Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 22:59, реферат

Описание работы

Бұл курстық жобаға түсінікте векторлық графикалармен жұмыстарға қолданылатын Corel Draw пакетінің 11-ші версиясы туралы айтылады.
Corel DrawbGraphics Suite 11 адамның қандай да болмасын шығармашылық қиялын қанағаттандыратын толық графикалық пакет. Corel DrawbGraphics Suite 11-мен иллюстрациялар, макеттер мен суреттер салу және өңдеу оңайлатылды. Бұл курстық жобаға түсінікте программаның барлық құралдары, олардың функциялары, командалары, эффекттері және де әртүрлі мүмкіндіктері туралы жазылған. Көптеген мысал суреттер құрал мүмкіндіктерін көрсетеді.

Содержание работы

Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны
1.2 Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
1.3 Adobe Photoshop программасымен таныстыру
1.4 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс
1.5 Corel Draw – векторлы графикалық редактор
1.6. HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді программалау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Corel Draw Kurs.docx

— 861.81 Кб (Скачать файл)

Контурлары сығуға, масштабтауға, орнын ауыстыруға болады және бұл кезде оның саласы мүлдем өзгермейді. Векторлық графиканы қолдану аймағы өте кең және векторлық суреттерді құруға мүмкіндік беретін программалық бөлімнің көптеген мөлшері жазылған. Олардың ішінде ең әмбебабы болып Corel Draw программасы саналады. Corel Draw программасы кез-келген мөлшердегі құжатармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Соның ішіндегі негізгісі баспаханадағы жұмыс болып табылады. Төмендегі суреттер осы Corel Draw-тың мүмкіндіктерін қарастырған. Қолдану аясының қаншалықты кең екендігі көрсетілген.

Corel Draw программасын іске қосқан кезде сұхбаттық терезе ашылады: «New graphic» түймесі жаңа парақ құрады. «Open graphic» сақталып тұрған құжатты ашуға мүмкіндік береді. Ал, «template»  түймесі шаблондар шебері терезесін ашады. Әр құжатқа бөлек терезе ашылады. Corel Draw-тың негізгі мәзіріндегі кейбір пунктерге тоқталайық:

    • Layout (макет) – құжат беттерін басқару құралдары.
    • Arrage (упорядочить) – бірнеше объектілерді басқару: туралау, топтау, түрін өзгерту т.б.
    • Effects (эффекты) – векторлық сол сияқты расторлық бейнелерге арнайы эффектілерді меншіктеу.
    • Bitmaps (растровое изображение) – импортталған расторлық бейнелермен жұмыс.
    • Text (текст) – мәтіндік форматтау және редактрлеу.
    • Tools (сервис) – Corel Draw – тағы интерфейспен режимдерді баптау.
    • Windows (окно) – құжаттардың ашық терезелерін басқару.

Corel Draw-та баспаханалық өнім беттерімен  жұмыс: Публикациядағы бет параметрлерін өзгерту командасы файл→параметр документа болады. Мұнда орындалатын іс-әрекеттер:

    1. Публикация форматымен парақ өлшемі параметры документа → формат командасы дайын стандартты формаларды таңдауға мүмкіндік береді немесе стандарт емес жағдайда өлшем өрісі арқылы беттің биіктігімен енін енгізуге болады.
    2. Бет бағдары – арентация (книжные, альбомные).
    3. Өрістермен варианттар бет өрісінің маңызды параметрлері.

Corel Draw-та қолданылатын арнайы эффектілер: Арнайы эффектілер жағынан Corel Draw-қа тең келер программа жоқ. Оларға қол жеткізу менюдегі эффектілер командасы арқылы іске асады. Мысалыға айтатын болсақ преспектива – бұл эффект бөлек объектілерге немесе объектілер тобына қолданылады. Ол бірмезгілде бірнеше объектілерге қолданбайды. Бірақ бір объектіден келесіге эффекты → копировать перспективу → перспективу из командасы арқылы көшіруге болады. Перспективаның екі түрі бар: бір нүктелі және екі нүктелі. Бір нүктелі перспективада сәуле шығарудың бір нүктесі, ал екі нүктеліде екі нүктесі болады.

 

 

 

 

 

1.6. HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді программалау                 

 

HTML тілінің атқаратын қызметі: Web – парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен,  HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS-DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екі түрлі болып көрсетіледі. Ал, үшінші компьютердегі  Web – парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.

Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғымен және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек,  HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер – программа өз мүмкіндіктерін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.

HTML тілінде  мәтінді пішімдеу тәсілдерінің  де бар екенін айтып кету  керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда  құжаттың мазмұны кең оны безендіріп  көрсету жолдарының айырмашылығы  сақталып отырады. Мысалы, тілдің  соңғы  HTML 4.0 нұсқауында мәтінді  пішімдеу командаларын пайдалану  ұсынылмаған.

HTML  тілінің  көмегімен  қарапайым  суреттерді қолданып WEB – парақтар жасау: HTML  - бұл - құжат  аты .htm  қосымшасы  бар,  қарапайым  құжат. 

HTML – тілінде  жазылған  файлды қажетті  HTML файлының  кеңейтілуімен  дискіде  сақтасақ,  оның  белгішесі  өзгеріп  Интернетте  көруге  болатын  түрге  айналады.

Бұл  файлды  бір  мезетте  Internet  Explorer – де  және  Блокнотта  ашып,  оларды  түрлендіріп  көруге  болады.  Ол  үшін  файлды  Internet  Explorer -де шыққаннан соң, Түр - HTML түрінде (Вид - В  виде HTML) командаларын орындау  қажет.  Сонда  файлдың  алғашқы  мәтіні  Блокнотта  ашылып,  оны  түрлендіріп  өзгерту  мүмкіндігіне  ие  боламыз. Қажетті  өзгертулер  енгізіп  оны  қайта  сақтап,  осы  өзгертулердің  HTML - құжатта іске  асқанын  көру  үшін,  Internet  Explorer - де Түр – Жаңалау (Вид - Обновить)  командасын  орындау  керек  немесе  Саймандар  тақтасындағы  осы  командаға  сәйкес  батырманы  басса  болды.

Сонымен  кез  келген  программа  мәтінін  Блокнотта тергеннен  кейін,  оған  өз  қалауымызша  ат  беріп,  оны  *.htm  түрінде  кеңейтілуімен  керек.  Тергеніңіздің  нәтижесін  экранды  көру  үшін,  оның  атын  тышқанмен  екі  рет  шерту  керек  немесе  Internet  Explorer – де  оны  ашу  қажет.

HTML тэгтері: HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг  “кіші” (<) символынан басталады да, “үлкен” (>) символымен аяқталады.  Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз – тэг   орналасады.

HTML тіліндегі  әрбір тэг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың  жазылуында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тэг атауларын жәй мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.

HTML тілінің  бір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне,  мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бір – ашады, екіншсі – жабады. Ашатын тэг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тэг – сол әсерді аяқтайды. Жабу тэгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс.

Кейбір тэгтер тек өз жазылу орнына қарай ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тэгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тэг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.

Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тэгтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

Тэг атрибуттары: Көбінесе ашылу тэгтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар  немесе сипаттамалар – тэг атауының және бір – бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздерден тұрады.

Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаға жазбаса да болады. Жабылу тэгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.

Түсініктемелер: Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер-комментарийлер жазылатыны сияқты мұнда да программаның орындалуына еш әсер етпей, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады.

HTML тілінің  комментарийлері арнайы символдардан <!- - басталады да, түсінік беретін  мәтін осыған жалғаса жазылады. Түсініктеме мәтін соңына - > символдары  жазылуы тиіс. Түсінік мәтін ”үлкен”  таңбасынан (>) өзге кез келген  символдардан құрастырыла береді.

    HTML тэгтеріне мысалдар:

<TITLE>

<BODY>

<TABLE>

</A>

<img>

</CENTER>

HTML тэгтерінің қосарланып жазылуына мысалдар:

<HTML>      <HTML>

<B>               <B>

<HEAD>       <HEAD>

<H3>             </H3>

<ADDRESS>      </ ADDRESS>    

<LI>               </LI>

HTML тэгтерінің  жалқы  жазылуына мысалдар:

<BR> <HR> <META> <BASEFONT> <INPUT>

HTMLтэгтерінің атрибуттарымен бірге жазылуына мысалдар:

<BODY BGCOLOR=”#000000” TEXT# FFFFFF”

BASK ROUND=”RAIN.G17”>

<OPTION SELECNED>

<FRAME SRC= “file. html” NORESIZE>

HTML құжатының құрылымы: HTML құжаты сол құжаттың  негізгі мәтінінен және белгілеу тэгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан  оны құрастыру үшін жай мәтіндік редактордың бірін, мысалы Windows ортасындағы Блокнотты, пайдалана беруге болады.

      1.HTML құжатының кез келгені <HTML> тэгінен басталып, соған сәйкес </HTML>түріндегі жабылу тэгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

       2.Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD>  тэгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікті <TITLE>...</TITLE> тэгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген  броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұртын файл аты есебінде пайдаланады.

       3. Жазылатын мәтін құжат тұлғасы  деп аталатын <BODY>...</BODY> тэгтерінің ортасына жазылады.

Осы айтылған төрт тэг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ <HTML>,<TITLE> тэгтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушының қандай броузер пайдаланытыны, оның қалай жұмыс істейтіні программа құрушуға белгісіз болады ғой.

Енді қарапайым түрде дұрыс құрастырылған HTML құжатын мысал  ретінде келтіре кетейік.

<HTML

<HEAD>

<TITLE> Құжат  тақырыбы  </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

Бұл  мәтін  экранға  шығады

</BODY>

</HTML>

Осы құжат  жұмысы  нәтижесінде  экранға  мынадай  мәтін  шығады:Бұл  мәтін  экранға  шығады

Құжаттың  функционалдық  бөліктерін  анықтау: HTML  тілі  құжаттың  функционалдық  жеке  бөліктерін  сипаттауға  арналған.  Көптеген  құжаттарда  негізгі  функционалдық  бөліктер  ретінде  тақырыптар  мен  абзацтар  қарастырылады.   

    1.  HTML  тілі  құжаттардың  ішкі  тақырыптарының  көлеміне  қарай  алты  түрлі  деңгейін  жасай  алады.  Олар  <H1>  және </H1> тэгтерінен  басталып,  <H6>  және  </H6>  тэгтеріне  дейін  жалғасады.  Компьютер  экранда  олар  әртүрлі  мөлшердегі  қаріптермен (қарайтылған  түрдегі)  көрсетіледі.

HTML  тілінің  идеологиясы  бойынша  тақырып  болып  келетін  кез  келген  мәтін  осы  тэгтердің  бірімен  бейнеленуі  тиіс.  Бірақ  бұл  тэгтерсіз  де  мәтін  әріптерін  үлкейтіп  жазатын  басқа  мүмкіндіктер  де  бар.

    2. Жаңа  жолдан  басталатын  абзацтарды  белгілеу  үшін  <P>  тэгі (жабу  тәгі </P>)  қолданылады.  Бір  абзацты  жаппай,  жаңа  абзац  бастап  кетсек,  алдыңғы  абзац  автоматты  түрде  жабылады.  Сондықтан  көбінесе  <P>  түріндегі  жабу  тэгін  жазбаса  да  болады.   HTML   тілінде  абзац  азат  жолдан  басталмайды,  тек  абзацтар  арасында  бір  бос  жол  қалдырып  кетеді.  Көбінесе  абзацтарды  анық  етіп  бөліп  тұру  үшін  көлденең  горизонталь  сызық  қойылады.  Горизонталь  сызық  қою  <HR>  тэгімен  көлденең  орындалады,  оның  жабу  тэгі  болмайды.

    3.  Сөздер  арасында  қойылған  бірнеше  бос  орын  таңбаларының  тек  біреуі  ғана  көрініп  тұрады  да,  басқалары  жойылып  кетеді.  Сол  сияқты  келесі  қатарға  көшіретін  Enter  пернесін  басу  таңбасы да  HTML  тілінде  ешбір  әсер  етпейді.

    4.  Егер  абзац  жасап  бос  жол  қалдырмай  жаңа  жолға  көшу  қажет  болса,  онда  парсыз  жалғыз  қолданылатын  <BR>  тэгін  қолдану  керек. 

HTML  4.0  нұсқасынан (версиясынан)  бастап  кез  келген  құжатты  әдемілеп  әшекейлеу  ісін,  сол  құжаттан  бөлек  жазуға  болатын болды,  алайда  бұл  мүмкіндікті  көптеген  броузерлер  арқылы  әзір  жасауға  болмайды.  Сол  себепті  HTML  тілінде,  тек  қана  құжаттарды  безендіру  үшін  ғана  қолданылатын  тэгтер  бар.  Мүмкін,  HTML  нұсқаларының  алдағы  түрлерінде  осында  жазылған  кейбір  тэгтердің  қажеті  болмайтын  шығар,  бірақ әзірше  оларды  пайдалануға  болады.  

    1.  Әріптің  мөлшерін,  түсін  және  сызылымын  таңдап  алу  үшін  <Font>  тэгін  пайдаланады.  Бұл  қосарланған тэг,  оның  ашылған  және  жабылған  тэгтері  арасында  орналасқан  барлық  мәтіндерді  түрлендіруге  болады.  <Font>  тэгінде  қолдануға  болатын  Size=…;  Color=…;  Face=...; тәрізді  үш  атрибуттың  бірі  тұруы  тиіс.       

Size=…  атрибуты  әріптің  көлемін (мөлшерін) тағайындайды.  Әріптердің  алдын  ала  берілетін  жеті  түрлі  көлемі  бар,  олар  1-ден  7-ге  дейінгі  сандармен  белгіленеді.  Бұл  сандар  белгілі  бір  өлшем  бірліктеріне  сәйкес  келмейді,  тек  санның  мәні  үлкейген  сайын  әріптің  де  мөлшері  де  ұлғаяды.  Егер  сан  көрсетілмесе,  келісім  бойынша  ол  3-ке  тең  болып  саналады.    

Информация о работе Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны