Техногндік сипаттағы төтенше жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 12:15, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жүйесiнiң он жылдан астам жұмыс iстеуi кезеңi iшiнде елде түбегейлi әлеуметтік-саяси өзгерiстер болды. Экономикалық дамудың нарықтық үлгісiне көшу, мемлекеттік басқару жүйесiнiң терең реформасы, халықаралық терроризм тарапынан жаңа қатерлер мен арандатушылықтардың пайда болуы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жүйесiнiң ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі рөлi мен орнын жан-жақты таразылауды талап етедi.

Содержание работы

І. Кіріспе
1.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
2.2 Халық пен аумақты техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардан қорғау
2.3 Табиғи және техногендiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы сақтандыру
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ОБЖ СРС.docx

— 49.91 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

І. Кіріспе

 

1.1 Техногендік  сипаттағы төтенше жағдай 

 

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері

 

2.2 Халық пен аумақты техногендiк сипаттағы төтенше 

жағдайлардан қорғау

2.3 Табиғи және техногендiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы сақтандыру

 

ІІІ. Қорытынды

 

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жүйесiнiң он жылдан астам жұмыс iстеуi кезеңi iшiнде елде түбегейлi әлеуметтік-саяси өзгерiстер болды. Экономикалық дамудың нарықтық үлгісiне көшу, мемлекеттік басқару жүйесiнiң терең реформасы, халықаралық терроризм тарапынан жаңа қатерлер мен арандатушылықтардың пайда болуы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жүйесiнiң ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі рөлi мен орнын жан-жақты таразылауды талап етедi. Апаттарға қарсы тұрудың ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған жаңа идеологиясын құру және іске асыру, азаматтық қорғаныстың мүлдем өзгеше тұжырымдамасын қалыптастыру, мемлекеттік материалдық резерв жүйесiн өсiп отырған уақыт талаптарына сәйкес келтiрудiң көкейтестi қажеттiлiгi туындады.

      2005 жылғы  22 қаңтарда Апаттардың қауiптiлiгiн  азайту жөнiндегi II дүниежүзiлiк конференция  қабылдаған Хиог декларациясында  (Кoбe қаласы, Жапония) апаттармен  күресуге үкiметтер, азаматтық қоғам,  халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастықтар, қаржы институттары, жеке сектор  мен ерiктiлердiң қатысуы қажет  екендігі атап өтiлген. "Қырғи қабақ соғыс" аяқталысымен термоядролық қаруды кең көлемде қолдана отырып жүргізiлетiн әлемдiк шиеленiс ықтималдылығы күрт азайды. Солай бола тұрса да, әлемде адамдардың террорлық әрекеттерден жаппай зардап шегу оқиғалары жиiлеп кеттi. Әлемнiң әр бөлігіндегі экстремистiк топтар ядролық, химиялық және бактериологиялық қарудың даяр үлгiсiн не оларды дайындау технологиясын иеленуге барынша күш салуда. Бұл ретте, бiрнеше рет бейбiт халыққа қарсы түйнеменiң ұрықтарын, улы заттар мен "лас" радиоактивтi бомбаларды қолдану әрекеттерiнiң бiрнеше мәрте жасалғаны байқалды.

       Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.

Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға  жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады

 

Техногендiк  сипаттағы төтенше жағдайлар

Халық пен  аумақты табиғи және техногендік  сипаттағы  
төтенше жағдайлардан қорғаудың қазiргi заманғы жай-күйi,  
елiмiздiң азаматтық қорғаныс жүйесiнiң әзiрлiгi     

