Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 12:15, реферат
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жүйесiнiң он жылдан астам жұмыс iстеуi кезеңi iшiнде елде түбегейлi әлеуметтік-саяси өзгерiстер болды. Экономикалық дамудың нарықтық үлгісiне көшу, мемлекеттік басқару жүйесiнiң терең реформасы, халықаралық терроризм тарапынан жаңа қатерлер мен арандатушылықтардың пайда болуы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жүйесiнiң ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі рөлi мен орнын жан-жақты таразылауды талап етедi.
І. Кіріспе
1.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
2.2 Халық пен аумақты техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардан қорғау
2.3 Табиғи және техногендiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы сақтандыру
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ақпараттандыру, байланыс, хабарлау
Мемлекеттiк
төтенше жағдайлардың алдын
Ол жұмыс iстеу үшiн басқару құжаттамасының
бiр iзге түсiрiлген жүйесiн және төтенше
жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi
ақпаратты сыныптау мен кодтаудың бiрыңғай
жүйесiн құру, сондай-ақ геоақпараттық
технологияларды енгiзу, ғарыштық мониторингі
деректерiн қабылдау, өңдеу және жедел
қолдану технологияларын енгізу қажет.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың
ақпараттық-коммуникациялық ортасы "электрондық
Үкiмет" желiсiне қосыла алатындай болуы
әрi бағдарламалық және техникалық жағынан
оған сай болуы қажет.
Өкiлеттіктердi орталықсыздандыру процесiнде
төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс
саласындағы аудандық (қалалық) және облыстық
ақпараттандыру, байланыс және хабарлау
құралдарының жоғарыда аталған бiртұтас
ақпараттық-коммуникациялық ортаға толық
кiрiгуiн қамтамасыз ету қажет.
Солай бола тұрса да, ықтимал қауiптi объектiлердiң
барлық иелерi өндiрiстiк авариялар мен
апаттар туындаған жағдайға жергілiктi
халықты хабарландыратын жергiлiктi автоматтандырылған
жүйелердi орнатуы қажет.
Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру
Төтенше жағдайлар
мен азаматтық қорғаныс
осы Тұжырымдамада көзделген мемлекеттiк
саясаттың бағыттарын iске асыру мақсатында
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды
жою саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасына қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзудi;
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы қолданыстағы
нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы заманғы
техникалық және технологиялық талаптарды
ескере отырып, қайта қарауды;
қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiрумен
байланысты объектiлер иелерiнің азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн сақтандыру жүйесiн одан
әрi дамытуды;
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы мониторинг жүйесiнiң
нормативтiк құқықтық базасын құруды және
дамытуды;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар
саласындағы заңнамасын Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы елдердiң және шекаралас
мемлекеттердiң тиiстi заңнамаларына үйлестiрудi;
ағымдағы жабдықталым мен ұзақ сақтаудың
материалдық-техникалық ресурстарының
тиiстiлiк нормаларының, оларды мемлекеттiк
материалдық резервке салудың нормативтiк
құқықтық базасын әзiрлеудi қамтамасыз
ету қажет.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы нормативтiк құқықтық
базаны жетiлдiруде көрсетiлген iс-шараларды
iске асыру:
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою мен азаматтық қорғаныс саласындағы
бақылау және рұқсат беру функцияларына
түгендеу жүргізу;
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы рынок субъектiлерiн
лицензиялау жүйесiн жетiлдiру;
материалдық құндылықтарды сақтау, жаңарту,
орналастыру және мемлекеттiк материалдық
резервтен шығару мәселелерiн құқықтық
реттеудi жетiлдiру;
төтенше жағдайлар қаупi төнгенде және
оларды жою кезiнде, сондай-ақ терроризм
мен экстремизм қаупi төнгенде және олар
бой көрсеткен кезде өзiн-өзi ұстау ережелерiне
халықты оқытып-үйретудiң құқықтық базасын
әзiрлеу;
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласында деректердiң, ақпаратты
сақтау әдiстерiнiң қорын құруда құқықтық
база әзiрлеу;
төтенше жағдайлар саласындағы проблемаларды
шешу үшiн халықаралық ұйымдар мен шетелдiң
мамандарын тартуда құқықтық базаны жетiлдiру;
төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс
саласында студенттердi, мамандар мен
ғалымдарды шетелге оқуға, бiлiктiлiгiн
арттыруға және тағылымдамадан өтуге
жiберудегi құқықтық базаны жетiлдiру;
мемлекетаралық халықаралық ғылыми-қолданбалы
зерттеулер жүргiзуде құқықтық база құру
және оны жетiлдiру, сондай-ақ төтенше жағдайлар
саласында мемлекетаралық ақпарат жүйесiн
құру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласында өзара iс-қимыл туралы
көпжақты және екiжақты халықаралық шарттар
дайындау және қамтамасыз ету жолдары
арқылы өтедi.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы нормативтiк құқықтық
базаны жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды
iске асырудың түпкiлiктi кезеңiнде осы
саладағы заңнаманы кодтаудың орындылығын
қарау қажет.
Төтенше жағдайлардың
алдын алу және оларды жою саласындағы
халықаралық ынтымақтастық және халықаралық
қызмет
Төтенше жағдайлардың
алдын алу және оларды жою
саласындағы халықаралық
қолданыстағы халықаралық шарттардың
ережелерiн iс жүзiнде iске асыру және халықаралық
шарттық-құқықтық базаны кеңейту;
ынтымақтас елдердiң аумағындағы болжанып
отырған және қалыптасқан төтенше жағдайлар
туралы (әсiресе шектес елдермен) өзара
жедел ақпарат алмасу процесiн жетiлдiру;
тұрақты негiзде шетелдiк және халықаралық
құрылымдармен бiрлесiп төтенше жағдайларға
мониторинг және болжау жүргiзу;
төтенше жағдайлар туралы мемлекетаралық
хабарлама мен хабарлауды ұйымдастыру;
шет елдерде iзгілiк және құтқару операцияларын
ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге
қажеттi қаржылық, азық-түлiктiк, медициналық
және материалдық-техникалық ресурстардың
резерв қорын құруды көздеу;
ұжымдық қауiпсiздiк (атап айтқанда, Апаттарға
ден қою жөнiндегi Орталық Азия үйлестiру
орталығын құру) жүйесiн қалыптастыру
мақсатында төтенше жағдайларға қарсы
iс-қимылдың халықаралық құрылымдарын
құруға қатысу;
шет елдердегi төтенше жағдайларды жоюға
Қазақстанның авариялық құтқару құрамаларының,
ал Қазақстандағы төтенше жағдайларды
жоюға шет ел авариялық құтқару күштерiнiң
қатысуын қамтамасыз ету;
шет елдегi төтенше жағдайлар мен қақтығыстар
аймақтарынан қазақстандық және шeт елдік
азаматтардың көшiрiлуiне ұлттық авариялық
құтқару құрамаларын қолдануды көздеу;
төтенше жағдайлар мен қақтығыстардың
салдарынан зардап шеккен шет елдердiң
халқына iзгiлiк көмек көрсетудiң жеделдетiлген
рәсiмдерiн пысықтау, сондай-ақ Қазақстанда
кең көлемдi төтенше жағдайлар болған
жағдайда iзгiлiк қызметтер мен техникалық
көмекті тарту рәсiмдерiн жетiлдiру;
Қазақстанның тиiмдi геосаяси және географиялық
жағдайын пайдалана отырып, халықаралық
ұйымдармен бiрлесiп, Орталық Азия елдерiне
жiберiлген шетелдiк, оның iшiнде Бiрiккен
Ұлттар Ұйымының желiсi бойынша келетiн
iзгiлiк көмектi сақтауға арналған транзиттiк
база құру;
қазақстандық мамандарды шет елде оқыту,
Қазақстанда халықаралық курстар, семинарлар,
конференциялар, жаттығулар өткiзу, шет
елдердегi жаттығуларға қатысу;
төтенше жағдайлар саласындағы бiрлескен
ғылыми зерттеулердi, төтенше жағдайлардың
туындау қаупiн төмендету және олардың
ауқымын азайту жөнiндегi халықаралық
жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру,
ақпараттар мен жаңа технологиялар алмасуды
жүргiзу қажет.
Апаттық медицинаны дамыту
Апаттық медицина
қызметiнiң жұмыс iстеу
Апаттық медицина қызметiнiң материалдық-техникалық
және кадрлар базасын нығайту, оның диспетчерлiк
қызметтерiн орталықтандыру (сонымен бiр
мезгiлде Апаттық медицина қызметiнiң статистикасын
және ақпараттандырылуын жетiлдiре отырып),
медициналық қорлap құрудағы және пайдаланудағы,
шұғыл медицина мамандарын дайындаудағы,
оны ғылыми және нормативтiк құқықтық
қамтамасыз етудегі проблемаларды шешу
қажет.
