Метрология Лактан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 15:16, курсовая работа

Описание работы

Метрологияның негізгі ұғымдары: физикалық шама, физикалық шама размері және сандық мәні, физикалық шама бірлігі және размерлігі, физикалық шама бірлігінің эталоны, өлшем, өлшем құралдары, өлшем құралдарын дәлдеу, өлшем дәлдігі, өлшем дұрастығы, өлшем анықтығы, өлшем ұқсастығы, өлшем қайталымдылығы, өлшем қатесі. Ал, осындай қарапайым теориялық сұрақ сияқты жан-жақты қарастыратын метрология органы болып табылады. Мемлекеттік метрологиялық органдарға өте кең құқық берілген. Метрологияның ғылым ретінде, сондай-ақ өлшем туралы, өлшем бірегейлігі мен дәлдігін сақтаудың жолдары мен әдістері туралы тұрғысынан да халық шаруашылығында атқаратын рөлі зор.

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................................................................3
1 Физикалық шамаларды өлшеу...................................................................................4
2 Өлшеу құралдары........................................................................................................9
3 «Лактан 1-4» өлшеуіш құралының жұмыс істеу принципі...................................12
3.1 Өлшенетін үлгілер үшін қажеттіліктер................................................................15
3.2 Аспаптың эксплуатациялық басқармасы.............................................................16
3.2.1 Таңбалау және пломбылау.................................................................................17
3.2.2 Қаптама................................................................................................................17
3.2.3 Тасымалдау және сақтау тәртібі........................................................................18
3.2.4 Қайта жарату.......................................................................................................18
3.3 Аспаптың метрологиялық сипаттамалары..........................................................19
3.3.1 Талдаушы аспабының техникалық қызмет көрсетілуі....................................20
3.3.2 Аспаптың техникалық сипаттамасы.................................................................23
4 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру...............................................................22
Қорытынды ..................................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................26
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.doc

— 988.50 Кб (Скачать файл)

                                         Мазмұны:

                                                                                                                              

Кіріспе.............................................................................................................................3

1 Физикалық шамаларды өлшеу...................................................................................4

2 Өлшеу құралдары........................................................................................................9

3 «Лактан 1-4» өлшеуіш құралының жұмыс істеу принципі...................................12

3.1 Өлшенетін үлгілер үшін қажеттіліктер................................................................15

3.2 Аспаптың эксплуатациялық басқармасы.............................................................16

3.2.1 Таңбалау және пломбылау.................................................................................17

3.2.2 Қаптама................................................................................................................17

3.2.3 Тасымалдау және сақтау тәртібі........................................................................18

3.2.4 Қайта жарату.......................................................................................................18

3.3 Аспаптың метрологиялық сипаттамалары..........................................................19

3.3.1 Талдаушы аспабының техникалық қызмет көрсетілуі....................................20

3.3.2 Аспаптың техникалық сипаттамасы.................................................................23

4 Өлшеу құралдарын салыстырып  тексеру...............................................................22

Қорытынды ..................................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................26

Қосымшалар

А қосымшасы (паспорт)

 

 

 

 

 

      

 

Кіріспе

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз едудің басты құралдары болып табылады.

     Метрология (гректің «метро»-өлшем, «логос»-оқу, білім)-өлшемдер туралы, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар жиынтығы.

     Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде ерте замандарда пайда болған.

     Қазақстандағы өлшемдер мен өлшем техникасының дамуы Ресейдегі метрологияның дамуымен тығыз байланысты. Қазақстандағы метрология саласындағы ең алғаш мекеме 1923 жылы Семей қаласында ашылған.

     Қазіргі уақытта метрология ғылым ретінде қарқынды даму үстінде, ол барлық басқа ғылыми және қолданбалы салалардағы өлшемдер тәжірибесінің жетілуіне ықпал етуде.

           Метрологияның негізгі ұғымдары: физикалық шама, физикалық шама размері және сандық мәні, физикалық шама бірлігі және размерлігі, физикалық шама бірлігінің эталоны, өлшем, өлшем құралдары, өлшем құралдарын дәлдеу, өлшем дәлдігі, өлшем дұрастығы, өлшем анықтығы, өлшем ұқсастығы, өлшем қайталымдылығы, өлшем қатесі. Ал, осындай қарапайым теориялық сұрақ сияқты  жан-жақты қарастыратын метрология органы болып табылады. Мемлекеттік метрологиялық органдарға өте кең құқық берілген.

     Метрологияның ғылым ретінде, сондай-ақ өлшем туралы, өлшем бірегейлігі мен дәлдігін сақтаудың жолдары мен әдістері туралы тұрғысынан да халық шаруашылығында атқаратын рөлі зор.

Осы талаптарды ескере, өлшеу  құралдарының талаптарына сай жүргізіле  ме екенініне көз жеткізу барысында  сүт сапасының талдаушы «Лактан 1-4» аспабы қарастырылады. Бұл талдаушы сүттегі майдың массалық бөлігін анықтауға және де құрғақ майсыздандырылған май қалдығын, қайтадан қалпына келтірілген, нормаланған қоспаларының сақтау ұзақтығын анықтауға өлшеуге арналған құрылғы.[9].

 1 Физикалық шамаларды өлшеу

«Физикалық шама» дейтін термин сандық мәндері өлшеу арқылы анықталатын қасиеттерге қолданылады. Өлшеуге келмейтін қасиеттер  де бар, мысалы, иіс, дәм тағы сол  сияқты. Мұндай параметрлердің өлшеудің әдістері табылғанға дейін оларды физикалық шама деп атамай, тек қасиет деп атаймыз. Қасиет-бұл объектінің (құбылыстың, процестің) бір жағы, ол оның айырмашылығын немесе басқа объектілермен ортақтығын анықтайды және оның оларға деген қатынастарында байқалады. Әр түрлі қасиеттерді сандық анықтау үшін «шама» ұғымы енгізіледі. Шама-бұл бір дененің қасиеті, ол басқа қасиеттердің арасынан сол немесе өзге тәсілмен ерекшеленуі, соның ішінде сандық бағалануы да мүмкін. Талдау шамаларды екі түрге бөлуге мүмкіндік береді: нақты және идеал. Идеал шамалар математикаға жатады, нақты ұғымдардың жалпыламасы болып табылады, сол немесе өзге тәсілмен есептеледі. Нақты шамалар физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық шама-бұл жаратылыстану және техникалық ғылымдарда зерделенетін, материалдық объектілерге тән шама. Физикалық емес шамаларға құқықтық ғылымдарда: философияда, әлеуметтануда, экономикада және т.б. зерделенетін шамалар жатады.

      Физикалық шамалар өлшенетін және бағаланатын болып бөлінеді. өлшенетін шамалар белгіленген өлшем бірліктерінің белгілі саны түрінде сандық өрнектелуі мүмкін. Физикалық-бұл олар үшін өшем бірліктері енгізіле алмайтын шамалар, сол себептен олар тек бағалануы мүмкін. Бағалау-бұл белгілі ережелер бойынша жүргізілетін, берілген шамаға белгілі бір санды тіркеп жазу операциясы. Бағалау шамалардың көмегімен жүргізіледі. Шкала – бұл дәл өлшеулер нәтижелерінің негізінде қабылданған, физикалық негізінде қабылданған, физикалық шама мәндерінің тізбектілігі. Бұдан, физикалық емес шамалар тек бағалануы ғана мүмкін.

     Құбылыстар түрлері бойынша физикалық шамалар топтарға бөлінеді: Бұйымдардың физикалық, физика – химиялық қасиеттерін (масса, тығыздық, сыйымдылық және т.б) сипаттайды; энергетикалық, олар энергияны (қуатты, кернеуді) түрлендіру, тарату және пайдалану процестерінің уақытта өтуін сипаттайтындар. Оларға әр түрлі спектірлік сипаттамалар, корреляциялық функциялар және т.б. жатады.

     Физикалық процестердің әр түрлі топтарына тиесілігі бойынша шамалар механикалық, жылулық, акустикалық, электірлік және магниттік, жарықтық, кеңістікті – уақыттық, иондаушы сәуле шығару, атомдық және ядролық физика, физика – химиялық болып бөлінеді.

     Берілген топтың басқа шамаларына шартты тәуелсіздігі дәрежесі бойынша физикалық шамалар негізгі, туынды, қосымша деп бөлінеді.

     Өлшемділігінің бар болуы бойынша физикалық шамалар өлшемді және өлшемсіз болып бөлінеді.   

     Физикалық объектілер шексіз алуан түрлілікпен айқындалатын қасиеттердің көпшілігін иеленеді, олардың кейбіреулерін оларды өлшеу кезіндегі сандардың жиынтығымен анықтау қиын. Қасиеттердің барлық айқындалулардың арасында, эквиваленттік қатынастарында, аддитивтік тәртібінде айқындалатын, ортақ қасиеттер  бар. Бұл қатынастар математикалық логика постулаттарымен сипатталады.

     Эквиваленттік қатынасы – бұл онда берілген Х қасиеттері әр түрлі А, В объектілерінде бірдей немесе бірдей емес болатын қатынас. Эквиваленттік қатынасының постулаттары:

     Қатынасында айқындайтын, экстенсивті шамалар.

     Өлшейтін физикалық шамаларды 2 топқа бөлуге болады:

  • тікелей өлшенетін, олар берілген мөлшермен ұдайы өсірілуі және өзіне ұқсастарымен (ұзындық, масса) салыстырылуы мүмкін;
  • өлшемдік түрлендіру операцияларының көмегімен, берілген дәлдікпен тікелей өлшенетін шамаларға (тығыздық, қуат) түрлендірілетін.

Тура өлшеудің мәні – бұл тікелей тәжірибелік деректерден, яғни өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша шаманың ізделіп отырған мәнін табу.

Өлшемдік түрлендіру – ол кезде біртексіз түрлендірілетіндердің және физикалық шамамен түрлендірілгендердің өлшемдері арасындағы сәйкестік анықталатын операция. Q=F(x) теңдеуімен сипатталады. Бұл функция физикалық заңдылықтар негізінде алынады. Жалпы жағдайда бұл кезде келесі операциялар болуы мүмкін:

- түрлендірілетін шаманың физикалық тегінің өзгеруі;

        - масштабты – сызықты түрлендіру;

         -  масштабты – уақытша түрлендіру;

        - сызықты емес немесе функционалды түрлендіру;

- сигнал модуляциясы;

-сигналды кванттау және дискриттеу.

     Қарапайым өлшеу физикалық шама мөлшерін көп мәнді өлшеммен реттелетін, шығыстық шаманың мөлшерімен салыстырудан тұрады. Осыдан, біртекті шамалардың ара қатысын анықтау үшін физикалық құбылыстар мен процестерді пайдалану тәсілдерінің жиынтығы салыстыру әдісі деп аталады.

     Бірақ барлық шамаларды салыстыруға болмайды, осыған сәйкес физикалық шамалар 3 топқа бөлінеді:

     - алдын-ала түрлендірусіз салыстыруға болатын, физикалық шамалар (электірлік, магниттік);

    - коммутациялар үшін ыңғайлы физикалық шамалар (жарық ағындары, сұйықтық және газ ағындары, иондаушы ағындар);

   - объектілердің күйін немесе олардың қасиеттерін сипаттайтын, оларды тікелей салыстыру, яғни алу мүмкін болмайтын, физикалық шамалар (ылғалдылық, түс, иіс).

Қорыта айтсақ, физикалық  шама – бұл физикалық объект қасиеттерінің бірі екендігін МЕСТ 16263-70 анықтайды, сапалық қатынаста–көптеген физикалық шамаларға ортақ, сандық қатынаста әрқайсысы үшін жеке. Сөйтіп, физикалық шама–бұл физикалық объектілердің немесе процестердің өлшенген қасиеттері.

     Ал сондағы физикалық шамаларды өлшеуде–табиғатты адаммен қатар дамуына үлкен рөл атқарады. Өлшеу деп тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының (арнаулы техникалық құралдар) көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнің айтады. Табиғаттың тылсым сырларын ашу жолдарының бірі өлшеу жүргізу немесе операциялары болып табылады. Осы процесстер сапалық және техникалық дәрежедегі өнім шығаруда, апатсыз тасымалдау және қауіпсіз жұмыстарында, медициналық және экологиялық диагноз қоюда да, көптеген өмірге маңызды мақсаттарда өз әсерін тигізеді. Осы өлшеуді зерттейтін болсақ, өлшеу жүргізу үшін еңбектің 15% жұмсалады екен. Сараптаушылардың бақылауы бойынша индустриалды елдерде ұлттық өнімдерді дайындауға, тасымалдауға сияқты операцияларына 3-6%-дай еңбек өнімділігі кетеді. Өлшенетің шаманың және оның бірлігінің диапазоны әрдайым өсіп отырады. Мысалы, ұзындық диапазоны 10-10 – 1017 метрге дейінгі аралықты, температура 0,5К-нен 106 К – ге дейін, ал электірлік кедергі аралығы 10-6–1017 Ом, электір тоқ күші 10-6–104, қуат 10-15–109 Вт–қа , дейінгі аралыққа жетеді екен. Диапазондары өскен сайын оларды өлшеу қиындай бастайды. Олар шындығында да, дәлдікті бар актілі әрекетті және қиын продедуралы дайындықты, сонымен қатар алынған нәтижені интерпретациялық өңдеуді қажет етеді. Сондықтан да өлшеу технологиясы туралы айтпас бұрын, оның қандай дәлдікті, сапалылықты қажет екенің көреміз.

      Осы ғылыми прогресс кезіндегі өлшеу нәтижесін қадағалайтын сала метрология болып табылады. Метрология саласы түрлі өлшеулер арқылы алынатын мәліметтер білімнің, ғылымның дамуына қажет болып қала қоймай, технологиялық процестерді қадағалау, басқару үшін де кеңінен қолданылады. Сондықтан, өлшем туралы, өлшем бірегейлігі мен дәлдігін сақтаудың жолдары мен әдістері туралы ғылым ретінде метрологияның халық шаруашылығындағы атқаратын рөлі зор.

    Метрологияның негізгі ұғымдары: физикалық шама, физикалық шама размері және сандық мәні, физикалық шама бірлігінің эталоны, өлшем, өлшем құралдары, өлшем құралдарын дәлдеу, өлшем дәлдігі, өлшем дұрыстығы, өлшемнің дұрыстығы, өлшем анықтығы, өлшем ұқсастығы, өлшем қайталымдығы, өлшем қатесі. Ал, осындай қарапайым теориялық сұрақ сияқты жан –  жақты қарастыратын метрология оргоны болып табылады. Мемлекеттік метрологиялық органдарға өте кең құқық берілген. Бұл органдар заң шығарушы метрологияның ұсынған ережелерінің бұзылмай орындалуын бақылауға құқықты, және де Мемстрандарт бекіткен өлшем құралдарының тыйым салуға, талаптарға сәйкес келмейтін өлшем құралдарын қолдану аясынан алып тастауға, қолдануға және олардың жөндеудің сапасын бақылауға құқықты. [1,7].

 

 

 

                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

                                               2 Өлшеу құралдары

    Әр түрлі өлшеу кезінде физикалық шаманы анықтау және нормалық қасиеті иеленетін, бірлік өлшеу бөлімінде метрологиялық талаптарға жауап беретін нақтылықты, қауіпсіз және алынған нәтижелерді ұдайы өндіруге, сонымен қатар пайдалану шарттарының габариттік және өлшем талаптарына жауап береді.

    Өлшеу әдістрінің негізгі түрлеріне: өлшем, өлшем құралдары, өлшеу аспаптары, өлшеу қондырғыларын тексеруге жүзеге асырады. Сондағы өлшеу құралдары деп өлшеу жұмыстары үшін қолданылатын, нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдарды айтады. Өлшенетін  шаманың мәнің дұрыс табу өлшем құралдарына байланысты. Ал өлшем бірлігін мемлекеттік сынақтан өткізудің мақсаты – елімізде өлшем бірегейлігін сақтау, өлшем құралдарының ұтымды номенклатурасын және тиімді қолданылуын белгілеу, сонымен бірге, жоғарғы үлгілерге сай болатын өлшем құралдарын жасап өндіріске енгізу. Жаппай өндіруге, айналымға және шеттен әкелуге рұқсат етілген өлшем құралдары тек қана мемлекеттік стандарт бекіткен және өлшем құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген құралдар болу қажет.

Мемлекеттік сынақтың міндеттері:

  ▪ Өлшем құралдарын шығарудың ақиқатқа сәйкестігі мен   

  мүмкіндігін және    шет елден тасымалдаудың қажеттілігін     

  анықтау;

        ▪ Өлшем құралдарының тексеру мен жөндеудің тиісті

  әрекеттерімен   және шет елден тасымалдаудың қажеттілігін

  анықтау;

         ▪ Өндірілетін және шет елден алынатын өлшем құралдарының

Информация о работе Метрология Лактан