 Негiзгi қорлардың,  жылжымалы құрамның және көлiктегi инфрақұрылымның сапалық және  физикалық тозуы, мұнай-газ кен  орындарын және басқа да табиғи  ресурстарды игерудiң қарқын алуы, оларды тасымалдау және қайта  өңдеу көлемдерiнiң ұлғаюы техногендiк  қатерлердiң өсуiне нақты алғышарттар  жасайды.  
      Қатерлердiң туындауына тозған жабдықтарды пайдалану, технологиялық және өндiрiстiк тәртiптiң төмен болуы, техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтамау, iшкi ведомстволық және өндiрiстiк бақылаудың әлсiздiгi, жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердiң төмен бiлiктiлігі, республикаға мүлдем тозған және сапалық ескiрген жабдықтарды әкелу басты себептер болып табылады.  
      Өнеркәсiптік қауiпсiздiктiң мiндеттi техникалық және технологиялық нормаларын қамтитын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негізгі бөлiгi әзiрленбеген.  
      Техникалық бақылаудың объектiлерге халық пен аумақтар үшiн өнеркәсiптiк қызметiнiң қауiптiлiгi, олардағы техногендiк төтенше жағдайлардың туындау ықтималдылығы бойынша саралап жiктеу жүргізiлмейтін тұтас жүйесi қолданылып отыр.  
      Техникалық қатерлердi төмендету жөнiндегi қызметтi реттейтiн және материалдық-техникалық қамтамасыз ететiн экономикалық тетiктер жоқ.  
      Қауiпті өндiрiстiк объектiлердiң жабдықтарын сертификаттаудың, сондай-ақ қауіпті өнеркәсiптiк қызметтi лицензиялаудың және сақтандырудың қалыптасқан жүйесi нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес келмейдi.  
      Көлiктегі қауiпсiздiктiң қажеттi деңгейi орныға қоймаған.  
      Елдi мекендердi салу кезiнде қала құрылысы нормаларын сақтамау, өрт қауiпсiздігінiң нормаларын сақтамастан үйлер мен ғимараттарды (әcipece тұрғын үйлердi) қайта жабдықтау, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, өртке қарсы су құбырларын техникалық дұрыс жағдайға келтiру бойынша шаралардың қабылданбауы, ғимараттарды салу және оларға әрлеу жұмыстарын жүргізу кезiнде жанғыш және улы материалдарды қолдану өрттен болатын құрбандар санын және материалдық зиянды өсiруде.  
      Жыл сайын 1000-нан аса өрт болатын республиканың орман алқаптарында өрт қауiпсiздігін қамтамасыз етуге байланысты күрделi жағдай қалыптасуда. Табиғи өрттердiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттердi шешуде мемлекеттік органдар тиiстi үйлескен iс-қимылдар жүргiзбей отыр.     

 Ерiктi өрт  сөндiру құрамалары iс жүзiнде  жойылған, бұл көптеген елдi мекендердiң  өрттерден қорғансыз қалуына  әкелдi.  
      Теңiз және өзен тасымалының дамуына орай су айдындарында төтенше жағдайлардың туындау мүмкiндiгi күрт арта түседi. Сонымен бiрге, теңiздерде, көлдерде және өзендерде болатын төтенше жағдайларды жоюға қабiлеттi суда жүзу құралдары жоқ.  
      Негiзiнен алғанда, көптеген ескi және авариялық жағдайдағы ғимараттар мен құрылыстар республиканың барлық өңiрлерiнде пайдаланылып жатыр десе де болады. Жыл сайын құрылыс құрастырмаларының қирауынан адамдар баспанасынан, мүлкiнен айрылады, жарақат алады және қаза табады.  
      XXI ғасырдың басында адамзат халықаралық терроризм мен экстремизм сияқты тағы да бiр қатерлi арандатушылыққа аяқ басты. Террористердiң осы заманғы техниканы, радиациялық-химиялық және биологиялық қауiптi заттар мен материалдарды пайдалана алатын, сондай-ақ техногендiк төтенше жағдайларды қолдан жасай алатын мүмкiншiлiктерiнiң болуы террорлық әрекеттердiң, әсiресе химиялық және биологиялық шабуылдардың жасалуы кезiнде олардың зардаптарын жоятын күштердiң (қызметтердiң) материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайтуды талап етедi.

