Делфи және мәліметтер қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2015 в 11:14, реферат

Описание работы

Бұл кезеңдерді локальды мәліметтер қорын қолданып BorlandDelphi7 ортасында орындау әрі жеңіл, әрі тиімді. Осы орайда мәліметтер қорын қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құру және автоматтандырудың жобасы жасалынып, оның орындалуына әдістемелік нұсқаулар жазылды.
Оқу құралында келтірілген әр мысалдың Дельфи тілінде жобалық пішіні жасалып, бағдарламалары құрылуы оның практикалық маңыздылығын арттырады деген ойдамыз.

Содержание работы

Кіріспе
1 Мәліметтер қорын жобалау және ақпараттық жүйелер
1.1 Деректердің шамадан тыс қайталануы және аномалиялар
1.2 Ақпараттық жүйелерді жобалау
2 Delphi ортасында мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері
2.1 ADO провайдерлері
3 Мәліметтер қорын құру және басқару
3.1 Мәліметтер қоры кестелерін құру және басқару
3.2 Мәліметтер қоры кестесімен жұмыс
3.3 Клиенттік қосымшада жоғарғы мәзір құру
3.4 Мемо-өрістер, бағандарды жөндеу және деректерді іздеуді ұйымдастыру
3.5 Сұраныс құру
3.6 Есеп құру
4 Delphi7 ортасында локальды деректер қорын қолданып ақпараттық жүйелер құру
4.1 «Кадрлар бөлімі» ақпараттық жүйесінің жобасы
4.2 Мәліметтер қоры өзгерісін журналға тіркеу
5 Серверлік мәліметтер қоры және interbase серверімен танысу
5.1 INTERBASE локальды сервері
5.2 Индекс құру
5.3 Delphi7 және мәліметтер қоры серверлері
5.4 Генераторлар мен триггерлер
Қортынды
Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

621.doc

— 2.30 Мб (Скачать файл)

Қатарлар тізімін TADOTable, TADOQuery, TAOostoredProc компоненттерінің көмегімен алуға болады. Осылардың әрбіреуі деректер қоймасындағы мәліметтерге қатынас орната алады. Осыдан былай деректер көзінен қайтарылатын жолдар жиынын Inprise құжаттамасына сәйкес жазбалар жинтығы деп айтсақ та болады.

ADO компоненттерінің әдістері мен  қасиеттері МҚ қосымшасына қажет  барлық  функцияларды қамтамасыз  етеді. ADO компоненттерін қолдану VCL-дің басқа да стандартты компоненттеріне аса ерекшеленбейді. Бірақ, қажет кезінде өңдеуші сәйкес ADO объектілері арқылы ADO интерфейсінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Объектілерге бағытталған сілтемелер компоненттерде болады.

ADO деректер көзімен байланыстыратын механизмдер.

ADO мәліметтеріне қатынайтын компоненттер  деректер көзіне байланысатын  екі нұсқаны пайдалана алады. Яғни, стандартты ADO мен Delphi әдістері.

Бірінші жағдайда, деректер көзіне тікелей қатынау үшін компоненттер connectionstring қасиетін қолданады. Ал, екінші жағдайда, байланысты кеңірек басқаратын және мәліметтерге біруақытта бірнеше компоненттермен қатынасатын арнайы TADOConnection компонентін қолданады.

Соnnectionstring қасиеті ADO объектісімен байланысатын ақпаратты сақтауға арналған. Мұнда үтірлі нүкте арқылы барлық параметрлер тізімделеді. Ең аз дегенде, байланыс провайдерлері мен қашықтатылған сервер атаулары болуы керек:

Connectionstring:='Remote Server=ServerName;Provider=ProviderName';

Қажет жағдайда қашықтатылған провайдер жолы :

Connectionstring:='Remote Provider=ProviderName';

және провайдерге қажетті параметрлер көрсетіледі:

'User Name=User_Name;Password=Password';

ADO деректер көзіне қатынайтын  әр компонент Соnnectionstring қасиетінде  байланыс параметрлеріне сұраныс қоя отырып өз бетінше байланыс ашады. Қосымшада неғұрлым көбірек  ADO компоненттері бар болса, бір уақытта соғұрлым көп байланыс ашылуы мүмкін. Сондықтан да ADO механизміне байланысты арнайы TADOConnection компоненті арқылы орнатқан тиімдірек болып келеді. Сонымен қатар бұл компонент Соnnectionstring қасиеті ұсынған байланысты да аша алады және де өңдеушіге байланысты басқарудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл байланыс түрімен жұмыс істейтін компоненттер TADOConnection компонентіне property Connection: TADOConnection; қасиетінің көмегімен қосылады. Ал бұл қасиет ADO деректерін инкапсуляциалайтын әр компонентте болады.

Бұл технологияны қолданып, Қазақстандағы кадрлық іс жүргізу жұмысын автоматтандыруды қарастырайық.

 

Өзін өзі бақылау сұрақтары

 

  1. Провайдер деген не? Атқаратын қызметі?
  2. ADO провайдерлері деген не?
  3. Қандай стандартты провайдерлер бар?
  4. ADO-ны Dеlphi-де қалай жүзеге асырады?
  5. ADO компоненттері деген не? Оларды ата.
  6. ADO деректер көзімен байланыстыратын механизмдері қандай? 
    3-БӨЛІМ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

 

Қолданылатын мәліметтер қоры бір немесе бірнеше кестелерден тұрады.  Келесі қадамда белгілі бір мәліметтер қорын басқару жүйесімен (ДББЖ) мәліметтер қорының архитектурасын таңдау керек. Ол үшін көбіне локальды ДББЖ алынады (Мысалы: Paradox7). Мәліметтер қорын жеке қапшықта (каталогта) сақтау керек. Қапшық атауын «Alias» деп аталатын бүркеншік атаумен беруге де болады. Алиас қапшық орналасқан жолдың жазылуын, ізделу уақытын қысқартады.

Мысалы: vkgu каталогын оның ішінде  Primer алиасын құру керек болсын.

  1. Жоғарғы мәзірдің TOOLS – DATABASEDESKTOP командасын орындаймыз.
  2. Пайда болған терезеде TOOLS – ALIAS MANAGER – NEW  командасын орындап деректер қорының атауын енгіземіз, деректер қорының атауы мен қапшық атауы бірдей бола береді, сондықтан Primer деп енгіземіз.
  3. Осы терезенің драйвер типі жолында DRIVERTYPE – STANDART деп көрсетеміз.
  4. Осы терезедегі BROWSE батырмасын басып құрылған қапшық жолын көрсетеміз (C:\ProgramFiles\Borland\Delphi\Project\vkgu) сосын ОК батырмасын басамыз.
  5. Алиасты BDE-ге жіберу керек пе? Сұрағына «ИӘ» деп жауап береміз.

 

    1. Мәліметтер қоры кестелерін құру және басқару

 

Жаңа кесте құру.

File – New – Table командасын орындаймыз.

  1. Кесте форматын таңдау үшін TableType жолында Paradox7 дегенді көрсетіп OK батырмасын басамыз.
  2. Келесі терезеде кестенің құрылымын анықтаймыз. Кестенің құрылымы кестеге енетін өріс атауларын (FieldName), типтерін (Type), өріс жазуларының ұзындықтарын (Size), кілттік өрісті (Key) көрсетуден тұрады. Бұл ортада кесте өрістерінің атаулары латын әріптерімен теріледі. Ал өріс типтері келесідей мәндер қабылдайды:

Alpha – мәтіндік өріс, ұзындығы 255 символға дейін .

Number –  нақты тип, -10307 нен +10308 дейін.

$(Money) – ақшалық тип, алдыңғы тип сияқты.

Short –  қысқа бүтін тип, -32768 ден +32767 дейін

LongInteger –  ұзақбүтін тип, -2147483648 ден +2147483647 дейін.

#(BCD) –  жоғарғы дәлдіктегі нақты тип.

Date –  дата типі.

Time –  уақыт типі.

@(Timestamp) – дата және уақыт  типі.

Memo – ұзақ мәтіндік тип, ұзындығы 255 символдан артық.

Formatted Memo – форматталған мәтіндік тип (һаріп – шрифт түсі, стилі, бейнесі көрсетіледі).

Graphic –  Графикалық тип.

OLE (Object Linking and Embedding) – осы технологияны ұстанатын ақпаратар типі.

Logical – логикалық тип.

+(Autoinctement) – санаушы, автоматты  түрде мәні 1-ге өсіп отырады.

Binary – еркін ұзындықтағы екілік  деректер типі.

Кілттік өрістің атауы тізімде бірінші орналасып соңына ID әріптері тіркеледі де Key бөлігінде жұлдызшамен белгіленеді.

Осы терезеде өрістердің қасиеттері көрсетіледі:

Required Field – міндетті түрдегі өріс.

Minimum Value – минималды мәні (сандық  әрістер үшін).

Maximum Value – максималды мәні (сандық  әрістер үшін).

Default Value – үндемеген немесе атап  көрсетпеген жағдайда шығатын  мән.

Picture – енгізу маскасы.

Кестені сақтау үшін Save As батырмасын басып шыққан терезеде файл атауын (мысалы student.db), алиас атауын (мысалы vkgu) көрсетеміз де сақтаймыз.

Кестенің әрбір жолы өріспен сәйкес келеді. Бағаналардың тағайындаулары:

  • Fields Name - өріс аты;
  • Type - өріс типі;
  • Size - өріс өлшемі (жолдардың өрісі үшін);

Key - '*'жұлдыздан құралады, егер өріс алғашқы кілттің құрамына енсе.

Кестені  құру шеберін қолдану

Деректер қоры кестесін құру үшін  Database Desktop (DBD) (Пуск| Программы|Borland Delph7|DatabaseDesktop) утилитін жүктеу қажетті. Утилит жүктелгеннен кейін жұмысшы псевдонимі  утилитін  орнатамыз. Бұл псевдоним өздігінен «үндемей» (по умолчанию) жұмыс істейін утилит. Егер жұмысшы псевдонимі орнатылмаса, онда  DBD жұмыс істеген сайын псевдонимді көрсетіп отыру керек, бұл уақытты көп алады.

Жұмысшы псевдонимін орнату үшін бас менюдан  File|Working Directory элементін  таңдау керек  және Aliases түсетін тізімінде псевдоним атын PRIMER-ді  таңдау, одан кейін Ok батырмасын  басу керек.

 Осыдан кейін деректер қоры (ДҚ) кестесінің структурасын анықтау терезесі пайда болады (5-сурет).

Кесте құрылымын анықтау. ДҚ кестесін құру үшін  бас менюден  File | New | Table элементін таңдау керек. Create Table терезесінде көрінген (Paradox7) құрылған кесте үлгісі өзгертусіз қалдырамыз және Ok батырмасын  басамыз . Осыдан кейін белгілі ДҚ кесте құрылымы  терезесі көрінеді. "Student" кестесіне енгізілетін өрістерді анықтаймыз. FieldName бағанасына FIO өрісін енгіземіз. Өріс типін анықтау үшін Type бағанасына шертуге болады немесе  бос орын (пробел) пернесін басыңыздар. Бұған жауап ретінде керек өріс типін таңдау үшін типтер тізімі шығады  (6-сурет).

FIO өрісінің типін  Alpha деп таңдаймыз және Size - өріс ұзындығы бағанына 20 мәнін енгіземіз.

Дәл осылайша n_bilet өрісін енгіземіз. Бұл студенттердің билет нөмірі қайталанбайтын болғандықтан Key бағанына жұлдызшаны қою арқылы осы өрісті алғашқы кілт құрамына енетінін білдіреміз. Кесте  алғашқы кілтпен индекстеледі. Кілттік өріс тізімде бірінші тұруы керек, сондықтан тышқанның

 

5–сурет - Database Desktop утилиті: ДҚ кестесінің құрылымын анықтау терезесі

 

көмегімен тістеп алып, тізімнің басына көтереміз.