Ақылға қонымды жеткiлiктiлiк принципiн
басшылыққа ала отырып, апаттық медицина
қызметiнiң ұйымдары мен құрамаларының
құрылымдарын ұтымды ету, оларды төтенше
жағдайлар қатерлерiне қандай да бiр аумаққа
тән сәйкестiкке келтiру қажет.
Кең көлемдi төтенше жағдайлардан зардап
шеккендерге медициналық көмек көрсетудiң
жеделдiгiн арттыру мақсатында, авариялық-құтқару
операцияларын жүргiзу кезiнде Министрлiктiң
күштерiмен тығыз әрi тиiмдi өзара iс-қимылын
орнату, сондай-ақ шетелдегi iзгiлiк акцияларын
орындау үшiн, төтенше жағдайлар саласындағы
уәкiлетті орталық атқарушы органға ведомстволық
бағынысты мамандандырылған клиника мен
құтқарушыларды оңалту орталығы бар тиiстi
мамандандырылған медициналық құрылым
құрудың орындылығын қарастыру керек.
Қорытынды
Осы Тұжырымдаманы
iске асыру төтенше жағдайлар
және азаматтық қорғаныс
Осы Тұжырымдаманың ережелерiн жүзеге
асыру төтенше жағдайлар саласындағы
бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзудiң
тиiмдiлiгiн арттырады, Мемлекеттiк төтенше
жағдайлардың алдын алу мен жою жүйесiнiң
қызметiн халықты, объектiлердi және аумақты
қорғау жөнiндегi көкейтестi проблемалар
мен мiндеттердi шешуге, авариялардан,
апаттардан, дүлей зiлзалалардан болатын
залалдарды және әлемдiк қоғамдастыққа
төнген жаңа арандатушылықты төмендетуге,
қабылданған басқару шешiмдерiнiң сапасын
жақсартуға және мемлекеттiк бюджет қаражатын
тиiмдi пайдалануға бағыттайды. Осы салада:
нормативтiк құқықтық базаны, қатерлердi
төмендетудi ынталандырудың экономикалық
тетiктерiн;
төтенше жағдайлардан қауiпсiздiктi қамтамасыз
етуге арналған байқау және болжау, бақылау
және қадағалау қызметтерiн, сондай-ақ
рұқсат беру жүйесiн;
төтенше жағдайларға жедел басқару және
ден қою, халықты, объектiлер мен аумақтарды,
бiрiншi кезекте жер сiлкiнiстерiнен, су басудан,
селден, сырғымалардан, қар көшкiндерiнен
инженерлiк қорғау жүйелерiн;
ықтимал табиғи және техногендiк апаттарға,
террорлық әрекеттерге дұрыс және барабар
ден қоюға халықты оқыту және дайындау
жөнiндегі қызметтi;
төтенше жағдайлар қауiптерiн төмендету
және алдын алу жөнiндегі нақты iс жүзiндегі
шараларды орындауға бағдарланған халықаралық
ынтымақтастықты;
Мемлекеттiк төтенше жағдайлардың алдын
алу мен жою жүйесi басқару органдарының,
қызметтерiнiң ақпараттандыру, байланыс
және халықты хабарландыру жүйелерiн;
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлардың
медициналық-санитарлық салдарларының
алдын алу және оларды жою жүйесiн жетiлдiру
мен дамыту жөнiндегі нақты бағдарламаларды,
жоспарлар мен iс-шараларды әзiрлеу және
iске асыру болжанып отыр.
Осы Тұжырымдамада көзделген ережелердi
iске асыру елiмiздiң азаматтық қорғаныс
жүйесi мен мемлекеттiк материалдық резерв
жүйесiнiң жұмысы тиiмдiлiгiн:
республиканың ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз
ету;
жұмылдыру дайындығы жөнiндегі мiндеттердi
шешу;
жаһандық төтенше жағдайлар және соғыс
қаупi туындаған кезде мемлекеттiң қалыпты
жұмыс iстеуi үшiн қажеттi деңгейге дейiн
арттыруға да мүмкiндiк бередi.
Пайдаланылған әдебиеттер
212б.
2010ж.