Табиғи  және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайларды  
жоюға арналған авариялық-құтқару күштерi мен құралдары,  
мемлекеттік материалдық резерв     

 Төтенше жағдайлардың  саны мен ауыртпалығының өсуi  жағдайында республикада қазiргi кәсiби авариялық-құтқару күштерi өздерiнiң жарақтануы мен сандық  құрамы бойынша құтқару жұмыстарын  толық көлемде орындай алмайды  және олар елеулi нығайтуды  қажет етедi.  
      Өрт сөндiру бөлiмдерiнде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған арнайы техника iс жүзiнде мүлдем жоқ, авариялық-құтқару керек-жарақтары мен жабдықтары жеткiлiксiз. Судан құтқару қызметiнiң жүйесiнде күрделi жағдай қалыптасқан, ондағы жабдықтар мен техниканың көпшілiгінiң 80%-дан астамы тозған.  
      Қазақстанның бүгiнгі таңда Каспий теңiзiнiң аумақтық суларындағы кемелерде, танкерлер мен паромдарда болуы ықтимал өрттер мен техногендiк аварияларды жоюға, теңiзге төгiлген мұнайды оқшауландыруға, теңiзде апатқа тап болған адамдарды құтқаруға қабiлетті теңiз кемелерi жоқ. Жергiлiктi кәсiби авариялық-құтқару жасақтары iс жүзiнде құрылмай отыр.  
      Жедел құтқару жасақтары мен әскери бөлiмдердi осы заманғы шағын механизация құралдарымен, арнайы қорғаныш жарақтарымен, барлау және адамдарды iздестiру приборларымен жарақтандыру мәселесi, әсiресе химиялық және радиоактивтi зақымдануға бейiм аумақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу кезiнде өткiр күйiнде қалып отыр.  
      Мамандандырылған өрт сөндiру және авариялық-құтқару операцияларын жүргiзуге арналған ұшу аппараттарына, жүк көтергiштiгi үлкен ұшақтар мен тiкұшақтарға өткiр қажеттілiк бар.  
      Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы байланыс, хабарлау және ақпараттандыру жүйелерi өздерiнiң техникалық жарақтануы, жүйелi құрылымы мен бағдарламалық қамтамасыз етiлуi бойынша осы заманғы талаптарға сай емес. Мысалы, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жүйесiнде республика ауқымын қамтитын бiртұтас ақпараттық-коммуникациялық орта жоқ. Жедел байланыс құралдары жетiспейдi, ал қазiргi қолда бары ескiрген және көбiне осы заманғы аппаратурамен жұмыс iстеуге сәйкес келмейдi. Қазiргi байланыс құралдары, сондай-ақ компьютерлiк жарақталу төтенше жағдайларды жоюды басқару пункттерiнiң жеткiлiктi ұтқырлығын қамтамасыз ете алмайды. Кең көлемдi қауiптіліктер туралы халықты хабардар ету жүйесi электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен жеткiлiктi кiрiкпеген. Жақын маңайдағы өндiрiс объектiлерiнде болған авариялар туралы тұрғындарға хабар берудiң жергiлiктi жүйелерiне деген өткiр жетiспеушiлiк бар.  
      Апаттық медицина қызметiнiң қажеттi материалдық-техникалық және кадрлар базасының болмауына, оның облыстардағы орталықтарының әлсiздiгiне, бiртұтас орталықтандырылған диспетчерлiк қызметтiң болмауына, осы саладағы мамандар даярлау жүйесi мен отандық ғылыми мектептердiң кенжелеп қалуына байланысты тиiмдi жұмыс iстеуiн едәуiр төмендетедi.  
      Апаттық медицина клиникасының болмауына байланысты төтенше жағдайлар кезiндегi патологиялық жай-күйлердiң бiрқатар проблемалары зерделенбейдi, медициналық қызметкерлердiң кәсiби дағдысы жоғалуда, зардап шеккендердi медициналық қорғаудың әдiстерi мен тәсiлдерiне құтқарушыларды, өрт сөндiрушiлердi, полицияны оқып-үйретудiң әдiстемелiк басшылығы жүзеге асырылмайды, құтқарушылар мен төтенше жағдайларды жоюға қатысушыларды емдеу және оңалту жөнiндегi мүмкiндiктер пайдаланылмай отыр.  
      Мемлекеттiк материалдық резерв жүйесi кәсiпорындарының географиялық орналасқан жерi бұрынғы Кеңестер Социалистiк Республикалар Одағының (бұдан әрi - КСРО) аумағы үшiн стратегиялық жоспармен белгiленген және Қазақстан Республикасының халқын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мiндеттерiне барабар емес.  
      Кең көлемдi төтенше жағдайлар туындаған жағдайда мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының сақталу номенклатурасы және көлемi азаматтардың қажеттiлiгіне толықтай сай болмай отыр. Сақтау базаларының құрылымы мен жай-күйi мемлекеттiк материалдық резервтiң оңтайлы жұмыс iстеуiн қамтамасыз етпейдi, республикадағы соңғы әлеуметтік және көшi-қон процестерiне сай емес. Сақтау базаларынан тауарлық-материалдық құндылықтарды шығарудың күрделi рәсiмi оларды төтенше жағдайлар аймақтарына жеткiзудi кешеуiлдетуге әкеледi.  
      Жергілiктi атқарушы органдардағы төтенше жағдайларға арналған жедел резервтер нашар дамыған. Солай бола тұрса да, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) зардап шеккен халықты дереу қамтамасыз етуге (1-2 тәулiк iшiнде) қажеттi жедел резервiн құру бойынша заңнамалық және нормативтiк құқықтық негiз жоқ.

       Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан  
зардап шеккен халыққа келтiрiлген залалдың орнын толтыру,  
құтқарушылар мен ерiктi құтқарушылардың әлеуметтік қорғалуы     

 Авариялардан, апаттардан және дүлей зiлзалалардан  сақтандырудың дамымауына байланысты  техногендiк төтенше жағдайлар  кезiнде келтiрiлген зиянның орнын  толтыру өте сирек кездеседi. Мұндай  жағдайда жергіліктi атқарушы  органдарға зардап шегушiлердi уақытша  баспанамен қамтамасыз ету, олардың  материалдық проблемаларын шешу бойынша белгiлi бiр салмақ түседi.  
      Залал келтiрушiлердiң болмауына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шегушілерге ықтимал материалдық және қаржылай көмектi мемлекет пен жергiлiктi атқарушы органдар көрсетуге тырысады. Қазақстан Республикасының заңнамасы мұндай жағдайларда зардап шегушiлерге келтiрiлген залалдың орнын толтыруды көздемегенiне қарамастан мемлекет және жергiлiктi атқарушы органдар көптеген жағдайларда оларды баспанамен қамтамасыз етедi, белгілi бiр материалдық көмек көрсетедi. Мұндай практика халықты жазатайым оқиғалардан және төтенше жағдайлардан ерiктi сақтандырудың дамымауының салдары болып табылады. Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың қаржылық және мемлекеттiк материалдық резервтерi, iс жүзiнде сақтандыру қорларының рөлiн атқарады. Бұл мемлекетке экономикалық залал әкелгенiмен қатар, халықтың белгiлi бiр бөлігінiң өз баспаналары мен мүлкiнiң қауiпсiздiгін ойлау туралы қамқорлық жасауға деген ынтасын төмендетедi. Азаматтардың көпшiлiгi тек қана мемлекет көмегiне сенiп, өз өмiрiн, денсаулығын және мүлкiн сақтандырудың қажеттілiгіне мән бермейдi.  
      Солай бола тұрса да, құтқарушыларды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тартылатын азаматтардың сақтандырылуын және әлеуметтiк қорғалуын көздейтiн заңнамалық нормалар қажеттi шешiмiн тапқан жоқ.

       Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан  
халықты, объектiлердi және аумақтарды қорғауды қамтамасыз  
етудегi мемлекеттiк өкiмет билiгiнiң орталық және  
жергiлiктi органдарының рөлi     

 Министрлiк  Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасына сәйкес табиғи және  техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлар саласында орталық  және жергілікті атқарушы органдардың  жұмысын үйлестіреді, бағдарламалар  әзiрлейдi, нормативтер, стандарттар  мен ережелер бекiтедi немесе  оларды келiседi, мемлекеттік есеп  жүргізедi, ғылыми зерттеулердi, iлiмдердi  насихаттауды, халық пен мамандарды  оқытуды ұйымдастырады, халықаралық  ынтымақтастықты жүзеге асырады,  өзiнiң қарамағындағы ахуалды  және болжауды қадағалау, бақылау  қызметтерiнiң, сондай-ақ авариялық құтқару және өpткe қарсы қызметтер мен құрамалардың қызметiн қамтамасыз етедi.  
      Бұл ретте, Министрлiк төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өңiрлiк және жаһандық төтенше жағдайларды жою бойынша iс-шараларға азаматтық қорғаныс күштерiнiң қатысуына басшылық жасайды, ұйымдардың меншiк нысанына және ведомстволық тиесiлiлігіне қарамастан, олардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады, мемлекеттiк және жұмылдыру резервтерiнiң құрамындағы материалдық-техникалық қорларды, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстарды, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражатты пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныстар енгiзедi.  
      Сонымен қатар, Министрлiктiң аумақтық органдары мен жедел күштерi құрылымдарының жетiлмеуi жоғарыда аталған стратегиялық, әсiресе өңiрлiк және жаһандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаныстың жалпы проблемаларын шешу бойынша ведомствоаралық айқын өзара iс-қимыл және үйлестiру жөнiндегi ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенiнiң функциялары мен мiндеттерiн iске асыруды толықтай тиiмдi жүзеге асыруға мүмкіндiк бермейдi.  
      Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiгiне жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру, көрсетiлген мақсаттарға жергiлiктi бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету, жергiлiктi материалдық-техникалық қорлар мен басқа да ресурстарды құру және пайдалану, қажетті қауiпсiздiк шаралары туралы халық пен ұйымдарды хабарлау кiредi.  
      Бұл ретте, олар төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халық пен қызметкерлердi өздерiнiң құзыретi шегінде әлеуметтiк қорғауды, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектiлерiне келтiрiлген зиянның орнын толтыруды, медициналық қызметпен, төтенше жағдайлар аймағында тұрып, жұмыс істегенi үшін өтемақылар мен жеңiлдiктер берудi, сондай-ақ төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру және ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына келтiру бойынша iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуi қажет.  
      Алайда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың функциялары мен өкiлеттiктерiнiң ара-жiгiн ажырату реформасына сәйкес облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдiктерi жанында құрылған құрылымдық бөлiмшелердiң қазiргi уақытқа дейiн, заңнамаға сай олардың тiкелей жауапкершiлiк саласы болып табылатын тиiстi аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттердi сапалы iске асыру үшiн жеткiлiктi материалдық-техникалық, ақпараттық және әдiснамалық базасы жоқ. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға жергiлiктi атқарушы органдардың жыл сайынғы резервтерi жеткiлiктi көлемде құрылмай отыр. Бұл ретте, олардың келеңсiз зардаптарын жоюға арналған авариялық құтқару қызметтерi мен құрамалары iс жүзiнде жоқ.

 

Табиғи  және техногендiк төтенше жағдайлардың алдын алу  
мен оларды жою саласындағы сақтандыру

Халық пен  аумақты техногендiк сипаттағы  төтенше  
жағдайлардан қорғау     

 Өнеркәсiптiк  қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн:  
      техногендiк төтенше жағдайлардың мониторингiн және оларды болжауды қамтамасыз ету;  
      шаруашылық жүргiзу мен өндiрiстi басқарудың өзгерген жағдайларында өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жаңа нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу;  
      сертификаттау, жауапкершілікті сақтандыру, басшылар мен персоналды даярлау және аттестаттау сияқты өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi басқарудың барлық мүмкiндiктерiн пайдалану;  
      қауiпті өндiрiстiк объектiлердiң жұмыс iстеу қауiпсiздігін декларациялау рәсiмiн жетiлдiру;  
      өндiрiсті жаңғыртуды жеделдету, кәсiпорындардың дамуға және техникалық қайта жарақтануға бағытталатын пайдасының бiр бөлiгiн инновациялық процестерге тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;  
      көмiрсутегі шикiзатының пайдаланылмайтын кенiштерiнде, бiрiншi кезекте Каспий теңiзiнiң су астында қалатын жағалауының учаскелерiнде ұңғымаларды жою және консервациялау жөнiндегi iс-шараларды орындау қажет.  
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдар мен кәсiпорындар басшыларының:  
      ықтимал техногендiк төтенше жағдайлардың сценарийлерiн болжау және техникалық қатерлердiң республикалық, аумақтық, объектiлiк болжау карталарын жасау;  
      экономика салаларында және аумақтық белгісi бойынша мониторинг және техникалық қауiптердi басқару жүйелерiн құру;  
      техникалық қатерлердi басқару, болжау және олардың мониторингi процестерiн бағдарламалық қалыптастыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн дамыту;  
      техногендiк төтенше жағдайлардың туындау қатерлерiн нормалау саласындағы нормативтiк-құқықтық және әдiстемелiк базаны қалыптастыру;  
      өнеркәсiптiк және тау-кен өндiрiстерiнiң қауiптi қызметiн техникалық реттеу жүйесiн құру және дамыту;  
      өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру бойынша үйлестірiлген іс-шараларды жүргiзу қажет.  
      Республикада өрт жағдайын тұрақтандыру және оны одан әрi төмендету, елдi мекендер мен шаруашылық жүргізушi объектiлердiң өрт қауiпсiздігін жоғары деңгейде ұстау мақсатында:  
      жобалау, құрылыс салуға жер телiмдерiн бөлу кезiнде, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезiнде, жанғыштықтың, түтiн шығарудың және уыттылықтың жоғары деңгейi бар материалдарды қолдану кезiнде өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;  
      қалалар мен елдi мекендерде өртке қарсы сумен жабдықтаудың белгіленген нормаларының сақталуы бойынша шаралар қабылдау;  
      республиканың өртке қарсы күштерiн кадрлық және материалдық-техникалық жағынан нығайту қажет.  
      Республиканың мемлекеттiк орман қорының өртке қарсы жай-күйiн жақсарту мақсатында барлық қажетті алдын алу iс-шаралары кешенiн орындау, орман алқаптарына жақын тұратын жергiлiктi халық арасынан өртке қарсы ерiктiлер құрамаларын ұйымдастыру қашықтықтан бақылаудың ғарыштық жүйесiн пайдалана отырып, ормандардың өрт қауiпсiздiгiне орталықтандырылған мемлекеттiк мониторинг жүргiзу қажет.  
      Орман қорғау қызметін орман алқаптарын өртке қарсы бейне бақылау жүйелерiмен, сондай-ақ әуеден шолу жүргiзуге өрт шыққан жерге сөндiру құралдары мен өрт сөндiру десантының жеке құрамын жеткiзуге қабiлеттi ұшу техникасымен қамтамасыз еткен орынды.

Информация о работе Техногндік сипаттағы төтенше жағдай