Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 18:37, дипломная работа
Қазіргі уақытта дестелі технологияға негізделген бірегей әмбебап желімен бірге өзінің классикалық телефондық қызметтерін көрсететін арнамен коммутациялау желілері де қолданылып келеді және келешекте әліде қолданылады. Сондықтан дәстүрлік желілердің қызметтерінің әлі де жетістіктері бар екендігін айтып кету керек: олар ұйымға өздерінің сенімді интерфейстерімен және уақытпен тексерілген жүйелерінің арқасында тұрақты табыс түсіріп отырады. Келешекте қанша дегенмен де біраз уақыт бойы түрлі технологияларға негізделген паралель желілермен жұмыс істеуге тура келеді.
3.3 Есептік анализдің қойылуы
Эксперимент негізі ретінде 3.1-суретте көрсетілген желіні аламыз. Желі түйіндерінің өнімділігі типіне байланысты 50 ден 300 шақ/сек болсын. Иілгіш коммутатордың өнімділігі 1000 шақ/сек деп алайық. Прокси-сервер байланыс операторының бақылау аймағында болады, оған қоса Softswitch-пен бір байланыс желісінде орналасқан деп санайық. Бұл жағдайда олардың арасындағы кідірісті есепке алмай-ақ қойсақ болады. (Ғимарат аймағында Ethernet желі – жоғары жылдамдықты ЛЕЖ, → dip1=0)
Онда 0-ден 805 шақ/сек аралығында, 115 қадамымен ЖҚТЖ-нен түсетін шақырулардың өспелі интенсивтілігі кезіндегі, сигналды хабарламалардың жүктемелік және кідіріс мәндері желінің әрбір түйінінде, төменгі мәндерге ие болады (3.5, 3.6-кестелер және 3.5-сурет).
1. Сигналды шлюз үшін қызмет көрсетілетін шақырулар саны 300 шақ/сек кезінде, сигналды хабарламаларды өңдеу саны 3500 пак/сек тең болады. (Ә қосымшасы). Жоғарыда атап өткеніміздей шлюз 3 түйіндік құрылғыдан тұрады. Әр түйінге түсетін ағын интенсивтілігі:
λжкс-7= λ1,1= λ; λопқ= λ1,2= λ; λsigtran= λ2,3= λ. → λсиг.шлюз= λжкс-7+λопқ+λsigtran = 3λ=3∙115 шақ/сек=345 шақ/сек;
2. Softswitch үшін қызмет көрсетілетін шақырулар саны 1000 шақ/сек кезінде, сигналды хабарламаларды өңдеу саны 11500 пак/сек тең болады. (Ә қосымшасы).
Түйінге түсетін ағын интенсивтілігі:
λсиг.шлюз= λ3,4+λ4,19+λ5,13 = λ +2λ+ λ =4∙115 шақ/сек=460 шақ/сек;
3. Прокси-сервер есептеулері жоғарғыдай есептелінеді.
3.5-кесте. Сигналды хабарламалардың берілген интенсивтігінің (шақ/сек) кезіндегі, жүктеме интенсивтілігінің мәні, Эрл
Желілік түйін |
Түсетін сигналды хабарламалардың берілген интенсивтілігінің (шақ/сек) кезіндегі, жүктеме интенсивтілігінің мәні, Эрл | ||||||
115 |
230 |
345 |
460 |
575 |
690 |
805 | |
Сигналды шлюз |
0,1 |
0,2 |
0,3 |
0,4 |
0,5 |
0,6 |
0,7 |
Иілгіш коммутатор |
0,04 |
0,08 |
0,12 |
0,16 |
0,2 |
0,24 |
0,28 |
Прокси-сервер |
0,13 |
0,27 |
0,4 |
0,53 |
0,67 |
0,8 |
0,93 |
3.6-кесте. Сигналды хабарламалардың берілген интетілігінің (шақ/сек) кезіндегі, сигналды хабарламалардың кідіріс мәні, мс
Желілік түйін |
Түсетін сигналды хабарламалардың берілген интенсивтілігінің (шақ/сек) кезіндегі, сигналды хабарламалардың кідірісі, мс | ||||||
115 |
230 |
345 |
460 |
575 |
690 |
805 | |
Сигналды шлюз |
0,32 |
0,36 |
0,41 |
0,48 |
0,58 |
0,72 |
0,97 |
Иілгіш коммутатор |
0,18 |
0,19 |
0,2 |
0,21 |
0,22 |
0,23 |
0,24 |
Прокси-сервер |
1,34 |
1,58 |
1,93 |
2,49 |
3,48 |
5,8 |
17,39 |
UserAgent |
3,48 |
3,48 |
3,48 |
3,48 |
3,48 |
3,48 |
3,48 |
3.5-cурет. Жүктеме интенсивтілігі, Эрл
Транспорттық желідегі кідірісті есептемегендегі, шақырулардың келіп түсу интенсивтілігімен сигналды хабарламалардың түйіндерге жалпы уақыттық келуінің арасындағы тәуелділік 3.6-суретте көрсетілген.
