Мемлекеттік метрологиялық қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2015 в 15:25, курсовая работа

Описание работы

Метрологияны зерделеу халықаралық сауда-экономикалық және ғылыми техникалық байланыстардағы өлшеу бірлігіне қол жеткізудің ролі мен мағнасы туралы түсінік береді, бұл келесі сұрақтармен анықталады: метрологияның мәні мен мазмұны. Өлшеу және бақылау туралы ұғымдар. Метрологиялық қызметтің құқықтық негіздері. Метрология бойынша заңды бұзғаны үшін жауаптылық. ҚР мемлекттік метрологиялық қызметі.Қызметтердің құрылымы, міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері. Өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу. Эталондар және стандарттық үлгілер. Өлшеулер адам қызметіндегі кез келген процестің міндетті құрама бөлігі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім............................................................................................................7
I тарау Массаны өлшейтін құралдарға жүргізілетін тексеріс тәртібі
1.1 Өлшеуіш аспаптары мен жабдықтары.........................................................8-9
1.2 Метрологиялық қамтамасыз ету....................................................................18
ІІ тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялы қызметінің ұйымдастырушылық негізі...................................................................................22
2.2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері....................................................................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................28
Қолданған әдебиеттертізімі...............................................................................30

Файлы: 1 файл

баян.docx

— 73.99 Кб (Скачать файл)

Талап етілтін дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш ақпарат қабылданатын шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат сауда-коммерциялық операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін емес.

Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара тісіністікті, ақпаратпен алмасуды, өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды кепілдендіреді.

Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.

Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.

Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.

Неғырлым мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заңының, басқа да нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру жүйесі өзінің өзектілігін арттырады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыруды қарастыру болып табылады. Біз мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негізін, біздің мемлекетіміздегі мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері мен формаларын, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жүзеге асырылу тәртібін – метрологиялық қадағалауды кім жүзеге асыруға құзіретті, қадағалау қандай ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі, бұл тексерістердің нәтижесі қалай рәсімделетінін қарастырамыз.

 Метрологияның даму  тарихы

Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет облысы ретінде орта ғасырларда пайда болды. Бірақ ол, адамның өлшеулердегі қажеттіліктері пайда болғанда көне ерте кезде бастау алды. Алғашқыда олар жай есептеулерге апарылды. Арақашықтық қадамдармен, садақпен атумен, жолдағы күндермен өлшенді. Уақыт тәулікпен, ай фазаларымен және жыл мезгілдерімен өлшенді. Заттардың саны данамен, дюжинамен, қораппен, баулармен өлшенді.

Өндіріс пен тауар алмасудың пайда болуымен өлшем бірліктеріне деген қажеттілік туды. Алғашқыда мұндай бірліктер ретінде астық дәндері (гран), бұршақ (карат), қолдың саусағының ұзындығы (дюйм), аяқ өкшесі (фут) қолданылған. Уақыт өте келе өлшем бірліктері дәлірек және әртүрлі бола бастады, олардың арасында арақатынас орнатылды, бірте-бірте әр мемлекеттің және халықтардың өздерінің ұлттық өлшем бірліктері қалыптасты.

Көне орыс тәжірибесінде өлшеудің негізгі жүйесі ретінде көне египеттік өлшем бірліктері қызмет етті, ал олар, өз кезегінде, Көне Греция мен Рим тәжірибесінен алынған болатын. өлшеудің әр жүйесі, дәуіріне байланысты, өзінің ерешеліктерімен, ұлттық менталитетімен ерекшеленген.

Көне Ресейде ұзындықтың негізгі өлшем бірліктері пядь және шынтақ (локоть) болған, сонымен қатар, пядь негізгі көне Ресейлік ұзындық өлшемі және ол ересек адамның үлкен саусағы мен сілтеуіш саусақтарының ұштарының арасындағы арақашықтықты білдіреді. Содан кешірек басқа бірлік – аршин пайда болған кезде пядь (1/4 аршин) бірте-бірте қолданыстан шыға бастады. Шынтақ (локоть) өлшемі Вавилоннан келген және ол шынтақтан бастап қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі ара қашықтықты білдіреді. «Табиғи» өлшемдер де ежелгі шығу тегіне ие. Олардың ішіндегі ең біріншілері – ол уақыт өлшемдері. Астрономиялық бақылаулар негізінде ежелгі вавилондықтар жыл, ай, сағат өлшемдерін бекітті. Нәтижесінде Жердің өз өсінің айналасынан айналу орташа периодының 1/86400 бөлігі секундтар деген атауға ие болды. Метрологиялық қызмет әлі пайда болмағанына қарамастан үлгілік өлшемдердің қолданылуы және олардың шіркеулер мен монастырьлерде сақталуы, сонымен қатар, өлшем құралдарын жыл сайынғы тексерулері туралы мәліметтер бар. Осылайша, ұлы князь Святослав Ярославичтың (1070 ж.ж.) «алтын белбеуі» ұзындықтың үлгілік өлшемі қызметін атқарған, ал Новгород князі Всеволодтың (1136 ж.) жарлығында «торговые весы и мерила блюсти без пакости, всякий взвешивать ...» деп жазылған. Жарғыны бұзушы тіпті өлім жазасына кесілуге дейін жазаланған. Ең маңызды метрологиялық құжат Ивана Гроздныйдың (1550 ж.) Двиндық грамотасы болып табылады, онда себілетін заттардың – осьминдердің жаңа өлшем түрлерін сақтау және өткізуді бекітеді. Оның мыс үлгілері көсемдерге сақтауға таратылған. Осы өлшемдерден қалалық помещиктерге клеймендік ағаш көшірмесін жасау, ал олардан өз кезегінде күнделікті қолданысқа ағаш үлгілірін жасау қажет еді. Үлгілік өлшемдер Мәскеулік мемлекеттің бұйрықтарында сақталған. Осылайша, Иван Гроздный кезіндегі өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін және мемлекеттік метрологиялық қызметтерді құрудың басталуы туралы айтуға болады. Сауданың дамыту және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту өлшемдерді нақтылауды ғана емес, сонымен қатар, олардың «заморскелік» өлшемдермен сәйкестігінің, айырмашылықтарының өлшемдерін бекіту және өлшемдер унификациясы мен бақылау-тексерушілік қызметті нақтырақ ұйымдастыруды талап етті.

1 Петр жүргізген қайта  құрулар нәтижесінде, флотта және  кеме құрастыруда кеңінен қолданылған ағылшын өлшемдері – фунт және дюйм айналымға енгізілді. Есептеулерді жеңілдету үшін орыс және шетел өлшемдерінің арақатынасы мен өлшемдерінің кестесі жасалған болатын. Кейбір метрологиялық орталықтар ерекшелене бастады. Коммерц-коллегия сауда саласындағы метрологиялық қызмет көрсетулердің және өлшемдердің біртұтастығының сұрақтарымен айналысты. Адмиралтейст-коллегиясы бұрышты өлшейтін жабдықтардың, компастардың және сәйкес өлшемдердің қолданылуының дұрыстығын қадағалады. 1725 жылы негізі қаланған Петербург ғылымдар академиясы бұрыштық өлшемдерді, уақыт және температура өлшемдерін қайта жаңғыртумен айналысты. 1736 жылы Сенаттың шешімі бойынша таразылар мен өлшемдер Комиссиясы құрылды. Комиссия ұзындықтың бастапқы өлшемі ретінде мыс аршинын және ағаш саженьді дайындады, сұйық заттар өлшемі ретінде мәскеулік Каменномостск ауласының шелегі қабылданды. Алтынмен қапталған қоладан дайындалған кір (гирь) салмақтың орыс өлшемдеріның бірінші ретті үлгісі (мемлекеттік эталон) ретінде заңмен бекітілген. Бұл фунт жүз жылға жуық мерзімде мемлекеттегі жалғыз эталон болып қала берді. /7,28/

XVIII ғасырдың аяғында Еуропада  өлшемдердің біртұтас халықаралық  жүйесін құру туралы идея тарады. Бұл идеялардың дамуы 1796 жылы  Францияда өлшемдердің ондық  метрлік жүйесін дайындау мен  қабылдауға әкелді. Ұзындық пен  салмақтың өлшемдерінің платиналық  протатиптері – метр мен килограмм  дайындалды. Өзінің айқын басымдықтарына  қарамастан, метрлік жүйе қиындықпен  енгізілді, отандық метрологияға  көп еңбек сіңірген Д.И. Менделеевтің өзі оны патшалық басқару шарттарында Ресейдің метрлік жүйесіне енгізе алмады. 1899 жылдан бастап ол ескіресейлік және британдық (дюймдік) жүйелер қатарында факультативті қоланылды. Мұндай жағдай өнеркәсіптің дамуын тежеді, сыртқы экономикалық және ғылыми байланыстарды қиындатты.

«Өлшемдердің және таразылардың халықаралық метрлік жүйесін енгізу туралы» Декрет РСФСР Халық Комиссарларының Одағымен 1918 жылы қабылданды. Декретті шығару отандық метрологиянығ дамуындағы нормативтік сатының басталуын білдірді. Осы сәттен бастап метрология облысындағы маңызды, одан кейін маңызы төменірек бекітулер нормативтік актілермен енгізілді.

Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшем бірліктері, ең алдымен, фундаментальді және қолданбалы метрологияны жетілдіру қажет бола бастады. 1960жылдың қазанында өлшемдер мен таразылар бойынша ХІ Бас конференциямен СИ Халықаралық бірліктер жүйесі қабылданды. 1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы қабылданды: бұл вакуумде 1/299792458 секунд бөлігінде жарықтың өтетін жолының ұзындығы. Енді метрологиялық ережелер тұрғысынан метр секундқа тәуелді. 1988 жылы халықаралық деңгейде электр бірліктер мен шамаларын өлшеу облысында жаңа константтар, ал 1989 жылы жаңа Халықаралық тәжірибелік темпертуралық шкала МТШ-90 қабылданған болатын.

Фундаментальді және қолданбалы метрологияның дамуымен қатар заңнамалық метрологияның құрылуы жүзеге асты. /7,45/

Заңнамалық метрология – бұл өлшемдердің біртұтастығын және өлшеу құралдарының біртүрлілігін қамтамасыз етуге бағыттылған, өзіне өзара байланысты және өзара шартталған жалпы ережелер, талаптар мен нормалар кешенін қосатын метрологияның бөлімі. Заңнамалық метрология тәжірибеге Мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдар мен заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңнамалық метрологияның облысына құралдардың типтерін сынау мен бекіту, олардың тексерісі мен калибровкасы, өлшеу құралдырының сертификациясы, өлшеу құралдарына мемелекеттік бақылау мен қадағалау жатады.

Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның нормалары сәйкес халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұсынымдарымен біріктірілген. Бұл экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және халықаралық метрологиялық бірлескен қызметтегі өзара түсіністікке әсер етеді.

Метрологиялық қамтамасыз ету

Метрология метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми негізі болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз ету – бұл өлшеудің талап етілетін дәлдігі мен біртұтастығына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды бекіту мен қолдану.

Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі мемлекеттік метрологиялыққызметтен және кәсіпорындардың метрологиялық қызметтерінен құралатын метрологиялық қызмет болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негізі болып табылатын жүйелер:

- физикалық шамалар бірліктерінің  мемлекеттік эталондары;

- эталондардан физикалық  шамалар бірліктерінің көлемдерін  үлгілі СИ көмегімен және басқа да тексеріс құралдарының көмегімен барлық СИ-ге жіберу;

- өлшемдердің жұмыс құралдарының  өндірісі мен айналымға шығару үшін дайындаулар менбекітулер;

- өлшеу құралдарының міндетті  мемлекеттік сынақтары мен метрологиялық аттестациясы;

- өлшеу құралдарының міндетті  мемлекеттік және ведомствалық тексерілуі;

- заттар мен материалдардың  құрамы мен қасиеттерінің стандарттық  үлгілері;

- физикалық константтар  және заттар мен материалдардың  қасиеттері туралы стандартты  анықтамалық мәліметтер.

Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негізі – «Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары болып табылады:

- өнімнің сапасын, өндірісті басқару тиімділігін және өндіріс процестерін қолдану деңгейін көтеру;

- бөлшектерді, байланыс түйіндерінің  және агрегаттардың өзара алмастырушылығын  қамтамасыз ету, өндірісті кооперирлеу және маманданудық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау;

- ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, тәжірибелер мен сынақтардың тиімділігін арттыру;

- есепке алудың шынайылығын  қамтамасыз ету және материалдық  құндылықтарды және энергетикалық  ресурстарды қолдану тиімділігін  жоғарлату;

- транспортты жүргізуді  автоматизациялау деңгейін және оның қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлату;

- байланыстың жоғары сапасын  және сенімділігін қамтамасыз  ету;

- тұтынушыны қорғау.

Өндірістің қазіргі даму сатысында метрологиялық қамтамасыз ету, негізінен, дайындау процестерін жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған таза қолданбалыдан тиімді технологиялық процестерді құрудың, автоматтандырылған өндірістерді енгізудің, дайын өнімнің сенімді бағалануы мен бақылануының белсенді құралына айналды.

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік метрологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартпен басқарылады. Оның құрамына стандарттар мен стандарттық үлгілердің мемлекеттік ақпараттық орталығы, Қазақстандық метрологиялық институт (ҚазМетИн), территориалдық органдар кіреді.

Өндірістің, экономиканың дамуы стандартизация, метрология, сертификация облыстарындағы біртұтас ғылыми-техникалық саясатта анықталады.

Барлық өлшемдердің, яғни экономиканың дамуының деңгейі физикалық шамалар бірліктерінің эталондық базасының дамуымен анықталады. Эталондық база, сонымен қатар, стандартизация және сертификация жүйелерінің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Сондықтан қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен дәл өлшемдерді, жинақталған ғылыми-техникалық потенциалды нығайту мен мақтауды метрологиялық қамтамасыз ету мақсатымен физикалық шамалардың бірліктерінің ұлттық эталондық базасының әрі қарай дамуы алдын-ала қарастырылады. Эталондық база – бұл мемлекеттік бірінші ретті, екінші ретті және жұмысшы эталондардың, сонымен қатар физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін сақтау, қайта өндіру және жіберудің жоғары дәлдігі мемлекет үшін шығыс бекітулердің жиынтығы.

Информация о работе Мемлекеттік метрологиялық қадағалау