Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2015 в 11:14, реферат
Бұл кезеңдерді локальды мәліметтер қорын қолданып BorlandDelphi7 ортасында орындау әрі жеңіл, әрі тиімді. Осы орайда мәліметтер қорын қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құру және автоматтандырудың жобасы жасалынып, оның орындалуына әдістемелік нұсқаулар жазылды.
Оқу құралында келтірілген әр мысалдың Дельфи тілінде жобалық пішіні жасалып, бағдарламалары құрылуы оның практикалық маңыздылығын арттырады деген ойдамыз.
Кіріспе
1 Мәліметтер қорын жобалау және ақпараттық жүйелер
1.1 Деректердің шамадан тыс қайталануы және аномалиялар
1.2 Ақпараттық жүйелерді жобалау
2 Delphi ортасында мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері
2.1 ADO провайдерлері
3 Мәліметтер қорын құру және басқару
3.1 Мәліметтер қоры кестелерін құру және басқару
3.2 Мәліметтер қоры кестесімен жұмыс
3.3 Клиенттік қосымшада жоғарғы мәзір құру
3.4 Мемо-өрістер, бағандарды жөндеу және деректерді іздеуді ұйымдастыру
3.5 Сұраныс құру
3.6 Есеп құру
4 Delphi7 ортасында локальды деректер қорын қолданып ақпараттық жүйелер құру
4.1 «Кадрлар бөлімі» ақпараттық жүйесінің жобасы
4.2 Мәліметтер қоры өзгерісін журналға тіркеу
5 Серверлік мәліметтер қоры және interbase серверімен танысу
5.1 INTERBASE локальды сервері
5.2 Индекс құру
5.3 Delphi7 және мәліметтер қоры серверлері
5.4 Генераторлар мен триггерлер
Қортынды
Әдебиеттер тізімі
7– кесте - Студент қатынасы
Атрибут |
Деректер типі |
Символ саны |
Fio |
Мәтін |
20 |
Data |
Мерзім |
Автоматты түрде |
Naz |
Мәтін |
10 |
Adres |
Мәтін |
25 |
N_bilet |
Санаушы |
+ |
8 – кесте - Мамандық қатынасы
Атрибут |
Деректер типі |
Символ саны |
Fakult |
Мәтін |
50 |
Spez |
Мәтін |
7 |
Kurs |
Бүтінсан |
Автоматты түрде |
Group |
Мәтін |
5 |
N-bilet |
Бүтінсан |
Автоматты түрде |
N_dog |
Мәтін |
5 |
9 – кесте - Ақы қатынасы
Атрибут |
Деректер типі |
Символ саны |
N_dog |
Мәтін |
5 |
Forma_opl |
Мәтін |
20 |
Summ |
Бүтінсан |
Автоматты түрде |
Lgota |
Мәтін |
3 |
Vid_lgot |
Мәтін |
50 |
10 – кесте - Жатақхана қатынасы
Атрибут |
Деректер типі |
Символ саны |
N_bilet |
Мәтін |
5 |
Obshag |
Мәтін |
3 |
Data_viezda |
Мерзімдік |
Автоматты түрде |
Srok_proj |
Мәтін |
15 |
N_kom |
Мәтін |
4 |
Келесі кезеңде деректердің логикалық моделі қатынастар схемасы түрінде тұрғызылады. Ақпараттық объектілердің реляциялық мәліметтер моделі 3-суретте көрсетілген.
Бұл құрылатын қорда аномалия жоқ, кестелер қалыптандырылған болып саналады. Енді мәліметтер қорынбасқару жүйесін таңдап, ол бағдарламаның көмегімен физикалық жобалауға көшуге болады.
Үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін компьютерде арнайы бағдарламалар бар. Мұндай бағдарламалар мәліметтер қорын басқару жүйелері деп аталады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) – бағдарламалық жабдық, оның көмегімен мәліметтер қоры құрылып, оны әрі қарай бағдарламалық басқаруға болады, соның негізінде ақпаратты іздеу жүйесі құрылады. Ақпаратты іздеу жүйесі дегеніміз – мәліметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетуші бағдарламалар. Қолдану түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшілік қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс
3-сурет - Реляциялық мәліметтер қоры кестелерінің байланыс сызбасы
істейтін локальді (желілік) мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dbase, FoxPro, Acces және т.б. жатады. Көпшілік қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көп қолданушы МҚБЖ-не Oracle, Inter Base, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б. жатады.
2-БӨЛІМ. DELPHI ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНА РҰҚСАТ АЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ
Delphi7 бағдарламалау ортасында
BDE және ODBC механизмдері
Delphi көмегімен құрылған және
файл-серверлік мәліметтер
Компьютерде BDE орнатылмаса және тіркелмесе Delphi-де жасалған және BDE механизмін қолданатын бірде бір мәліметтер қоры жұмысын жалғастыра алмайды. Бұл жағдай бағдарламаны таратуды қиындата түседі, себебі бағдарламамен бірге BDE кітапханасының жиынтығын да бірге жіберу керек болады.
BDE механизміне ұқсас ODBC (Open Data Base Connection – мәліметтер қорымен ашық байланысу) драйверлер жүйесі де қолданылады. ODBC драйверлері де BDE механизмінің функцияларын, яғни төмен деңгейлі мәліметтер қорына қатынас құрады және бағдарламамен бірге таратылады.
Microsoft фирмасының өңдеуімен
ODBC механизмінің негізгі
ODBC механизмінің артықшылығы
Негізгі МҚБЖ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып, клиент-серверлік қосымша, ал SQL Server-дің мүмкіндіктерін пайдаланып, сервер бөлігін тағайындауға болады.
Негізгі кемшілігі мәліметтер қорына қатынау жылдамдығын баяулататын сұраныстар трансляциясы болып табылады. Клиент-сервер жүйесінде бұл олқылық сұранысты клиент-компьютерінен сервер компьютеріне ауыстыру арқылы жойылады.
Delphi7-де BDE мен ODBC- ден басқа кеңірек қарастырылып отырған ADO механизмі қолданылады.
ADО механизмі.
Delphi-де мәліметтер қорына қатынаудың Borland Database Engine және ODBC сияқты дәстүрлі құралдары сияқты Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) технологиясын да қолдануға болады, яғни бұл технология СОМ мүмкіндіктеріне, соның ішінде OLE DB интерфейсіне негізделген.
ADO технологиясы әмбебаптылығының арқасында өңдеушілер арасында танымалдылыққа ие болды. Енді OLE DB интерфейсінің базалық жинақтамасы Microsoft операциялық жүйесінің барлығында бар десек те болады. Сондықтан да осы жолмен мәліметтерге қатынау үшін тек ADO байланыс провайдерін көрсетіп, қажет мәліметтер қоры мен ADO орнатылған кез келген компьютерге бағдарламаны тасымалдай аламыз.
Delphi компоненттерінің палитрасында мәліметтерге ADO арқылы қатынасатын, мәліметтер қорының толық қосымшасын жасай алатын компоненттер жиынтығынан тұратын ADO парағы бар.
Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) МҚ қосымшаларынан мәліметтерге әмбебап қатынауды қамтамасыз етеді. ADO технологиясы мен OLE DB интерфейсі қосымшаға әр типті мәліметтер негізіне бірегей қатынау әдісін қамтамасыз етеді (4-сурет).
Мысалы, ADO-ны қолданатын қосымша корпоративті SQL серверде сақталатын мәліметтерге де, электронды кестелерге де, жергілікті МҚБЖ-ға да бірдей қиындықты операцияларды қолдана береді. ADO арқылы кез келген мәліметке жіберілген SQL сұраныс орындалады.
Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: бұл сұранысты деректер көзі қалай атқара алады?
МҚ серверлерін көп ойлап қажеті жоқ, SQL сұраныстарын өңдеу – олардың басты міндеті. Файлдық тізбек, электронды кесте, электронды почта және т.б. үшін ADO механизмі мен OLE DB интерфейсі шақырылады. OLE DB мәліметтерді өңдеудің стандартты функцияларын инкасулирлейтін арнайы СОМ объектілер жиынтығы мен объектілер арасында деректер алмасуды қамтамасыз етіп отыратын арнайы деректер көзінің функциялары мен интерфейстерді ұсынады.
ADO технологиясына сәйкес кез келген дерек көзі (мәліметтер қоры, электронды кесте, файл), мәліметтер провайдерінің көмегімен қосымшаға қатынасатын мәліметтер қоймасы деп аталады. Қосымшадағы минимальді компоненттер құрамына байланыс объектісі, деректер тобының объектісі, сұраныстар процессорының объектілері кіреді.
Жалпы, ADO технологиясы тек өзіне OLE DB объектілерін ғана емес, қосымша мен деректер объектілерінің өзара қатынасын реттейтін механизмдерді де енгізеді.
Мұндай архитектура объектілер жиынтығы мен интерфейсті ашып әрі кеңейтеді. Объектілер жиынтығы мен сәйкес провайдер кез келген деректер қоймасына ағымдағы ADO құрылымын өзгертпей-ақ құрылуы мүмкін. Осы кезде–ақ мәліметтер ұғымы кеңейе түседі, яғни дәстүрлі емес кестелік деректерге объектілер жиынтығы мен интерфейсті өңдеп шығуға болады. Мысалға, геоақпараттық жүйенің графикалық деректері, жүйелік реестрдегі
ADO негізі
4–сурет-Мәліметтерге ADO арқылы қатынау схемасы
ағаштық құрылымдар немесе CASE – құралдарының деректері және т.б. болуы мүмкін.
ADO технологиясы Windows-тің жүйелік
механизмі болып табылатын СОМ
стандартты интерфейстеріне
OLE DB спецификациясы объектілерді келесі типтерге бөледі:
Өзін өзі бақылау сұрақтары
2.1 ADO провайдерлері
ADO провайдерлері мәліметтерді ADO арқылы қолданатын қосымшаны деректер көзімен (SQL сервермен, жергілікті МҚБЖ –мен, файлдық жүйемен және т.б.) байланыстырады. Әр мәліметтер қоймасында ADO провайдері болуы тиіс.
Провайдер деректер қоймасының қайда орналасқанын және оның мазмұнын «біледі», сұранысы бар мәліметтермен жұмыс істеп, қосымшаға оны қайтару мақсатында ақпаратты интерпретациялайды.
Операциялық жүйеде орнатылған провайдерлер тізімі TADOConnection компонентімен байланыс орнатқан кезде мүмкін болады.
Microsoft ActiveX Data Objects инсталляциясы кезінде
операциялық жүйеде келесі
Бірақ осындай жат нұсқалар байланысын пайдалану қиындыққа әкеледі. ODBC драйверлерінің өзі ақырын жұмыс істегендіктен қосымша сервистердің қажеті де болмайды; Microsoft OLE DB Provider for Oracle Oracle серверімен қатынас орнатады.
ADO-ны Dеlphi-де жүзеге асыру.
Мәліметтерге ADO арқылы қатынасатын механизмдер, көптеген объектілер, интерфейстер, Dеlphi-дің ADO беттерінде, VCL-де компоненттер жиыны ретінде орналасқан. Компоненттер жұмысын қамтамасыз етіп тұрған барлық интерфейстер \Delphi7\Source\Vcl бумасында OleDB.pas және ADODB.pas файлдарында көрсетілген.
ADO компоненттері.
TADOConnection компоненті тізімдеуіштің,
деректер көзінің және