Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2015 в 11:18, курсовая работа
Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.Ол Алго 60 тілдің жетілдірілген түрі болып табылады.1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.
Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар.Оның ішінде IBM PS-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.Келесі қатарда оның соңғы вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған.Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы варианттарымен де үйлесімді.
Сипаттау бөлімінен соң, операторлық Begin, End жақшаларына алынған бағдарламаның орындалу бөлігі орналасады.
Айнымалылар келесі сызбалар түрінде сипатталады:
Var<айнымалы аттары тізімі >:<тип>;<тип>-стандартты тип аты не сипатталған тип арқылы берілуі мүмкін.
Сипатталған типтер структуралық айнымалыларға (мысалы массивтер) қолданылады. Сипатталған типтер Type Бөлімінде анықталады:
Type <тип аты>= <типтің сипаты>;
Тұрақтылардың сипатталынуы: Const < тұрақты аты> = < мәні > ;
Белгілердің сипатталынуы: Label < белгілер тізімі >; Белгі –ең көбі 4 цифрдан тұратын және бағдарламада оператор алдында қос нүкте арқылы жазалатын әріптер не цифрлар комбинациясы.Белгіге өту GOTO<белгі >; арқылы орындалады.
Қарапайым радиусы R- ге тең шебердің ауданына есептейтін бағдарламаны қарастырайық:
Program Examplel;
Const PI=3,14; {Тұрақтыны сипаттау }
Var R: real; {R- айнымалысын сипаттау}
Begin {Операторлық жақшаның басы }
Writeln (радиусты енгіз:); {мәтінді экранға шығару}
Readln (R);
{R-дің мәнін клавитурадан
Writeln (шеңбер ауданы:,PI*sqr (R))
{нәтижені дисплейге шыңару}
End
Түсініктемелер фигуралық жақшалар алынып жазылады. Таңбалық қатарлар мен мәндер дәйекше алынады, олардың жазу үшін орыс немесе қазақ әріптерін қолдануға болады.
Оператор - белгілі бір іс-әрекет орындау үшін соңында нүктелі үтір (:) қойылған нұсқау. Бірнеше оператор Begin,End сөздерімен шектеліп жазылса, ол құрама оператор деп есептелінеді. Begin (басы) және End (соңы) операторлық жақшалар деп аталады.
Begin-нен кейін және End-тің алдына нүктелі үтір қойылмайды, ал операторлар арасына қойылмайды,ал операторлар арасына қойылады. Егер бағдарламада артық нүктелі үтір қойылса, ол бос оператор деп есептелінеді.
Бос оператор-ешқандай әрекет орындалмайтын оператор. Бағдарлама соңында нүкте қойылады. Begin,End-тен басқа көптеген түйінді сөздер 3,2-кестеде келтірілген.
PASCAL тілі операторларына жай және күрделі деп жіктеуге болады. Жай операторлар арқылы тек бір ғана іс-әрекет сипатталады. PASCAL тілінде жай операторлар: меншіктеу, шартсыз өту, бос оператор, енгізу және шығару. Күрделі оператор-альтернативті бірнеше операторлардан тұратын іс-әрекеттерді сипатталады. Күрделі операторлар: құрама, шартты өту, таңдау, цикл, жазуды біріктіру,
Меншіктеу – PASCAL бағдарламалау тілінің негізгі операторы.
Оператордың жалпы түрі: V:=a;
Мұнда V- айнымалының аты; «:=»-меншіктеу белгісі; а-өрнек.
Мысалы:
Im:=0;P:=1;
Im:=im+2;p:=p*im.
Белгіленгендер типтері
Компьютердің не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, т.б. ақпараттар берілгендер не деректер делінеді. Берілгендер типтерге(түрлерге) сұрыпталады (3,1-сурет).
Күрделі типтер |
Жай типтер |
Стандартты |
Пайдаланушы анықтайтын |
Массив Жиын Жол Жазу Файл Нұсқағыш |
Бүтін Нақты Логикалық Таңбалық |
Санақты |
Шектеулі |
3.1-сурет. Берілгендер типтерінің жіктелу нобайы
Стандартты типтер
PASCALда анықталған
- бүтін типтер-Shortint,Integer,
- нақты типтер-Real,Single,Double,
- логикалық тип-Boolean
- таңбалық (символдық) тип-Char;
- жолдық (қатарлық) тип-String;
- қатарлық тип-Pchar;
- мәтіндік файл-Text;
- нұсқағыш тип-Pointer.
Бұлардан басқа типтер Type бөлімінде не Var бөлімінде анықталуы тиіс. Жай типтердің PASKALда анықталған стандартты типтерінің қабылдауы мүмкін мәндеріне қарастырайық.
Бүтін типтер:
- 128-ден 127-ге дейінге аралықтағы бүтін сандар - Shortint;
- 32768-ден 32767-ге дейінгі аралықтағы бүтін сандар - Integer;
- 2147483648-ден 2147483647-ге дейінгі аралықтағы бүтін сандар - Longint, 0-ден 255-ке дейінгі аралықтағы бүтін сандар – Byte, 0-ден 65535-ке дейінгі аралықтағы бүтін сандар - Word.
Нақты типтері:
- 2,9*10-39 мен 1,7*1038 аралығындағы нақты сандар - Real;
- 1,5*10-45 пен 3,4*10308 аралығындағы нақты сандар - Single;
- 5,0*10-324 мен 1,7*10308 аралығындағы нақты сандар - Double;
- 263+1 мен 263-1 аралығындағы нақты сандар - Comp.
Boolean - логикалық тип (мәндері: True-ақиқат, False-жалған).
Char-таңбалық (символдық) тип (кез келген PASKAL алфавитіндегі дәйекшеге алынған символ «а», «5», «;»).
ASC II кестесіне символдар тізімі: цифрлар мен әріптер және басқаға да таңбалар кіреді. ASC II кестесіндегі әр символдың нөмері осы символдың коды болып есептелінеді. Символ ( таңба ) мәнінің берілу түрлері төмендегідей:
- апострофқа алынған кез-келген ASC II кестесіндегі таңба; Мысалы, «А», «3», «*», т.б.
- #(фунт) таңбасынан кейін ASC II кестесіндегі символ нөмері жазылуы. Мысалы, # 65, #51;
- Chr функциясы арқылы өрнектеледі. Chr- функциясы коды бойынша символды анықтайды. Яғни, Chr( 65), «А», #65-А символының берілу түрлері.
Символдық айнымалының сипатталынуы: ch:Cha;{ch-символ}.Компьютер жадында әр символ 1 байт орын алады. Келесі операторлар орындалуы бір мәнді:
А) ch:='E'; ch:=#69;ch=chr(69);
Б) Writelen (‘ALMATY’);
Writelen (‘ALM’#65);
Writelen (#65#76#77#65#);
Writelen(Chr(65), Chr(76), Chr (77), Chr (65);
Стандартты функциялар
Abs ( x ) - х-тің абсолют шамасы.
Sqr ( x ) - х-тің квадрат
Sqrt ( x ) -х-тің квадрат түбірі
Exp ( x ) - ех-тің мәні
Ln ( x ) -х-тің натурал
логарифмі
Sin ( x ) - х-тің синусы
Cos ( x ) - х-тің косинусы
Arctan ( x ) - х-тің арктангенсі
Round ( x ) -х-ті жақын бүтінге дөңгелектеу
Trunc ( x ) -х-тің бүтін бөлігі
Int ( x ) - х-тің бүтін бөлігі
Frac ( x ) -х-тің бөлшек бөлігі
Odd ( x ) -х-жұп болса, мәні-‘False’,тақ болса-‘True’.
Random ( x ) - Randomize операторы орындалған соң, [0,х] аралығынан таңдалатын кездейсоқ сан. Мұндағы х<65536-бүтін сан.
Succ ( х ) -бүтін х-тен кейінгі санды анықтайды.
Pred ( х ) -бүтін х-тен алдындағы санды анықтайды.
Ескерту: Abs, Sqr, Sqrt, Exp, Ln, Sin, Cos, Arctan функцияларының аргументтері кез келген сандық тип, ал нәтижелері нақты тип болады. Paskal тіліндегі арифметикалық өрнек-тұрақтылар мен айнымалылардың арифметикалық операциялар, математикалық функциялар арқылы өрнектеліп жазылуы.
Таңбалық типтерге қолданылатын функциялар:
UpCase(s) –латын алфавитінің
кіші әрпін бас әріпке
Ord(s)- реттелген таңбалар жиынтығы s-тің рет нөмірі.Мысалы:
Ord(‘5’)=53.
Chr(i)-керсінше, і-нөмірі таңба.
Succ(s)-s-тен кейінгі таңба.
Pred(s)- s-тің алдындағы таңба.
1.2 Паскаль тілінің операторлары.
Енгізу операторы
Берілген мәндерді айнымалыға жазу үшінменшіктеу операторын пайдалануға болады.Мысалы, А:=15:ВС:=-16,4, т.с.с.Бірақ бұл жағдайда бағдарлама әмбебап (универсал) болмайды.Бағдарламаны әмбебеап етіп жасау қажет, бұл жағдайда бағдарлама айнымалының әр түрлі мәндері үшін дұрыс болады.
Ол үшін енгізу операторы READ (READ ағылшынша оқу дегенді білдіреді) пайдаланылады.
Енгізу операторының жалпы
түрі(форматы)төмендегідей:
|
Мұндағы a1, a2,…, an-айымалы атаулары, оларды енгізу операторларының параметрлері деп те атайды. Read операторы орындалғанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндерді қабылдайды, бқл міндет енгізу файлы INPUT (енгізу) арқылы жүзеге асырылады.Параметрлер жаңа мән қабылдағанда олардан бұрын орналасқан көне мән өшіріліп, орнына жаңа мәндер жазылып, бағдарлама параметрдің жаңа мәні бойынша жұмыс атқарады.
Оператор READ ерікті сандағы параметрлер арқылы жұмыс атқара алады.Параметрлердің сандық мәндері бір-бірінен бос орын арқылы ажыратылып жазылады.Мәндерді енгізіп болғаннан кейін ENTER пернесі түрінде берілсе, параметрлерге мәндер былай беріледі:5-6,2-4,5.Бұл жағдайда
А=5,В=6,2,С=4,5 мәндер қабылдайды.
Осы мәндер бойынша бағдарлама орындалып бол,ан соң, басқа мәндер үшін бағдарламаны қайталау қажет болса, онда бағдарламаны басынан бастап қайта орындау қажет.
Бүтін айнымалыларға бүтін,нақты айнымалыларға нақты мәндер берілуі қажет.
Айнымалы бейнеленгенде нақты ретінде бейнеленсе,оған нақты да, бүтін де мән беруге болады, себебі нақты сан құрамына бүтін сан енеді.Ал машина «өзі»бүтін санды нақты сан түріне келтіріп алады.Мысалы, VAR A,B:REAL;READ(A,B);түрінде беріліп, А,В айнымалылары үшін 4-5 Enter орындалса, онда машина оларды А=4.0. B=5.0 түрінде қабылдайды.
Сандар арасына бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады,себебі сан енгізілгенде бос орын еске алынбайды.
Мәндерді енгізгенде
мән енгізілген жолдан келесі жаңа жолға
көшіру үшін параметрсіз немесе параметірімен
сәйкес READIN;,READIN (a1,a2,…,an);
Шығару операторы.
PASCAL тілінде нәтижені
экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы
пайдаланылады:
WRITE (a1, a2,…, an); |
Мұндағы a1, a2,…, an - жай айнымалылар немесе апострофтар ішіне алынған символдар тобы юолуы мүмкін.Мысалы, егер В=17.15 болып, команда орындалғанда:
WRITE (`B мәні = `,В)экранда B = 17.15 дерегі көрінеді.
Шығарылатын параметрлер бірөбірімен үтір арқылы ажыратылып, WRITE қызмет сөзінен соң, дөңгелек жақша ішіне жазылады.
Бүтін және нақты сандарда шығару үшін сандардың форматын беру қажет.Формат айнымалы атынан соң қос нүкте арқылы жазылады.Нақты сан үшін формат екі саннан тұрады.
I=санға берілетін барлық орын,
II-үтірден кейін алынатын бөлшек бөлік саны.
Мысалы:
WRITE(Ү:5:2)
Мұндағы 5-нәтижеге берілген барлық орын, 2-үтірден соң алынатын бөлшек бөліктің саны.
Жалпы түрде:
Бүтін сан үшін WRITE (N:S) немесеWTITE(`K=`,N:S),мұндағы S-формат, яғни бүтін санға берілген орын.
Нақты сан үшін:WRITE(`Y=`,Y:8:3)
Егер Y=1.76 болса, экраннан Y=1.760 көрінеді.
Жалпы түрде: WRITE(`Y=~,Y:N:M:N).
Мұндағы М-барлық сан үшін берілген орын саны, N-бөлшек бөліктің орындарының саны.Егер оператор да формат көрсетілмесе, онда нәтижеде қанша орынды сан алынса,сол сан экранға шығады.
PASCALтілінде параметрсіз шығару операторы WRITELN жаңа жолға көшіру үшін пайдаланылады.
Егер WRITELN(a1,a2,…an);оераторы пайдаланылса, онда a1,a2,…an мәндерін экранға шығарған соң, меңзер келесі жолға көшеді.
WRITE операторын түсініктеме
беруге пайдалануға болады.
Бұл жағдайда экранға:
А,В,С мәндерін енгіз деген түсініктеме сөз шығады.
Мәндер арасына қажетті бос орын қалдыру үшін : к пайдаланылады.Мысалы, WITITE (`T=`,N:3,``:4,`M=`,M:4:2) болса, онда Т-ның үш орынды мәнінен соң, 4 бос орын қалады да, одан соң М-ні мәні жазылады.
Айталық, Х=76Y=15,Z=11, ал R=450,08 болсын,оларды экранға шығарудың әр түрлі жағдайын көрсетейік.
Оператордың жазылуы
Write (x,y);
Write(x,`--`,y);