Жылулық схеманың есептеулері және қазандық жабдықталудың таңдалуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 21:06, курсовая работа

Описание работы

Орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың соңғы тұтынушы үшiн энергияның үзiлiссiз алуын бiлдiредi. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау улкен емес үйді жылыту жүйелерінен, әлдеқайда, ыңғайлы және тиімді болып келеді. Отынды жағудың қазіргі технологиялары мен лақтырулардың тазартылуы қоршаған ортаға деген негативті әсерді азайтады.
Көп пәтерлi үйлер немесе орталықтандырылған жылулық тармақпен жылытылатын басқа ғимараттарында тұтынушылардың үлкен саны үшiн етек жылыту, ыстық сумен жабдықтау, желдету және жылытуға жұмсалған энергияның минималды шығындалуы - бас талабы болып табылады. Жылумен жабдықтаудың жүйесінде сапалы жабдық қолдану арқылы ортақ шығындарды азайтуға болады.

Файлы: 1 файл

4 ДИНАРА КАЗАКША ДИПЛОМ .docx

— 566.08 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

 

Энергетика деп -ауыл шаруашылық пен  тұрғын үшін қажетті,алғашқы  энергия қорларының энергия түріне өрнектелуі және осы энергияны өндіріс  көзінен қолдану объектісіне  берілуін айтамыз.

Өндірілетін энергия түрлері  мен алғашқы энергия қорларының коптүрлілігіне қарамастан, Қазақстанның энергетикасы жанармай базасы бар бiртұтас жылу-энергетикалық кешен сияқты жоспарлы дамыды.

Елдiң экономикасы тек  қана меншiктi отын-энергетикалық қорларға толық негiзделдi. Энергияның қолданылатын түрлерiнде алғашқы энергия қорлардың  олжасы және қолданылатын энергия көзінің  өрнектеулін бiрiктiретiн отын-энергетикалық  кешеннің құрылысына  өнеркәсiпке  барлық капитал жұмсауларының түбегейлi еншiсі бөлінді.

Барлық өндірілетін энергия  көзінен ең көп қолданысқа ие энергия  көзінің екі түрі бар. Ол электр энергиясы  және потенциалдың төмен және орташа жылуы және осы энергия көзін  өндіру үшін казіргі уақытта 55% -дан  астам елде  барлық қолданылатын алғашқы отын-энергетикалық ресрустарлары  жұмсалуда. Сонын ішінде электр энергиясының маңызы зор, себебі, әлемде қоғамның өндiргiш  күштерiнiң дамытуындағы бастаушы рөлі осы электр энергиясына тиесілі.

 Елдегi электр және  жылу энергияларының өндiрушісі  ретінде қазіргі кезде органикалық  отын пайдаланылады (табиғи газ,  көмір, мазут). Елдiң жылулық шаруашылығы  қалалар және өнеркәсiптiк аудандардағы  жылулық жүктемелердiң шоғырландыруларының   үздiксiз жүруі  процессiнiң  негiзiнде дамып келе жатыр.

Электр және жылулық энергияның өте мүлтiксiз технологиялық өндiру тәсiлi және энергияның көрcетiлген түрлерiнiң  өндiруiне отын шығынының төмендетуiнiң  тәсілі болатын теплофикация рационалды энергия жабдықтау ұйымдары үшiн  маңызды рөль атқарады.

Шамалы кеңдiктерде дәурен сүріп жатқан жерлердегі жылдың негізгі  бөлігі суық болғандықтан, тұрғын үй, ғимараттар мен басқа да бөлмелерді жылумен  қамтамсыз ету керек. Жылумен  жабдықтау егер бұл кеңсе немесе қойма болса, жұмыстың өнімділігін, егер бұл пәтер немесе үй болса  жайлы тұруды қамтамасыз етедi.

Ең алдымен, «жылумен жабдықтау» терминінің мазмұнын ашатын болсақ, жылумен  жабдықтау деп-ыстық су мен бу арқылы жылыту жүйелерінің  ғимараттарды жабдықтауын  айтамыз.

Жылумен жабдықтау жүйелерінiң  сенiмдi жұмысынан барлық тұрғын, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттардағы адамдардың не тұрақты, не белгілі бір периодпен  өмір сүруінің жайлы еңбек жағдайлары мен ондағы тұрмысы тәуелдi болады. Жылумен жабдықтау жүйесі өзінің маңызы бойынша қазіргі қала омір сүруі мүмкін емес отынмен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау  сияқты инженерлік жабдықтау  жүйелерінен  қалыс қалмайды.

ЖЭС және қазандықтар жылумен  жабдықтаудың  үйреншiктi көзі болып  табылады. Ғимараттарды жылумен жабдықтау  орталықтандырылған және жергiлiктi тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Орталықтандырылған (өнеркәсiптiк немесе тұрғын үйлер) жылумен  жабдықтау кезінде жеке аудандар жабдықтандырылады. Жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған желiлерiнің тиiмдi жұмысы үшiн деңгейлерге бөліп, оны  салады, әрбiр элементтiң жұмысы берілген жұмыстың  орындалуына байланысты. Әрбір деңгей сайын элементтің есебі  азайып отырады. Жергілікті жылумен  жабдықтау деп- бір немесе бірнеше  тұрғын үйлердің жылумен жабдықталуын айтамыз. Жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған желiлері  отын шығынын және жалпы  шығынды қысқартуы,  төмен сортты отынның қолдануы, тұрғын аудандардың  санитарлық нормаларын жақсарту сияқты артықшылықтардың қатарларын алады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі жылу энергиясының көзiнен (ЖЭС), жылу желілерінен және жылу қолданатын қондырғыларынан тұрады. ЖЭС аралас жылу мен энергияны  өндіреді. Пештер, қазандар және су ысытқыштар жергілікті жылумен жабдықтау түрінің  көзі болып табылады.

ЖЭС-та отынның жануы суды қыздырып, ал судың өзі соның нәтижесінде  жоғары қысымды және жоғары температуралы  буға айналады. Ал бу электр энергиясын тудыратын генератормен бірге бір  валда тұрған турбинаны қозғалысқа келтіреді. Турбинадан кейін бу жылу алмастырғыда конденсацияланады. Осы  процесстің жүру барасында пайда  болған жылу орталықтандырылған жылумен  жабдықтау құбырларына өтіп, соңғы  тұтынушылар арасында  жіктеледі.

Орталықтандырылған жылумен  жабдықтаудың соңғы тұтынушы үшiн  энергияның үзiлiссiз алуын бiлдiредi. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау  улкен емес үйді жылыту жүйелерінен, әлдеқайда, ыңғайлы және тиімді болып  келеді. Отынды жағудың қазіргі технологиялары мен лақтырулардың тазартылуы қоршаған ортаға деген негативті әсерді азайтады.

 Көп пәтерлi үйлер немесе  орталықтандырылған жылулық тармақпен  жылытылатын басқа ғимараттарында  тұтынушылардың үлкен саны үшiн  етек жылыту, ыстық сумен жабдықтау,  желдету және жылытуға жұмсалған  энергияның минималды шығындалуы - бас талабы болып табылады. Жылумен  жабдықтаудың жүйесінде сапалы  жабдық қолдану арқылы  ортақ  шығындарды  азайтуға болады.

Отандық теплофикация ортақ  пайдаланудың ауданды ЖЭО-тарында  және жылу өнеркәсіптік өндірістерге де, қалалар мен тұрғын аймақтарында жақын орналасқан өндіріс құрамындағы  өнеркәсітік қазандарда негізделеді. Ыстық судың жылу тасығыш ретінде  пайдалануы-төмен қысымды жан-жақты  зерттелген будың жылуын жылумен  жабдықтау жүйесінде қолдануға  мүмкіндігін туғызады. Будың бастапқы параметрлерінің жоғарылауы, турбиналардың  таңдауларындағы  бу қысымының төмендеуі  және көп сатылы желілік судың  жылытуын қолдану кезінде  ЖЭС  –тің жылулық үнемділігі жақсартылады.

Су қайнататын  қазандар мен аз қысымды булы арзан қазандарды технологиялық жүктеме мен маусымды қарбаластарды жабу үшін қолдану  барасында қазанның экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік туғызады.

Жылулық желілер теплофикация жүйесiнiң маңызды буыны болып  табылады. Осы жылулық желілер  арқылы жылу-жылумен жабдықтау көзінен  жылулық тұтынушыларға дейін  өтеді. Жылу желiлерiнiң техникалық деңгейiнiң  жоғарлауы халық шаруашылығының маңызды мәнін алады.

Жылу желілерінің сенімді  және ұзақ уақытқа жарамдылығының бірден-бір  жолы - жылуды қайнар көзден тұтынушыға дейін тасымалдайтын жылулық  өткізулердің негізгі элементі болып  табылатын құрыштан жасалған құбырларды коррозиядан қорғау арқылы жүзеге асырылады.

Жылу желiлерiнiң пайдалануындағы  тәжiрибелерден  ең үлкен коррозияға құбырлардың сыртқы бетi ұшырайтыныны дәлелденді. Сондықтан да агрессивтi құралдардың  құбырларға деген әсері  жылу желілерінің ғимараттарында ұйғарылуы  керек. Құрыштан жасалған құбырларды ішкi коррозиядан қорғау үшiн «Жылулық станциялар мен желiлердiң қолдану  ережелерiмен»  сәйкес жылулық өткiзулердiң  су-химиялық жұмыс тәртiбi мiндеттi түрде  сақталуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Жылулық схеманың есептеулері және қазандық жабдықталудың таңдалуы

 

1.1 Мойылды санаториясы  туралы мәлімет және жылулық  қазан схемасының сипатталуы

 

Мойылды санаториясы Павлодар қаласынан 17 километрде орналасқан. Күленді  тауының солтүстік-батыс бөлігінде  жатыр. Жазы жылы және кұрғақ болып  келеди,жазда ауа райы 40°-қа дейін көтерілуі мүмкін. Ал қысы болса суық және белгілі бір период сайын катты аяздар жүріп тұрады. Жылына 260 мм жауын-шашын түседі. Сонымен, бұл жердің климаты күрт өзгеретін,жазы жылы (шілде айының орташа температурасы 21 °C), қысы суық (қантар айының орташа температурасы−18 °C ) болып келеді.

Мойылды өзенінің ащы-тұзды  көлтұздығы мен емдік кірі Мойылды  санаториясының басты емдік қасиеті  болып табылады. Жазғы айларда  курорт (21-ші мамырдан бастап 30-шы қыркүйек аралығында) 265 орындарға жұмыс iстейдi. Емдiк физкультура, массаж, тiс дәрiгері, физиотерапиялар және рентген сияқты клиникалық-диагностикалық лабораториялар мен кабинеттер және қылқан жапырақтылар емдік қасиеті бар ащы суы  және қылқан жапырақ ванналар - қылқан жапырақтылар емдік қасиеті бар  ащы суы ажыратылып қойылған балшық процедураларды жiберетiн балшықпен  емдейтiн орындары бар. Сонымен қатар, санаторияда жазғы клуб, библиотека, киноқондырғы және спорт алаңдары сияқты көңіл көтеретін ғимараттар бар.

Кезінде кеспектер пен  күбiлердегi көл кiрi Омбы мен сiбiрдiң  басқа қалаларына жеткiзілгені белгілі. Осындай көл кереметі мен емдік  қасиеті туралы естіген және сырқатынан емделгісі келген адамдар сонау  мыңдаған шакырымдардан келіп, шатыр  және жер үйлер тігіп осы жерге  емделуге келетін. Содан қолдан жасалған ванналар мен күн көзіне жылынған кiр мен  көлтұздықтарға жатқан. Тек  қана 1912 жылдан бастап  Екiбастұз көмiрлерiнiң  ашылуының арқасында бұл ертіс  өзенінің жағасындағы уезд  орыс және шетелдiк кәсiпкерлердің назарын  аударды. Солардың бiрi – Славцов, көлдiң  жағасында  ең алғаш ақылы балшық емдеудi ұйымдастырды. Балшықпен емдейтiн  орынның өзі болса сәкі мен  пеші бар саманды үйден тұрады. Көлдегі кір қол арбалары арқылы саманды үйге жеткізіліп отырған.

 Курорт кеңес өкiметiнiң  кiрiсiмен Павлодарлық қалалық  денсаулық сақтау бөлiмiнiң жүргiзiлуіне  тапсырылды және бұдан кейін  санаторий көркейе бастады. Күніне 50 адам емделе алатын  балшықпен  емдейтiн орыны қайтадан салынды. 

1928 жылы санаторийға республикалық  мәртебесін  бергеннен кейiн, санаторийда  өту қабiлеттiлiгі өсе бастады.

1937 жылы жағалаудың бір  бөлігінде бақ салынды. Соғыс  жылдары осы жерде мыңдаған  жарақат алған жауынгерлер ем  алды. Жазылмайтын жарақаттарға  судың ащы суы өз пайдасын  тигізді.

1951 жылы санаторий үш  саманды павильонды құрылыс есебiнен  100 кереуеттерге толды. Соның арқасында  санаторийдің өту қабілеті 265 орынға  кеңейе түсті. 1973 жылға дейін санаторий  мерзімді жұмыс атқарса, 1973 жылдан  кейін жаңа  корпустардың құрылысы  біткеннен  кейін  санаторий  жыл бойы жұмыс iстей бастады.  Барлық ғимараттар жылы жабулы  галереямен топтастырылды. 

1987 жылы 312 орынға арналған  жаңа жататын корпусы тапсырылып,

 жаңа балшықпен емдейтiн  орыны пайдалануға енгiзiлдi. 1996 жылдың  қазан айында iшек-қарын бөлiмшесі  ашылды.

Санаторий өзінің емдік қасиеті  бар кiрі, минералды ванналары  мен  көлтұздығымен атақты. Осы  аталған барлық компоненттер тiрек-қимыл  аппаратты, буындар, урологиялық аурулар, бедеулiк пен басқа да көп аурулардың емделуіне зол үлесін тигізеді. 1928 жылдан бастап санаторияга республикалық  статус берілді. Яғни, республикалық  мағынадағы экологиялық-курорттық  аймақ статусы.

Санаторийдың ғимараттары  адамның ауруына байланысты егде адамдардың орналасуына байланысты пассажирлік лифтердің болуы, ас әзірлейтін бөлменің жақын орналасуы, мугедек күймелерінің бар болуы  сияқты максимал ыңғайлылықтарды қамтамасыз етедi. Санаторийді жылумен қаматасыз  ететін санаторийдің меншiктi қазаны тек  қана календарлық графикасы бойынша  ғана емес, қажеттiлiктiң азғантай ғана кезінде санаторийді жылумен  қамтамасыз етіп отырады.

 Мойылды санаториясының  қазандығының жылулық схемасы  негiзгi және қосалқы жабдықтардан  тұрады. Негiзгi жабдығына ДКВР-2,5-13 қазаны  жатады.

Осы дипломдық жұмыста  қарастырылып отырған ДКВР қазаны 40-шы жылдардың  басында шығарыла бастады  және (екi барабанды  суқұбырлы қазан) Дкв маркалы болды. Уақыт өте  келе және тәжiрибенiң жинақталуына байланысты ДКВР қазаны қайтадан қалпына  келтiрілді. Қалпына келтiру кезінде  оттықтың ұзындығы кiшiрейтiліп, конвекциялық шоғындағы құбырлар қатарларының саны үлкейiп, олардың адымы кiшiрейтілді. Сондықтан да бұл қазан ДКВР деп  аталына басталды. Марка белгісі  төмендегiдей түсіндіріледі:

Д -екібарабанды  (дхухбарабанный),

К-қазан (котел),

В-суқұбырлы (водотрубный),

Р-реконструкцияланатын (реконструируемый),

2,5-бушығару өнімділігі, т/сағ,

13-жұмыстық қысым, МПа.

Екібарабанды, вертикалды-суқұбырлы газо-мазутты оттығы бар ДКВР-2,5-13 қазаны өндірістік мекемелерге кететін технологиялық қажеттіліктерге, жылыту жүйелеріне, вентиляция және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне жұмсалатын қаныққан және аса қаныққан буды өндіру үшін арналған.

ДКВР бу қазандарының артықшылығы:

-бу қазанының жұмысының сенiмдi гидравликалық және аэродинамикалық қызмет көрсету схемасы  бу қазанының 91%-ға дейiн пайдалы әсер коэффициентін қамтасыз етеді;

- қызмет көрсету шығындары  мен пайдалану шығындарының аз  болуы;

-ДКВР булы қазанының құранды конструкциясы бар. Яғни, ол қабырғаларды бүлдірмей қазандықтарда құрастыруға мүмкіндік береді және оны басқа жүйелерге тез қосуға болады;

-өнiмдiлiктiң реттелуiнің кең диапазоны (номиналды өнiмдiлiк 40%-дан 150% аралығындағы) ДКВР қазанын максималды тиімділікке дейін қолдануға және жылумен қамтамасыз ету жүйесіне кететін шығындарды үнемдеуге ықпалын тигізеді;

-ДКВР булы қазанын су қайнататын тәртiпке ауыстыруға болатын мүмкіндігі.

Оң тараптармен қатар  ДКВР қазанына тән кемшiлiктер де бар: судың сапасына деген үлкен талапкершiлiк, яғни, жұмыстың қақсыз тәртiпте өтуі. ДКВР булы қазанының бұл кемшiлiгiне қарамастан, булы ДКВР қазаны кең қолданысқа ие.

Барлық ДКВР булы қазандарының ортақ конструктивтiк схемалары  бар. Экранды оттығы бар табиғи циркуляция мен ұзын бойына орналасқан барабан  мен коридорлы орналастырылған  құбырлары бар екі барабанды  қазандар.

Барабандар мен оның ішінде орналасқан құрылғыларды және шаржыларды тазарту үшін соңғы түптерінде кіретін  тесіктері болады. ДКВР булы қазандарының ұзын барабанының алдыңғы түптерінде кіретін тесіктері бар.

Информация о работе Жылулық схеманың есептеулері және қазандық жабдықталудың таңдалуы