Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 20:54, курсовая работа

Описание работы

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.

Содержание работы

КІРІСПЕ
I.ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері .......................................................................................... 7
1.2. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары ........................................................................................................... 16
1.3. Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары ....................................................................................................... 21
1.4. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар ................................................................................. 22
II.ТАРАУ. 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушылардың тәрбие жүйесінің даму перспективасы ......................................................... 25
2.2. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама ........................................................................................................... 26
2.3. 12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері ........................................................................................ 29
2.4. 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері .................. 35

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................... 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................. 60

Файлы: 1 файл

12-ЖЫЛДЫҚ ДИПЛОМ.doc

— 490.00 Кб (Скачать файл)

12 жылдық оқу мерзіміне көшу  жағдайында белгіленген күнделікті  оқу жүктемесін азайту, оқушылардың  әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне  сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.

3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.

Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажеттіліктеріне орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

 

4-фактор. Оқу сапасын арттыру.

12 жылдық білім беруге көшу  күнделікті оқу жүктемесін төмендету  есебінен жалпы орта білім  берудің сапасын арттыруға мүмкіндік  береді.

 Білім сапасын арттыру оқу  материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асырылады.

5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер. 

12 жылдық білім берудің басым  бағыты-педагогикалық іс-әрекеттің  жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға  бағытталған көзқарас-педагогикалық  іс-әрекеттің методологиялық жаңа  бағыты.

Болашақ мамандардың 12 жылдық білім берудің әдіснамасын, оның теориялық және практикалық негіздерін қазірден бастап жан-жақты үйренуі аса маңызды әрі өзекті мәселе. Осы орайда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың жалпы жүйесінде педагогика курсы ерекше орын алады. [10]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.ТАРАУ  12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Елбасымыздың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында айтып кеткендей: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек». Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.

Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа мақсатты, формалы, сапалы білім беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ, барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің білімі» принципінен «өмір бойғы білімге» ауысуда. Бұл идеологияны және ішкі резервті пайдалана отырып, жаңа нарықтық жағдайларға жүйелі бейімдеу механизмін орындау – біздің міндетіміз.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Ол  2008 жылдан бастап енетін, 12 жылдық білім беру мазмұнынан жан-жақты көрініс таппақ. 12 жылдық жалпы орта білім беру педагогикалық процестің әрбір қатысушысының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейіндеп оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады. Осы жүйенің негізінде 2003 жылдан бастап республикамызда 12 жылдық білім беруді эксперименттен өткізу қолға алынды. [16]

2.1. 12 жылдық білім беруге  ауысу жағдайында оқушыларды тәрбиелеу жүйесінің даму перспективасы

Қазіргі таңда Республикада 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде қоғам дамуында орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық түбірлі өзгерістер, ынталы бастамалар, мектепте жалпы білімнен таңдаулы білімге көшу және болашақ жасөспірімдерді ғылыми техникалық прогресс талабына сай тәрбиелеу мәселесі оқу мақсатын, мазмұнын, түрін, әдісін қарастырып, тәрбие үрдісіне көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді.

Біз тәрбие мен білімді егіз дүние деп келеміз. Бұл екекуі бір арнада, бір мақсатта әрекеттескенде ғана оңды нәтиже бере алады. Ғылыми негіздерге сүйенсек адам тәрбиесі методологиясын екіге бөлуге болады. Бірінші биологиялық индивид, екінші сананы жетілдіру сатысы.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдарын әзірлеуге, жалпы білім беретін мектептің негізгі пәндері бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыру керек. 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылында 1-сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды», - делінген.

12 жылдық білім берудегі  оқушылар қызметінің мақсаты:

- жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны) ;

- әрекет ету әдістерін, тәсілдерін,біліктілігін  оқу мен әлеуметтік құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;

- оқу жағдайларын шешуге немесе  құзыреттіоіктің пайда болуына  арналған жұмыстардың әдістері  әдістері мен тәсілдерін, біліктері  мен дағдыларын кіріктіру;

- жалпы орта білім беретін  мектептегі білім беру мазмұнын  игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиалық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б) берілген мүмкіндікті қолдану.

 

2.2. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама

Информатика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен төмендегі құрамда ұсынылады:

    1. Оқулық
    2. Әдістемелік құрал
    3. Дидактикалық материалдар
    4. Хрестоматиялар

Информатика оқулығына қойылатын талаптар

Информатика оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізге алынады. Оқулыққа қойылатын талаптарды анықтап жүйелеуде оқулық функциялары:

  • білім мазмұнын тасымалдаушы;
  • мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;
  • ақпараттық;
  • трансформациялы;
  • материалды бекітушілік;
  • өзін-өзі бақылау;
  • өз бетімен білім алу;
  • дамытушы-тәрбиелеуші.

басшылыққа алынып, негізінен ескеретін құжат болды десек те болады.

Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізінде төмендегіше іріктелді:

  • ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
  • бағдарламаға сәйкестігі;
  • мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;
  • әлеуметтік-мәдени құндылығы;
  • ұсынылған материалдың тарихилығы;
  • оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;
  • мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;
  • сабақтастық принципінің сақталуы;
  • компьютерлік программалар пайдаланылуының ескеріліуі;
  • практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестілігі;
  • оқушылардың жалпы оқу біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасауы;
  • деңгейлік тапсырмалардың болуы т.с.с.

Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.

Информатика пәнін оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар:

Информатиканы оқыту әдістемесі-әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл әдістемелік оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.

Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Әдістемеде информатикадан білім мазмұнының сипттамасы беріледі.

Оқулық пен құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игерудегі білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды орындау біліктілігін қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Есептердің шығару үлгілері ұсынылады.

Информатиканы оқыту процесінде пайдаланылатын мультимедиалық үйрету программаларының, электрондық оқулықтарының өскелең өмір талабына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана алатындай деңгейде болу керек. [26]

12 жылдық білім жүйесіне арналған типтік оқу жоспары

Білім аймағында оқытылатын пәндер

Әр сыныпқа бөлінетін апталық сағат саны

Жүктелетін сағат

   

1

2

3

4

5

Апталық

Жылдық

 

І. Инварианттық компонент

   

ІI.

Тіл және әдебиет

7

9

10

11

11

48

1536

11.

Мақтау қағазы

7

-

-

-

-

7

224

22.

Қазақ тілі және әдебиеті

-

7

7

7

7

28

896

33.

Орыс тілі

-

2

2

2

2

8

256

44.

Ағылшын тілі

-

-

1

2

2

5

160

ІІI.

Математика және информатика

4

4

5

6

6

25

800

55.

Математика

4

4

5

5

5

23

736

66.

Информатика

-

-

-

1

1

2

34

ІIІІ.

Адам және қоғам

3

3

3

3

3

15

480

77.

Қоршаған орта

2

2

2

2

2

10

320

88.

Өзін өзі тану

1

1

1

1

1

5

160

ІIV.

Өнер және технология

3

3

3

3

3

15

480

99.

Музыкалық өнер

1

1

1

1

1

15

160

110.

Сызу

2

2

-

-

-

4

128

11.

Бейнелеу өнері

-

-

1

1

1

3

96

112.

Технология

-

-

1

1

1

3

96

V V.

Физикалық тәрбиелеу

2

2

2

2

2

10

320

1 13.

Дене шынықтыру және ритмика

2

2

2

2

2

10

320

Инвариантты оқыту жүктемесі

19

21

23

25

25

113

3616

ІІ. Профильдік компонент

 
 

Таңдау бойынша оқу

1

2

3

3

3

12

384

114.

Таңдау бойынша оқу

-

1

2

2

2

7

224

115.

Зерттеу жұмыстарының негізі

1

1

1

1

1

5

160

Максимальная аудиторная учебная нагрузка

20

23

26

28

28

125

4000

ІІІ. Тұлғалық компонент

 

Жеке-тұлғалық оқыту

2

2

2

2

2

10

320

Оқу жоспарының жалпы көлемі

22

25

28

30

30

135

4320


 

2.3. 12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері

Эксперимент сыныптарда дәріс берген экспериментатор-педагогтар 12 жылдық білім берудегі бастауыш саты жүйесін толық меңгеріп, осы жүйенің оқушыға тиімді және тиімсіз жақтарын саралай отырып, өз ұсыныстары мен пікірлерін енгізді.

12 жылдық білім берудің өзіндік  бір ерекшелігі ерте жастан  информатика пәнінің оқу бағдарламасына  енгізілуі. Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан-жақты болуына шынайы әлем жағдайында тәрбиеленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар осы өзгерістерді іске асыру жолында жалпы педагогтар қауымының психологиялық – педагогикалық жаңаруы көзделеді. Себебі, 12 жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі құндылықтарымен, сенімдерімен өз оқушыларының шығармашылық потенциалын дамытудағы инновациялық қызмет қабілеттілігін өздігінен жетілдіруге білікті маманды талап етеді.

Биылғы оқу жылының алғашқы күні, яғни 3 қыркүйекте Елбасымыздың өткізген интерактивті сабағының өзі келешек ұрпақты ынталандырып, жігерлендіріп, еліміздегі жылдан – жылға жоғары қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, үздіксіз білім алу керек екендігіне көз жеткізді.

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындап отыр. 12 жылдық эксперимент сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде.

Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек. Информатика пәні күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша 2 – 5 эксперимент сыныптарда әрбір сыныпқа аптасына 1  рет, ал жыл бойына 34 сағаттан жүргізіледі. Бұл сыныптарға арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Техникалық қауіпсіздік ережелерімен» танысады. Эксперимент сыныптарда жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.

Информация о работе Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама