Мемлекеттік метрологиялық қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2015 в 15:25, курсовая работа

Описание работы

Метрологияны зерделеу халықаралық сауда-экономикалық және ғылыми техникалық байланыстардағы өлшеу бірлігіне қол жеткізудің ролі мен мағнасы туралы түсінік береді, бұл келесі сұрақтармен анықталады: метрологияның мәні мен мазмұны. Өлшеу және бақылау туралы ұғымдар. Метрологиялық қызметтің құқықтық негіздері. Метрология бойынша заңды бұзғаны үшін жауаптылық. ҚР мемлекттік метрологиялық қызметі.Қызметтердің құрылымы, міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері. Өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу. Эталондар және стандарттық үлгілер. Өлшеулер адам қызметіндегі кез келген процестің міндетті құрама бөлігі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім............................................................................................................7
I тарау Массаны өлшейтін құралдарға жүргізілетін тексеріс тәртібі
1.1 Өлшеуіш аспаптары мен жабдықтары.........................................................8-9
1.2 Метрологиялық қамтамасыз ету....................................................................18
ІІ тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялы қызметінің ұйымдастырушылық негізі...................................................................................22
2.2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері....................................................................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................28
Қолданған әдебиеттертізімі...............................................................................30

Файлы: 1 файл

баян.docx

— 73.99 Кб (Скачать файл)

Мерзімді тексеру пайдаланудағы және сақтау кезіндегі барлық өлшеу құралдары тартылады. Мерзімді тексеру тексеруаралық интервалдар деп аталатын белгілі бір уақыт аралығында жүргізіледі. Тексеру аралық интервалдар өлшеу құралдарының ерекшеліктері мен пайдалану интенсивтілігін ескере отырып анықталады және тексеру аралығындағы кезеңдердегі өлшеу құралдарының жаармдылығын қамтамасыз етуі тиіс.

Мемстандарт органдарында тексеруден өтетін өлшеу құралдары үшін тексеру  аралық интервалдық мемлекеттік метрологиялық қызмет  органдары, ал өлшейтін жұмыс құралдары үшін кәсіпорындардың метрологиялық қызметі анықтайды және кәсіпорын жетекшісі бекітеді.

Кезектен тыс тексеру:

  • өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын растау қажетттілігі пайда болғанда;
  • тексеруге жататын пломба немесе клеймо зақымданғанда немесе жүргізілген тексеріс туралы құжатты жоғалтып алғанда;
  • өлшеу құралдары сол уақыт ішінде тексеру жүргізілмеген сақтау мерзімінен соң пайдаланылғанда;
  • өлшеу құралдарын ұзақ мерзімді сақтауға берген жағдайда;
  • өлшеу құралдарын оларға арналған тексеру аралық интервалының жартысы өткен кезде пайдаланған жағдайда, оларды мерзімді тексеруден өткізу мерзімдеріне қатыссыз түрде, өлшеу құралдарын пайдалану және сақтау кезінде жүргізіледі.

Өлшеу құралдарына, өлшеу  құралдарының сақталуы мен пайдалануына мемлекеттік қадағалау және ведомствалық нетижелерінің дұрыстығын және тексеру  аралық кезінде инспекциялық тексеруге іріктеліп (ішінара) тартылады. Өлшеу құралдарының  қнімділік көлемі мен инспекциялық тексеру жүргізу әдісін оны жүргізуге басшылық жасайтын тұлға анықтайды. Тексеруге тиісті нормативті құжаттарда көрсетілген толық емес формада жүргізілуі мүмкін.

Сараптамалық тексеру  олардың қолдануға жарамдылығын және оларды пайдаланудың дұрыстығын анықтау мақсатында өлшеу құралдарын метрологиялық сараптама жүргізу  кезінде орныдалады. Тексеруді мемлекеттік  метрологиялық қызмет органдары  жүргізеді.

Өлшеу құралдары Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарының талап етуі бойынша, тексеруге консервацияға қойылған қалыпта беріліп, техникалық сипаттамалары, пайдалану жөніндегі нұсқаулар, соңғы тексеру туралы куәлік қоса берілуі тиіс                                                                        Өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру

Өлшеу құралдары - өлшеуді орындаған  кезде қолданылатын және қалыпты метрологиялык сипаттамалы техникалык құрылғы. 

Өлшеу құралдарын калибрлеу  – бұл метрологиялық сипаттамалардың  нақты мәнін немесе мемлекеттік  бақылауға және қадағалауға жарамдылығын анықтау және бекіту мақсатында орындалатын операциялардың жиынтығы. Нормативтік құжатта баяндалатын немесе  тапсырыс беруші анықтайтын, оның метрологиялық сипаттамасының бұрын белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келуі өлшеу құралдарының жарамдылығы ретінде түсіндіріледі. Жарамдылық туралы қорытынды калибрлеу зертханасы жасайды.

Калибрлеуді, осы жұмысты  біліктілікпен орныдау үшін қажетті  жағдайлар болған кезде  кез келген метрологиялық қызмет (немесе жеке тұлға) жүргізе алады.  Калибрлеу - ерікті операция және оны сондай-ақ кәсіпорынның өз метрологиялық қызметі орындай алады. Алайда, калибрлеу еріктілік сипаты кәсіпорынның метрологиялық қыщметін белгілі бір  талаптарды сақтау қажеттігінен босатпайды. Олардың ең бастысы - өлшеу жұмыс құралдарын ұлттық мемлекеттік эталонға міндеттеп «тану». Сөйтіп, калибрлеу функциясын өлшем бірлігін қамтамасыз етудің  ұлттық жүйесінің құрамды бөлігі ретінде қараған дұрыс. Осымен байланысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету  ұлттық жүйенің принциптері халықаралық ережелермен және нормалармен үйлестірілген, ал калибрлеу өлшем бірліктерінің әлемдік жүйесіне кіреді.

Калибрлеу жұмыстарын ұйымдастырудың келесі нұсқалары болуы  мүмкін:

  • кәсіпорындар өзінде калибрлеу жұмыстарын жүргізуді дербес ұйымдастырады және ешқандай жүйеде аккридитациядан өтпейді;
  • кәсіпорын оны аккредитациядан өткізген ұйым атынан калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына калибрлеудің ұлттық  жүйесінде аккредитацияланбайды;
  • Кәсіпорын коммерциялық негізде, калибрлеу жұмыстарын орындау мақсатында,  калибрлеудің ұлттық жүйесінде аккредитацияланады;
  • өлшеу құралдарын тексеру құқығына аккредитацияланған кәсіпорын , бір мезгілде  өлшеудің сол  түрлері бойынша калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредитациялаудан өткендігі туралы аттестат алады;
  • метрологиялық институттар және Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары, бір мезгілде аккредитациялау органы және калибрлеу ұйымы ретінде калибрлеудің ұлттық жүйесінде тіркеуден өтеді.[3,186б.]

 

  Өлшеулердің жіктелуі.   

Өлшеулердің жіктелуі өлшеулерді орындау және нәтижелерді  өңдеу әдістемелерін әзірлеу  кезінде себептеледі.

Жіктелу мақсаты  – өлшеу нәтижелерін анықтау  кезінде пайда болатын, өлшеулердің  әдістемелік қателіктерін ерекшелеу  ыңғайлылығы.

Өлшеулер бірқатар белгілер бойынша жіктелуі мүмкін. Нәтижелерді алу тәсілі бойынша өлшеулер: тура, жанама, бірлескен және жиынтық болып бөлінеді.

Тура – ол кезде шаманың ізделіп отырған  мәнін тікелей өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша табатын  өлшеулер.

Жанама деп  ол кезде өлшенетін шаманың ізделіп отырған мәнін, сол мән мен бірдей жағдайларда жүргізілген, тура өлшеулерге ұшырайтын шама арасындағы белгілі тәуелділік бойынша табатын өлшеулер. Жалпы түрде Y, Q өлшенетін шамасын және тура өлшеулерге ұшырайтын, x1, х2 … хn шамаларын байланыстыратын тәуелділік мына түрде болады:                

     Q=f(x1, х2 … хn)            2)                   

    Y=F(x1, х2…xn).            (3)

Жанама өлшеулер кезінде тәуелділіктер үш түрлі  болуы мүмкін:

  1. сызықтық   ,           (4)  

мұнда - тұрақты коэффициент;

  1. сызықтық емес   ,          (5)

мұнда ) – қандай да бір функция;

  1. тәуелділіктің аралас типі   .       (6)

Y және Xi арасындағы байланыс түрі жанама өлшеулер қателіктерін есептеу әдістемесін анықтайды.

Бірнеше бір аттас шамаларды бір мезгілде өлшеу жүргізілетін өлшеулер жиынтық деп аталады, олар кезінде олардың ізделіп отырған мәнін теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады.

Олардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін екі немесе бірнеше бір аттас емес шамаларды  бір мезгілде өлшеу жүргізілетін өлшеулер бірлескен деп аталады. Жанама, бірлескен және жиынтық өлшеулер бір принципті маңызды ортақ қасиетпен біріктіріледі. Олардың нәтижелері өлшенетін шамалар мен тура өлшеулерге ұшырайтын шамалар арасындағы белгілі функционалды тәуелділіктер бойынша есептеумен анықталады. Айырмашылықтар тек функционалды тәуелділікте ғана болады. [4]

Дәлдік сипаттамасы  бойынша өлшеулер дәлдігі бірдей және дәлдігі бірдей емес болып бөлінеді. Дәлдігі бірдей – бұл сол және бір жағдайларда өлшеу құралдарымен дәлдігі бойынша бірдей орындалған, физикалық шамаларды өлшеу. Дәлдігі бірдей емес – әр түрлі жағдайларда өлшеу құралдарымен дәлдігі бойынша әр түрлі орындалған, физикалық шамаларды өлшеу. Осы өлшеулердің нәтижелерін өңдеу әдістемесі әр түрлі.

Өлшеулер санына байланысты бір еселік және көп еселік өлшеулерді ажыратады. Көп еселік өлшеулерді қателіктің кездейсоқ құраушысын азайту мақсатымен жүргізеді.

Өлшенетін шаманы өзгертуге  қатысы бойынша өлшеулер статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Берілген жіктеудің мақсаты нақты өлшеулер кезінде өлшенетін шаманы өлшеу жылдамдығын есепке алу қажеттілігі туралы шешім қабылдаудан тұрады.

Статикалық өлшеулерге барлық өлшеу уақытының бойында өзгеріссіз қалатын, физикалық шамаларды өлшеулер жатады.

Динамикалық өлшеулер – бұл уақытқа байланысты өзгеретін, физикалық шамаларды өлшеулер.

Метрологиялық тағайындалуына байланысты өлшеулер техникалық және метрологиялық болып бөлінеді. Техникалық өлшеулерді жұмыстық өлшеу құралдарымен жүргізеді. Метрологиялық – олардың мөлшерлерін жұмыстық өлшеу құралдарына беру үшін физикалық шамалар бірліктерін ұдайы өсіру мақсатымен эталондардың көмегімен.

Өлшеулер нәтижелерінің  өрнектеріне байланысты олар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік – бұл физикалық константалар мәндерін пайдалану арқылы бір немесе бірнеше шамаларды өлшеулер. Салыстырмалы–бұл белгілі шаманың бір аттас шамаға қатынасының өзгеруі.[5]

Сынау және бақылау  туралы ұғым

Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері.

Сынаудың негізгі  белгілері мыналар болып табылады:

- объект бойынша белгілі  шешімді, яғни оның жарамдылығы  немесе ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау;

- сынаудың талап  етілетін нақты шарттарын беру.

Сынаулар шарттары – сынаулар кезінде әсер етуші  факторлардың және (немесе) объектінің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы. Нақты объектілерді сынауға нормативтік-техникалық сынаулардың қалыпты шарттары анықталу керек. Сынаудың келесі алуан түрлері болады, олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі:

-тағайындалуы  бойынша олар зерттеуші, бақылаушы,  салыстырушы және анықтаушы болып бөлінеді;

- жүргізу деңгейі  бойынша: мемлекеттік, ведомство  аралық және ведомстволық;

- сыналатын  өнімді әзірлеу кезеңдерінің  түрі бойынша: алдын ала және  қабылдаушы;

- дайын өнімді  сынау түрі бойынша: біліктілікті, қабылдау-тапсырушы, периодтық, типтік.

Сынаудың мақсаты  – номинал жағдайларда берілген сыналатын параметрдің мәнін  анықтау.

Сынау нәтижесі – бұл объект қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау, объектінің оның берілген талаптарына  сәйкестігін анықтау.

Өлшеу мен сынаудың арасында үлкен ұқсастық бар, бірақ өлшеу сынаудың жеке жағдайы болып саналады.

Бақылау – бұл  бұйым параметрі мәнінің анықталған талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін  анықтау процесі. Бақылау өлшеуді  түрлендіруден, бақыланатын ұдайы  өсіру операциясынан және бақылау  нәтижесін салыстыру мен анықтаудан тұрады.

Өлшеу мен бақылаудың айырмашылықтары келесіден тұрады:

- өлшеу нәтижесі  – сандық сипаттама, ал бақылау  – сапалық;

- өлшеу өлшенетін  шама мәндерінің кең ауқымында  болады, бақылау – мүмкін болатын  жағдайлардың шағын санының шамасында;

- өлшеудің негізгі  сипаттамасы – дәлдік, ал бақылаудың  негізгі сипаттамасы шүбәсыздық  болып табылады.

 

Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» - «өлшемдер туралы ілім».

Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі болып саналады.

Өлшемдік ақпараттың құндылығы өлшемдердің нақтылығы мен біртұтастығына байланысты болады. Өлшемдердің біртұтастығы дегенді өлемдердің нәтижелері заңды бірліктерде берілуін, ал қателіктер белгіленген кездейсоқтық деңгейінде айқындалуын түсінуге болады.

Өлшемдердің біртұтастығы олардың нәтижелерін өлшемдерді қашан, қай жерде, кім, қандай әдістердің және техникалық құралдардың көмегімен жасағандағына тәуелсіз түрде сәкестендіруге мүмкіндік береді. Өлшемдердің нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығының деңгейі. Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.

Физикалық шамаларды өлшеу метрология ғылымының зерттеу объектісі болып табылады.

Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және практикалық (қолданбалы) метрология.

Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете алмайды.

Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.

Информация о работе Мемлекеттік метрологиялық қадағалау