Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 20:54, курсовая работа
Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
КІРІСПЕ
I.ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері .......................................................................................... 7
1.2. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары ........................................................................................................... 16
1.3. Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары ....................................................................................................... 21
1.4. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар ................................................................................. 22
II.ТАРАУ. 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушылардың тәрбие жүйесінің даму перспективасы ......................................................... 25
2.2. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама ........................................................................................................... 26
2.3. 12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері ........................................................................................ 29
2.4. 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері .................. 35
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................... 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................. 60
2-сыныпқа арналған сабақ өту үлгілері
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы
Сабақтың мақсаты:
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Жұмыс дәптердегi және компьютердегi графикалық редактордың негiзгi құралдары мен түрлі-түсті палитрасының жалпы түрiн қарастыру. Программаны жүктегеннен кейiн боялмаған суреттерi бар бiр файлды ашып, “Заливка” құралын қалай қолдануға болатынын көрсету.
Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:
Балалар, бүгiн бiз өте қызықты программамен танысамыз, сол программаның көмегiмен компьютерде сурет салып үйренемiз. Бiрақ ең алдымен бiз оны жүктеп үйренейiк. Ол үшiн монитордың сол жақ төменгi бұрышынан ПУСК батырмасын тауып, тышқанмен оны шертеміз, ашылған МЕНЮ бойынша КУРСОРДЫ ПРОГРАММА жолына апарып, содан соң СТАНДАРТНЫЕ, одан кейiн PAINT жолын тауып, оны тышқанмен шертеміз. Экрандарыңызға графикалық редактордың жалпы түрi шығады. Осы программада қандай құралдар және бояулар бар екендiгiн қараңыздар.
Бүгiн бiз аспаптардың бiрi «Заливка» аспабымен жұмыс жасап үйренемiз. «Заливка» аспабына тышқанмен басыңдар, сол жақ палитраға қарасаңдар екi квадрат бар – ақ және қара. Егер тышқанмен қызыл бояуға басақ онда қара шаршы қызылға боялады. Естерiңе сақтаңдар – бұл ЕКПІНДІ түс, яғни осы түспен бiз бейнелерді бояп және сурет сала аламыз.
Ендi бiзге бiр сурет ашуымыз керек болсын. Ол үшiн тышқанмен “Файл”-ды шертеміз де, “Открыть” командасын таңдаймыз, ашылған терезеден файлдың атын таңдаймыз немесе аламыз. Ашылған суреттi бояп көрейiк.
11-сабаққа арналған тапсырмала
12-сабаққа арналған
Сергiту сәтi
Сабақтың тақырыбы: «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Әдiстемелiк нұсқаулар:
«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарының атқаратын қызметiн компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. “Қылқаламның” түрлері мен “Өшiргiш” құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi.
Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:
Бүгiн бiз дайын суреттерi бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз. Содан кейiн «Қарындаш» және «Қылқалам» құралдарының атқаратын қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тышқанды шерту арқылы таңдалады. «Қылқалам» құралын таңдағанда оның түрлерiне, ал “Өшiргiш” құралын таңдағанда оның көлемiне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк! Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тышқанның сол жақ батырмасын шертулі күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көрiңдер.
13-сабаққа арналған тапсырмала
14-сабаққа арналған тапсырмалар:
1. Артық нысанды сыз.
2. Жұмбақтарды шешіп, суреттерін сал:
Қысы, жазы бір түсті.
Өзі қызыл, өзі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
/Құлпынай/
Қыста ақ, жазда сұр. /Қоян/
Үй күзетеді, үрмейді /Құлып/
Суық – Ыстық
Ауру – Сау
Көңiлсiз – Көңiлдi
Кiшкентай – Үлкен
Мейiрiмдi – Қатыгез
Жарық – Қараңғы
Қатты – Жұмсақ
Тәттi – Ащы
Сергiту сәтi
Сабақтың тақырыбы: «Сызық», «Доға» құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Тапсырмалар оқушылардың жаңа құралдарды меңгере отырып, өткен тақырыптарын қайталауға ыңғайлы етiп таңдалған. Түрлі сызықтар, сурет салуды игеру. Ақпарат түрлерін қайталау.
Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:
Бүгiн бiздiң танысайық деп отырғанымыз – “Сызық” құралы. Ал ендi осы құралды тышқанмен шертіп, экранға әр түрлi қалыңдықтағы сызықтар салайық. Кез келген түстi және оның қалыңдығын таңдап, сызықтар салуға болады. Егер сендер сызықтарың экранда көлденеңнен немесе ұзыннан орналасуын қаласаңдар, онда Shift пернесiн басып тұру керек. Өз беттерiңмен жұмыс жасап көрiңдер.
15- сабаққа арналған тапсырмалар.
16-сабаққа арналған
Сергiту сәтi
Сабақтың тақырыбы: № 2 бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.
1 - тапсырма.
1-нұсқа
Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша. Монитор, баспа құрылғысы, дыбыс бағандары, дискеттер.
2-нұсқа
Енгiзу құрылғысын дөңгелектеп қорша. Пернетақта, микрофон, дискеттер.
2-тапсырма.
1-нұсқа
Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз: жады.
2-нұсқа
Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетiне басып шығарады, астын сыз: баспа құрылғысы.
3-тапсырма.
1-нұсқа
Ақпаратты енгiзу құрылғысын жаз: пернетақта.
2-нұсқа
Ақпаратты өңдеу құрылғысының атын жаз: процессор.
4-тапсырма.
1-нұсқа
Суретте қанша тiктөртбұрыш барын есепте: 6.
2-нұсқа
Суретте қанша үшбұрыш барын есепте: 6.
5-тапсырма.
Нүктелердi сызықтар арқылы қос.
Сөйлемдердiң ақиқат немесе жалған екенiн анықта:
1-нұсқа
Бiрiншi дене – шаршы. Ақиқат.
Екiншi дене – үшбұрыш емес. Жалған.
Сызық – үшiншi дене емес. Жалған.
Соңғы дене – Бесбұрыш. Ақиқат.
Тiзбекте дөңгелек бар. Жалған.
2-нұсқа
Бiрiншi дене – үшбұрыш. Ақиқат.
Екiншi дене – сызық емес. Жалған.
Шаршы – үшiншi дене емес. Жалған.
Соңғы дене – алтыбұрыш. Ақиқат.
Тiзбекте дөңгелек жоқ. Ақиқат.
6-тапсырма.
Сызықтардан құралған нысанды үлгiге қарап сал және оны боя.
Сергiту сәтi
СЕРГIТУ СӘТТЕРI
1. Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
2. Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
3.Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.
4. Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
5. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).
Жаңа құрылым мектебінің мұғалімі
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп- жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасыы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі, арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі»,-деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек.
Бүгінгі күн талабына мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі үш бағытты басшылыққа алады. Олар 1-бағыт: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ал отырып жеке даралық бағытта оқыту. 3-бағыт: ішкі қажетіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент –оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Информация о работе Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама