Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2015 в 11:18, курсовая работа
Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.Ол Алго 60 тілдің жетілдірілген түрі болып табылады.1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.
Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар.Оның ішінде IBM PS-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.Келесі қатарда оның соңғы вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған.Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы варианттарымен де үйлесімді.
Write(`x=`,x)
Write(x,``:3,z)
Write(`x+y=`,X+Y);
Write(Z,`-соңы`)
Write(`,бітті`);
Write(R);
Шартты көшіру операторы
Тармақталуы бар процестердң ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді басқарылады.Бұл опреаторлардың толық түрі алгоритмдік тілдегі тармақталу командасына сәйкес келеді.
егер шарт ІҒ шарт THEN І серия
онда І серия ELSE II серия
әйтпесе ІІ серия ( оқылуы-иф,зен,элс).
Бітті.
Жалпы түрде бұл оператордың форматы (жазылуы):
IF шарт (логикалық өрнек) THEN I оператор ELSE II оператор |
Мұндағы I және II операторлардың өзі қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін.Егер I F сөзінен кейнгі жазылған шарт сақталса (ақиқат болса), онда THEN (онда) сөзінен кейін жазылған операторлар сериясы орындалады, онда II серия операторлары орындалмайды.
IF сөзінен соң жазылатын шартты жазу үшін PASCAL тілінде өрнектерді салыстыру: =,>,>=,<,<=,<> белгілерін пайдаланады.
Жалпы түрде шартты к1 к2 түрінде қарауға болады.
Мұнда- салыстыру белгілерінің бірі к1, к2-тұрақты, айнымалы, тұрақты және айнымалы немесе өрнектер болуы мүмкін.
Бір мезгілде бір емес, бірнеше шартты, яғни құрама шартты жазу үшін логикалық амалдарды пайдалануға болады.
Кей жағдайларда шартты операторды басқаша былай жазады:
IF-логикалық өрнек
THEN I-оператор
ELSE II-оператор
Бұл жазу операторлар бір жолға сыймай қалған жағдайда пайдаланылады.
Шартты операторда құрама команданы (операторды)пайдалануға болады:
IF-логикалық өрнек
BEGIN
I оператор;
II оператор;
П-1-оператор
П-оператор
END
ELSE
BEGIN
I оператор
II оператор
П-1-оператор
П-опеатор
END
Таңдау командасы. CASE операторы.
PASCALда таңдау командасы END қызметші сөзімен аяқталатын CASE m OF операторы арқылы беріледі де, END - тен соң нүктелі үтір қойылады.Мұндағы CASE (жағдай)-қызметші сөз; m- REAL типінен басқа кез келген скалярлық типте берілген айнымалы (не өрнек).
Оны сұрыптаушы деп атайды:
OF-«бойынша» мағынасын білдіретін қызметші сөз.(Яғни, CASE- m сұрыптаушысы бойынша таңдау операторы).
M айнымалысының мәні жадқа осы оператордың орындалуынан бұрын енгізілуі тиіс. CASE операторының жазылу мысалы:
CASE m OF
1:y:=3*x+5;
2:y:=x*x-6:
3:y;=4*x
End.
Мұндағы m-INTEGER не 1....3 шектеулі типті айнымалы;1,2,3өздерінен кейінгі қос нүктеден соң жазылуы опеаторды сұрыптаушы тұрақтылар.( m –ді шектеулі типке жатқызған кезде оның сипатталу түрі-var m:1…3;).
Бағдарламаның орындалуы кезінде алдымен m айнымалысының мәні жадқа ендіріліп, ол осы тұрақтылармен салыстырылады.Егер мән олардың бірмен тең болып шықса, онда осы тұрақтыға сәйкес оператор орындалады да,CASE операторын орындау аяқталады Егер m-нің мәні сұрыптаушы тұрақтылардың ешқайсысымен тең болып шықпаса,CASE операторы орындалмай тастап кетіледі.
Оны компьютердің хабарлауы үшін CASE операторын аяқтайтын end-тің алдына else writeln (`Қате .Мұндай сұрыптаушы табылған жоқ`) операторын енгізіп қойған жөн.
Сұрыптаушы тұрақтыларды таңдап алу мысалдары4.1-кестеде берілген.Сұрыптаушысы шектеулі типке жататын CASE операторының орындалуы үшін сұрыптаушы мәнін сипатталған аралықтан таңдап алса болғаны,мысалы, m1=3;m1=8;m1=14.
CASE операторын енгізіп, var m:char үшін (6)-бағдарламаны мынадай түрге өщгертіп жазуға болады.
Var m: Integer; |
Var m1; 1..15; |
Var m2: (ak,kara,sari); |
Var M3:char; |
1 2 3 |
3 8 14 |
Ak Kara sari |
`a` `b` `5` |
4,1-кесте
Program snad2;uses crt;
Var m;char;
Begin cirscr;write (`Төмендегі 4 өрнек`)ж
Writeln ( ‘тің қайсысы cos2x формуласы-? ‘)
Writeln;
Write(‘Дұрыс деген нөмерді ендіріңіз:‘);
Writeln (1,2,3,4-?); reading (m);
writeln Case m of
‘1’: writeln (‘cos(x)*cos(x)*cos(x)+sin(x)*
‘2’: writeln (‘2*sin(x)*cos(x)’);
‘3’: writeln (‘cos(x)*cos(x)-sin(x)*sin(x)’
‘4’: writeln (‘sin(x)*sin(x)-cos(x)*cos(x)’
End; writeln;
If m=chr (51) then write (‘Дұрыс‘) else
Write(‘Дұрыс емес. Формуланы қайталаңыз. ‘)
End.
Мысалы: Бірінші және соңғы сан цифрларының орынын ауыстыру («дейін» және «әзір» циклімен).
II ТАРАУ. ПАСКАЛЬ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ ГРАФИКТІК РЕЖИМІ
2.1 Паскаль бағдарламалау тілі
Паскаль тілінің ерекшеліктері:
- Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді.
- Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді.
- Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарламалар құру мүмкіндігі септігін тигізеді.
Программа – белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Паскаль тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білу қажет. Паскаль тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:
Программа тақырыбы;
Сипаттау бөлімі;
Begin
Орындалатын бөлім;
End.
● Программа тақырыбы program қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады. Мысалы:
Program esep1 (input, output);
Мұндағы esep1- программаға берілген атау. Программалаушы программа атын өз қалауынша бере алады. Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш.
input, output – стандартты енгізу, шығару файлы.
● Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т.б. хабарланады.
● Орындалатын бөлімде вegin және еnd қызметші сөздері арасында операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, вegin (ашылатын) және еnd (жабылатын) қызметші сөздердің операторлар жақшасы деп атаса да болады.
Оператор – нұсқаулардың машиналық тілде жазылуы. Сонда әрбір оператор орындалуға қажетті әрекетті машинаға түсінікті түрде сипаттайды. Программаның әр жолында бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасында (;) нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын көрсететін еnd сөзінен кейін (.) нүкте қойылады. Программаның орындалатын бөлімінде жазылған операторлар тізбегін - программа денесі деп атаймыз.
Программа бөлімдері
Паскаль тіліндегі программа төмендегі бөлімдерден тұрады:
● Программа тақырыбы;
● Берілгендерді сипаттау;
● Берілгендерді хабарлау бөлімі;
● Тұрақтыларды хабарлау бөлімі;
● Типтерді хабарлау;
● Айнымалыларды сипаттау бөлімі;
● Процедура- функцияны хабарлау бөлімі;
● Орындалатын бөлім:
Begin
Программа денесі (операторлар тізбегі);
End.
Сонда, программа құрылымы мына түрде болады:
Рrоgrаm программа аты;
Uses модуль аты;
Label белгі;
Const тұрақты атауы=тұрақты мәні;
Type тип атауы = тип сипаттамасы;
Var айнымалылар атауы: типі;
Procedure пайдаланушылар процедурасын хабарлау;
Function пайдаланушылар функциясын хабарлау;
Begin
Операторлар тізбегі;
End.
Жұмысқа графикалық процедуралардың күйге келтірілуі, қажетті графикалық драйверлердің қосылулары нақтылы адаптермен жұмыс істейді. Драйвер - арнайы бағдарлама, ол компьютердің басқа техникалық құралдарымен басқаруды жүзеге асырады. Адаптерлердің барлық үлгілеріне арналған практикалық графикалық драйверлер BORLAND фирмасы арқылы өңделген. Олар әдеттегі тегеріште BGI ішкі каталогында BGI кеңейтуімен файлдар түрінде орналасады (ағылшынша: Borland Graphics Interface- BORLAND фирмасының графикалық интерфейсі). Мысалы, CG4 - адаптеріне арналған CGA.BGI -драйвері, EGA және VGA адаптерлеріне арналған EGA VGA.BGI-драйвер және т.с.с. Осы кездегі шығарылып отырған ДК-лер IBM фирмасы арқылы өңделген адаптерлермен жабдықталған. MDA монохромды адаптері барлық графикалық режимдерде жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие.
Драйвер |
Режим |
Нүктелер саны |
Файл |
CGA(l) |
CGACO, CGAHi |
320x200(640x200) |
CGA.BGI |
EGA (2) |
EGALo, EGAHi |
640x200(640x350) |
EGAVGA.BGI |
VGA (9) |
HERCM ONOHI |
720x348 |
HERC.BGI |
CGA (Color Graphics Adapter – түсті графикалық адаптер) адаптері бес графикалық режимге ие. Төрт режимі экранның төмен үйлесуі мүмкіндігіне (көлденең 320 пиксель және 200 пиксель тігінен, 320х200) және палитра түстері жиынымен ерекшеленеді. Әрбір палитра үш түстен құрылады. Палитра 0 (жарық жасыл, қызғылт, сары), палитра 1 (светло-бирюзовый, таңқурай түс, ақ), палитра 2 (жасыл, қызыл, қоңыр), палитра 3 (бирюзовый, күлгін, ақ сұр) түстеріне ие. Бесінші режим 640х200 нүктелер санына ие. Бұл режимдегі әрбір пиксель алдын ала белгіленген және барлық пиксель түстеріне бірдей болған жағдайда жарық береді немесе мүлде жарқырамайды. Бұл режимдегі палитрада екі түс қолданылады. CGA адаптері графикалық режимде тек қана бір бетті қолданады.
EA адаптері (Enabled Graphics Adapter-үдетілген графикалық адаптер) CGA адаптерінің барлық графикалық режимдерін қолдана алады. EGA адаптеріндегі мүмкін болатын режимдер: төменгі (640х200, 16түс, 4бет) және жоғарғы (640х350, 16түс, 1бет). Кейбір өзгертулерде монохромды режим (640х350, 1 бет, 2түс) де қолданылады.
MCGA (Multi-Color Graphics Adapter - көптүсті графикалық адаптер) адаптері CGA адаптерімен қатар қолданылады және тағы бір режимге (640х480, 2түс, 1бет) ие. Мұндай адаптер IBM фирмасының PS/2 үлгісінде құрылған.
Hercules фирмасының бірнеше белгілі адаптерлері бар. HGС адаптері 720х348 нүктелер санына ие. Оның пиксельдері бір түспен жарқырауы мүмкін (әдетте қоңыр түсті) немесе мүлде жарқырамайды. HICC (Hercules In Color Card) адаптері 16 түсті вариантты ұсынады. Олар төмендегі кестеде көрсетілген.
Түс тұрақтылары |
Түс атауы |
Түс тұрақтылары |
Түс атауы |
0 (Black) |
Қара |
8 (DarkGray) |
Сұр |
1 (Blue) |
Көк |
9 (LightBlue) |
Ашық көк |
2 (Green) |
Жасыл |
10 (LightGreen) |
Ашық жасыл |
3 (Cyan) |
Көгілдір |
11 (LightCyan) |
Ашық көгілдір |
4 (Red) |
Қызыл |
12 (LightRed) |
Қызғылт |
5 (Magenta) |
Таңқурай түс |
13 (LightMagenta) |
Ашық таңқурай түс |
6 (Brown) |
Қоңыр |
14 (Yellow) |
Сары |
7 (LightGray) |
Ақ сұр |
15 (White) |
Ақ |
GRAPH модулі icкe қосылысымен оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.
Графикалық режимді icкe косу:
Экранды графикалық режимге ауыстыру үшін InitGraph операторы қолданылады. Бұл оператордың орындалуы нәтижесінде экран тазарып, түрлі - түсті режимге ауысады.InitGraph (Var Driver, Mode: integer; Path: string);мұндағы Driver - графикалык режимді анықтайтын параметр;
Mode - орнатылған драйверге байланысты берілетін графиктік режим параметрі;
Path - графиктік драйвер файлынын атауы және жолы.
Паскаль тілінің графикалық операторлары графикалың кез келген элементімен жұмыс істеуге және осы элементтердің түстерін меңгеруге мүмкіндік береді. Пиксель нұсқаулықтарына мынадай координата жүйелері қолданылады: координата басы (0,0) экранның сол жақ жоғарғы бұрышында орындалады; көлденең координата Х сол жақтан оңға қарай созылып, тік координата У жоғарыдан төмен қарай созылады. VGA (640х480) графикалық адаптерінде экранның оң жақ төменгі бұрышы (639, 479) координаталарына ие, ал экран центрінің координаталары (319, 239).Графикалық режимді жабу үшін CloseGraph процедурасы қолданылады.Driver мәні Graph модулінде хабарланған тұрақтылар жиынымен шектеледі.