Техногндік сипаттағы төтенше жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 12:15, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жүйесiнiң он жылдан астам жұмыс iстеуi кезеңi iшiнде елде түбегейлi әлеуметтік-саяси өзгерiстер болды. Экономикалық дамудың нарықтық үлгісiне көшу, мемлекеттік басқару жүйесiнiң терең реформасы, халықаралық терроризм тарапынан жаңа қатерлер мен арандатушылықтардың пайда болуы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жүйесiнiң ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі рөлi мен орнын жан-жақты таразылауды талап етедi.

Содержание работы

І. Кіріспе
1.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
2.2 Халық пен аумақты техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардан қорғау
2.3 Табиғи және техногендiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы сақтандыру
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ОБЖ СРС.docx

— 49.91 Кб (Скачать файл)

Төтенше жағдайлар  мен азаматтық қорғаныс саласындағы  бақылау:     

 Ауыл шаруашылығы  жұмыстарын жүргізу кезiнде өрт  қауiпсiздiгi ережелерiнiң сақталуына  бақылаудың тиiмдiлігін арттыру  қажет.  
      Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы бақылауды жетiлдiру үшiн:  
      бақылау қызметін регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi қайта талдау және қайта қарау, олардағы өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздігіне, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар iс-шараларына қойылатын талаптарды күшейту;  
      теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларының қауiпсiз жүргізiлуiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын инспекторлық құрамның штат санын тиiстiлiк нормаларына дейiн жеткiзу;  
      газ шаруашылығын сегментациялау кезеңiнде таратылған газдың тұрғын үйлерде және коммуналдық-тұрмыстық ұйымдарда қауіпсіз пайдалануын бақылау жүйесiн (жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескере отырып) қалпына келтiру мiндеті қойылды.  
      Халықаралық тәжiрибенi ескере отырып және Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына енетiндiгiн ескерiп нормативтік құқықтық кесiмдердi қайта қарауды жүргiзiп отырғандығын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасына әкелiнетiн өнiмдерге қойылатын мiндеттi стандарттар мен қауiпсiздiк сертификаттарының тiзбесiн айқындау қажет. Азаматтардың өмiрi мен қоршаған ортаны қорғау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен қатар, Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесiнiң iс-қимылын халықаралық талаптар шеңберiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жандандыруға жан-жақты жәрдем көрсетуге бағыттаған орынды.

Табиғи және техногендiк  төтенше жағдайлардың алдын алу  
мен оларды жою саласындағы сақтандыру      

 Адамдардың  өз өмiрiн, денсаулығын, мүлкiн  ерiктi түрде сақтандыруға түрткi  салу үшiн, бұдан кейiн, зардап  шегушiлерге белгiлi бiр мерзiмге  уақытша баспана, азық-түлiк пен  ең қажеттi тауарларды берудi ғана  қалдырып, мемлекет тарапынан тұрғын  үй, қаржылай көмектi өтеусiз беру  тәжiрибесiнен бірте-бiрте (халықтың  әл-ауқатының өсуiне орай) арылу  қажет. Мұндай шешiм, сондай-ақ  жаңа тұрғын үйдi салу, қазiргi ғимараттарды қайта жаңғырту  және нығайту кезiнде жеке құрылыс  жүргiзушiлердiң сейсмикалық орнықтылық  нормаларын сақтауына ықпал ететiн  болады.  
      Табиғи, техногендiк және террорлық сипаттағы төтенше жағдайлардың қатерiнен адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарының қызметiне ең қолайлы жағдай режимiн жасау орынды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тұрғындар мен кәсiпкерлер үшiн осындай сақтандырудың сөзсiз тиiмділігi туралы кең көлемде насихат науқанын жүргiзулерi қажет.  
      Сонымен бiрге, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру саласында қаупiнiң сандық параметрлерiнiң азаматтардың өмiрiне, мүлкiне және қоршаған ортаға ықтимал әсер ету аймақтарын айқындай отырып, төтенше жағдайлардың туындау қаупiн бағалау жүйесiн әзiрлеуге қатысты бiрқатар мәселелердi шешу қажет. 
      Республиканың батыс өңiрiнде көмiрсутегi шикiзатын барлауды, өндiрудi, тасымалдауды және қайта өңдеудi жүзеге асыратын компаниялардың объектiлердегi авариялар мен апаттардың зардаптары үшiн, оның iшiнде трансшекаралық төтенше жағдайлар туындау қатерлерiн олардың сақтандыруы арқылы мемлекеттiң алдындағы толықтай жауапкершiлiгiн көздеу қажет.

Елдiң азаматтық  қорғаныс жүйесiн жетiлдiру     

 Елдiң азаматтық  қорғаныс жүйесiн Қазақстан Республикасының  егемендiк мәртебесiне, оның әскери  доктринасына, жаңа әлеуметтiк-саяси  және экономикалық ақиқаттарға  сәйкестендiру қажет.  
      Осыған байланысты азаматтық қорғаныс жүйесiнiң қазiргi үлгiсiнен бас тарту қажет және оның жұмыс iстеуiн стратегиялық ұтқырлық, ақылға қонымды жеткiлiктiлiк және жан-жақтылық принциптерiне сүйене отырып, ауыстыру қажет.  
      Стратегиялық ұтқырлық принципiн қолдану қандайда бiр геосаяси жағдайда халық арасында едәуiр шығынға, сондай-ақ тыныс-тiршiлiк пен қорғаныс қабiлеттiлігі үшiн аса маңызды объектiлердiң қатардан шығуына әкелетiн қазiргі заманғы қырып-жою құралдарының қолданылуы барынша ықтимал елiмiздiң дәл осы өңiрлерiне және дәл осы объектiлерiне азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын жеткiзудi көздейдi.  
      Ақылға қонымды жеткiлiктілік принципiн қолдану азаматтық қорғаныс құралдары қорының (жеке қорғану құралдарының, инженерлiк құралдардың, қорғану құрылыстарының) едәуiр шектелген көлемiн, сондай-ақ азаматтық қорғаныстың ең аз қажеттi күштерiн әзiрлiкте ұстауды бiлдiредi. Бұл ретте, жоғары дәлдiктi жеткiзу құралдарының пайда болуына байланысты қазiргi заманғы қырып-жою құралдарының жауынгерлiк бөлiмдерiнiң қуаты едәуiр төмендегенi ескерiлуi тиiс. Бұл ретте республика аумағы бойынша халыққа жеке қорғану құралдарының қажеттi санын оңтайлы географиялық таратылуын анықтау айрықша маңызды.  
      Жан-жақтылық принципi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың, террорлық әрекеттердiң зардаптарын алдын алу және оларды жою үшiн азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын бейбiт уақытта қолдану мүмкiндiгiн, сондай-ақ елiмiздiң аумақтары мен объектiлерiне қолданылатын қазiргi заманғы қырып-жою құралдарының зардаптарын жою үшiн Мемлекеттік төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жүйесiнiң күштерi мен құралдарын соғыс уақытында қолдану мүмкiндiгiн көздейдi. Сондай-ақ, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары ретiнде өнеркәсiптiк, көлiктiк және азаматтық объектiлердi (жер асты қоймалары мен үй-жайларын, кен қазбаларын, метроны) қолданудың жан-жақтылығы көзделуi қажет.  
      Жоғарыда баяндалғандардың барлығы азаматтық қорғаныс iс-шараларын дайындауға және iске асыруға кететiн қаржы мен материалдық шығындарды барынша азайтуға мүмкiндiк бередi.  
      Қазiргi заманғы жағдайда әкiмдердiң бейбiт, сондай-ақ соғыс уақытында да аумақтық бөліністердегi азаматтық қорғаныс бастықтары ретiндегi рөлi мен өкiлеттіктерi бiрден көтерiлуi қажет.  
      Әкiм азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау кезiнде Министрлiкпен келiсе отырып, жоғарыда аталған аудандық және облыстық төтенше жағдайлар жүйелерiн дайын басқару инфрақұрылымдары ретiнде пайдалануға мүмкiндiгi болады.  
      Жергiлiктi атқарушы органдар ведомстволық бағынысты аумақтағы азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылықты жүзеге асырады, халықтың және ұйымдардың азаматтық қорғаныс iс-шараларын орындауын ұйымдастырады, хабарлау құралдарын, басқару пункттерiн, жергiлiктi азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын ұдайы әзiр күйiнде ұстап тұрады, азаматтық қорғаныс мүлкiнiң, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының жиналуын және сақталуын ұйымдастырады, қазiргi заманғы қырып-жою құралдарын қолданудан болған зияндар мен шығындарды төмендетуге бағытталған алдын алу iс-шараларының орындалуын жүзеге асырады, азаматтық қорғаныс iс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етедi.  
      Азаматтық қорғаныс саласындағы республикалық мемлекеттік органдардың өкiлеттiктерi азаматтық қорғаныстың өңiрлiк және республикалық iс-шараларын жоспарлауды ұйымдастыруға, айрықша кезеңде жергiлiктi және орталық атқарушы органдардың iс-қимылдарын үйлестiруге, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерiн басқаруға, азаматтық қорғаныстың күштерi мен құралдарының стратегиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл ретте, Министрлiктiң өңiрлiк орталықтары елiмiздiң азаматтық қорғаныс жүйесiнiң дайын өңiрлік басқару инфрақұрылымдары болып табылады.  
      Бейбiт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерi төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн пайдаланылатын болады. Айрықша кезеңде, олар стратегиялық ұтқырлық шеңберiнде қарсы жақтың қазiргi заманғы қырып-жою құралдарының қолдануы ең ықтимал аймақтар мен объектілерге көшірiлетiн болады.

Терроризмге қарсы  қызметтi авариялық құтқару тұрғысынан  
қамтамасыз ету     

 Терроризмге  қарсы қызметтi авариялық құтқару  тұрғысынан тиiмдi қамтамасыз ету  мақсатында:  
      инженерлiк, радиациялық, химиялық және медициналық-биологиялық қорғану iс-шараларын iске асырудың басқару мен хабарлау жүйелерiн жетiлдiру;  
      террорлық әрекеттердiң қаупi кезiнде және олардың зардаптарын жою кезiнде шапшаң жиналып қозғалатын күштер мен құралдардың тиiмдi жүйесiн құру;  
      террорлық әрекеттердiң зардаптарын жою үшiн қажеттi материалдық құралдардың жеткiлiкті ресурстары мен резервтерiн салуды қамтамасыз ету;  
      терроршылардың қазiргi заманғы қырып-жою құралдарын қолдану жағдайында, оның iшiнде шет елде құтқарушыларды дайындау жүйесiн дамыту;  
      төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде Министрлiктiң басқару қызметтерi мен органдарының басқа қуатты құрылымдармен қызметiн үйлестiру бойынша iс-қимылдарын пысықтау қажет.

Табиғи және техногендiк  сипаттағы төтенше жағдайларды  жою  
үшiн мемлекеттiк материалдық резерв құру      

 Осы бағыттағы  мемлекеттiк материалдық резерв  жүйесiн дамытудың басты бағыты  кең көлемдi төтенше жағдайлар  туындаған жағдайда азаматтардың  қажеттiлiгiне, қазiргi заманғы экономикалық  және әлеуметтік-саяси жағдайларға,  болып жатқан көшi-қон процестерiне  оны толық сәйкестендiру болып  табылады.  
      Осы мақсатта материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен оларды сақтау көлемiн, құрылымын және сақтау базаларының географиялық орналасуын қайта қарау қажет.  
      Тауарлық-материалдық құндылықтардың қалыптастыру және сақтау рәсiмдерiн жетiлдiру, сақтау базаларынан оларды босату рәсiмдерiн жеделдету үшiн оларды қалыптасып жатқан азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесiне бейiмдеу, ресiмдердi халықаралық сапа стандарттары жүйесiне көшiру; осы заманғы ақпараттандыру және байланыс құралдарын енгізе отырып, мемлекеттік материалдық резервтi есепке алатын және оған бақылау жасайтын республикалық автоматтандырылған жүйенi құру, оның жұмыс iстейтiн нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру орынды.  
      Жергіліктi атқарушы органдардың жедел резервтер көлемiн ұлғайтып, номенклатурасын кеңейту қажет. Олар жергіліктi деңгейдегi қандай да болмасын аумақта ықтимал аварияларды, апаттарды және дүлей зiлзалаларды жою жөнiндегі iс-шараларды жүргiзу үшiн жеткiлiктi болуы қажет. Оларды жақын маңайдағы мемлекеттiк резерв базаларында сақтауды ұйымдастыру орынды. Бұл ретте, жергiлiктi резервтердi пайдалану тиiстi аумақтық бөлiнiстер әкiмдерiнiң шешiмдерi бойынша ғана жүзеге асырылуы қажет.  
      Солай бола тұрса да, Министрлiктiң зардап шеккен халықты дереу қамтамасыз етуге қажеттi жедел резервiн құруға (1-2 тәулiк iшiнде) нормативтiк құқықтық негіз жасау орынды.

Халықты оқыту және кадрлар даярлау     

 Адамдардың  өзiн-өзi қауiпсiз ұстауының жаңа  стереотипiн қалыптастыру, төтенше  жағдайлардың алдын алу және  оларды жоюға өз еркiмен қатысуын  азаматтардың ұғынуы, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттігін ескере  отырып, халықты оқыту және даярлау  жүйесiн қайта қараған жөн.  Осыған байланысты:  
      терроризм мен экстремизм қаупi және олар туындаған кезде, яғни террорлық шабуыл кезiндегі және адамдардың қолға түскен жағдайдағы өзiн-өзi ұстау ережелерiн оқытып-үйретуге көңiл аударуды күшейту;  
      қазiргi заманғы шындықты ескере отырып, тыныс-тiршiлiктiң қауiпсiздiк негiздерi бойынша оқу бағдарламаларын қайта қарау, балалар мен жас өспiрiмдердiң қоғамдық қозғалыстарын дамытуға, қызметi төтенше жағдайлардағы әрекеттерге жастарды барынша тереңдетiп дайындауға бағытталатын жазғы дала лагерлерiн, кадет сыныптары мен корпустарын құруға, қауiпсiз тыныс-тiршiлiктiң iс жүзiндегi дағдысын иеленуге, зардап шеккендердi iздестiруге, құтқаруға және жәрдемдесуге iс жүзiнде көмек көрсету және қолдау;  
      осы заманғы ақпараттық технологияларды даярлау жүйесiне - компьютерлiк оқыту бағдарламаларын, компьютер ойындары мен бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда тәртiп дағдыларын жетiлдiру жөнiндегi тренажерларды кеңiнен енгiзу;  
      Интернет не болмаса жергіліктi компьютер желiлерiн (қала, облыс, республика шегiнде) пайдалана отырып, "қашықтықтан" оқытуға мүмкiндiк жасау;  
      халықты төтенше жағдайлар кезiнде өзiн-өзi ұстау және iс-қимылдар ережелерiне оқытудың тәсiлдерiн және үгiт-насихат жұмыстарын жүргізудiң әдiстерiн қайта қарау, халықты оқытудың "агрессияшыл" әдiсiн қолдану мүмкiндігін қарастыру, бағдарламалардың, хабарлардың, репортаждардың стандартты емес, қызықты циклдарын жасау жолымен оқытуда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану мүмкiндігін кеңейту;  
      өрт сөндiру және авариялық құтқару құрамаларына халықтың ерiктi түрде қатысуы үшiн қарқынды насихат жүргізу, бұл ретте материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ете отырып, өрт сөндiрушiнiң, құтқарушының, санитардың негізгi дағдыларына ерiктiлердi кәсiби оқытудың тиісті жүйесiн құpу;  
      төтенше жағдайлардың алдын алуда және оларды жоюда қоғамдық ұйымдардың қатысуы үшiн жағдай жасау орынды. 
      Кадрларды даярлау мақсатында белгiленген біліктілiк талаптарына жауап беретiн азаматтық қорғаныс әскерлерінің басқару органдарын өpт сөндiру және iздестіру-құтқару құрамаларын кепiлдi жасақтауды қамтамасыз етуге қабiлеттi кадрлар даярлаудың бiрыңғай жүйесiн құру талап етіледi.  
      Бұл мiндеттердi шешу:  
      кадрлар даярлаудың көп деңгейлi жүйесiн құруды және дамытуды;  
      оқыту процесiн ұйымдастыруда осы заманғы әдiстемелердi пайдалануды және бiлiм алушылардың бiлiм деңгейiне тиiмдi бақылау енгізудi;  
      Министрлiктiң Мемлекеттiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жүйесiнiң басқару органдары, өрт сөндiру-құтқару қызметi, азаматтық қорғаныс әскерлерi, iздестiру-құтқару құрамалары мен ұйымдары үшiн бiлiм беру мекемелерiн тыңдаушылармен жасақтауды жүзеге асыруды;  
      өңiрлiк деңгейдегi алғашқы кәсiби бiлiм беру мекемелерiнде "құтқарушы" мамандығы бойынша кәсiби дайындықты ұйымдастыруды көздейдi.  
      Кадрлар даярлаудың бiрыңғай жүйесiне әрбiр маманды оның барлық белсендi қызмет iстеу кезеңiнде бiлiктiлiгін ұдайы арттыра отырып, үздiксiз, көп жоспарлы және кешендi сипат беру қажет.  
      Кадрлар даярлаудың бiрыңғай жүйесiнiң көп жоспарлы сипаты Мемлекеттік төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жүйесiнiң барлық жұмыс iстеу бағыттары бойынша мамандарды оқытуды көздейдi.  
      Кадрлар даярлаудың бiрыңғай жүйесiнiң кешендi сипаты Министрлiк үшiн ғана емес, сонымен қатар Мемлекеттiк төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бiрыңғай жүйесiнiң барлық мамандарын, Қазақстанның аумағында орналасқан кез келген меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн кадрларды әp түрлі және жан-жақты даярлауды көздейдi.  
      Министрлiктiң кадрларды даярлау жүйесi Қазақстан Республикасының кәсiби бiлiм беру жүйесiнiң ажырамас құрамдас бөлiгi болады.  
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында мамандар даярлау бойынша шетелдiң оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту орынды.

Табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлар  
саласындағы мониторинг, ғылым мен жаңа технологияларды дамыту     

 Қазiргі ғылыми  зерттеулердiң жай-күйi, төтенше жағдайлар  мониторингісiнiң қолданыстағы жүйесi  осы заманғы талаптарға және  ғылыми-техникалық прогрестiң деңгейiне жауап бермейдi және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша алғашқы шаралар қабылдауға әлi де болса ықпалы әлсiз. Осыған байланысты: төтенше жағдайлар жағдайын байқау, бақылау және болжау сияқты тиiстi қызметтердi дамыта отырып, Қазақстан Республикасының барлық аумағында табиғи және техногендiк қауiптiлiктiң бiрыңғай мониторингiн жүзеге асыру қажет. Бұл ретте, мониторингтің осы заманғы құралдары мен технологияларын, оның iшiнде Жер бетiн қашықтықтан ғарыштық барлап қарау мүмкiншiлiктерiн көздеу;  
      төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы жалпы проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;  
      жер сiлкiнiстерiн қысқа мерзiмде болжаудың әдiстерi мен әдiснамаларын жасау мақсатында ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргiзу;  
      геодинамикалық полигондар құру және геодинамикалық мониторингiнi ұйымдастыру, оның iшiнде Батыс Қазақстанның, Каспий маңы өңiрiнiң мұнай және газ кен орындарында;  
      жоғары дәлдiлікпен геодезиялық байқаулар жүргiзудi қамтамасыз ету;  
      жер қыртыстарының қазiргi қозғалыстарын зерттеу;  
      халқының саны 30 мыңнан астам қала үлгісiндегi қалалар мен кенттердi шағын сейсмикалық аудандарға бөлу және сейсмикалық қатер карталарын жасау;  
      су тасқыны, сел, сырғыма және қар көшкiнi қаупi бар аумақтарды паспорттау, осы аумақтардың ықтимал қатерлерiнiң егжей-тегжейлi картасын әзiрлеу, сел тасқындарын бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн құру;  
      гидрометеорологиялық қызметтi дамыту және жетiлдiру, гидрометеорологиялық стансаларды, бекеттердi, қар өлшейтiн маршруттар мен байқау бекеттерiн нормативке дейiн жеткізу, қауiптi табиғи құбылыстарды болжаудың сапасын және жеделдiгін арттыру;  
      радиациялық, химиялық, бактериологиялық қауiптiлiк мониторингiн ұйымдастыру, радиоактивтi материалдарды жинау, қабылдау, сақтау, тасымалдау және ұқсатуға бақылауды күшейту;  
      үйлер мен ғимараттар құрастырмаларының жай-күйiн және қирау қаупiнiң барын диагностикалау жөнiнде ұтқыр диагностикалық кешендер енгiзу;  
      төтенше жағдайлар болжау әдiстемелерiн нормативтiк құжат сияқты әзiрлеу, верификациялау және аттестаттау, ақпаратты бiрыңғай стандарттар бойынша жинау, өңдеу және алмасу жөнiнде әдiстемелiк нұсқамалар мен регламенттер әзiрлеу;  
      қатерлер деңгейi бойынша аумақты аймаққа бөлу, табиғи және техногендiк қауiптiлiктердiң компьютерлiк деректер қорын құру, төтенше жағдайлардың мониторингiн және оларды болжаудың бiрыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесiн құру, мамандандырылған геоақпараттық жүйелердi әзiрлеу сияқты нақты шаралар қабылдау қажет.  
      Сонымен қатар, террорлық құрамалар мен элементтердiң iс-қимылдары үшiн мүмкiн нысаналар болып табылатын объектiлердiң (бөгеттердiң, радиациялық, биологиялық, химиялық және жарылыс қаупі бар өндiрiстердiң, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету кәсiпорындарының, энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау объектiлерінің және т.б.) кiрiктiрiлген деректер қорын құру қажет. Осындай объектiлердiң болуы мүмкiн қасақана бұзылуына тиiмдi ден қою үшiн құтқару және авариялық қалпына келтiру жұмыстарының электрондық жоспарларын жасай отырып, осы төтенше жағдайлар салдарынан туындайтын компьютерлiк үлгілердi әзiрлеу қажет.  
      Террорлық әрекеттердiң зардаптарына тиiмдi ден қою үшiн мамандандырылған байқау және бақылау ұтқыр химиялық-биологиялық зертханалар құрған орынды.

Информация о работе Техногндік сипаттағы төтенше жағдай