Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 16:11, курсовая работа

Описание работы

Курстық жобаның мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастырып бекіту. Интернетті ақпаратты іздеу жайында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып жұмыс ретімен, жұмыс режимімен, ережелерімен таныстыру, олардың болашаққа деген сенімділігін қалыптастыру.
Курстық жобаның мазмұны: Оқушыларға Интернет желісі арқылы интернеттің қызметін, шығу тарихын, оның пайдалану жолдарын, қажетті мәліметтерді іздеу және алу жолдарын, электрондық пошта арқылы хабарламаларды қабылдау, жөнелту мүмкіндіктерін айқын көрсету.

Файлы: 1 файл

Кенесбай Мерей.doc

— 172.50 Кб (Скачать файл)

http://www.aport.ru- Апорт-ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген  құжаттар құрайды. Жүйед іздестірудің кең спектілі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.

Қазақстан Республикасының  анықтамалық іздестіру жүйелері:

http://www.site.kz – "Весь WWW-Казахстан" –Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөзбен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://www.tabu.nursat.kz-TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстармен қатар Қазақстанна  тысқары жерлердегі еліміз туралы веб-парақтарды  іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://www.akolya.hypermart.net – қазақ тіліндегі ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

 

4 кезең. "Интернет  ақпараттың қайнар көзі"  (практикалық   тапсырма)

Оқушылар Интернет арқылы қажетті ақпараттарды іздестіру

 

5 кезең.  "Ретін тап"  (сабақты бекіту)

Оқушылар берілген тапсырмаларға  сай сөздерді немесе анықтамаларды  құрастыру

7 кезең. Бағалау (Балдық  жүйе)

8 кезең. Үйге тапсырма  беру

11-сынып. Информатика оқулығы. 168-бет, 4.2-тақырып.

Сайттарды пайдаланып кез-келген ақпараттарды көшіру жолдарын жазып келу

III Кіріспе  нұсқауды өткізу жөніндегі әдістемелік  ұсыныстар

    1. Оқушылардың білімін тексеруге негіздеу (қайталау)

Информатиканы оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, сонымен қатар басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны                                                                                                                                                                                      ақпараттық қоғамдық өмірге бағытталсын, - делінген. Сондықтан орта мектепті компьютерлендірудің қамтитын мәселесі тек информатика пәнін оқытумен ғана шектеліп қалмай, басқа пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалана білуді әр мұғалімге міндеттейді.

       Мұғалімнің  басты мақсаты – оқушыға тереңде  тиянақты білім беру, ал білім  сапасын арттыру үшін әр мұғалім  шығармашылықпен жұмыс жасауы  қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік  меңгере білуі мен қатар, оны  оқушыға меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс. Компьютерді сабақта  орынды қолданудың бірнеше артықшылығы бар, атап айтқанда: оқушылардың пәнге қызығушылығының артуы,  оқу процесі қарқынының жоғарылауы, оқушының шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен жеке жұмыс жасауға, әрқайсысына әр-түрлі тапсырмалар беріп, барлық  оқушы білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты жақсы  меңгергенін немесе қай жерде білімінің осал екенін дөп басып көмек көрсете алады.  Әр оқушы өзі еңбек етеді,  кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағы оқушыдан селқос көшіріп отырмауға тырысады. Сабақта компьютерді пайдалану оқушыны шапшаңдыққа, тапқылыққа үйретеді. Оқушы мен мұғалім қызметінде информациялық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар оқушының психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз.  

 

 

 

 

 

    1.   Шебердің жаңа сабақты түсіндіру мазмұны мен әдісі

Оқыту әдістерін жетілдіру  бүгінгі күннің басты мәселесі болып  отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін  арттырып, оқытудың жаңа формалары  мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне  педагогикалық зерттеулерде айрықша  маңыз беріледі.

Алайда, оқыту әдістерін  қайта құру - күрделі процестің  бірі. Кейбір әістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда  әртүрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың тақырыбы мен  мақсатына, оқу материалының мазмүны  мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісІн ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

 Әдістер өте көптүрлі және шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқу танымдық белсенділігін қалыптастыруда, әдісті таңдап алу күрделі процеске айналады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа оқушылардың ерекшелігін, ашық шығармашылығын дамытатын потенцальды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік ізденімпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке-дара психологиялык даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған  оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін, өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің жеке басы мен шығармашылықтың ерешелігін, оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.

Әр мұғалім сабақ  өткізген кезде оқушыларға сапалы білім  беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді , интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсетіні анық.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің  шеберлігі  мен ізденімпаздығына байланысты. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгілерінің бірі – «Интерактивті оқыту  әдісі».Сондықтан да мен жаңа сабағымды жоғарғы сыныпқа өтетінімді ескере отырып интерактивтік тақтаны пайдаланып, тікелей интернетке шығуды көздеп отырмын. Себебі, интернет желісінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашады.

Интернет – ешкімнің меншігі емес. Интернеттің орталықтандырылған басқаруының жоқтығының нәтижесі-ақпараттық кеңістіктің шексіз бостандығы болып табылыды.

Ақпараттық коммуникациялық  технология оқу тәрбие үрдісіндегі  қолданылатын оқушылардың  оқып отырған  пәніне  қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

.

 

3.3  Шебердің сабаққа қажетті көрнекі-құралдарының дайындығы

Бағдарламалық құралдар мен софттехнологиялардың ұлттық индустриясын дамытуды жан-жақты қолдауға бағытталуы тиіс деген болатын.

Жаңа сабағымда интерактивтік  тақтаны (мультимедиялық проектрды), компьютер, плакат, слайттар, түрлі-түсті  суреттер мен қағаз карточкалар бере отырып пайдаланамын. Және бағалау кезінде де бес жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш қағаздарын бере отырып бағалаймын.

Интерактивтік тақта-бұл  болашақ ұрпақтың жан-жақты білім  алып, сауаттылыққа жол ашатын бірден-бір  құрал.

Қазіргі ақпарттық-технологияның  дамыған кезінде барлық оқу орындары мен мектептерде интерактивтік тақтаның енуіне байланысты мұғалімдер интерактивті сабақтарды беріп жатыр. Бұл тақтаны қолданылу барысында мұғалім бұрынғыдай көрнекі құралдар дайындау кезінде қиыншылықтарға кездеспейді, орның орнына алдын-ала дайындалған сабағын ұсынады және уақыт үнемдей алады.

 

 

 

3.4 Техника  қауіпсіздігі бойынша ұсыныстар

Есептеуіш техника кабинетінде  жұмыс жасау кезінде техника  қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен  мұғалімдердің негізгі міндеттерінің  бірі болып табылады.

Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей:

  1. Жалпы ережелерді;
  2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
  3. Жұмыс жасау кезіндегі;
  4. Апаттық жағдайдағы:
  5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

1. Жалпы техника  қауіпсізідігінің ережелеріне қойылатын  талаптар төмендегідей:

    • Компьютердің тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
    • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
    • Дербес компьютерге суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
    • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға салынады. Үстелге қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
    • Пернетақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;
    • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады;
    • Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

2. Дербес компьютерде  жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғандығына көз жеткізу керек.

Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтар  енгізіп, белгі жасау керек.

3. Оқушы дербес  компьютермен жұмыс жасау кезіндегі  техника қауіпсіздігінің ережесіне  қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
  • Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
  • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
  • Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету  тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және от сөндіру тәсілдерін білу қажет.

Көз жаттығуларын білу міндетті.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерлерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;
  • От сөндіруде көмек көрсету керек;
  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білу керек;
  • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
  • Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен  жұмысты аяқтаған кездегі техника  қауіпсіздігі ережесінің талаптары:  

  • Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;
  • Жұмыс орнын ретке келтіру;
  • Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.

Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар

Оқушыны компьютермен жұмыс  жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген  жаттығуларды пайдалануы қажет:

  1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру):
    • Алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау;
    • Сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра қозғалыс жасау;
    • Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру;
  2. Басты бұру жаттығуларын жасау:
    • Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
    • Басты жан-жаққа бұру.
  1. Саусақты жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту.
  1. Денені босаңсыту және оны керіліп ширықтыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Ағымдық нұсқау бойынша және оқушылардың оз бетінше орындайтын жұмыстары бойынша әдістемелік жұмыстар

4.1 Орындалатын  жұмыстардың түрлері және оның  орындалу тәртібіне қойылатын ұсыныстар

Ойын-оқушылардың  оқуға деген  ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.

Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе.

Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі  түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.

Дидактикалық ойындарды  жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланамын. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, ойлануға  мүмкіндік  қалдырмай, жылдам есептеуге, қиын бірақ қызық  жұмбақтарды  шешуді  орындауды, жан-жақты  болуға үйретемін. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2 Оқушылардың жұмыстарын ұйымдастырудың сипаттамасы

 

Ағымдық нұсқау бойынша  оқушылардың  орындайтын жұмыс түрлері теориялық білімімен практикалық білімін байланыстыра алуы. Оқу мақсатында оқушылардың орындайтын жұмысы теориялық білімді менгерту. Сабақтың теориялық  бөлімінде сабақ мазмұнын, міндеттері мен ережелерін және заңдылықтарымен түгел танысып, ұғынуы тиіс.

Сабақтың екінші  бөлімінде  оқу барысында алған білімдерін практикамен байланыстырады. Яғни, денгейлік тапсырмалар, тақырыпқа берілген есептер шешіледі. Мұнда оқушылар ережелер мен міндеттерді есеп барысында қолдануды үйренеді.

Практикалық жұмыстар кезінде  жаттығудың мәні, оның дидактикалық маңызы, басшылық ету, өндіріс шеберінің  алдындағы нұсқау беруі туралы, т.б. мәселелер жеткілікті берілген. Өндірістік оқыту шебері өтілетін практикалық жұмыстарды бөлімдерге бөліп, алдын-ала шебердің өзі мұқият танысып алуы қажет. Әрбір өтілген әрі алда өтілетін практикалық жұмыстар кезеңі бір-бірімен сабақтасып жатқаны жөн. Жаттығуды өтпес бұрын алдымен атқарылар іске жалпы сипаттама беріп оған талдау жасалады. Сосын қимыл-әрекетті бірнеше рет қайталайды, мұнда сандық көрсеткіштер бірте-бірте сапалық көрсеткішке ұласуы тиіс. Кейде бұл әрекеттер біліктілік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізуі де мүмкін. Өндірістік оқыту шебері бұл жағдайда әрбір қимылдарды, оның кезеңдерін конспект етіп жаздырып, мынадай талап-сипаттамларға қысқаша түсінік беруі тиіс.

Информация о работе Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта