Проектирование приложения «Кинотеатр»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 19:26, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты «Кинотеатр» деректер базасын жасау болып табылады. Кез-келген деректер базасын құрғанда, алдымен кесте құрылады. Кесте құру үшін бірнеше деректер базасының басқару жүйелері қолданылады.
Деректер базасы дегеніміз – қиылысқан сілтемелері бар, әртүрлі типті өрістері бар жазбалар тобы. Деректер базасына алдымен кестелер жиыны, сосын процедуралар және басқа да объектілер енуі мүмкін.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
5
1.1
Қазіргі заманғы деректер базасы туралы жалпы мағлұмат
5
1.2
Деректер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары
6
1.3
Деректер базасы администраторының байланыстары
6
2
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
9
2.1
Delphi бағдарламалау ортасымен танысу
9
2.2
DataBase Desktop кесте құру ортасы
10
2.3
Delphi мәліметтер базасында кесте құру
12
3
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
14
3.1
«Кинотеатр» деректер базасын құру
14
3.2
«Мән – байланыс» диаграммасы
15
3.3
Қалыпты кесте қатынастары құру
16

ҚОРЫТЫНДЫ
26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27

ҚОСЫМША
28

Файлы: 1 файл

курсовой СУБД.doc

— 1.94 Мб (Скачать файл)

- жүйеге пароль  арқылы кіруді қамтамасыз ету:  пайдаланушыларды тіркеу, парольдарды  тағайындау және өзгерту;

- нақты деректерді қорғауды қамтамасыз ету: пайдаланушылар топтарының және жеке пайдаланушылардың ену құқықтарын анықтау, жеке пайдаланушылар үшін деректерге жасалатын рұқсат етілген операцияларды анықтау, деректерді қорғаудың бағдарламалық - технологиялық жабдықтарын таңдау және құру;

- дерeктерді қорғау жабдықтарын тестілеу;

- ақпаратқа енудің қарастырылмаған жолдарын анықтау және тіркеу;

- деректерді қорғауды бұзудың пайда болған жағдайларын зерттеу және оларды жою мен алдын-алу бойынша іс-шаралар жүргізу;

  1. ДБ қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету: ДБ қайта қалыптастырудың бағдарламалық-технолгиялық жабдықтарын құру, жүйелік журналдарды жүргізуді ұйымдастыру;
  2. ДБ пайдаланушылардың жолдауның анализі: пайдаланушылардың ДБ жолдауының статистикасын жинау, оны сақтау және анализдеу;
  3. ДБ-ның жұмыс жасау тиімділігінің анализі мен жүйенің дамуы: жүйенің жұмыс жасу көрсеткіштерінің анализі (өңдеу уақыты, жадының көлемі, құндық көрсеткіштер), деректер базасын қайта ұйымдастыру мен қайта құрылымдау, деректер базасының құрамын өзгерту, программалық және техникалық жабдықтарды дамыту;
  4. пайдаланушылармен жұмыс жасау: пәндік облыстағы өзгерістер туралы ақпарат жинау, пайдаланушылардың деректер жұмысын бағалау туралы ақпарат жинау, пайдаланушыларды оқыту, пайдаланушыларға кеңес беру;
  5. жүйелік юағдарламалық жабдықтарды дайындау және қолдау: ДББЖ туралы ақпарат жинау және анализдеу, бағдарламалық жабдықтарды иемдену, оларды орналастыру, жұмысқа жарамдылығын тексеру, жүйелік кітапханаларды қолдау, бағдарламалық жабдықтарды дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

2. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Delphi бағдарламалау ортасы

 

Delphi ортасын – бағдарламаушысының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.

Delphi ортасы – көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:

  • негізгі терезе (Project 1)
  • объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)
  • формаларды құрастырушының терезесі (Form 1) 
  • Б кодының терезесі (Unit 1. Pas).

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F 12 пернесі арқылы орындалады. 

Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.Негізгі терезе бағдарламаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады. 

Бұл терезде Delphi негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады.

Компоненттер жинағы – Delphi негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады:

Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.

Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі. Форма құрастырушының немесе форманың терезесі – болашақ программаның Windows жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген.

Формада орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен және түсімен анықталады. Форманы құрастыру File=>New=>Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.

Button батырмасының кескінің ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады. Қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button 1 элементі пайда болады.

Объектілер бақылаушысының терезесі 2 парақтан құрылады: Properties–қасиеттері және Events – оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттері – параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады.

Программа кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы – Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады. 

Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы – {SR*DFM} және END қатарлар аралығы бойынша.

 

2.2 DataBase Desktop кесте құру ортасы

 

Delphi қолданбасы  деректер базасына қатынауды  DataBase Desktop арқылы жүзеге асырады. DataBase Desktop өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. DataBase Desktop деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына DataBase Desktop арқылы жіберілген сұраныс қолданушы сұратқан деректерді алады. Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие.

Деректер базасымен  жұмыс ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін әдетте Paradox деректер базасы,мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: DataBase Alias – драйвер аты және PATH – деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда,сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.

STANDART типті драйверлерді  тек Paradox, dBASE, FoxPro кестелері үшін  қолдануға болады. 

Жергілікті  деректер базасына қатынау үшін DataBase Desktop деректер базасының процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын қолданғанда,желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда,өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске асады.

 

 

2.1-сурет DataBase Desktop кесте құру ортасы

 

 

2.2-сурет DataBase Desktop кесте құру ортасында кестені көру

 

 

2.3-сурет DataBase Desktop кесте құру ортасында «Кино»  кестесін көру

 

 

2.3 Delphi мәліметтер  базасында кесте құру

 

Деректер базасын  құрайтын кестелер қатты дискідегі  каталогта тұрады. Кестелер файлдарда  сақталып,бөле құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін (деректер, кілттер, индекстер т.б құрайтын) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мысалы: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.

Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамында болтындар:

    1. өріс сипаты
    2. кілт
    3. индекс
    4. өрістің мәтініне шек қою
    5. кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
    6. парольдер

Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте  және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы бағдарламалар  қолданылады. Мысалы: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.

Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын,біз  оның каталогын құрып алайық.Ол каталог  бізде C:\ папкасында. Деректер базасын  құру Database Desktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.

Жаңа кестені  құру келесі команда бойынша іске асады: Пуск\Программы\Borland Delphi7\Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\Working Directory және көрсетілген терезеден C:\папка каталогына сілтеме жасаймыз. Бұл жағдайда кинотеатр кестесін құру үшін  File\New\Table. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.

 

 

2.4 – Create Table бейнесі

 

ОК-ді басып, біз  осы форматты аламыз. Экранда келесідей  сурет шығады:

 

 

2.5 - сурет Кестенің  құрылымын құру

 

Құрылып жатқан кестенің әрбір  өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ,өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды.Size бағанына – сан қойылады,өрістің ұзындығын анықтайды, Key–«*» символы,егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса қойылады.

 

 

2.6 – сурет Құрылған кестенің құрылымы

3. ТӘЖІРИБЕЛІК  БӨЛІМ

3.1 «Кинотеатр» деректер базасын құру

 

Қазiргi ақпараттық технологияның негiзгi ойлары деректерге сәйкес өзгеретiн нақты бейненің бiрдей бейнесi және қолданушылардың  ақпараттық қажеттiктi қанағаттандыруын мақсаты бар деректер базасына ұйымдастыруы керек болған тұжырымдамада негiзделедi. Бұл деректер базасы деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталатын арнайы программалық кешендердiң басқаруларымен жасалып жұмыс iстейдi.

Ақпараттық  технологиялардың қолдануымен бизнес - процесстердiң автоматтандырудың  төңiрегiдегi бағыттардың кілтерінің бiрлерi серiктестiктiң жеке талаптарына сәйкес мәлiметтiң жүйелеуi сақтаудың проблемасының шешiмiн табуға мүмкiндiк беретiн деректер қорларының өңдеуi болып табылады.

Көлем және сақталатын деректердің құрылымдық күрделiлiгiнiң  үлкеюi, ақпараттық жүйелердiң қолданушыларының шеңберiнiң кеңейтуi кең таратуға өте ыңғайлы келтiрдi және реляциялық (кестелiк) ДББЖ түсiнуi үшiн бос тұрулар салыстырмалы. Қашық бiр-бiрiмен және деректер қорының сақтау орынынан жеткiлiктi жиi орналасқан қолданушылардың жиынның бiр уақыттағы мәлiметке қол жеткiзуiнiң қамтамасыз етулерi үшiн негiзделген реляциялық құрылымдағы ДБ торлық қолданбалы болжамдары жасалған. Оларда параллел процесстерiнiң ерекше мәселелерi, бүтiндiк және мәлiметтердiң қауiпсiздiгi, сонымен бiрге рұқсаттың мақұлдаулары не бiр жолымен ұйғарылады.

Жұмыстың мақсаты  «Кинотеатр» деректер базасын жасау  болып табылады. Кез-келген деректер базасын құрғанда, алдымен кесте құрылады. Кесте құру үшін бірнеше деректер базасының басқару жүйелері қолданылады.

Деректер базасы дегеніміз – қиылысқан сілтемелері бар, әртүрлі типті өрістері бар жазбалар тобы. Деректер базасына алдымен кестелер жиыны, сосын процедуралар және басқа да объектілер енуі мүмкін.

Кестенің сипаттамаларымен берілген обьектілер жиыны түрінде  елестетуге де мүмкіндік беретін аты болады. Біз кесте құру үшін, яғни «Кинотеатр» кестесін Delphi-де құрамыз. Ол үшін келесі әрекеттер жүзеге асырылады.

Delphi-ді жүктегеннен  соң экранда сұхбат терезесі  пайда болады. Ол арқылы дайын  деректер базасын ашуға, жаңа  деректер базасын құруға немесе ол үшін ендірілген шеберді пайдалануға болады.

Біз «Close All» өшіру қосқышын таңдаймыз. «New Application» таңдаймыз, одан сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда файлдың атын және оның орналасуын көрсетіп, «Save» батырмасын шертеміз. Деректер базасының терезесі пайда болады. Мұнда Form беті ашылынады. Осы формдарда біз өзіміздің жұмысымызды істейміз. Оның нәтижесін 3.1 –суреттен көре аламыз.

 

 

3.1 – Delphi бағдарламасындағы  Form беті

 

3.2 «Мән –  байланыс» диаграммасы

 

Мән – байланыс диаграмма - олардың арасындағы мәлiметтердiң үлгiлерiнiң өңдеуiн аспап, деректер және қатынастардың анықтауын қамтамасыз ететiн үйреншiктi әдiс.

Негiзгi мәндердi ерекшелеймiз және байланыс олардың  арасындағы орнатамыз. 3.2 - суретте "Мән - байланыс" диаграммасы көрсетілген.

 

 

 

 

Информация о работе Проектирование приложения «Кинотеатр»