Интернет технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 22:04, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі күні әлемде 130 миллион ком¬пьютер бар және оның 80 пайызы офистердегі кішігірім локалды желілерден бастап, Internet сияқты глобалды желілерге дейінгі түрлі ақпараттық-есептеуіш желілерге біріктірілген. Компьютерлердің желілерге бірігуі бірнеше маңызды себептерге байланысты, мысалы, ақпараттық хабарламалардың таратылу жылдамдығының артуы, пайдаланушылар арасындағы тез ақпарат алмасу мүмкіндігі, жұмыс орнынан кетпей-ақ хабарлама жіберу және алу (факстар, E – Mail хаттар және т.б.) жер шарының кез келген бөлігінен ақпаратты бір сәтте алу, сонымен қоса түрлі бағдарламалық қамту бойынша жұмыс істейтін фирмалардың компьютерлерінің арасында ақпарат алмасу мүмкіндігі болды.

Содержание работы

1 Кіріспе
2 Есептік-теориялық бөлім
2.1 Internet желісі туралы жалпы түсінік
2.2 TCP/IP хаттамалары. Олардың принциптері
2.2.1 IP хаттамасы
2.2.2 IP-адрес құрастыру принциптері
2.3 үй желісін құру принциптері
2.4 Internet желісі мүмкіндігі
2.4.1 Міндеттерді қою
2.5 Міндеттерді шешу әдістерін талдау
2.6 OSI базалық моделі (Open System Interconnection)
2.7 Желілік қондырғылар және коммуникация құралдары
2.8 Есептеуіш желі топологиялары
2.9 Ақпаратты беру әдісі бойынша желілерді құрастыру типтері
2.9.1 Token Ring локалды желісі
2.9.2 Arknet локалды желісі
2.9.3 Ethernet локалды желісі
3.1 Локальды желілерге арналған желілік операциялық жүйелер
3.1.2 NetWare 3.11, Nowell Inc
3.1.3 LAN Server, IВМ Согр
3.1.4
3.1.5
3 VINES 5.52, Banyan System Inc
Windows NT Advanced Server 3.1, Microsoft Corp
Экспериметалды-практикалық бөлім
3.1 мектептің локалды желісін құру
3.2 желі арқылы мектеп компьютерін басқару
4. Экономикалық бөлім
4.1. Бизнес жоспар
5. Өмір сүру қауіпсіздігі
5.1.
Мектептегі компьютерлердің қауіпсіздігін қорғау
5.2 Кондиционерлерді таңдау
5.3 Жұмыс орынының жарықтығын есептеу
5.4 Эвакуациялық жолдарды есептеу
5.5 Желдету жүйесінің есептеулері
6 Қорытынды.
7 Пайдаланылған әдебиттер тізімі

Файлы: 1 файл

dip_2580.doc

— 3.96 Мб (Скачать файл)

доменнің, домен құрамындағы  барлық сервердің және қондырғылардың барлық ресурстарына қол жеткізе  алады. Бірақ, пайдаланушылар, сервер және домен саны көп ақпараттық жүйе құру кезінде бұл әдісте де қиындыықтар туындайды. Мысалы, өндірістер және үлкен тармақталған ұйымдар үшін. Мұнда проблема бірнеше доменді басқару кезінде туындайды.

  Үшінші бағыт - Директорийлер Атауларының және Каталогтарының Қызметі (Directory Name Services - DNS), мұнда алдыңғы кемшіліктер жоқ. Желінің барлық ресурстары: желілік баспа, мәліметтер сақтау, пайдаланушылар, серверлер және т.б. жекеленген бұтақтар ретінде немесе ақпараттық жүйе директорийлері ретінде қарастырылады. DNS анықтайтын кестелер әр серверде болады. Бұл біріншіден, жүйенің сенімділігін арттырады, екіншіден, пайдаланушының желі ресурстарына қосылуын жеңілдетеді.Бір серверге тіркелген пайдаланушыға барлық ресурстар ашылады.Мұндай жүйені басқару домендерді қолданғннан да жеңіл, себебі желінің барлық ресурстарын анықтайтын бір кесте бар.

Қазіргі күнде IDC компания жұмысын бағалау бойынша келесі желілік операциялық жүйелер көп тараған болып табылады:

  • NetWare v2.х и vЗ.х, Nowell Inc.   65%
  • LAN Server, IВМ Согр.    14%
  • LAN Manager, Microsoft Corp.   3%
  • VINES, Ваnуаn Systems Inc.    2%

 

Бұл және де басқа желілік  операциялық жүйелер мүмкіндіктерін және олардың желі қондырғыларын  бағдарламалық және аппараттық қамтуға  қоятын талаптарын қарастырайық.

 

                             3.1.2  NetWare 3.11, Nowell Inc.

Ерекше белгілері:

  • қазіргі NOS ішіндегі ең  тиімді файлдық жүйе;
  • аппараттық қамтудың кең таңдауы.

 

Аппараттық  қамтудың негізгі сипаттары мен  қойылатын талаптар.

  • Орталық процессор: 38б және жоғары.
  • Қатаң дискінің минималды көлемі: 9 МБайт.
  • Сервердегі ОЖ (Оперативті Жады) көлемі: 4 МБайт - 4ГБайт.
  • Клиенттің ЖС (Жұмыс Станциясы) ОЖ минималды көлемі: 640 Кбайт.
  • Операциялық жүйе: жеке жасалған Nowell
  • Хаттамалар: IРХ/SРХ.
  • Мультипроцессорлық: жоқ.
  • Пайдаланушылар саны: 250.
  • Файлдың максималды өлшемі: 4ГБайт.
  • Мәліметтер шифрлануы: жоқ.
  • Монитор UPS: бар.
  • ТТS: бар.
  • Желінің таралмалы ресурстарын басқару: сервердегі bindeгу кестелері.
  • Қарсылыққа тұрақтылық жүйесі: дискілерді қайталау, дискілердің айналық бейнесі, SFT II,SFT III, магниттік лентада жинақтаушыны қолдау, bindery кестелері мен мәліметтерді резервтік көшіру.
  • Мәліметтерді компрессирлеу: жоқ.
  • Блоктар фрагментациясы ( Block suballocations): жоқ.
  • Клиенттердің файлдық жүйесі: DOS, Windows, Мас(доп.), ОS/2(доп.), UNIX(доп.), Windows NT.

 

                  3.1.3 LAN Server, IВМ Согр.

Ерекше белгілері:

  • Желіні домендік ұйымдастыру желі ресурстарына жолды және басқаруды жеңілдетеді;
  • Иерархиялық жүйелермен толық қатынасты қамтамасыз етеді (SNА архитектурасы).

операциялық жүйеде қызмет түрі көп. ОS/2 базасында жұмыс істейді, сондықтан сервер бөлінбеген болуы мүмкін (nondedicated). Иерархиялық жүйелермен толық қатынасты қамтамасыз етеді, желіаралық байланысты қолдайды.

LAN Server-дің екі версиясы шығарылады: Entry и Advanced. Advanced Entry-пен салыстырғанда жоғарыөндірістік файлдық жүйені қолдайды  (High Perfomance File System - HPFS). Оған қарсылыққа тұрақты (Fail Tolerances) және құпиялық (Local Security) жүйелері жатады.

Серверлер мен пайдаланушылар домендерде бірігеді. Домендегі серверлер бір логикалық жүйе ретінде жұмыс істейді. Доменнің барлық ресурстары пайдаланушыға доменге тіркелген соң ашық болады. Бір кабельдік жүйеде бірнеше домендер жұмыс істеуі мүмкін. OS/2 жұмыс станциясында жұмыс кезінде бұл станция ресурстары нақты моментте басқа станция пайдаланушыларына ашық болады. Администратор желі жұмысын тек OS/2 операциялық жүйесі орнатылған жұмыс станциясынан ғана басқара алады. LAN Server DOS, OS/2 және Windows (Remote Interface Procedure Load - RIPL) жұмыс станцияларын қолдайды.

Кемшіліктерге мынаны жатқызуға болады:

  • NOS орнату қиын процедура болып табылады;
  • драйверлерді қолдайтын желілік адаптерлер санының шектеулілігі.

Аппараттық  қамтудың негізгі сипаттары мен  қойылатын талаптар.

  • Орталық процессор: 386 және жоғары.
  • Қатаң дискінің минималды көлемі: 4.6 МБайт клиент үшін (requestor)/7.2 МБайт сервер үшін.
  • Сервердегі ОЖ (Оперативті Жады) көлемі: 1.3 МБайт - 16 МБайт.
  • Клиенттің ЖС (Жұмыс Станциясы) ОЖ минималды көлемі: 4.2 Мбайт OS/2 үшін, 640 КБайт DOS үшін.
  • Операциялық жүйе: OS/2 2.х.
  • Хаттамалар: NetBIOS, ТСР/IР.
  • Мультипроцессорлық: қолданылады.
  • Пайдаланушылар саны: 1016.
  • Файлдың максималды өлшемі: 2 Гбайт.
  • Мәліметтер шифрлануы: жоқ
  • Монитор UPS: бар.
  • ТТS: бар.
  • Желінің таралмалы ресурстарын басқару: домендер.
  • Қарсылыққа тұрақтылық жүйесі: дискілерді қайталау, дискілердің айналық бейнесі, магниттік лентада жинақтаушыны қолдау, домен кестелерін резервтік көшіру.
  • Мәліметтерді компрессирлеу: жоқ.
  • Блоктар фрагментациясы ( Block suballocations): жоқ.
  • Клиенттердің файлдық жүйесі: DOS, Windows, Мас (доп.), OS/2, UNIX, Windows NT (доп.).

 

                        3.1.4 VINES 5.52, Banyan System Inc.

Ерекше белгілері:

  • Басқа кез келген желілік операциялық жүйелермен қатынасу мүмкіндігі;
  • StreetTalk аттары қызметін пайдалану тармақталған жүйелерді құруға мүмкіндік береді.

NetWare 4 VINES пайда болғанға дейін желілік операциялық жүйелер нарығында тармақталған желілер, кәсіпорын масштабындағы желілерге арналған (enterprise network) UNIX-пен тығыз байланысқан жүйелер болды.

Арабайланысты ұйымдастыру  үшін аттардың глобалды қызиеті – StreetTalk қолданылады, ол с NetWare Directory Services-ке ұқсас. Желінің кез келген жерінде орналасқан пайдаланушының қосылуына мүмкіндік береді. StreetTalk – желінің  барлық серверіне таралған мәліметтер базасы.

Х.29-ды қолдау алыста орналасқан DOS жұмыс станциясына Х.25 немесе ISDN желілері арқылы локалды желіге қосылуға көмектеседі.

VINES коппьютер және қатаң диск типіне критикалы қатынаста болады. Сондықтан қондырғыны таңдау кезінде аппараттық қамту мен VINES желілік операциялық жүйесінің сәйкестігіне көз жеткізу керек.

 

Аппараттық  қамтудың негізгі сипаттары мен  қойылатын талаптар.

  • Орталық процессор: 386 және жоғары.
  • Қатаң дискінің минималды көлемі: 80 Мбайт.
  • Сервердегі ОЖ (Оперативті Жады) көлемі - 25б Мбайт.
  • Клиенттің ЖС (Жұмыс Станциясы) ОЖ минималды көлемі: б40 КБайт.
  • Операциялық жүйк: UNIX.
  • Хаттамалар: VINES IР, AFP, NetBIOS, ТСР/IР, IРХ/SРХ.

 

  • Мультипроцессорлық: бар - SMP(Symmetric MultiProcesing).
  • Пайдаланушылар саны: шексіз.
  • Файлдың максималды өлшемі: 2ГБайт.
  • Мәліметтер шифрлануы: жоқ.
  • Монитор UPS: бар.
  • ТТS: жоқ.
  • Желінің таралмалы ресурстарын басқару: StreetTalk.
  • Қарсылыққа тұрақтылық жүйесі: StreetTalk пен мәліметтерді резервтік көшіру.
  • Мәліметтерді компрессирлеу: бар.
  • Блоктар фрагментациясы ( Block suballocations): жоқ.
  • Клиенттердің файлдық жүйесі: DOS, Windows, Мас(доп.), ОS/2, UNIX(доп.), Windows NT (доп.).

 

           3.1.5 Windows NT Advanced Server 3.1, Microsoft Corp.

Ерекше белгілері:

  • пайдаланушы интерфейсінің c v қарапайымдылығы;
  • қолданбалы бағдарламаларды өңдеу және прогрессивтік объектілік-бағдарланған технологиялар.

Мұның бәрі операциялық  жүйенің  атақты операциялық желілердің біріне айналуы мүмкіндігін  көбейтеді.

Интерфейс Windows 3.1 терезелік интерфейсіне ұқсайды, инсталяция 20 минуттай уақыт алады. Жүйені модульдік құру өзгерістер енгізіп, басқа платформаларға ауысуды жеңілдетеді. Кіші жүйелер санкцияланбаған жолдан және олардың әсерінен қорғалған (бір процесс тоқтасаү бұл басқалардың жұмысына әсеретеді). Алыс станциялар - Remote Access Service (RAS) қолданады, бірақ міндеттерді алыстан өңдеу қолданбайды. Windows NT с NetWare-ге қарағанда компьютер өндірісіне үлкен талаптар қояды.

Аппараттық  қамтудың негізгі сипаттары мен  қойылатын талаптар.

  • Орталық процессор: 386 және жоғары, MIPS, R4000, DEC Alpha АХР.
  • Қатаң дискінің минималды көлемі: 90 Мбайт.
  • Сервердегі ОЖ (Оперативті Жады) көлемі: 16 Мбайт.
  • Клиенттің ЖС (Жұмыс Станциясы) ОЖ минималды көлемі: 12 Мбайт NТ үшін, 512 КБайт DOS үшін.
  • Операциялық жұйе: Windows NT.
  • Хаттамалар: NetBEUI, ТСР/IР, IРХ/SРХ, АррlеТаlk, АsyncBEUI.
  • Мультипроцессорлық: қолданады.
  • Пайдаланушылар саны: шексіз.
  • Файлдың максималды өлшемі: шексіз.
  • Мәліметтердің шифрлануы: С-2 деңгейі.
  • Монитор UPS: бар.
  • ТТS: бар.
  • Желінің таралмалы ресурстарын басқару: домендер.
  • Қарсылыққа тұрақтылық жүйесі: дискілерді қайталау, дискілердің айналық бейнесі, RAID 5, магниттік лентада жинақтаушыны қолдау, домен кестелерін және мәліметтерді резервтік көшіру.
  • Мәліметтерді компрессирлеу: жоқ.
  • Блоктар фрагментациясы ( Block suballocations): жоқ.
  • Клиенттердің файлдық жүйесі: DOS, Windows, Мас, ОS/2, UNIX, Windows NT.

 

 

жауап береді.

          3.1.6. Алдын-ала компьютерлік үй желісін жобалау

 

Станцияларды бақылап  және мәліметтерді жинау үшін көпқабатты тұрғын үй бойынша 10 жұмыс орнына компьютерлік желі Fast Ethernet негізінде құрамыз.

Бастау үшін ғимарат  жоспарын (планын) және жұмыс орындарының  қайда орналасытынын білу керек.

Жұмыс орны дегеніміз - пайдаланушының ғимараттың орталық желісіне қосылған техникалық құралдары орналастырылған аудан. Жұмыс орны кем дегенде екі ақпараттық розеткамен жабдықталады, себебі қалыптасқан офистік жұмыс орны ең аз болғанда компьютерді және оның телефонын қамтиды. Оларды компьютерлік желіге қосу үшін RJ-45 стандартты тетігі бар розеткалар мен 1 ден 5 м-ге дейінгі коммутациялық шнурлар пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3.1.1– типтік жұмыс орны.

 

Одан кейін біз жұмыс  орнындағы кабельдерімізді салатын  кабельдік арна құрылады.

Коммутациялық бөлмені  активті жабдық үшін дайындаймыз (серверлік бөлме).

Жұмыс орындарынан кабельдерді коммутациялық шкафқа дейін тартамыз. Жұмыс орындарында ақпараттық розетка орналасатын болады. (Сур. 2.15)

 

Сурет 2.15– ақпараттық розетка: телефон және компьютер желісі

Ақпараттық  розеткалар- СТ сериясынан.   Декоративті қораптарда монтаждау үшін арналған. СТ сериясының ақпараттық розеткалары ST және SC тетіктерімен шығартады. Розеткалар СТ сериясының беткі панеліне немесе CTE 45 02 IT адаптерінің көмегімен Mosaic 45 рамкасына орнатылуы мүмкін.

 Ақпараттық розеткаларға екі горизонталь кабель келеді. Розетканың бір ақпараттық тетігі телефонды қосу үшін, екіншісі компьютерді қосу үшін пайдаланылады. Бейімділікті арттыру мақсатында бір типті - RJ-45 тетіктері таңдап алынған. Бұл тетіктердің кез келгенін телефонды қосу үшін де, компьютерді қосу үшін де (кросс алаңында коммутация кезінде) пайдалануға мүмкіндік береді. Төмендегі суретте (3.1.2 сурет) 568В стандарты бойынша ақпараттық тетіктің тарату сұлбасы көрсетілген.

 

Сурет 3.1.2 - 568 В стандарты бойынша RJ-45 тетігін тарату сұлбасы.

 

Әрбір жұмыс орнына екі кабель – телефон және желі үшін, әкелінеді. Желі 100 Мбит Ethernet технологиясы бойынша болады.

 

Сурет 3.1.3 –  патч-панельдердің көріністері

 

Шкаф жағынан біз  кабельді Patch Panel-ге тігеміз.(Сур. 2.17). Patch Panel шкафтың артқы жағынан орналасқан. Патч-панель немесе коммутациялық панельдер коммутациялық орталықты ұйымдастыруға арналған, байланыс жүйесінің тез қайта коммутациялауды  жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Коммутациялық панель KRONE, S110 немесе осыларға ұқсас коммутаторлармен жалғастырылған RJ-45 тетіктер блогы болып табылады. Горизонталь сымдар осы коммутатормен жалғасады, сонымен жұмыс орындарындағы әрбір розеткаға патч-панельдегі өз тетігі сәйкес келеді. Өз кезегінде патч-панельдің RJ-45 тетіктері коммутациялық шнурлар (патч-

кордтар) арқылы коммутациялар, концентраторлар, маршрутизаторлар сияқты активті коммутациялық жабдықтың сәйкес тетіктерімен жалғанады.

Қорыта айтқанда, осындай  жүйенің арқасында кабельдік  жүйенің коммутациясын тиімді ыңғайлы  басқаруға қол жеткізіледі. Шнурлардың екі жағындағы тетік жалғаулар розеткалар мен порттардың инструменттерді қолданбай оперативті қайта коммутациялану және қайта коммутациялау процесінде көршілес тізбектерді тиіп кетпеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Информация о работе Интернет технологиялары