Паскаль тіліндегі графика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2015 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.Ол Алго 60 тілдің жетілдірілген түрі болып табылады.1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.
Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар.Оның ішінде IBM PS-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.Келесі қатарда оның соңғы вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған.Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы варианттарымен де үйлесімді.

Файлы: 1 файл

курсовой (2).docx

— 90.12 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы: Паскаль тіліндегі графика

                                                          Кіріспе.

Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде- тіл аты ретінде кеңінен қолданылады.Паскаль программалау тілі XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.

Блез Паскаль 1623 жылы Франция мемлекетінің  Клермон-Ферран қаласында дүниеге келген.Ол жастайынан-ақ білімділігі, ал,ырлығы, зереттілігімен, әсіресе математикасына бейімділігімен баршаның көзіне түсті.1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарында математиктердің бірі болып тарихқа кірді.Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы –ықтималдар теориясының ірге тасын қалады.

Осы жоғары деңгейлі программалау  тілдерінің бірі-Паскаль тілінің құрастырушысы Швейцария мемлекетінің Цюрих информатикалық институтының профессоры, жоғары политехникалық мектептің оқымысты адамы-Никлаус Вирт (1968-1971).

Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.Ол Алго 60 тілдің жетілдірілген түрі болып табылады.1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.

Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар.Оның ішінде IBM PS-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.Келесі қатарда оның соңғы вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған.Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы варианттарымен де үйлесімді.

Бейсик тілі сияқты Паскаль тілі оқып үйренуге жеңйл,түрлі саналық информациямен жұмыс істеуге нәтижелі болғандақтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі.

Паскаль тілінің мынадай ерекшеліктері бар:

    • Тідің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндіе береді:
    • Тіл алгоритмді сақтап құрылған.Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жеке блокиар түрінде құруға болады.Ол программалау тілін үйрену үшін өте қажет;
    • Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді;
    • Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген.Олар өнделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға жіне жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
    • Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарлмалау құру мүмкіндігі септигін тигізді;
    • Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құруға болады.

TURBO PASKAL ортасын жүктеу, бағдарламаны  орындауға жіберу, арнайы пернелердің  атқаратын қызметтері туралы  жазылған. Бағдарламаның құрылымы, типтері, стандартты функциялары  жөнінде мәліметтер берілген.

PASKAL тілінің операторлары: енгізу, шығару, шартты көшіру, таңдау  операторларын бағдарлама құруда  пайдалану және олармен байланысты  зертханалық жұмыстар қарастырылған. Қайталау алгоритмдерін бағдарламалаумен  қатар, қайталау операторларына  байланысты көптеген мысалдар  мен бағдарламалар келтірілген.

TURBO PASKAL-да сонымен қатар  берілгендердің күрделі типтеріне жататын массив ұғымы, бір өлшемді массив, екі өлшемді массив, көп өлшемді массивтерге байланысты есептер қарастырылып, ал массивтерді сипаттау, массив элементтерін енгізу, ең кіші, ең үлкен элементтерін табудың жолдары көрсетілген.

Көмекші бағдарламалар, берілгендердің аралас түрлері, жиындық тип, файлдық типтер толығымен қамтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-Бөлім. Паскаль тілінің маңызы мен мазмұны

    1. Паскаль бағдарламалу тілі

TURBO PASKAL ортасына кіру  үшін TURBO.exe файылын жүктеу қажет. Жүйені сәтті жібергеннен кейін  экраның жоғарғы қатарында TURBO PASKAL ортасында жұмыс істеудің мүмкін  режимдерінің « мәзірі» пайда  болады. Fail edit search run compile debug tools options window help.

Жұмыс барысында функционалдық пернелерді пайдалана отырып, бағдарламаны компиляциялау немесе орындау командасын бере аласыз . Сіз оларды қаншалықты есте сақтасаңыз, компьютермен жұмыс істеу жеңілдей түседі

   Ғ1-анықтаманы шақыру:

   Ғ2-терілген  (редакторланған) бағдарламаны файлға сақтау:

  Ғ3-дискде сақталған бағдарлама мәтінін редактор терезесіне шығару( файлды ашу):

   Ғ4-Өңдеу режимнде қолданады(өңдеу режимин қара):

   Ғ5-Өңдеу терезесін толық экранға үлкейтеді:

   Ғ6-Редакторлы терезесін өңдеу терезесіне алмастырады:

   Ғ7-Өңдеу режимінде қолданады(өңдеу режимін қара):

  Alt-Ғ9-Бағдарламаны компиляциялау;

  Ctrl-F9-бағдарламаны компиляцлау жане орындауға жіберу;

   Alt-F5-нәтижені көру;

   Alt-Х- TURBO PASKAL ортасынан шығу.

   Жұмыс режимі

   Мәтіндік редактор (Editor)

Мәтіндік редактор пайдаланушыға бағдарлама мәтінін теруге және түзеуге   мүмкіндік береді. Мұның көмегімен мәтін бойынша жылжу үшін астындағы пернелерді қолдануға болады:

   PgUp-Бір бетке жоғары жылжу;

   PgDn- бір бетке төмен жылжу;

   Home- ағымдағы жолдың басына жылжу;

   End- ағымдағы жолдың соңына жылжу;

   Ctrl- PgUp-мәтін басына жылжу;

   Ctrl- PgDn-мәтін соңына жылжу;

    Мәтіндік редактор бір мезетте  Alt және BackSpace пернелерін басу арқылы шақыруға болатын Undo командасыныі көмегімен орындалған іс-әрекетті болдырмауға мүмкіндік береді. Егер сіз орындаған іс-әрекетті болдырмауға асығыстық жасап қойсаңыз, онда оны Redo командасының көмегімен кері қалпына келтіре аласыз ( бұл команданы Shift - Alt – BackSpace пернелерін бір мезетте басу арқылы шақыруға болады).

    Көпшілік жағдайда іс-әрекетті абзацты жою үшін қолдануға тура келеді. Алдымен оны Shift және меңзерді басқару пернелерінің көмегімен айрықшаландырып аламыз. Содан кейін Shift пернесін басып тұрып, оны жібермей Delete пернесін басамыз. Нәтижесінде абзац алмасу буферіне ауысады.

    Жұмыс барысында Сізге бағдарламаның айрықшаланған блогын алмастыру буферіне ойып алуға (Cut) (бір мезетте Shift және Delete пернелерін басу) немесе оны алмастыру буферіне көшіруге (Copy) (Ctrl және Ins пернелері), сонан кейін жаңа орынға қоюға (Paste) (Shift және Ins пернелері) тура келеді.

   Бағдарлама мәтінін теру барысында қате жібермейтін адам кемде кем шығар.Егер сіз басқа әріпті не цифрды  жазып қойсаңыз, егер белгі меңзер позициясында тұрса, онда оны Delete пернесінің көмегімен өшіресіз.Ал, егер, «дұрыс емес» белгі курсордың сол жағында тұрса онда оны өшіру үшін BackSpace пернесін қолданамыз.

    Толық жолды өшіру үшін Ctrl және У пернелерін басу қажет.

  

 

 

Файлмен жұмыс істеу режимі (File)

 

File мәзірінде сізге басқа  бағдарламалар бойынша таныс  командалар орналасады.

 

   New-жаңа файл құру

   Open-бұрын құрылыған файлды ашу

   Save- активті терезедегі бағдарламаны дискіге сақтау

   Save as-файлдың атын және жолын көрсете отырып сақтау

   Өңдеу режимі(DEBUG)

   DEBUG-мәзірінің пунктіндегі командаларына кейбір түсіндірулер қажет.

   Watch-бақылау терезесін ашу.Стандартты терезе экранның төменгі бөлігінде орналасады.Егер бағдарлама мәтіні үлкен болса, онда бұл терезе бағдарлама мәтінінің бір бөлігін жауып тұрады.Терезенің өлшемдерін өзгерту және оның орныны ауыстыру үшін Ctrl-F5 пернесін басыңыз, сонан кейін →     бағыттарының көмегімен терезенің өлшемімен орнын белгілеп, ENTER пернесін басыңыз.Мәнін бақылап отырған айнымалының атын енгізу үшін Insert пернесін басыңыз.Экран бетінде тақырыбы Watch Expression  деп жазылған сұр тік төрт бұрыш пайда болады.Айнымалының атын енгізіп енгізу пернесін басыңыз.Терезеде айнымалы аты пайда болады.Айнымалының мәні шығу үшін бағдарламаны Ctrl –F9 режимінде орындау керек.

    Бағдарламаның кейбір бөліктерін қадам бойынша орындаусыз өтіп кетуге болады.Меңзерді бағдарламаның  қадам бойынша орындалуы басталатын жолына қойып, F4 пернесін басыңыз.Бағдарлама компиляцияланып оның меңзерге дейін орналасқан бөлігі орындалады.Содан кейін F7 пернесі арқылы бағдарламаны қадам бойынша орындауға мүмкіндік аласыз.

    Бақылау терезесіндегі айнымалыны өшіру үшін оған  алдын ала жасыл сызықты қондырып алып, Delete перенсін басу керек.

    Evalute  командасы сізге өңдеі процесінде кез-келген өрнектің мәнін табуға көмектеседі.

    Өңдеу процесі кез-келген айнымалыға жаңа мән беруге болады.

  1. Өңдеу режиміне кіру
  2. Режимді тырнақша ішінде ашу және evaluate/modify қызметші сөзін
  3. табу,  ENTER пернесін  басу.

    Айталық, Сіз α массивінің үшінші элементінің мәнін өзгерткіңіз келді делік.

Енгізу пернесін басқаннан кейін экран бетінде сұр тік төрт бұрыш пайда болады.

Expression                                                           Evaluate

     a[3]                                                                   Modify

Result                                                                   Cancel                 

        20                                                                    Help                                                                                                                                                      

New value                         

           

 

  Табуляция пернесімен New value-ге өтіңіз, жаңа мәнді енгізіп, Enter-ді басыңыз.

Result  

-3           


     New value  

-3           


Esc пернесін басу арқылы өңдеу режиміне өтесіз. Evalute режимін күрделі емес калькулятор ретінде пайдалануға болады.

PASKAL тілі алфавиті мен бастапқы мәліметтер

PASKAL тілінде қолданылатын таңбалар: 1)26 үлкен және кіші латын әріптері: 2)0,1,...,9-цифрлары:3)арнайы таңбалар (3.1-кесте): 4) түйінді сөздер (3.2-кесте).

Арнайы таңбалар

Мағынасы

=

<

>

<=

>=

:=

-

*

/

(,)

[,]

:

.

,

;

+

Дәйекше (Апостроф)

Тең

Кіші

Үлкен

Кіші немесе тең

Үлкен немесе тең

Меншәктеу

Азайту

Көбейту

Бөлу

Дөңгелек Жақшалар

Тік Жақшалар

Қос нүкте

Нүкте

Үтір

Нүктелі үтір

Қосу


3.1-кесте

 

 

 

 

 

 

 

3.2-кесте

Түйінді сөздер

Аудармасы

AND

ARRAY

BEGIN

CASE

CONST

DO

END

FILE

FOR

FUNCTION

IF

OR

ELSE

PROCEDURE

PROGRAM

RECORD

REPEAT

THEN

TYPE

VAR

Және

Массив

Басы

Таңдау

Тұрақты

Орында

Соңы

Файл

Үшін

Функция

Егер

Немес

Әйтпесе

Процедура

Бағдарлама

Жазу

Қайталау

Онда

Тип

Айнымалы




 

PASKAL тіліндегі бағдарлама  сипаттау және Операторлар бөлімінене  тұрады. Бағдарлама барысында мәні  өзгермейтін деректер-тұрақтылар. Тұрақтылар  Бағдарламаның сипаттау бөлімінде  сипатталады және Const түйінді сөзінен  басталады.

 

Мысалы:

Const k=100; n=50;

Pi=3;141592;

Lmp=’p’;

    Бағдарламалауда айнымалы деп дерек үшін жадтан бөлінген орынды айтады.

Айнымалылардың мәні бағдарлама барысында өзгеру мүмкін. Айнымалыларға, тұрақтыларға, бағдарламаға, процедураға, функцияға, тағы басқаларға атау беріледі.Идентификатор құрамында латын әріптері, « - » таңбасы және цифрлар кездесу мүмкін. Мысалы:

Program sum_mus1;

Идентификатор ретінде 3.2-кестедегі кілт сөздерді қолдануға болмайды. Айнымалылар жай және индексті болып бөлінеді. Жай айнымалылар өз атымен жазылады, ал индексті бар айнымалыларда оның аты мен индексі көрсетіледі.

Мысалы: Тор, X,Z5,Vol,F[1],B[2.1],A[I].B[I,J].

 

Бағдарлама құрылымы

 

   Бағдарлама мәтіні (мәтіні): Program<бағдарлама аты>; деп аталатын міндетті емес элементтен, ал сипаттау бөлімдерінің басы келесі кілт сөздерінен басталуы мүмкін:

Label ( белгілері)

Const (тұрақтылары )

Type ( типтері )

Var (айнымалылары )

Function, Procedure ( функция, процедура).

Информация о работе Паскаль тіліндегі графика