Делфи және мәліметтер қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2015 в 11:14, реферат

Описание работы

Бұл кезеңдерді локальды мәліметтер қорын қолданып BorlandDelphi7 ортасында орындау әрі жеңіл, әрі тиімді. Осы орайда мәліметтер қорын қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құру және автоматтандырудың жобасы жасалынып, оның орындалуына әдістемелік нұсқаулар жазылды.
Оқу құралында келтірілген әр мысалдың Дельфи тілінде жобалық пішіні жасалып, бағдарламалары құрылуы оның практикалық маңыздылығын арттырады деген ойдамыз.

Содержание работы

Кіріспе
1 Мәліметтер қорын жобалау және ақпараттық жүйелер
1.1 Деректердің шамадан тыс қайталануы және аномалиялар
1.2 Ақпараттық жүйелерді жобалау
2 Delphi ортасында мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері
2.1 ADO провайдерлері
3 Мәліметтер қорын құру және басқару
3.1 Мәліметтер қоры кестелерін құру және басқару
3.2 Мәліметтер қоры кестесімен жұмыс
3.3 Клиенттік қосымшада жоғарғы мәзір құру
3.4 Мемо-өрістер, бағандарды жөндеу және деректерді іздеуді ұйымдастыру
3.5 Сұраныс құру
3.6 Есеп құру
4 Delphi7 ортасында локальды деректер қорын қолданып ақпараттық жүйелер құру
4.1 «Кадрлар бөлімі» ақпараттық жүйесінің жобасы
4.2 Мәліметтер қоры өзгерісін журналға тіркеу
5 Серверлік мәліметтер қоры және interbase серверімен танысу
5.1 INTERBASE локальды сервері
5.2 Индекс құру
5.3 Delphi7 және мәліметтер қоры серверлері
5.4 Генераторлар мен триггерлер
Қортынды
Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

621.doc

— 2.30 Мб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

Б.А. Кабланбекова, Б.М. Кабланбеков

 

 

 

 

 

 

Delphi және мәліметтер  қоры

 

 

Оқу құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы

2011

 

 

ОӘЖ 002 (075.8)

ҚБЖ  32.973я73

К 12 

 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әдістемелік кеңесімен

баспаға ұсынылған

№5 хаттама 22 маусым 2010 ж.

 

 

Пікір жазғандар:

 

Ахметжанов Б.К., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Тұрғанбаев Е.М., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Сыздыкпаева А.Р., техника ғылымдарының кандидаты

 

 

 

К 12 Кабланбекова Б.А., Кабланбеков Б.М. Delphi және мәліметтер қоры: Оқу құралы. - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. - 145 б.

 

ISBN 978-601-80142-1-5

 

Оқу құралы информатика, ақпараттық жүйелер мамандықтарының мемлекеттік стандарты мен типтік бағдарламасына сәйкес жазылды.

Құралда Delphi7 ортасында мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері, ADO провайдерлері, Delphi7 ортасында локальды деректер қорын қолданып ақпараттық жүйелер құру, серверлік мәліметтер қорын InterBase ортасында құру туралы қысқаша теориялық мағлұматтар және әртүрлі мысалдар мен олардың бағдарламалары келтірілген.

Жоғарғы оқу орындарының 5В011100-«Информатика», 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттеріне курстық жұмыс, диплом жұмыстарын жазуда көмегін тигізетін қосымша құрал ретінде ұсынылады.

 

 

 

 

ОӘЖ 002 (075.8)

ҚБЖ  32.973я73

 

 

ISBN 978-601-80142-1-5

© Кабланбекова Б.А., Кабланбеков Б.М., 2011

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе

3

1 Мәліметтер қорын жобалау және ақпараттық жүйелер

4

1.1 Деректердің шамадан тыс қайталануы  және аномалиялар

4

1.2 Ақпараттық жүйелерді жобалау

6

2 Delphi ортасында мәліметтер қорына  рұқсат алу механизмдері

14

2.1 ADO провайдерлері

17

3 Мәліметтер қорын құру және басқару

20

3.1 Мәліметтер қоры кестелерін  құру және басқару

20

3.2 Мәліметтер қоры кестесімен  жұмыс

30

3.3 Клиенттік қосымшада жоғарғы  мәзір құру

36

3.4 Мемо-өрістер, бағандарды жөндеу  және деректерді іздеуді ұйымдастыру

40

3.5 Сұраныс құру

44

3.6 Есеп құру

52

4 Delphi7 ортасында локальды деректер  қорын қолданып ақпараттық жүйелер  құру

65

4.1 «Кадрлар бөлімі» ақпараттық  жүйесінің жобасы

65

4.2 Мәліметтер қоры өзгерісін журналға  тіркеу

89

5 Серверлік мәліметтер қоры және interbase серверімен танысу

95

5.1 INTERBASE локальды сервері

95

5.2 Индекс құру

99

    1. Delphi7 және мәліметтер қоры серверлері

100

5.4 Генераторлар мен триггерлер

106

Қортынды

109

Әдебиеттер тізімі

110

Қосымша А

111


 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Оқу құралы 5В011100-«Информатика» мамандығының студенттеріне жүргізілетін «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» және 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне жүргізілетін «Мәліметтер қоры жүйелері» пәндерінің негізінде жазылды. Оқу құралында «Мәліметтер қорын жобалау және ақпараттық жүйелер», «Delphi ортасында мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері», «Мәліметтер қорын құру және басқару», «Delphi7 ортасында локальды деректер қорын қолданып ақпараттық жүйелер құру», «Серверлік мәліметтер қоры және Interbase серверімен танысу» тақырыптары қарастырылып, әрбір тақырыпқа қысқаша теориялық мағлұматтар және оларға сәйкес мысалдар келтірілді. Қазіргі техника мен технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр заманында мәліметтер қоры адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда кез келген сферада қолданылып жүргені бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады. Мәліметтер қорын деректер қоры деп те айтады. Екеуінің мағынасы бір. Сондықтан оқу құралында мәліметтер қоры сөзінің орнына деректер қоры сөзі де қолданылады. Delphi-дегі мәліметтер қоры – бұл ең дамыған механизм, мұнда мәліметтер қорының бағдарламасын жасауды қамтамасыз ететін кітапханасының күшті қоры құрылып, ол әмбебап интерфейс арқылы жүзеге асырылады. Мәліметтер қоры деп бір немесе бірнеше компьютерден  қолдануға болатын ақпараттың электрондық жинақтамасын айтады.

Қазіргі қолданбалы программаларды дайындау технологияларының өте мықтылығына қарамастан, егер программаның жобасын жасауға, шешілуге тиісті мәселелерді анықтау кезеңіне барынша назар аударып, әбден пысықтамаса, соңында оны жөндеуге көп уақыт кетуі мүмкін. Егер программа құрылымы, жобасы дұрыс келістірілмеген болса, программаға жаңа функция енгізу немесе ондағы кемшіліктерді жөндеу үлкен қаржы шығынына да ұшыратуы мүмкін. Қолданбалы программаларды жобалаудың негізгі кезеңдері бар:

    1. Мәселенің қойылымы
    2. Мәселелердің шешілу тәртібін анықтау
    3. Алғашқы мәліметтерді таңдау
    4. Мәліметтер құрылымын анықтау
    5. Қолданбалы программа дайындау
    6. Программаның дұрыстығын бақылау, жетілдіру.

Бұл кезеңдерді локальды мәліметтер қорын қолданып BorlandDelphi7 ортасында орындау әрі жеңіл, әрі тиімді. Осы орайда мәліметтер қорын қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құру және автоматтандырудың жобасы жасалынып, оның орындалуына әдістемелік нұсқаулар жазылды.

Оқу құралында келтірілген әр мысалдың Дельфи тілінде  жобалық пішіні жасалып, бағдарламалары құрылуы оның практикалық маңыздылығын арттырады деген ойдамыз.

1 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

 

Мәліметтер қоры қандай да бір пәндік аумақ, яғни адам қызметінің аумағы туралы деректерден тұратын мәліметтерді сақтау және қолдану үшін құрылады. Мәліметтер қорының қосымшалары қандай да бір мәліметтер қорымен өзара байланысу үшін керек. Өзара байланыс деп мәліметтерді алу, оларды қолданушыға тиімді форматта көрсету, жөндеу, өңделген мәліметтерді қайтадан мәліметтер қорына қайтару сияқты процестерді айтады.

Мәліметтер қорын жобалау келесі пункттерден тұрады:

  1. Мәліметтер қорының ақпараттық қажеттілігін анықтау
  2. Мәліметтер қорында үлгілейтін шынайы әлемнің объектілерін – пәндік аумақты талдау. Бұл объектілерден мағыналарды құрастыру және олардың мінездемелерін беру. (мысалы, “деталь” мағынасының мінездемесі “атауы”, “түсі”, “салмағы” т.б.) және олардың тізімін құрастыру.
  3. Мағыналар мен мінездемелер арасында сәйкестік жасау – таңдалынған МҚБЖ-не негіздеп кестелер және олардың бағандары (атрибут-өріс) анықталуы керек. (Paradox, dBase, FoxPro, Access, Clipper, InterBase, Sybase, Informix, Oracle және т.б.).
  4. Әрбір объектіні ерекше-уникалды түрде анықтайтын атрибуттарды анықтау
  5. Мәліметтердің толықтылығын қамтамасыз ететін ережелерді құрастыру.
  6. Объектілер арасында байланыс орнату. Кестені қалыптандыру.
  7. Мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сұрақтарды жоспарлау

Мәліметтер қорын құру кезінде басты назар аударатын нәрсе – ол құрылатын қордың қатынастарында қайталанулар санын азайту арқылы жобалауды дұрыс бастау. Егер жоба басынан бастап дұрыс жобаланса, онда оны әрі қарай дамытуға келгенде бөгеттер саны азаяды.

