Интернет технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 22:04, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі күні әлемде 130 миллион ком¬пьютер бар және оның 80 пайызы офистердегі кішігірім локалды желілерден бастап, Internet сияқты глобалды желілерге дейінгі түрлі ақпараттық-есептеуіш желілерге біріктірілген. Компьютерлердің желілерге бірігуі бірнеше маңызды себептерге байланысты, мысалы, ақпараттық хабарламалардың таратылу жылдамдығының артуы, пайдаланушылар арасындағы тез ақпарат алмасу мүмкіндігі, жұмыс орнынан кетпей-ақ хабарлама жіберу және алу (факстар, E – Mail хаттар және т.б.) жер шарының кез келген бөлігінен ақпаратты бір сәтте алу, сонымен қоса түрлі бағдарламалық қамту бойынша жұмыс істейтін фирмалардың компьютерлерінің арасында ақпарат алмасу мүмкіндігі болды.

Содержание работы

1 Кіріспе
2 Есептік-теориялық бөлім
2.1 Internet желісі туралы жалпы түсінік
2.2 TCP/IP хаттамалары. Олардың принциптері
2.2.1 IP хаттамасы
2.2.2 IP-адрес құрастыру принциптері
2.3 үй желісін құру принциптері
2.4 Internet желісі мүмкіндігі
2.4.1 Міндеттерді қою
2.5 Міндеттерді шешу әдістерін талдау
2.6 OSI базалық моделі (Open System Interconnection)
2.7 Желілік қондырғылар және коммуникация құралдары
2.8 Есептеуіш желі топологиялары
2.9 Ақпаратты беру әдісі бойынша желілерді құрастыру типтері
2.9.1 Token Ring локалды желісі
2.9.2 Arknet локалды желісі
2.9.3 Ethernet локалды желісі
3.1 Локальды желілерге арналған желілік операциялық жүйелер
3.1.2 NetWare 3.11, Nowell Inc
3.1.3 LAN Server, IВМ Согр
3.1.4
3.1.5
3 VINES 5.52, Banyan System Inc
Windows NT Advanced Server 3.1, Microsoft Corp
Экспериметалды-практикалық бөлім
3.1 мектептің локалды желісін құру
3.2 желі арқылы мектеп компьютерін басқару
4. Экономикалық бөлім
4.1. Бизнес жоспар
5. Өмір сүру қауіпсіздігі
5.1.
Мектептегі компьютерлердің қауіпсіздігін қорғау
5.2 Кондиционерлерді таңдау
5.3 Жұмыс орынының жарықтығын есептеу
5.4 Эвакуациялық жолдарды есептеу
5.5 Желдету жүйесінің есептеулері
6 Қорытынды.
7 Пайдаланылған әдебиттер тізімі

Файлы: 1 файл

dip_2580.doc

— 3.96 Мб (Скачать файл)

Хабарлама ретті түрде  сақина бойынша циркуляцияланып  отьырады. Жұмыс станциялары ақпаратты белгілі бір соңғы адреске жібереді, оның алдында сақинадан сұраныс алады. Хабарламаны қайта жіберу тиімді болып табылады, себебі көптеген хабарламаларды бірінен соң бірін кабельдік жүйе бойынша «жолға» жіберіп отыруға болады. Баолық станцияларға сақиналық сұранысты жеңіл түрде жасауға болады. Ақпаратты беру ұзақтығы есептеуіш желіге кіретін жұмыс станцияларының санына пропорционалды түрде өсіп отырады.

Сақиналық топология кезіндегі  басты мәселе барлық жұмыс станцияларының ақпарат беруге қатысуға міндетті болуы, егер біреуі істен шықса, барлық желі жұмысын тоқтатады. Кабельдік байланыстағы ақаулар тез локалданады.

Жаңа жұмыс станциясының қосылуы желінің тез өшуін  қажет етеді, себебі қондыру кезінде  сақина тұйықтықтан шығарылуы тиіс. Есептеуіш желісінің ұзақтығына қойылатын шектеулер жоқ, себебі ол екі жұмыс станциясының арақашықтығымен анықталып отырады. (Сур. 2.8)

 

 

Сурет 2.8.3-Логикалық сақиналық  тізбек құрылымы

 

Сақиналық топологияның арнайы формасы сақиналық желі болып табылады. Физикалық жағынан ол жұлдыздық топологиялардың бірігуі сияқты қарастырылады. Жекелеген жұлдыздар арнайы коммутаторлар көмегімен қосылады, (ағылш. Hub - концентратор), кейде орысша ол “хаб”деп те аталады. (Сур. 2.9)

 

   

     Сурет 2.8.4 –Сақиналық желі

 

Жұмыс станцияларының санына және кабелдердің ұзындықтарына  байланысты белсенді не пассивті концентраторлар қолданылады. Активтіе концентраторлар 4 тен 16-ға дейінгі жұмыс станцияларын қосу үшін қосымша күшейткңіштерге ие болады. Пассивті концентратор тек тармақталған жабдық түрінде ғана болады (максимум үш жұмыс станциясына арналған). Логикалық сақиналық желідегі жеке жұмыс орнын басқару кәдімгі сақиналық желідегі сияқты өтеді. Әрбір жұмыс станциясына сәйкесінше адрес беріледі, ол бойынша басқару жүріп отырады (үлкенінен кішісіне және ең кішісінен ең үлкеніне қарай). Байланыстың үзілуі есептеуіш желінің тек төмен орналасқан түйінінде болады, себебі барлық желі жұмысының бұзылуы өте сирек кездеседі.

 

Шиналық топология.

Шиналық топология кезінде ақпаратты беру ортасы барлық жұмыс станциялары қосылуы тиіс коммуникациялық жол ретінде көрсетіледі. Барлық жұмыс станциялары желіде бар кез келген жұмыс станциясымен тікелей байланысқа түсе алады. (Сур.2.10)

 

 

Сурет 2.8.5-Шиналық топология

 

Жұмыс станциялары кез  келген уақытта барлық есептеу желісі істен шықпай жатып оған қосылуы  не ажырауы мүмкін. Есептеу желісінің  қызмет етуі жекелеген жұмыс станциясының күйіне тәуелді болмайды.

Стандартты жағдайда Ethernet шиналық желісі үшін жіңішке кабель немесе үштік қосылғышы бар Cheapernet-кaбeль жиі қолданылады. Мұндай желіні өшіру және оған қосылу шинаның ыдырауына алып келеді, бұл ақпараттың циркулденуші ағынын бұзып жүйенің тоқтауына себеп болады.

Жаңа технологиялар  есептеуіш желінің жұмысы кезінде жұмыс станцияларын іске қосып не өшіріп отыруға мүмкіндік беретін пассивтік штепселдік корабшаларды ұсынады. Мысалыға мынадай қорабша 4 жұмыс станциясына есептелінген. (Сур.2.8.6)

 

 

Сурет 2.8.6 - пассивтік штепселдік корабшалар

Желілік процесстер мен коммуникациялық  ортаны үзбей-ақ жұмыс станцияларын іске қосу мүмкіндігіне байланысты ақпаратты  жеңіл түрде тыңдауға болады, яғни ақпаратты коммуникациялық ортадан  бөліп алуға болады. Осындай қорабша  арқылы байланысу үшін қосылуға арналған разъем алу керек. ( Сур.2.8.7)

 

                                

                                 Сурет 2.8.7 – разъем RJ-45

 

Тура (модульденбеген) ақпарат  жіберуі бар ЛЕЖ-де ақпаратты  беретін тек бір ғана станция  болуы мүмкін. Көп жағдайда коллизияның  алдын алу үшін бөлудің уақытша  әдісі қолданылады, оған сәйкес қосылған әрбір жұмыс станциясы үшін белгілі бір кезде мәліметтерді беру каналын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Сондықтан есептеуіш желінің өткізгіштік қабілетіне қойылатын талап жоғарғы жүктеме кезінде төмендейді, мысалы, жаңа жұмыс станциясын енгізу кезінде. Жұмыс станциялары шинаға ТАР жабдығы арқылы қосылады (ағылш. Terminal Access Point – терминалдың қосылу нүктесі). ТАР дегеніміз коаксиалды кабелге қосылудың арнайы типі. Инелік формадағы зонд сыртқы өткізгіштің қабығы және диэлектриктің ішкі өткізгіш қабаты арқылы енгізіліп, оған қосылады.

Ақпарат беруі кеңжолақтық  модульденген ЛЕЖ-де түрлі жұмыс  станциялары керек кезде ақпаратты  беріп және ала алатын жиілікке ие болады. Берілетін мәліметтер сәйкес жиілікте модульденеді, яғни ақпаратты беру ортасы мен жұмыс станциялары арасында модуляция мен демодуляция үшін модемдер орналасады. Кеңжолақтық хабарлама техникасы коммуникациялық ортада бір мезгілде кең көлемдегі ақпаратты транспорттауға мүмкіндік береді. Мәліметтерді дискреттік транспорттауды дамыту үшін модемге қандай алғашқы ақпарат берілгені роль атқармайды (аналогтық не цифрлық), себебі ол ары қарай бәрібір де өзгеріске ұшырайды.

Есептеуіш желілердің топологиясы  кестеде көрсетілген.

 

Кесте 2.2 –Есептеуіш желілердің топологиясы

Сипаттамалары

Топология

 

Жұлдыз

Сақина

Шина

Кеңейту бағасы

Аздаған шамада

Орташа

Орташа

Абоненттердің қосылуы

Пассивті

Активті

Пассивті

Қарсылықтан қорғанысы

Аз ғана

Аз ғана

Жоғары

Сипаттамалары

Топология

 

Жұлдыз

Сақина

Шина

Жүйе өлшемі

Кез келген

Кез келген

Шектеулі

Тыңдалудан қорғанысы

Жақсы

Жақсы

Аз ғана

 

Қосылу бағасы

Төмен

Төмен

Жоғары

Жоғары жүкте-ме кезіндегі  жүйе әрекеті

Жақсы

Қанағаттанарлық

Жақсы

Уақыттың әдет-тегі режимін-дегі жұмыс мүмкіндігі

Өте жақсы

Жақсы

Жаман

Кабель таралуы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Жақсы

Қызметі

Өте жақсы

Орташа

Орташа


 

  

Сур.2.8.8 -ЛЕЖ-нің ағаш тәрізді құрылымы

 

Есептеуіш желінің сақина, жұлдыз және шина тәрізді атақты топологияларымен бірге комбинацияланған, мысалы, ағаштәрізді құрылым да қолданылады. Ол негізінен жоғарыда атлған топологиялар комбинациясы түрінде құрылады. Есептеуіш желінің ағаш негізі нүктеде (түбір) жатады, онда ақпараттың коммуникациялық линиялары (ағаш бұтақтары) жинақталады.

Ағаштәріздес құрылымдағы  есептеу желілері базалық желілік  құрылымдарды таза түрде пайдалану  мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Көптеген жұмыс стацияларын сәйкесінше адаптерге қосуүшін желілі ккүшейткіштер және / немесе коммутаторлар қолданылады. Күшейткіш қызметін де бір мезгілде атқара алатын коммутаторларды активті концентраторлар деп атаймыз.

Практикада олардың екі түоі қолданылады, олар сәйкесінше сегіз  немесе он алты линияны қосуға мүмкіндік  береді.

Көп дегенде үш станция қосуға болатын  қондырғыны пассивті концентратор деп атаймыз. Пассивті концентратор әдетте тармақтаушы ретінде қолданылады. Ол күшейткішті керек етпейді. Пассивті концентраторды қосудың алғы шарты, жұмыс станциясына дейінгі мүмкін болатын қашықтық бірнеше ондық метрден аспауы керек.