3.6-cурет. Шақырулардың келіп түсу интенсивтілігімен сигналды хабарламалардың түйіндерге жалпы уақыттық келуінің арасындағы тәуелділік
3.4-кесте мен 3.6-суреттің көмегімен, желідегі барлық анализделінетін, әрбір сигналды дестені беру кезіндегі толық кідірісті есептеуге мүмкіндік аламыз. Яғни, әрбір сигналды хабарлама ip-желі арқылы бір-ақ рет өтеді деп есептелінеді (транзитті кідіріс dip2-ге тең). Есептеу нәтижелері 3.7-шi кестеде көрсетілген.
3.7-кесте. Әрбір сигналды дестені беру кезіндегі толық кідіріс
Желі түрі |
Сигналды хабарламалардың | ||||||
115 |
230 |
345 |
460 |
575 |
690 |
805 | |
Жергілікті |
10-15 |
10,5-16 |
11-16 |
12-17 |
13-18 |
15-20 |
27-32 |
Аймақтық |
25-35 |
25,5-36 |
26-36 |
27-37 |
28-38 |
30-40 |
42-52 |
Қалааралық |
65-90 |
65,5-91 |
66-91 |
67-92 |
68-93 |
75-100 |
82-107 |
3.7-кестенің нәтижесін және (3) формуланы ескере отырып, жасалынған модель бойынша барлық дестелердің прокси-сервермен иілгіш коммутатордың ip-желісінен SIP желісінің соңғы абоненттеріне дейінгі кідіруі 3dip2-ні береді. Сонда толық байланыс орнатудың уақыттық шамасын аламыз. (3.8-кесте).
3.8-кесте. Сигналды хабарламалардың берілген интеисивдыбысігінің (шақ/сек) кезіндегі, толық байланыс орнату, мс
Желі түрі |
Сигналды хабарламалардың | ||||||
115 |
230 |
345 |
460 |
575 |
690 |
805 | |
Жергілікті |
20-35 |
20,5-36 |
21-36 |
22-37 |
23-38 |
25-40 |
37-52 |
Аймақтық |
65-95 |
65,5-96 |
66-96 |
67-97 |
68-98 |
70-100 |
82-112 |
Қалааралық |
185-260 |
185,5-261 |
186-261 |
187-262 |
188-263 |
195-270 |
202-277 |
Модельдің дұрыстығын тексеру мақсатында
имитациялық модельдеу
Есептеулер нәтижесі көрсеткендей, ҚР-ның жергілікті, аймақтық, қалааралық желілеріне қызмет көрсету барысында, арналар коммутатциясымен дестелер коммутатциясына негізделген гибридті желілердегі сигналды хабарламаларды беру кезінде кідіріспен кешігу электрбайланысын стандарттаудағы халықаралық ұйымның қоятын талабын қанағаттандырады.
4 Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Бұл дипломдық жобада гибридті байланыс желілерінде орнатылған байланыстың ықтималдық-уақыттық сипаттамаларын есептеу моделі қарастырылады. Желі құрылымын құрастыруда Huawei SoftX3000 иілгіш коммутаторы, UMG8900 әмбебап сигналды шлюзы пайдаланылды. Жобаның құрылуы Алматы қаласындағы АО «Kaztranscom» бас офисына қарасты техникалық эксплуатациялау орталығының бөлмесінде жүргізілді.
4.1 Жұмыс жағдайын талдау
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде
қондырғыны жерлендіру есебі және электр
қауіпсіздігі қарастырылған. SOFTSWITCH және
MEDIA құрылғылардың оптималды түрде
жұмыс істеу шарттарын
Ғимарат үш қабатты үй, өлшемдері : ұзындығы 50 м, ені 20 м (4.1-сурет), екінші қабатта АТСЦ орналасқан; SoftX3000, UMG8900 құрылғылары бірінші қабатта орналастырылған. Жұмыс орынында бес адам қызмет етеді: екі ауысымды оператор – инженерлер, бас инженер, бір практикант және техникалық сыпырушы. Күндізгі кезекте үш адам жұмыс істейді ( оператор – инженер, практикант және бас инженер ), тәулігіне бір рет техникалық сыпырушы келеді.
Құрылғылар орналастырылған
Қондырғылардың бәрінде
Бөлмеде табиғи және жасанды жарықтандыру жүйесі қолданылады. Табиғи жарықтандыру өзінің спектралды құрамы бойынша жақсырақ болып табылады. Біздің қондырғысы бар бөлмемізде климат жағдайларына (қар, жаңбыр, тұман), тәулік уақытына, және де ғимараттың орналасуына байланысты табиғи жарықтандыру жеткіліксіз. Бөлмеде жұмыс істеуге қажетті жасанды жарықтандыру қалып бойынша Ен=500 лк, яғни қажетті жарықтандырумен қамтамасыз етілген. Құрылғылар орналастырылған бөлме өлшемдері: ұзындығы L = 7 м, ені В = 3 м, биіктігі Н = 3 м (сурет 4.2).
1 – құрылғылар орналастырылған бөлме; 2 – есік; 3 – терезе; 4 – қабырға
4.1-сурет. Ғимарат жоспары
1 – есік; 2 – терезе; 3 – қабырға; 4 – статив; 5 – кросс; 6 – стол; 7 –монитор; 8– процессор; 9 – клавиатура; 10 – орындық; 11 – шыны қабырға.
4.2-сурет. Құрылғылар орналастырылған бөлме жоспары
Бөлмені талдау барысында жұмыс
аумағының қалыпты
АО “Kaztrancom” бас офисына
Бүгінгі таңда 19 дюймдік TWT Business сериялы шкафтарының, ені 600 және 800 мм-ге тең түрлері кең тараған. “Kaztrancom” техникалық эксплуатациялау орталығының бөлмесінде ені 600 мм-ге тең шкафтар орнатылған. Шкаф биіктігі 42U.(Дәлірек айтсақ, U дегеніміз биіктік емес, U – бұл шкаф ішінде орнатылған биіктігі 1U-ға тең құрылғылар саны. 1U=44.45 мм). Сонда біздің шкаф биіктігі 1.87 м-ге тең. Яғни, TIA/EIA-942 стандартын қанағаттандырады(TIA/EIA-942 стандарты бойынша, шкаф биіктігі 2.4 м-ден(47U) биiк болмауы тиіс).
Құрылғыларды шкафқа орнатудың өзіндік ережелері бар. Атап айтсақ, шкафтың жоғарғы сөрелеріне оптикалық-талшықты порты бар құрылғыларды орнатамыз. Себебі, оптикалық адаптерге, коннекторға, модулге түскен шаңның өзі кабелді байланыстың нашарлауына және жоғалуына алып келеді. Кросстық құрылғыларды коммутация үшін қолданғандықтан, төменгі сөрелерге орналастырғанымыз дұрыс.
“Kaztrancom” техникалық эксплуатациялау
орталығында
Ғимарат периметрі бойынша орнатылған контурлық жерлендіргіштерден, шкафтағы жерлеуші шинаға сары түсті (кемінде 4 мм2) бөлек жерлендіргіш кабель тартылады (4.3-сурет).
4.3-сурет. Контурлық жерлендіргіштерден тартылған бөлек жерлендіргіш кабель
4.4-сурет. Шкафтың есігі, шеткі жақтары мыс өткізгішпен жерлеуші шинаға тартылуы
Ауданы 9 мм2 болатын арнаулы бөлмеде автоматты газды өртсөндіру құрылғысы орнатылған (4.5-сурет).
4.5-сурет. Газды өртсөндіру құрылғысы
Өртсөндіргіш құралы ретінде Хладон-125 таңдалынған (4.6-сурет).
4.6-сурет. Өртсөндіргіш құралы Хладон-125
SOFTSWITCH және MEDIA қондырғыларының айналадағы
ортаға қоятын техникалық
Жүйенің қабылдайтын қуаты, SoftX3000 компоненттерінің немесе блогтар қуаты 4.1-кестеде көрсетілген.
4.1-кесте. SoftX3000, UMG8900 компоненттерінің қажет ететін блогы