 

    1. Деректердің шамадан тыс қайталануы және аномалиялар

 

Деректердің шамалы (қарапайым) және шамадан тыс қайталануы болады. Қарапайым қайталану МҚ-н өңдеу кезінде бөгет жасамайды. Мысалы: ҚТ (Қызметкер және Телефон) деген қатынас бар болсын (1- кесте). Бір жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің телефондары бірдей болуы мүмкін.

 

1-кесте- Қызметкерлер және Телефон қатынасы

 

Қызметкер  есімі

Телефоны

Алия

525458

Ғалия

525458

Берік

525458

Серік

562651


 

Мұндағы 525458 нөмірінің бірнеше адам үшін қайталануы қарапайым қайталану болып табылады.

ҚТБ-қатынасы (Қызметкер, телефон, бөлме) бар болсын.

 

2-кесте- Қызметкер, телефон, бөлме қатынасы

 

Қызметкер  есімі

Бөлме

Телефоны

Алия

111

525458

Ғалия

111

525458

Берік

111

525458

Серік

112

562651


 

3-кесте - Қызметкер, телефон, бөлме қатынасы

Қызметкер  есімі

Бөлме

Телефоны

Алия

111

525458

Ғалия

-

-

Берік

-

-

Серік

112

562651


 

2-кестеде деректердің шамадан тыс қайталануы бар. Одан құтылу үшін 3-кестедегідей қор құрсақ «-» таңбасы пайда болады, ол да қайталанады, оған жадыдан орын бөлінеді және программалау кезінде  осы таңбаны ескеру туралы шарт болуы керек, сондықтан жұмыс күрделілене түседі. Одан құтылу үшін 4-5-кестелердегідей  ТБ(Телефон-Бөлме) және  ҚБ(Қызметкер-Бөлме) қатынастарын құру дұрыс.

 

4-кесте - Телефон-Бөлме қатынасы

Телефоны

Бөлме

525458

111

562651

112


 

5-кесте - Қызметкер-Бөлме қатынасы

Қызметкер  есімі

Бөлме

Алия

111

Ғалия

111

Берік

111

Серік

112


 

Әр бөлменің телефоны МҚ-на бөлек жазылады да басқа қатынасқа бөлмеде тұратындардың аты-жөні жазылады. Бұл қатынастың тиімділігі  мысалы: Ғалия жұмыстан шығып кетсе, ол туралы деректерді МҚ-нан өшірсек те, 111-ші бөлменің телефоны туралы дерек өшпейді. Мұндай процесті қатынастарды қалыптандыру дейді.

Деректердің шамадан тыс қайталануы картеждерді өңдеу кезінде қиындықтар туындатады, оларды қатынасты жаңалау аномалиясы дейді. Олар кейбір картеждерді өшіру, жаңадан толтыру, жөндеу кезінде бөгет жасайды.

Аномалия дегеніміз МҚ-да деректерді өңдеуді қиындататын, қайшылықтар туындадатын процестер.

Аномалияның 3 түрі болады:

  1. жөндеу
  2. өшіру
  3. жаңадан қосу

Жөндеу аномалиясында деректің бір мәнін жөндеу үшін барлық қатынас жазуларын тексеріп, оған байланыстыбасқа қатынастағы жазуларды өзгерту керек болады. Мысалы: 2-кестеде 111-бөлменің телефоны өзгерсе, осы таблицаның басқа жазуларын да қарап шығу керек, сосын осы бөлмеде тұратын бүкіл қызметкерлердің телефонын өзгерту керек.

Өшіру аномалиясы қатынастан қандай да бір деректі өшірген уақытта осы дерекке қатысы жоқ қажетті бір дерек өшіп қалатын жағдайда анықталады. Мысалы: Серік туралы деректі өшірсек, бөлменің нөмірі мен телефоны қоса өшіп қалады. Ал ол бөлмеде жалғыз тұратын болғандықтан ьөлменің бос екендігі, оның телефоны неше екендігі туралы дерек сақталмайды.

Жаңадан қосу аномалиясы қатынас толық толтырылғанға дейін жаңа деректерді осы қатынасқа енгізуге болмайды, әйтпесе жаңадан жазу қосу кезінде қатынасты тағы да тексеру керек. Мысалы: ҚТБ қатынасына жаңадан бөлменің нөмірі мен телефонды қосу мәнсіз, ол бөлмеде біреудің тұратыны белгісіз болса. Бұл қатынаста Қызметкердің аты-жөні кілттік атрибут болып отыр, оның мәні толмайынша кестеге жаңа жазу енгізу мүмкін емес.

 

    1. Ақпараттық жүйелерді жобалау

 

Ақпараттық жүйелерді үйренген кезде мәліметтер қорының алатын орны ерекше.  Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді. Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы шығармашылық процесті толық-қанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру – инженерлік процесс болып табылады. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық күрделілікке толы. Деректер қорын қолдану арқылы үлкен ақпараттық жүйе де құруға болады. Ақпараттық жүйені құрмас бұрын онда қолданылатын деректер қорын жобалау арқылы ақпараттық жүйенің үлгісін жасап алған дұрыс. Ақпараттық жүйені жобалау жалпы бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың негізгілері төменде келтірілген.

Информация о работе Делфи және мәліметтер қоры