 

 

2. 9 Ақпаратты беру әдісі бойынша желілерді құрастыру типтері

 

2.9.1 Token Ring локалды желісі

 

Бұл стандартты IBM фирмасы шығарған. Тарату ортасы ретінде экрандалмаған немесе экрандалған өрілген жұп (UPT немесе SPT) немесе көтерметалшық қолданылады. Мәліметтердітарату жылдамдығы 4 Мбит/с немесе 16Мбит/с. Станцияның тарату ортасына жолын басқару әдісі ретінде - маркерлік сақина (Тоken Ring) қолданылады. Бұл әдістің негізгі қағидалары:

  • қондырғы желіге сақина топологиясы бойынша қосылады;
  • желіге қосылған барлық қондырғылар тасымалдауға рұқсат алысымен (маркер), мәліметтерді бере алады;
  • кез келген уақытта желідегі тек бір станция ғана мұндай құқыққа ие бола алады.

 

Пакет типтері

IВМ-де Тоkеn Ring үш негізгі пакет типін қолданады:

  • басқару пакеті /мәліметтер (Data/Соmmand Frame);
  • маркер (Token);
  • тастау пакеті (Аbort).

 

Басқару пакеті /Мәліметтер. Осындай пакет көмегімен мәліметтерді беру немесе желі жұмысын басқару командасы орындалады.

Маркер. Станция осындай пакетті алғаннан соң ғана мәліметтерді беруді бастай алады. Бір сақинада тек бір маркер ғана бола алады, сәйкесінше тек бір станция ғана мәлімет тарата алады.

Тстау пакеті. Мұндай пакетті тарату кез келген таратуды тоқтатады.

Желіде компьютерлерді жұлдыз және сақина топологиялары бойынша қосуға болады.

 

                                   2.9.2 Arknet локалды желісі

Arknet (Attached Resource Computer NETWork ) – локалды желінің қарапайым, арзан, сенімді және жеткілікті деңгейде икемді архитектурасы. Datapoint корпорациясы 1977 жылы енгізген. Кейінірек Аrcnet-ке лицензияны SМС (Standard Microsistem Corporation) корпорациясы алды, ол Аrcnet желісі үшін негізгі өңдеуші және өндіруші болды. Тарату ортасы ретінде өрілген жұп, 93 Ом толқындық кедергіісі бар коаксиалды кабель (RG-62) және көтерметалшықтық кабель қолданылады. Мәліметтерді тарату жылдамдығы - 2,5 Мбит/с. Қондырғыларды Аrcnet-ке қосу кезінде шина және жұлдыз топологиялары қолданылады. и звезда. Станцияның тарату ортасына жолын басқару әдісі ретінде - маркерлік шина (Тоken Bus) қолданылады. Әдіс қағидалары:

  • Желіге қосылған барлық қондырғылар тасымалдауға рұқсат алысымен (маркер), мәліметтерді бере алады;
  • кез келген уақытта желідегі тек бір станция ғана мұндай құқыққа ие бола алады;
  • бір станция беретін мәліметтер желінің барлық станцияларына ашық.

 

Жұмыстың негізгі  принциптері

ӘІрбір байттың Аrcnet-ке берілуі ISU(Information Symbol Unit – ақпаратты беру бірлігі) арқылы орындалады, ол үш қызметтік старт/стоптық биттен және сегіз мәліметтер битінен тұрады. Әр пакет басында бастапқы бөлуші АВ (Аlегt Вurst) жіберіледі, ол алты қызметтік биттен тұрады. Бастапқы бөлуші пакеттің преамбуласы қызметін атқарады.

Аrcnet-те пакеттің 5 типі анықталған:

  1. Пакет IТТ (Information To Transmit) – таратуға шақыру. Бұл басқаруды желінің бір түйінінен екіншісіне береді. Пакетті алған станция мәліметтерді таратуға мүмкіндік алады.
  2. Пакет FBE (Free Buffeг Еnquiries) – Мәліметтерді алуға дайындық туралы сұрау. Бұл пакет түйіннің мәлімет алуға дайындығые тексереді.
  3. Мәліметтер пакеті. Бұл арқылы мәліметер тарату іске асады.
  4. Пакет АСК (ACKnowledgments) – қабылдауды бекіту. Мәліметтерді алуға немесе пакетті қабылдауға дайындықты бекіту, яғни FBE және мәліметтер пакетіне жауап беру жүреді.
  5. Пакет NAK ( Negative AcKnowledgments) – қабылдауға дайын еместік. Түйіннің мәліметтер қабылдауға дайын болмауы

    ( FBE-ге жауап) немесе қатесі бар пакет қабылдануы.

Arknet желісінде екі топология: жұлдыз және шина қолданылады.

 

                          2.9.3  Ethernet локалды желісі

Ethernet ерекшеліктерін жетпісінші жылдар соңында Xerox Corporation компаниясы ұсынды. Кейінірек бұл жобаға Digital Equipment Corporation (DEC) және Intel Corporationкомпаниялары қосылды. 1982 жылы Ethernet спецификациясы 2.0 версиясы жарық көрді. Ethernet базасында IEEE институты IEEE 802.3. стандартын жасап шығарды. Олардың арасындағы айырмашылықтар өте аз.

Жұмыстың негізгі  принциптері

Логикалық деңгейде Ethernet-те шина топологиясы қолданылады:

  • Желіге қосылған барлық қондырғылар тең құқылы, яғни кез келген станция кез келген уақытта мәлімет бере алады (егер тарату ортасы бос болса);
  • бір станция беретін мәліметтер желінің барлық станцияларына ашық.

 

3.1  Локальды желілерге арналған желілік операциялық жүйелер

 

Қазіргі Желілік Операциялық  Жүйелер (Network Operation System - NOS) дамуындағы басты бағыт – есептеуіш операцияларды жұмыс станцияларына аудару, мәліметтерді таралмалы түрде өңдей алатын жүйе құру. Бұл біріншіден персоналды компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің өсуімен және көпміндетті операциялық жүйелердің енгізілуімен байланысты: OS/2, Windows NТ, Windows 95. Мұнымен қоса объектілік-бағдрлаушы технологиялардың (ОLЕ, DСЕ, IDAPI) енгізілуі мәліметтерді таралмалы, бөлінген түрде өңдеуді ұйымдастыруды жеңілдетеді. Осындай жағдайда NOS-тың негізгі міндеті жұмыс станцияларының түрлі операциялық жүйелерді біріктіру және міндеттердің транспорттық деңгейін қамту: мәліметтер базсын өңдеу, хабарламалар тарату, желінің таралмалы ресурстарын басқару (directoгу/namе service) болып табылады.

Қазіргі NOS-та желі ресурстарын басқарудың үш негізгі бағыты қолданылады.

Біріншісі – бұл Объект Кестелері (Bindery). NetWare 28б және NetWare v3.1х. желілік операциялық жүйелерінде қолданылады. Мұндай кесте желінің әрбір файлдық серверінде бар. Онда пайдаланушылар, топтар және олардың желі ресурсына жету құқықтары туралы ақппарат бар. Жұмысты былай ұйымдастыру тек бір сервер болған кезде тиімді. Бұл кезде бір ақпарат базасынбақылау және анықтау талап етіледі. Желі ұлғайып жаңа серверлер қосылса жұмыс көлемі де өседі. Жүйе администраторы әрбі серверде пайдаланушы жұмысын анықтап, бағалап отыруы керек. Желі абоненттері өз кезегінде желі ресурстарының қайдаекенін біліп, бұл ресурстарға қол жеткізу үшін таңдалған серверде тіркелуі керек. Әрине, сервердің саны көп ақпараттық жүйелерде жұмысты былай ұйымдастыру жарамайды.

Екінші әдіс LANServer және LANMahager - Домен Құрылымында (Domain) қолданылады. Желінің ресурстары мен пайдаланушылар тптарға біріккен. Домен объект кестелерінің (bindery) аналогы ретінде қарастыруға болады, тек осында ғана кесте бірнеше сервер үшін ортақ, мұнымен қоса сервер ресурстары барлық домен үшін жалпы болып табылды. Сондықтан пайдаланушы желіге жол ашу үшін доменге қосылуы керек,  одан соң      

Информация о работе Интернет технологиялары