 

6–сурет - Өріс типін таңдау

 

Student  кестесінің  басқа  бағаналарына анықтамаларды 6-суретке қарай отырып, өз беттеріңізбен орындай аласыздар. Әрбір өрісті мәндермен міндетті түрде толтыру талабы сақталауы керек. Бір өрісті міндетті өріс деп таңдау үшін, оны белгілеп  Required Field командасына белгі қою керек, сонда бұл өріс экранда әрі-бері жылжымай әрқашан көрініп тұрады. Басқа өрістердің  мағынасына шектеу қою үшін мына қасиеттерді пайдаланамыз:

  • Minimum value - өрістің ең минималды мәнін анықтайды
  • Maximum value - өрістің барынша үлкен мәнін анықтайды
  • Default value – өріс мәнін үндемей өзі анықтайды

 

7-сурет-Materialy  кестесінің құрылымын анықтау

 

Picture – өрістің бейнелену шаблонын анықтайды. Шаблон  құру үшін  Assist батырмасын басу керек.

Төменде келтіріліп отырған қатынастарды қолдана отырып және 7-суретті басшылыққа ала отырып, өз беттеріңізбен mamandik, aki, zhatakhana кестелерін құрыңыздар:

мамандық қатынасы

 

Атрибут

Деректер типі

Символ саны

Fakult

Мәтін

50

Spez

Мәтін

7

Kurs

Бүтінсан

Автоматты түрде

Group

Мәтін

5

N-bilet

Бүтінсан

Автоматты түрде

N_dog

Мәтін

5


 

ақы қатынасы

 

Атрибут

Деректер типі

Символ саны

N_dog

Мәтін

5

Forma_opl

Мәтін

20

Summ

Бүтінсан

Автоматты түрде

Lgota

Мәтін

3

Vid_lgot

Мәтін

50


жатақхана қатынасы

Атрибут

Деректер типі

Символ саны

N_bilet

Мәтін

5

Obshag

Мәтін

3

Data_viezda

Мерзімдік

Автоматты түрде

Srok_proj

Мәтін

15

N_kom

Мәтін

4


 

Кестелерді толтыру және есте сақтау.   Кесте құрылымын конструкциялағаннан кейін Database Desktop-та (DBD) таблицаны толтыруға болады. Содан соң С:\PRIMER каталогында student.db файлы құрылады (8-сурет).

 

8-сурет-Кестені сақтау терезесі

 

Құрылған  кесте құрылымын өзгерту.

Егер ДҚ бар кестелерге өзгерістер енгізу керек болса, File|Open|Table меню элементін таңдау керек, пайда болған диалогты терезеден  кесте атын таңдап Ок батырмасын басу керек. Кесте мазмұны көрсетіледі. (9-суретте student кестесінде жазулар жоқ болады,  өйткені біз оған мәліметтерді енгізген жоқпыз).

 

9-сурет-Student кестесінің мазмұны

 

 Біз DBD-дан кестені жаңа жазбамен  толтырғымыз келсе F9 батырмасын  басуымыз керек.

Кесте құрлымын өзгерткіміз келсе Table|Restructure меню элементін таңдаймыз. Ізінше кесте құрлымын анықтайтын диалогты терезе көрсетіледі.

Кестені индекстеу.

Кесте деталі болып табылатын екінші кесте ("mamandik") құрылымын анықтаймыз (10-сурет). Ол кестенің құрылымы «мамандық» қатынасымен анықталады (11-кесте).

 

11-кесте - «мамандық» қатынасының кестелік моделі

 

Атрибут

Деректер типі

Символ саны

Fakult

Мәтін

50

Spez

Мәтін

7

Kurs

Бүтінсан

Автоматты түрде

Group

Мәтін

5

N-bilet

Бүтінсан

Автоматты түрде

N_dog

Мәтін

5


 

Өз еркімізбен кесте жазбаларын санаушы ретінде Number өрісін кілттік өріс деп тағайындаймыз. 10-суретке көңіл аударсаңыздар, бұл кестеде де «student» кестесінде кілттік өріс ретінде сақталған N_bilet өрісі бар, бірақ кілт емес. Бұл ерекшеліктен N_bilet өрісінің сыртқы кілт, яғни «student» кестесі мен

Информация о работе Делфи және мәліметтер қоры