құжтыңыз  дұрыс  ашылса  да  ААА  анкеріне  шыға  алмайсыз.

Осыған  дейін  біз  HTML – құжатқа  сілтеме  жасауды  сөз  еттік,  алайда  ресурстардың  басқа  да  түрлеріне  сілтеме  жасауға  болады.

<A HREF=”ftp://server/directory/file.ext”>  файлды  түсіндіру </A>

Бұндай  сілтеме  орындалған  жағдайда,  файлдарды  беру  протоколын  іске  қосып,  server серверінің  directory  бумасында  орналасқан  file.ext  файлын  қолданушының  жергілікті  дискісіне  түсіре  бастайды.

<A HREF=”mailto:user@mail.box”>  Хат  жіберу </A>

Егер  қолданушы  жоғарыдағыдай  сілтемеге  ауысса,  онда  экранда  пошта  программасының  шығу  мәліметтерін  енгізу  терезесі  ашылады.  Пошта  программасының  “Қайда”  жолында  user@mail.box  көрсетіледі.

Байланыстар  жайлы  мысал:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> 2-мысал </TITLE >

</HEAD>

<BODY>

<H1> Байланыстыру </H1>

<P> Сілтеуердің  көмегімен  басқа  файлдарға  көшуге  болады  (мысалы, <A HREF=”ftp://mail.ru/home/Srailov Riszhan/html-pr.doc”> бұл Microsoft Word 2.0  форматындағы  нұсқау </A>) FTP. Бойынша </P>

</BODY> </HTML>

Бір анкердің  ішіне  екіншісін  орналастыруға  болмайды.  Ашылатын  және  жабылатын  белгілерді  міндетті  түрде  қою  керек.  Анкерлер  гипертекстік  сілтемелерді  анықтау  үшін  қолданылады.

Name – анкердің  атын  анықтайтын  жол.  Бір  құжаттың  ішінде  анкерлердің  аттары  қайталанбау  керек.

Herf – гипертекстік  сілтеме  бойынша  ауысатын  ресурстың  адресін  білдіреді.  Бұл  басқа  HTML – құжат,  PDF – файл  немесе  сурет  болуы  мүмкін.

Title – сілтеме  ресурстың  аты

HTML  құжатындағы  мәтін: FONT элементі  HTML-дағы мәтіннің сыртқы түрін басқарады.FONT элементі <FONT> тэгімен ашылып</FONT> тэгімен жабылатын контейнер болып табылады. Егер ашылатын тэгте ешқандай атрибуттар көрсетілмесе онда FONT элементі ешқандай әсер етпейді.

FONT элементін кез келген мәтіннің ішінде қолдануға болады. FACE (гарнитура), SIZE (өлшем) және COLOR(түс) атрибуттарының көмегімен құжаттағы мәтіннің түрін мүлдем өзгертуге болады.

Информация о работе Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны