Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2015 в 10:49, курсовая работа
Мектепте информатикадан білім беруді ќайта ќұру осы жұмыстыњ басты маќсаттарыныњ бірі болып табылады. Оќушылардыњ информатикаѓа даярлауды жаќсарту проблемасы, әсіресе ќазіргі кезењде, барынша алуан тџрлі ѓылымдарѓа информатиканыњ жедел енуі өмір шындыѓына айналып отырѓан кезде ерекше артып отыр. Алайда, оќушыларды мектепке оќыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашаќ мұѓалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалыќ, психология-педагогикалыќ және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тыѓыз байланысты.
І.Кіріспе…..........................…......….………………..…………………….….
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ..................................................................................................
2.1. Оқыту процесіндегі компьютердің алатын орны.........................................
2.2. Оқытуға арналған қолданбалы бағдарламалардың пакеттері....................
3.1. Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері....................................
3.2. Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі...............................
3.3. Delphi программасын қолдану........................................................................
III. Қорытынды………………………………………………………….………. .
IV.Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………….………..
V.Қосымшалар…………………………………………………………………....
1. Ақпараттылығы. Бұл қасиетінде қолданушыға ақпарат объектісін зерттеу үшін қажетті және тереңдігі мен сипаты жағынан осы оқу әрекетінің дидактикалық мақсатымен айқындалатындай қажетті ақпаратты беруі деп түсінеміз.
2. Көрнекілігі. Ақпараттық және көрнекілік қасиеттерінің бірдей еместігі айқын, олардың екеуі де бір-бірімен тығыз байланысты. Үлгімен жұмыс барысында алынатын ақпарат сезім үшін қолайлы түрде болуы қажет. Бұл ақпаратты тиімді колемдегі бөлшектерге бөлу мен оны жеткізудің қамтамасыз ету әртүрлі ақпарат берудегі (мәтін, формула, графика, сурет және т.б) мәнді элементін бөлумен де қамтамасыз етіледі.
3. Динамикалылығы. Қазіргі ЭЕМ-дер компьютер экранында тек қана жылжымайтын суреттер ғана емес, сонымен қатар түрлі құбылыс, яғни жылжуы мен дамуын бейнелей отырып, оны бақылауға мүмкіндік береді.
4. Ашықтығы. Қолданушының үлгі өлшемдері мен үлгілеу бағдарламасының тәртібін түрлендіруге мүмкіндік береді.
5. ОКҮ жұмысын басқарудың қарапайымдылығы.
6. Қайталанбалылығы. Үлгілеу бағдарламасының қолдану мерзімділігі немесе олардың оқу барысындағы қолдану бөлігінің циклділігі.
Ең алдымен ОКҮ-ні құрар алдын жалпы түрде болса да бұл үлгінің көмегімен қандай оқу міндеттері шешіледі, және қандай түрде шешілетіннің айқындап алу қажет, яғни оқушы өз бетінше үлгімен жұмыс істей ала немесе мұғалім оны көрсету мақсатында және т.б қолданады ма соны айқындап алу қажет. Сонымен қатар, ЭЕМ-нің есептеуші, графикалық және т.б. мүмкіндіктерін білу кджет, жасалып отырған ОКҮ-нің солардың қайсысына жұмсалатынын білу қажет.
Егер үлгі мен түпнұсқаның ұқсастығы тек саналық жағынан болса, онда үлгінің математикалық аппараты түпнұсқа аппараты мен салыстырғанда едәуір түрде қарапайым жеңілдетілген болып келеді. Егер қабылдаушы алатын үлгі жайлы ақпараттына сандар, графика, диаграмма кіретін болса онда мұнда сандық қатынас деңгейінде және үлгі аппаратындағы да сандық қатынас деңгейінде орындалуы тиіс, түпнұсқаның математикалық аппараты көшірмелеу қажет. Дұрысында да бір үлгіде бір қасиетін тек саналық түрде баяндаса, ал басқа бөлігі - сандық жағынан баяндалады.
Бағдарламаны педагогикалық тұрғыда толық қамтамасыз етуде ең негізгі көңіл аударарлығы әдістемелік, педагогикалық және психологиялық тәсілдерге, зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнының ашылуының логикасына, оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына негізгі түрде назар аударылады. Оқу пакетіне талдау жасауға болады. Көп тілдік жүйелерде пакет қорын ұйымдастырудың инструментальдік кағидасын қолдану турінің мумкіндігі бар тілдік түрғыда да таралуы бойынша да жүруі керек. Жүйелік бағдарламашы бағдарламалау механизмдерін қолдануы бойынша көптеген пакеттерге бөледі. Оқу бағдарламасымен қамтамасыз етуді және таратуды ұйымдастыру, көбіне оқу бағдарламалық қолданбалы пакетін таратуды ұйымдастыруда пакеттерді ЭЕМ типі бойынша шоғырландыру ыңғайлы, ақпаратты таратушы түріне қарай немесе орнында қолдану қондырғыларының түрінс карай шоғырландырған қолайлы. Пәннен беретін - мектеп мұғаліміне пәннің тақырыбы немесе пән сабағына қарай қандай да бір пакетті байланыстыру маңызды болып келеді. Бұл құрал түрінің қызметтік мүмкіндігі жайлы толық түсінікті қолданбалы бағдарламалық мектеп пакетінің жіктеуі береді. Мұндағы талқыланып отырған жіктелу оқу пакетін жүйелендірудің алғашқы талпынысын ұлғайтады және нақтылайды.
Жоғары деңгейдің құрылымын басқарушы, пәндік, құралдық және обьектілік пакеттер құрайды.
Басқарушы пакеттер сабақты басқару және ұйымдастыру міндетін шешеді. Орта мектеп дидактикасы сабақты ұйымдастырудың кейбір жалпы үлгісін айқындайды, барлық пән үшін бірдей болатындарын айқындайды. Мұндай үлгі бағдарламалық құралдармен құрылымдалуы да мүмкін. Сабақка жоспарланған пакеттер қорытындылық жүйелілігін тарату бағдарламасы құрылымдық пакеттерді құрайды. Құрылымдық пакеттерді жеке дербес топтарға бөлу мүмкіндігі қолданушылар мен мұғалімнің сүхбаты барысында қалыптасатын пакетпен арнайы бағдаралама құрушылар көмегімен бекітіледі. Ақырында сабақтан соң мұғалім сабақ барысы жайлы, оқушылардың жетістігі мен сәтсіздігі жайлы ақпарат жинауына тура келеді. Сабак барысын күрылымдау мен форматтауды хаттамалаушы пакеттер орындайды. Хаттамалаушы пакеттермен жиналған ақпараттар және сай келерлік түрде құрылымдалғандары көбінесе компьютерлендірілген сабақ өткізуші мұғалім тікелей қолданады. Статистикалық оқу ақпараты жалпы сынып оқушылырының топ оқушыларының, жеке оқушының материалды меңгеру дәрежесі жайлы ғылыми дәлелденген пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алгоритмдік - тапсырмалар бойынша орындалатын педагогикалық психология бойынша мамандар жасаған оқу ақпаратын статистикалық өңдеу, сабақ барысында мектептің акларат кабинетінде жеке машиналармен жиналғандары оқу барысын бөлікті болжау мүмкіндігін береді, мұғалімге, сынып жетекшісіне, косымша ұсынысы бар ата-аналарға хабар, мәлімет береді. Мұндай түрдегі ақпарат мектептің оқу барысын зерттеуші психологтарды да қызықтырады. Ақпаратты өзгерту сабақтарының нақты мазмұнымен аз байланысы бар бағдарламалық құралдар статистикалық пакеттерді білдіреді. Мұндай жағдайда ақпараттың мектептік кабинеті ЭЕМ-нің жергілікті орындағы желісін білдіреді, басқарушы пакет ішінде желілік пакеттері-бөлгіштері және интеграторлары маңызды роль атқарады. Инструментальдық пакет тобындағы оқу пакетінің мазмұнымен қызметтік байланысы барларының көбіне айқын болмағаны: бұл пакеттердің негізгі мақсаттық сипаты қолданылатын бағдарламалық құралдармен айқындалған.
Өңдеуші мәтіндік пакеттер мәтіндік ақпарат бағдарламасынан жиналып және де оқушы мен мұғалімнің мәтінмен жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасайды. Өңдеуші пакет бағдарламалары сөз, белгі, жол, қатар қоюды қамтамасыз етеді. Оларды жоюды, алмастыруды мәтіннің бір бөлігін бөлу тәсіліне мүмкіндік етеді және т.б. Дербес ЭЕМ экранында мәтінмен жұмыс істеудің ыңғайлылығы сезіну эстетикалылығы, қатені із-түссіз түзету, мәтінді жазғандағы қателіктерді жою, оқушының еңбек өнімділігін арттырады.
2.2. Оқытуға арналған қолданбалы бағдарламалардың пакеттері
Пакетті даярлауда пәнді оқыту әдістемесін негізгі ала отырып, модульді оқыту принциптерін пайдаланған жөн. Себебі тестік сұрақтарды құрастыруда пән мазмұныны бойынша семантикалық граф құрастырып, ол сызбаның түйіндерінде ұғымдар, олардың қасиеттері, байланыстары көрсетіледі. Модульді оқыту терминінің семантикалық мәні халықаралық түсінік пен оның мәнінің бірі қызметтік желі. Бұл ілімде негізгі тәсіл ретінде модульді оқытудың негізгі құралы ретінде ақпараттық аяқталған блок ретінде түсіндіріледі.
Өзінің бастапқы түрінде модульді оқыту 60-шы жылдардың соңында пайда болып, шет елдерде тез етек алды. Оның мәні оқып білім алып, үйренушісі оған үсынылған жеке оқу бағдарламасы бойынша дербес жұмыс істей алады, оған алдына қойылған дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге әдістемелік басшылық етеді.
Педагогтың қызметші ақпараттық-бақылаушылықтан нұсқау беріп үйлестірушілікке дейін түрлендіріліп отырады. Педагог пен оқушының оқу барысындағы өзара әрекетттері принципті өзге негізде жүзеге асырылады: модульдер көмегімен саналы сезілінген, мойындаған оқып үйренушінің алдын-ала дайындық деңгейімен қамтамасыз етіледі.
Модульді оқытудың жетістігі педагог пен оқушы арасындағы екі жаққа да өзар тең қарым-қатынасты сақтауымен айқындалады. Модульді оқытудың теориясы жалпы дидактикалықпен тыгыз байланысты арнайы ерекше принциптеріне негізделген. Олар заңмен бекітілген ғылым заңдылықтарына сай тәртіп пен әрекеттің негізгі ережелеріне сай басшылыққа алынатын идея болып келеді.
Модульді оқытудың жалпы бағытын, оның мақсатын, мазмұны мен ұйымдастыру әдісін мынадай қағидалар айқьшдайды: модульділігі, оның оқыту мазмұнынынан ерекше элементтерін бөлу, жылжымалылығы, өрістеуі, білімінің әрекеті мен білімінің әрекеттілігі, олардың икемді жүйесі, нанымды болашақтығы, жан-жақты әдістемелік кеңес берілуі, екі жаққа да тең болуы. Әрқайсысына тоқталып өтсек:
Олардың біріншісі оқу тәсілін айқындайды, оның мазмұны мен ұйымдастырушылық түрі мен әдісі негізіндегі көрсетілген оқыту тәсілін айқындайды. Оқытудың осы принципіне сай жеке қызметтік желісі - модулімен нақты дидактикалық мақсатқа жетуге арналуымен құрылады. Бірақ ғалымдар бұл принципті түрліше түсінікте жүр. Оқытудың бастапқы даму кезеңінде АҚШ-та сонымен қатар Англияда әрбіреуін жеке оқытудың жиынтығынан алынып, бұл ілім тұжырымдалады. Модульді оқытудың мұндай тәсілінде біздің пікірімізше оқыту әдісімен "пакет" теңестірілді. Жаңа оқытудың түрін одан әрі дамыту барысында модульдік принципті, қағиданы түсіну ұлғая түсті. А.А.Туцински дербес тап идеясының байқалуын дидактикалық каналдар бойынша табиғи білімге сай берілуін талап етеді. Б.Гольдшмид пен М.Гольдшмид модульдік қағиданы кең түрде қарап, оны оқып үйренушінің айқын бір мақсаттарға қол жеткізуіне көмектесетін жоспарлы оқу әрекетінің дербес өз бетінше қалыптасуымен жүзеге асуын қарайды.
Біздің жүргізген тәжірибелік және теориялық зерттеулерге сүйене отырып, модульдік принципті жүзеге асыру үшін мынадай педагогикалық ережелерді тұжырымдаймыз:
1. Әрбір оқушының алдына қойған дидактикалық мақсатқа жетуді толық қамтамасыз ететін оқу материалын құру.
2. Ол жеке модульдерден
дидактикалық мақсаттар
Оқу материалына сай белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған оқытудың түрлі түрімен формаларын үйлестіру қажет. Оқыту мазмұнынан ерекше элементтерін бөлу принципі модуль шеңберінде оқу материалын бірегей тұтастықпен үйлестірілген дидактикалық мақсатттарды шешуге бағытталған нақты құрылымдық модуль ретінде қарауды талап етеді. Бұл принцип бағдарланған оқытудағы оқу материалын жеке бөлу принципіне ұқсас, бірақ мәнді айырмашылықтары да бар. Бағдарлы оқытуда материалды кішігірім тығыз байланысты баяндалған түрде бөлу қажет, оларды міндетті түрде біртіндеп күрделі бөліктерге қарай өрістетеді. Әрбір элементтің алдында дидактикалық мақсат қойылып, ал оқыту мазмұны алға жетуді қамтамасыз ету көлемінде беріледі. Элементтері өзара байланысты да және дербес те болып келуі мүмкін. Жеке зерттеушілердің пікірі бойынша оқыту мазмұнының едәуір құрылымдағы бірқатар айырмашылығы болады. Дж.Россель оқыту мазмұнының ең кіші бірлігі реттерде нақты бір курстың айқын тақырыбын бөліп көрді, оны модуль деп атайды. И.Прокопенко мұндай бірлік деп дидактикалық мақсатқа жауап беретін оның элементі деп аталатын тақырып фрагментін есептейді. Мұндай тәсіл білімнің жүйелілік қағидасын жүзеге асыру үшін ең озық жағдайын құрады, ал Дж. Россельдің пікірі оның фрагментарлық меңгерілуін жоққа шығармайды. Оқыту мазмұнынан ерекше элементттерді бөлу принципін басшылыққа ала отырып, мынадай педагогикалық ережелерді ұстану қажет:
• Үйлестірілген дидактикалық мақсаттардан жеке мақсаттар құрылымын бөлу қажеттігі;
• Олардың әрқайсысының оқыту материалын толық қамтамасыз ететін жеке элементтеріне жетуі;
• Бір үйлестірілген дидактикалық мақсаттың жеке максатына жету үшін қызмет ететін элементтерінің жиынтығы бір модульді құрауы қажет.
Өрістеу қағидасы әлеуметтік тапсырысты ескергендегі модуль мазмұнының еркін өзгеруін қамтамасыз етеді. Ф.Кумбос білімнің әлемдік дағдарысының себептерін қоғамдық өмір жағдайы мен білім арасындағы болатын үзіліспен байланыстырды. Бұл жас ұрпақты сапалы дайындау барысына кері әсер етеді. Өйткені, ғылыми техникалық программаның жоғары қарқыны жалпы техниканың арнайы білімінің тез ескіруін жүргізеді. Кейде оқтын-оқтын жалпы ғылымдық білім құндылығына қайта қарауды талап етеді. Оқу материалдары ұдайы жыл сайын қайта қаралмай және жаңаруы тиіс. Күрделі жағдайлардың шығудың бір жолы оқу материалын құруды қамтамасыз етуде оның ауыспалы бөлімдерін бір-біріне тәуелді етпей тез өзгертіп, толықтырып оқу материалының жеке бөлімдерін дамытып отырудың өзі жеткілікті болады. Оқу материалдық мазмұнының тұрақты және өзгермелі мазмұнының арасындағы қайшылықты шешу динамикалық принципін жүзеге асырумен мүмкін болады. Оның педагогикалық ережелерін тұжырымдайық:
• Әрбір элементінің мазмұны және әрбір модуль жеңіл өзгеріп және толықтырылып отыруы мүмкін;
• Түрлі модуль элементтерін құрылымды түрде өзгерте отырып, жаңа модульдері құру мүмкіндігі бар;
• Модуль оның элементгерін тез өзгертуге боларлықтай формада берілуі қажет.
Білім саласының топтарында (орта мектепте, жоғарғы оқу орындарында және дипломнан кейінгі білімде) оқып үйренушінің арасында әрекетті білімді қалыптастыру мәселесі туындады, ол мамандарды кәсіби дайындау деңгейіне кері әсер етті. Бұл қалыптасқан жағдайдан шығуды бір ғалымдар оқып үйренуі орындай алатын әрекет жүргізілуде немесе оқыту мақсатын тізім түрінде қолдану қажет дейді. Өзгелері былай деп санайды: мәселені шығармашылық тәсілмен шешуде шығармашылық өзіндік әрекетті тәрбиелеу үшін оқу әрекетін жаттанды нәтижеден әрекет әдісіне бағыттау қажет дейді, ол қойылған нәтижеге жеткізеді. Біз де әрекет түріне оқыту қажеттілігінен келісеміз. Модульді оқытуға әрекеттік тәсіл өте маңызды. Бірақ ол рецепторлық құрал ретінде болмауы қажет. Оның шектеулілігі метадологиялық түрде «технократтық»1 педагогикалық ережесіне сүйенеді. Егер оқып үйренушілер дербес түрде өз бетінше ынта қойып, тапқырлықпен білімдерін қолдана білген жағдайда қарқынды білім ала алады. Әрекетті және оперативті білім жүйесі жайлы тек ептілік пен үздіксіз байланыс ретінде ғана сөз етуге болады. Мұндағы айтылайын дегені жалпы ғылымды, жалпы техникалық және арнайы білімдер жүйелі және ептілік дағдыны оқушы еркін түрде өз бетінше тәжірибелік әрекетінде қолдана білуіне де болады. Қаралып отырған модульдік қағидасы ең алдымен оқыту мақсатының қалыптасуына қолдау көрсетуге бағытталған оқытуды білдіреді. Педагогикалық ережесі қалыптастырсақ, білімнің қарқынды әрекетімен және жүзеге асыру ережесін басшылыққа ала отырып, олардың жүйесін басшылыққа ала отырып қарайтынымыз:
Модульдік оқытудағы мақсаттар әрекет әдіс-тәсілімен тұжырымдалуы қажет; қойылған мақсатқа жету үшін айлық немесе тәжірибелік әрекеттің логикасы бойынша модульдің пән аралық мазмұнын құру және пәндік мазмұнын құру; оқуға шығармашылық пен шығармашылықты қамтамасыз түрде білімді меңгерудің мәселелік тәсілі негізінде оқу ұйымдастыруы қажет; айқын түрде білімді бір әрекет саласынан екіншісіне ауыстыруы айқын көрсетілуі қажет; икемділік қағидасы модульдік бағдарламаларды оқушының жеке тұтынысын меңгеру жолы мен оқыту мазмұнына бейімделуі мүмкіндігін қамтамасыз етуімен құруды талап етеді.
Білімді меңгеру сипатының айырмашылығы барынша маңызды, сонымен қатар ой операциясының қалыптасуы мен жылдамдығы және олардың ауыстырылуы да барынша мәнді. Міне осыған орай оқу барысын дербестендіру қажеттігі туындайды. Былайша айтқанда, ол педагогтың оқушыға жеке тәсілде қарауы. Ал кең мағынада айтсақ, педагогикалық жүйенің барлық элементін қамту болып табылады. Жеке қару мәселесін шешу көбіне еңбек шығынымен материалдық базаның болуымен тікелей байланысты, көбінесе мұнда оқушының топтық, кластық санын кеміту болып келеді. Модульдік оқыту мазмұны мен барысын дербестендіру оның тиімділігі жағдайын қарағанда, оқушылар тобының санын кемітудің міндеті еместігін көрсетеді. Бірақ ол педагогикалық еңбек тиімділігін арттырусыз болмайды. Білімділік мәні оқыту мазмұнын дербес құруда қамтамасыз етуде және оны меңгерудегі өзіндік қарқыны мен оқушының қарапайым жолды таңдауында. Осы жолменен оқу барысын бақылау және өзіндік бақылаумен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бар.
Информация о работе Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері